Нәзила.Олар бізді неге сыйламайды. Бұлар бізді неге сыйламайд.
Светлана. Сіңілім, сен қонақжай емес екенсің.
Нәзила. Солай ма?
Светлана. Солай.
Нәзила.Онда кешіріп қойыңыз. Сіздерге барлық жағдайды жасап, жарықты сөндіріп шығып кетсек. Сонан соң көршілердің үйіне барып қонып, таңертең бір-ақ келсек, сүт қосылған шай берсек. Сонда қонақжай қыз болам ба? Аа?
Камила. Тиииим, сен кешір. Мен мына сенің туысқандарыңа ұнамайды екенмін. Мен кеттім.
(Тимурдың қасына барып)
Камила. Тимур, Тимур. Сен кешір. Мен сенің туысқандарыңа ұнамайды екем. Мен кеттім, мен кеттім. (Айқайлап) Тимууур. Мен сенің мына туысқандарыңа ұнамайды екенмін. Мен кеттім, мен кеттім.
Светлана. Таак. Кешіріңіз.
Сұлтан. Үйіме қайтам өкініп тұрып,
«Сүйемін» - деуге бата алмай.
Төлеген болып, бекініп тұрып.
Жайықты кешіп өте алмай
Аша алмай жүрген, бала сырым ба?
Бозбала шақта тербеткен.
Қара аспан сынды қарашығында,
Алаулап жүрмін мен көптен.
(Сұлтан мен Светлана үйден шығып кетеді)
Қамажай.Құдайым-ай, құдайым-ай! Не болып кетті, не болып кетті,өң мен түстей.Теміржан қарындасыңның балалығын кешірші. Ойпырмай, ойпырмай осыншама әуре болып жасаған тамақты да іше алмадыңдар ғой.
Темірбек. Тұрып қалсыншы тамағың.
Нәзила. Әпке. Мынау тағы да күнәға батты.
Темірбек. Жоғалт әрмен көзіңді. Өййй осы қыздың қырсығы өтіп болды ғой. Тіліңді ыстық темірмен қарсам ба екен а.
Нәзила. Сен жаңа ғана язык отворной жасаймын деп едің ғой. Онда язык жаренный болады.
Темірбек. (Жер тепкілеп)Қоздыра бер ме менің ашуымды, қоздыра бер ме.
Қылқындырып өлтіремін сені, түсіндің бе?
Нәзила.Енді тісімді қайрасаң, тіпті қатып кетеді.
Темірбек. Ойй сайтан алғыр, ай сайтан алғыр. Қашан күйеуге тиіп, қарасын батырады екен осы. (Оған тап береді. Нәзила басқа бөлмеге қашып кіріп, есікті тарс жауып алады.) Нәзила.(Есіктен басын шығарып) Мен, магистратураны бітірмей, тұрмысқа шықпа-а-аймын. Ал қазір институттың төртінші ғана курсында оқитынымды білетін шығарсың?!