Әр тарау есеп шығаруға қажетті теориялық кіріспеден басталады


– сабақ Сабақтың тақырыбы: Заттың сапалық құрамын анықтау



бет58/94
Дата04.12.2023
өлшемі2,14 Mb.
#134247
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94
Байланысты:
himiya-esepterin-shygharw-zholdary.-10-synyp

31– сабақ
Сабақтың тақырыбы: Заттың сапалық құрамын анықтау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың теориялық алған біліміне сүйеніп заттарды сапалық реакция көмегімен анықтау және реаккция теңдеулерің жазуға үйрету.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ жаңа материалды меңгерту
Оқушылардың іс-әрекеттерін мақсатты түрде біртіндеп күрделендіретін және өз бетімен орындауға үйрететін тапсырмаға тиісті нұсқау беріледі. Экспериментальды есеп шығару үшін зат және оның қасиетіне байланысты бірнеше әдіспен зерттеуге болады.

  1. Заттың сапалық құрамын анықтау,

  2. Затты айыру арқылы анықтау,

  3. Жаңа зат алу арқылы,

  4. Затты анықтауда сапалық реакция арқылы,

  5. Қосу немесе айыру арқылы құрамын анықтау,

  6. Химиялық өзгерістерді бақылау арқылы жүзеге асыруға болады.

1- мысал: Тұз қышқылының құрамында сутек және хлор бар екенін тәжірибе жүзінде анықта.
Экспериментальды есеп шығарудың негізгі кезеңдері.
Есептің шартын химиялық формула түрінде жазу есеп шығарудың тиімді жолын анықтап алу, қажетті тәжірибені еске түсіріп, оны жүзеге асыру, тәжірибенің қорытындысын жасау.
Шешу жолы:

  1. Тұз қышқылының құрамында сутек пен хлордың бар екеін анықтау.

  2. Тұз қышқылының химиялық формуласы – HCl

  3. Тұз қышқылының құрамында сутек атомының бар екенін анықтау үшін активті металмен (Zn, Al) реакциясын жасаймыз. Ол үшің пробиркаға 1-2 түйір мырыш салып, үстіне тұз қышқылын құямыз. Газ көпіршіктері пайда болады, пробирка аузына жанған шыра апарғанда, бөлінген газ түссіз жалынмен жанады.

Реакция теңдеуі ;
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

  1. Ал енді хлордың бар екенін анықтау үшін күміс нитратымен әрекеттестіреміз.. Пробиркаға аз ғана НСl құйып, үстіне бірнеше тамшы күміс нитратының ерітіндісін тамызамыз, сол кезде ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі.

HCl + 2AgNO3 = AgCl↓ + НNO3
Азот қышқылын қоссақ, тұнба ерімейді. Мұндай есептерді таблица түрінде орындаған ыңғайлы



Тәжірибені орындау барысы

Бақылау

Қорытынды












2- мысал: Аммоний сульфатының құрамында NН4+ , SО42– – иондарының бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелде.
Шешуі; 1. Химиялық формуласы (NН4)24
Ақ кристалды зат.
Кристалдық торы иондардан тұрады.
2. Аммоний ионын анықтау үшін сілтіні пайдаланады. Пробиркаға бірдей мөлшерде аммоний сульфаты мен күйдіргіш натрды салып, араластырып, сәл қыздырғанда аммиактың иісі пайда болады, қызыл лакмус қағазы көгереді.
Молекулалық теңдеуі ;
(NН4)24 + 2NаОН = Nа24 + 2NН3↑ + 2Н2О
толық иондық теңдеуі ;
4+ + SО42– + 2Nа+ + 2ОН- = 2Nа+ + SО42– + 2NН3 + 2Н2О
Қысқартылған иондық теңдеуі
4+ + 2ОН = 2NН3↑ + 2Н2О
3. Сульфат анионын анықтау үшін тұздың аз мөлшерін суда ерітіп, оған барий хлоридінің ерітіндісін құямыз.
Қышқылда ерімейтін ақ тұнба түзіледі.
(NН4)24 + ВаСl2 = ВаSО4↓ + 2NН4Сl
толық иондық теңдеуі,
4+ + SО42– + Ва2+ + 2Сl = ВаSО4 + 2NН4+ + 2Сl
Қысқартылған иондық теңдеуі;
Ва2+ + SО42– = ВаSО4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет