Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


Қоспаны бөлу арқылы жаңа өнім алу



бет60/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

Қоспаны бөлу арқылы жаңа өнім алу.
Мырыш нитраты мен қорғасын нитратының қоспасынан таза мырыш нитратын бөліп ал.
Берілген екі затта тұздарға жатады, әрі аниондары бірдей, катиондарының қасиетін ескереміз.
Ол үшін қоспаны суға салып ерітеміз, яғни мырыш түйірін салсақ (артық мөлшерде.)
Zn0 + Pb(NO3)2 = Zn(NO3)2 + Pb0
Ерітіндіні сүзіп, кептіріп, таза мырыш нитратын алуға болады, ал қорғасын сүзгіде қалады.
Химиялық құбылыстарды бақылау арқылы зерттеу.
Күнделікті өмірде, табиғатта, химиялық тәжірибелер жасау кезінде әртүрлі құбылыстар байқалады. Есептер шығару барысында олардың ерекшеліктерін анықтауға болады.
Есеп. Пробирканың жартысына дейін бром суы құйылған, оған мырыш ұнтағын салып, шыны таяқшамен араластыпа отырып, жайлап қыздыру керек, тұнбаның тұнуын күту крек.
Егер, түссіз ерітінді пайда болса, теңдей екі пробиркаға бөліп, біреуіне хлор суын, екіншісіне күміс нитратының ерітіндісін құямыз, қандай өзгеріс болатынын бақылаңдар.
Шешуі: Есептің шартында реакцияға алынған заттар, тәжірибенің жүргізілу реті көрсетілген. Ары қарай оқушы химиялық құбылыстарды бақылай отырып, қорытынды жасауы керек.

  1. Бром – галоген, мырыш – белсенді металл. Бром мен мырыш әрекеттесіп, тұз түзеді. Егер мырыш жеткілікті алынса, реакция аяғына дейін жүріп, бром суы түссізденеді. Ал артығымен алынса, реакцияға түспеген бөлігі, пробирканың түбіне тұнбаға түседі. Түссіз сұйықтық – мырыш бромидінің ерітіндісі .

  2. Хлор суы қосылған пробиркада ерітінді түсі өзгереді, себебі: хлор (электр терістілігі жоғары) бромды ерітіндіден ығыстырады. Ерітінді – қоңыр түске өзгереді.

Cl2 + ZnBr2 = ZnCl2 + Br2

  1. Күміс нитраты қосылған пробиркада ашық сары тұнба пайда болады.

ZnBr2 + 2AgNO3 = 2AgBr ↓ + Zn(NO3)2 (ерігіштік таблицасына қара)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет