әл-Фараби атындағы Қазак Ұлттық Университеті
Химия факультеті
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы
Реометрді градуирлеу
АЛМАТЫ
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЖҮРГІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ
Кез-келген тәжірибені бастамас бұрын қолданылатын ыдыстармен құралдардың тазалығына жеткілікті мән беру керек. Өйткені қолданылатын ыдыстар өте таза болмаса тәжірибенің мәліметтеріне теріс әсер етеді. Сонымен бірге тәжірибе барысында қолданылатын ерітінділерде стандартқа сәйкес дайындалуы керек. Ол үшін алдын-ала берілген концентрацияға сәйкес есептеулер жүргізіледі де, арнайы тазаланған өлшеуіш химиялық ыдыстарда дайындалып, мүмкін болған жағдайда титрі анықталып, арнаулы ыдыстарға құйылып, ыдыстың сыртына анық, әрі түсінікті түрде дайындалған ерітіндінің концентрациясы жазылуы қажет. Ерітінді және оны дайындау жөніндегі толық мағұлмат қосымшада берілген. Тәжірибе жүргізілетін орын үнемі тазалықта болғаны жөн. Химиялық технология практикумында жүргізілетін тәжірибелер тікелей қауіпті әртүрлі газдар, реактивтер қатысында жұмыс жасайтындықтан және жоғарытемпературалық процестер болғандықтан қауіпсіздік техника ережесін қатаң сақтау керек.
Реометрді градуирлеу
Тәжірибе алдында реометрді тазалап жуып, ағаштан жасалған материалға дұрыс орналастыру керек. Содан кейін реометрдің ортасы сызғыш көмегімен анықталып, одан бір сантиметр төмен алынған жері нольдік болып белгіленеді де, оның ішіне калий дихроматының ерітіндісімен боялған дистиллденген су құяды. Тәжірибеге дайындалған реометрді арнаулы қондырғыда әрбір жүргізілетін эксперименттік тәжірибелерге сәйкес келетін диаметрлері әртүрлі капиллярлар қатысында градуирлейді (1-сурет).
Реометр – лабораториялық қондырғыда газ ағысының жылдамдығын өлшеуге арналған. Ол үшін газды капиллярлы түтікше арқылы өткізгенде, капиллярдың жоғары кедергісі салдарынан газ қысымының төмендеуі жүреді. Капиллярлы түтікшеге дейінгі және одан кейінгі газ қысымының айырымы боялған сумен толтырылған екі аяқшаның деңгейінің айырымы (h) бойынша U – тәрізді түтікше (4) манометрмен өлшенеді. Деңгейдің айырымы неғұрлым үлкен болса, газдың жылдамдығыда жоғары болады.
1 – монометр 6 – теңестіргіш груша
2 - аспиратор 7 – аспиратордың төменгі
3 – үш өлшемді кран краны
4 – реометр 8 - үш өлшемді
5 – қысым реттегіш түтікше
9- насос 10 – өлшегіш цилиндр
11- капилляр
11
Достарыңызбен бөлісу: |