«Әпке» драмасы. Дулат Исабеков Қатысушылар


Темірбек. Наз! Бар, бар, бар... Нәзила



бет4/20
Дата02.12.2023
өлшемі54,96 Kb.
#132544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Әпке драмасы ориг

Темірбек. Наз! Бар, бар, бар...
Нәзила. Мынау, қайдан келген дүние? Соншама көп қой.
Сұлтан. Көтерейік кәне достааар, махаббат үшін,
Осы күнге жете алмаған жан достар үшін.
Көтерейік кәне достааар, махаббат үшін,
Осы күнге жете алмаған жан достар үшін.
Камила. Біз оны таудағы рестораннан алдық.
Нәзила. Ааааа, неткен байлық. Ал біз Гауһар екеуміз таң атқалы бері тамақ ішкен жоқпыз.
(Сұлтан даусын екпіндеп, әндетіп тұрады, Тимур Нәзиланың қасына барып, сөйлеспекші болғанда, Нәзила бұртиып)
Нәзила. Біз Гауһар екеуміз тамақта ішкен жоқпыз.
Тимур. Байлық еш уақытта жұртқа бірдей бөлінбейді.
Камила. Дұрыс.
Сұлтан.
Тағдырыңды қатыгез де, сараң де,
Сен сүйгенмен, ол сүймесе, шараң не?
Махаббат ол — қос жүректің әні ғой,
Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
(Нәзила Камиланың артынан келіп, кеудесімен жай ғана түртіп жібереді)
Камила. Ай...
Нәзила. Таба алмай жүрген асыңның ит жегенін көресің, Дәретсіз бөлген дүниенің айтшы құдай төресін.
Темірбек.Наз доғар енді. Тіліңді кесіп, қазір язык отворный жасаймын.
Нәзила. Таптырмайтын деликатес. Менің тілім міне! Ммм кішкентай-ақ. Төртеуіне жете қояма екен?Жарайды өзім закуска болғанша, ас үйге барып бірдеңе әзірлесейін. Жоғары мәртебелі тақсыр! (Иіліп тағзым етеді)
Темірбек. Жоғалт көзіңді.
Нәзила. Құп болады. (Лып етіп шығып кетеді)
Сұлтан. Көтерейік кәне достааар, махаббат үшін,
Осы күнге жете алмаған жан достар үшін.
Көтерейік кәне ....
Темірбек. Сендер оның сөзін көңілдеріңе алмай-ақ қойыңдар. Ол былай енді... Аздап.. не нормальныйлау.
Сұлтан. Тииим.
Светлана. Дегенмен бізді ұнатпай қалғаны анық. Тілінің уы бар қыз екен.
Камила. Қазіргі заманда жұрттың бәріне бірдей ұнай беру мүмкін емес. Жиырмасыншы ғасыр ғылыми-техикалық прогрестің ғасырымы емес, субьективті пікірдің ғасыры. Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік. (Сигарет тартады)
(Осы кезде Сұлтан Гауһардың қасына жақындап)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет