Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


Буферлік сыйымдылық-буферлік әсердің өлшемі



бет41/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
Буферлік сыйымдылық-буферлік әсердің өлшемі.
Буферлік сыйымдылық буферлік жүйелердің маңызды сипаттамасы болып есептеледі. Ортаның реакциясын ығыстыруға қарсы жасайтын буферлік жүйенің әсері буферлік сиымдылық деп аталады. Буферлік сыйымдылық 1л буферлік ерітіндіге оның рН-ын 1-ге өзгерту үшін қосылатын күшті қышқылдың немесе сілтінің 1моль эквивалент мөлшерімен өлшенеді.
Қышқылдық және сілтілік буферлік сиымдылықтар болады.
В = С/рН2 - рН1; моль/л
Буферлік сиымдылық буферлік жүйедегі компоненттердің концентрацияларының абсолюттік шамасына тәуелді болады. Компоненттердің концентрациялары неғұрлым жоғары болса,қышқыл немесе сілті қосқанда рН өзгерісі соғұрлым аз болады. Буферлік жүйедегі компоненттердің қатынасы 1-ге тең болғанда,буферлік сиымдылық ең жоғарғы шегіне жетеді. Буферлік сиымдылық ерітіндіні сұйылтқанда төмендейді,себебі ол компаненттердің концентрациясына тәуелді болады.
ІІІ Сабақты бекіту:

  1. Буферлік ерітінділерге қандай ерітінділер жатады?

  2. Буферлік ерітінділердің адам ағзасындағы қызметін

3. Ерітіндінің 100мл көлемінде 1 Na OH, болса нормальдық концентрациясы неге тең ?
4. Тығыздығы 1,53 1 М тұз қышқылының проценттік концентрациясы қандай ?
5. Массасы 345г 10% - ті ерітіндісіне 150мл су қосылды. Түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай?


Үйге тапсырма
1. Тығыздығы 0,88 1 М күкірт қышқылының проценттік концентрациясы қандай ?
3. Массасы 450г 12% - ті ерітіндісіне 75мл су қосылды. Түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай?

23 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ерітінділердің сутектік көрсеткішін (рН) анықтау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сутектік көрсеткіш мәні рН анықтау әдіс- тісілдері мен таныстыру.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Ерітінділердің химиясында Н + және ОН иондарының шамасы жиі кездеседі, сондықтан қолайлы болу үшін сутектік көрсеткіш туралы ұғым енгізілген. Кері таңбамен алынған сутек ионының молярлық концентрациясының ондық логарифмі сутектік көрсеткіш деп аталады және рН таңбасымен белгіленеді:
рН = -lg [H+]

рН-ты өлшеудің әртүрлі әдістері бар. рН-тың жуықталған мәнін қышқылдық-негіздік индикаторлар көмегімен анықтауға болады, себебі түсі сутек және гидроксид-иондарының концентрациясына байланысты өзгереді. Ең көп таралған қыщқылдық-негіздік индикаторлар лакмус, фенолфталеин және метилоранж болып табылады.




1 3 5 9 11 13
рН

Қызғылт Қызыл сары метило-
ранж


Қызыл Көк Лакмус



Түссіз Таңқурай Фенол-


түсті фталеин

Бірқатар индикаторларды таңдап рН мәндерінің бүкіл шкаласын қамтуға болады. Ғылыми лабороторияларда және өндірістік жағдайларда рН-ты арнаулы аспаптар – рН-метр және шыны электродты әмбебап иономерелр көмегімен анықтайды.


Көптеген химиялық және биологиялық процестер үшін рН мәні маңызды рөл атқарады. Көбірек белгілі ерітінділердің кейбіреулерінің рН -мәнін келтіреміз және оларға тән ортананың реакциясын көрсетеміз: асқазан шырыны – рН 1,7(күшті қышқылдық реакция), шым тезек суы – рН (әлсіз қышқылдық), жаңбыр суы рН 6 (әлсіз қышқылдық), құбыр суы – рН 7,5 (әлсіз сілтілік), қан - рН 7,4 (әлсіз сілтілік), сілекей – рН 6,9 (әлсіз қышқылдық), көз жасы – рН 7 (бейтараптық).
Топырақ ерітіндісінің рН мәніне сай топырақ күшті қышқылдық (рН 3-4),
қышқылдық (рН 4-5), әлсіз қышқылдық (рН 5-6), бейтарапты (рН 6-7), әлсіз сілтілік (рН 7-8), сілтілік (рН 8-9) және күшті сілтілік (рН 9-11) деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет