Эпитет (грекше- epithetion-қосымша)



бет16/17
Дата22.09.2023
өлшемі177,5 Kb.
#109824
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
doc1545587499

Қар1 үстіне қан2 тамар
Қанды көр де бетім3 көр.
(“Ер Тарғын” жырынан).
Біреуі - көк1, біреуі – жер2 тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар – аппақ1, бүркіт – қара2, түлкі –қызыл3.
Ұқсайды қаса сұлу* шомылғанға . (Абай).
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш*,
Қара шаш, қызыл жүзді жасырғанда...
5) Дамыту (градация) (латынша-gradatіo- бірден-бірге күшейте беру)- алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан, соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Өлеңі тартымды ,әсерлі болуы үшін ақындар дамытуды көп қолданады. Жай сөздердегі : “ Бар! Жүгір! Ұш!” деген ,т.б. осындай сөздер де дамтыуға жатады. Ауыз әдебиеті үлгілерінде тұлпардың шабысы, немесе батырлардың жекпе-жекке шықан сәттерін суреттеуде қолданылған.
Мысалы : Шырағым, Бурыл,шу деді,
Құбылып Бурыл гуледі

Қарсы келген қабақтан


Қарғып асып жөнелді,
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секіріп асып жөнелді... (“Қобыланды батыр” жырынан)
...Бауырынан Обағанның орғып өтіп,
Арыстан айдалада дүбір салды.
Дауылдай талмай есіп, желдей ұшып.
Түс ауа Жолдыөзекке жетіп қалды...
...Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян.


... Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!
Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.
Сұм садақ кетсе де үзіп жас жүрегін
Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін.
(“Батыр Баян” поэмасынан).
6). Эллипсис (грекше-ellepsіs-түсіріп тастау, аттап айту)- сөйлем ішінде не өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету. Бірақ тастап кеткен сөздің мағынасы оқушыға ап-анық көрініп тұрады. Эллипсисті жазушылар не сөйлемді қысқартып, оқиғаны тездету үшін, не түрлі себептермен айтуға мүмкіндік болмай, бітпей қалған ойды көрсету үшін , немесе адамның не қуаныш, не кейістік, не қайғылы қалыптарындағы сөздерін беру үшін қолданады . Эллипсис болу үшін сөйлемде не бір сөз, не бірнеше сөз жоқ болуы керек.
Мысалы: “ Кеп қалды... ойбай, кеп қалды...,- дегенде сөйлемнің ең керекті мүшесі “ жау ” деген сөзді тастап кетіп отыр. Мұндағы мақсат- сасқандықты, аласапыран қимыл-әрекетті көрсету .

...Жел білінбейд, сылдыр... сылдыр... көп қамыс,


Сылдыр... сылдыр... жақындады жат дыбыс.
...Өлер батыр.... тастар оны құм көміп....
Қарға-құзғын үстінде жүрер үңіліп....
Сыздық өлер.... алаш құрыр.... есіл ер ....
Бір мезгілде кетті ме көзі ілініп.
(“Ертегі” поэмасынан).
7). Егіздеу (параллелизм) (грекше parallelos – қатар жүру,қатынасу)- екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Бұл екіге бөлінеді:
а) психологиялық ә) синтаксистік,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет