Асарлатып тастадық.
Суретті түсірген А.Рысмахан
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының
басшысы Ерік Көшербаев 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымын
аяқтау және жаз айларында ыстық су беру жайын айтып берді.
ҚАлА-ҚАрбАлАс
// «Жамбыл - тараз» // №14 (1302), 6 сәуір 2016 Жыл //
2
Облыс орталығындағы ардагерлер үйінің маңында жайқалған
ардагерлер аллеясына Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 тал шыбық
тігілді.
ардагЕрлЕр Тал ОТырҒызды
Жылу маусымы ойдағыдай аяқталды
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
ҚР-ның санитарлық нормаларына сәйкес орташа сыртқы ауа
температурасы тұрақты +8 градус болуына орай өңірімізде 3-ші
сәуірден 4-ші сәуірге қараған түні жылыту маусымы аяқталды.
Белгіленген норматив бойынша жылыту маусымының ұзақтығы
164 тәулік болғанымен, жылытуды беру 172 тәулікті құраған екен.
Дегенмен де санитарлық нормаларға сәйкес денсаулық сақтау
және мектепке дейінгі мекемелердің аймақтық қазандықтары
қажет болған жағдайда жылыту маусымын 180 тәулікке дейін
жалғастыра алатын көрінеді.
- Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша ыстық су беру жалғасуда.
Жылу желілерін жөндеу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес
суды беру 2016 жылдың 11-ші мамырынан 3-ші маусымына дейін
қысымдап сынау жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылады. Әрі
қарай 2016 жылдың 4-ші маусымынан 6-шы шілдесіне дейін ыстық
суды беру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 7-ші шілдесінен
бастап 27 тамызына дейін жылу желілеріне температуралық сынақ,
күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлану-
да. Жұмыс барысында қаланың жылу желілеріне қайта жаңғырту
жүргізілетін учаскелерінде ыстық су беру 2016-2017 жылдардағы
жылу маусымы кезінде беріледі,-дейді Ерік Әубәкірұлы. Сондай-ақ
басқарма басшысы жылыту маусымы штаттық режимде өтіп, жылу
Арсен БАЙЗАҚ
Ардагерлер үйінің ғимараты өткен
жылы ғана пайдалануға берілген бола-
тын. Қаланың орталығында орналасқан
ғимараттың айналасын абаттандыруды
мұрат еткен ардагерлер өткен сенбі күні
Ұлы Жеңістің 71 және ҚР Тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай сенбілікке шығып,
жастарға үлгі көрсетті. Шараны
ұйымдастыруға Жамбыл облыстық
және қалалық ардагерлер Кеңесі және
Іскер әйелдер қауымдастығы мұрындық
болды. Аға буын өкілдерінің осындай
игі бастамасының бел ортасынан облыс
әкімі Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімінің
бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков
және қала әкімі Нұржан Календеров те
табылды. Көпшілік ел Тәуелсіздігінің 25
жылдығына 25 тал шыбық отырғызды.
Ғимарат ауласын тазалып, ретке келтірді.
Қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері
Людмила Ералиева мен Людмила
Чекалина өздерінің жас кезінде өткен
сенбіліктерді еске түсіріп, осындай елдік
шараның ортасынан табылғандарына
қуаныш білдірді.
- Біздерге, аға буын өкілдеріне мұндай
сенбіліктердің ортасында болу - мере-
ке. Көптен көрмеген қатарларды көру,
әңгіме-дүкен құру, тіпті денсаулыққа
пайдалы іс жасау көңілге шаттық
ұялатпайды ма?! Оның үстіне Ардагер-
лер үйінің маңы көгеріп, жасыл аймаққа
айналса, қала көркіне сән қосатыны тағы
бар ғой, - дейді олар.
Орталық коммуникациялар
қызметі алаңында облыстық
мемлекеттік кірістер департаменті
басшысының орынбасары Ерлан
Өмірзақов жергілікті БаҚ өкілдерімен
бас қосып, атқарылған жұмыстар мен
алдағы жоспарларды атап өтті.
Салық саласының
жұмысы жүйелі
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
ҚР Парламентінің 6-шы шақыртылған алғашқы сесси-
ясын ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ең алдымен,
Салық және Кеден кодексін қабылдау керек. Екіншіден,
жер қойнауындағы байлықты пайдалану, электр энер-
гиясы, монополияға қарсы, мемлекеттік қызметтерді
бәсекелі ортаға беру сынды мәселелерге қатысты заң жазу
қажет» деп баса айтты. Енді халық қазынасын молайту
мақсатында атқарылуы тиіс ауқымды жұмыстар күтіп тұр.
Елбасы атап өткен қажетті талаптар бойынша сала маман-
дары осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарын саралап,
болашақтағы барлық өзгерістер мен талаптарға сақадай сай
болып, мемлекет табысын молайтуда тиімді бағыттарды
бағдарлауы тиіс.
- Ұлттық жоспарда «Кеден және Салық жүйелерінің өз
интеграциясы» жолы бар. Салық салу мақсатында импорт-
таушы тауарды Қазақстанның аумағына әкелген күннен
бастап, оны өткізгенге дейін қадағалауда болады. Салық және
кеден органдарының бірігуі отандық бизнеске оң ықпалын
тигізуде. Төрешілдік азайып, құжаттарды рәсімдеу бірегей
мәліметтер қоры құрылған соң тезделе түсті. Кәсіпкерлерге
ендігі кедендік мақсатта қолданылатын, салық органдарынан
алынатын құжаттарды немесе керісінше, салықшыларға
өткізу үшін кеденнен құжаттарды алудың қажеті жоқ.
«Бір терезе» принципі мен тауарлардың электрондық
рәсімделуінің енгізілуі шекарадағы кедендік рәсімдеудің
жылдамдатылуының негізгі себептері болып табылады.
Қазіргі таңда, жаңадан құрылған құрылым ұсынатын
қызмет көрсетулердің басым бөлігі оңайландырылып,
электронды қалыпқа ауысуда. Салықтық және кедендік
әкімшілендірулердің реформалануы тексерілуге жата-
тын субъектілерді анықтауға қажетті салық және кеден
органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану
арқасында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды
тексеру тәртібін жеңілдете және қысқарта түсті. Сонымен
қатар, тексерулер саны да азая түсті, себебі салықтық
және кедендік бағыттардағы тексерулер біріккен түрде
жүргізілуде. Импортталатын тауарлардың әкеліну уақытынан
бастап, оны соңғы тұтынушыға өткізуге дейінгі тізбектелген
тізімін қадағалау мүмкіндігінің туындауына байланысты,
импортталатын тауарлардың кедендік құнын бақылау
жақсара түсті. Импортталатын тауарлардың кедендік құнын
төмендетіп көрсету ел ішіндегі салық салынуының өсуіне
әкеп соқтырады (үстеме пайда), бұл көрініс импортталатын
тауарлардың кедендік құнын көрсетуге, экономикалық
ынталандыруға себепкер болып табылады. Қазіргі кезде
қызметті әкімшілендіру мен мемлекеттік қызмет көрсету
сапаларын жақсарту, мемлекеттік бюджетті толықтыру
мәселелеріне басым көңіл бөлінуде,-деп жағдайдың жай-
жапсарын толығымен айтып өткен Ерлан Ролланұлы
саладағы мәселені де тілге тиек етті. «Бүгінгі күннің
маңызды мәселесі болып отырған салықтық және кедендік
жүйелерді жақсарту мен кедендік жүйелерді жақсарту мен
олардың интеграциясы, нақты нәтижелерге қол жеткізіледі.
Соның бірі кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіру ретінде
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке жағдай
жасау мен барынша жетілдіру мәселесі бойынша ҚР
Заңымен кедендік декларациялауға қажетті құжаттар саны
қысқартылды. Кедендік тазарту кезінде импорт үшін тек
4 құжат, ал экспортқа 3 құжатты ұсыну қажет. Кеден шека-
расын автомобильдік өткізу пунктерінде кесіп өту уақыты,
шекарадағы мемлекеттік органдар саны қысқарды. 2015
жылдың 12 қазанында ҚР Президентінің Жарлығымен
еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылуы туралы
хаттама ратификацияланып, 2015 жылдың желтоқсан айында
Қазақстан осы ұйымның толық құқылы мүшесіне айналды.
Қазір жалпыға бірдей кірістер мен мүлікті декларациялауды
кезеңмен өткізу және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету
мақсатында ҚҚС орнына сатылымға салық салуды енгізудің
оңтайлы жағы мәселесі талқылануда. Сонымен қатар,
кірістер мен шығыстарды салықтық есепке алуды міндетті
түрде енгізе отырып, қолданыстағы салықтық режимдерді
оңтайландыру жоспарлануда. Бұл көлеңкелі экономиканың
деңгейін төмендетуге ықпалын тигізеді,-деді ол.
Бұдан бөлек, жиынға қатысқан басқарма басшысының
орынбасары мен Камералық бақылау басқармасының бас-
шысы Жанат Жұмаділоваға, Мемлекеттік қызмет көрсету
басқармасының басшысы Талғат Қамбатыровқа, Тауарлық
намеклатура және кедендік құн басқармасының басшысы
Алмас Ниязалиевке БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар
қойылды. «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшілерін өңірдегі
көлеңкелі экономикамен күрес жағдайы қызықтырса, «24kz»
телеарнасының тілшілері салық пен кеден басқармасының
бірігуінен қандай тиімділіктің болғанын сұрады. Жанат
Жатайқызы өңірдегі көлеңкелі экономикаға қарсы күрес
жұмыстарының ахуалын айтып өтсе, Ерлан Ролланұлы
жоғарыда аталған екі басқарманың бірігуінен халыққа
тиімділік артып, уақыт үнемдеуге зор көмегін тигізіп
отырғандығын атап өтті.
желілерінде оқыс оқиғалар орын алмағандығын жеткізді.
Тараз қаласындағы Рахимов, Жұбанышев көшелері, Жамбыл
даңғылы, Б.Момышұлы, С.Сейфуллин көшелері бойынша «М-5»
және «М-8» жылу магистралін, Сүлейменов көшесі мен Қойгелді
көшесінен 225-ші жылу құдығына дейін орамаішілік жылу желілеріне
қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілу жоспарлануда. Аталған учаске-
лерде қайта жаңғырту жұмыстары кезінде 328 тұрғын үйге ыстық су
берілмейтін көрінеді.
ҚАлА-ҚАрбАлАс
3
// «Жамбыл - тараз» // №14 (1302), 6 сәуір 2016 Жыл //
БаТыр ТуҒан Күн
3 сәуір – Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың
туған күніне орай митинг өтті.
Ерлікке тағзым.
Суретті түсірген В.Алсуфьев
«нұр Отан» партиясы
Жамбыл облыстық
филиалы Партиялық
бақылау комиссиясының
ұйымдастыруымен
«Партиялық бақылау: уақыт
талабы, нақты нәтиже кепілі»
тақырыбында жиын өтіп,
партия белсенділері бірқатар
мәселелерді саралады.
Бақылау
басты назарда
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Отырысқа Партиялық бақылау комиссиясының
мүшелері, партияның аумақтық және аймақтық
филиалдар төрағаларының бірінші орынбасарла-
ры мен партиялық бақылау комиссиясы, бастауыш
партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан»
жастар қанатының белсенділері мен БАҚ өкілдері
қатысты.
- Бүгінде партия тапсырмаларын, съездерін,
конференцияларын, саяси кеңестерін,
бағдарламалық құжаттарын, шешімдерінің орын-
далуын бақылауға алу басты назарда. Сондай-
ақ, партия мүшелері арасында ішкі партиялық
тәртіптің қатаң сақталуына бақылау жүргіземіз.
Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасының об-
лыс көлемінде өз деңгейінде орындалуы қажет.
Бағдарламалардың орындалуына партиялық
бақылау жасау халықтың қолдауына ие болып
отыр,- деді жиынды ашып, жүргізіп отырған «Нұр
Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы
Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының
орынбасары Ғалым Қасабай.
Жиын барысында сөз алғандар партия жарғысы
қағидаларын, бағдарламалық құжаттарды және
партия төрағасы тапсырмаларын, партия мүшелері
арасында ішкіпартиялық тәртіптің сақталуын сөз
етіп, маңыздылығына тоқталды.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Тәуелсіз елдің тыныштығын күзетіп, мысық тілеу лаңкестің
халық көп жиналатын қоғамдық орынды жарамын деген
террористік әрекетіне қарсы тұрып, өз жанын қиған бейбіт
күннің батыры Ғазиз Байтасов тірі болғанда биыл 45 жасқа
толар еді. Ол өзінің өмірінің соңына дейін қызметіне адал,
берген антына берік екендігін дәлелдеп кетті. Батырдың әрбір
ісі кейінгі ұрпаққа ұран, ерлігі елге мұра. ОІІД Аллеясында
орнатылған батырдың бюсті жанында болған шараға Ғазиз
Байтасовтың ет жақындары мен жанұясы, ОІІД ардагерлері мен
жеке құрамы және оның қызметтестері қатысты.
Әрбір әулеттің берекесін тасытып отырған нәзік жандылар мемлекеттің де дамуына өлшеусіз
үлес қосып отыр. шаһарымыздағы қыз-келіншектердің түйіткілді мәселелері атқарушы билік
назарынан тыс қалған емес. Қала әкімінің орынбасары Маржан Қожаева төрағалық ететін қала
әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның
кезекті отырысында сан түрлі сауалдар талқыланды.
Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
Индира БАЙҚОНЫС
Алқалы жиынды ашып, жүргізген Маржан
Төреғұлқызы комиссия жұмысында үш мәселеге
басымдық берілетінін атап өтті. Атап айтқанда,
орта мектептердегі қыздардың ерте жыныстық
қатынасқа түсуі және ерте жүкті болуының алдын
алу, ерлердің денсаулығын (ұрпақты болуын)
жақсарту мен кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету
шаралары жан-жақты талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша қала әкімдігінің білім
бөлімінің басшысы Гүлзия Заурбекова хабарла-
ма жасады. Баяндамашы өз сөзінде ҚР «Білім
туралы» Заңы, «Кәмелетке толмағандардың
жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық
құқық бұзушылықтардың алдын алу» жөніндегі
2015-2017 жылдарға арналған іс-қимыл жоспа-
рына сәйкес жұмыстар атқарылып жатқанын
тілге тиек етті.
- Бүгінде білім бөліміне қарасты 58 мектеп бар
болса, онда 60 588 оқушы білім алуда. Кәмелет
жасына толмай ерте жастан жүкті болған қыз
балалардың саны да анықталып отыр. Мәселен,
2014 жылы 138 бойжеткен есепке алынса, 2015
жылы 103-ті құрады. Ал ағымдағы жылдың ба-
сынан кәмелет жасқа толмаған 23 қыз тіркелді,-
деді Гүлзия Расылханқызы.
Баяндамашы ерте жастан құрсағына бала біткен
бойжеткендердің басым бөлігі толық емес от-
басынан шыққанын негізгі себеп ретінде алға
тартып, жоғарыда аталған жайсыз деректі азайту
мақсатында қала мектептерінде 118 психолог-
педагог және Ішкі істер басқармасы тарапынан
53 мектеп инспекторлары жұмыс жасайтынын
жеткізді.
Комиссия төрағасы Маржан Төреғұлқызы
өскелең ұрпақ тәрбиесі кезек күттірмейтін мәселе
екенін шегелеп айтып, бұл бағытта жұмыла оты-
рып өнімді жұмыс жүргізуге шақырды.
Соңғы уақытта дәрігерлер ер азаматтардың
денсаулығы сын көтермейтінін айтып, дабыл
қаға бастады. Расында, алаңдауға негіз бар. Бұл
мәселе төңірегінде № 2 қалалық аурухананың
Ерлер денсаулығы мен отбасылық ұзақ өмір
сүру орталығының меңгерушісі Болат Байтіленов
кеңінен әңгімелеп берді.
- Қазіргі таңда әйелдермен қатар ер
азаматтардың да денсаулығы аса күтімді қажет
етеді. Еркектердің дене қозғалысының аздығы,
алкогольдік ішімдік пен темекіге тәуелділік,
нашар экологиялық жағдайдың салдарынан
урологиялық, жүрек қан тамыры және қант
диабеті ауруларына шалдығады. Өкінішке
қарай, бұл дерттер жыл санап жасарып келеді.
Жамбылдық ер азаматтардың 50-60 пайызы-
нан уроандрологиялық патология белгілері
анықталып отыр. Мұның арты белсіздікке әкеліп
соқтырады. Міне, осындай өзекті мәселелердің
алдын алу үшін біздің облыста 2013 жылы Ерлер
денсаулығы орталығы өз жұмысын бастады,-деді
Болат Серікханұлы.
Оның айтуынша, 2014 жылы орталық
қызметкерлері 10 мыңнан астам кісіге
медициналық көмек көрсетсе, 2015 жылы 5730
емделуші дертіне шипа тапқан.
Бұл ретте, комиссия мүшесі Эльмира
Мырза-Ғали еркектердің денсаулығын жақсарту
мақсатында олардың арасында үгіт-насихат
жұмыстарын жандандыру керектігін, жалпы
ерлер мәселесін тереңнен қаузау үшін комис-
сия мүшелігіне еркек кіндіктілерді де тартудың
уақыты жеткенін ұсыныс ретінде білдірді.
Ал үшінші мәселе, яғни кәсіпкер қыз-
келіншектерді қолдау мақсатында мемлекет
тарапынан жүзеге асырылып жатқан игілікті
істер жөнінде қала әкімдігі кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Гүлзира
Тастамбекова сөз етті.
Гүлзира Аманбекқызы өз сөзінде 2016 жылдың
1 наурызына Статистика басқармасының есебі
бойынша Тараз қаласында 5162 кәсіпорын
тіркелгенін, оның 2861-і шағын, 37-сі орта
кәсіпорынды құрап отырғанын тілге тиек етті.
- Қаламызда кәсіпкер әйелдер жалпы
кәсіпкерлік саласында қызмет жасайтындардың
40 пайызға жуығын құрайды. Олар қала
экономикасының дамып, өркендеуіне сүбелі
үлестерін қосып келеді,-деді ол.
Сондай-ақ, ол 2010 жылдан бері шаһарда
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы
жүздеген жобаны жемісті жүзеге асырғанын
айтып, бизнестің жолын қуған нәзік жандарға
«KazMicroFinance» Микрокредиттік Ұйым»
ЖШС-і қоры несие беріп, кәсіпкерлерге өз
істерін кеңейтуге мүмкіндік беріп отырғанын
атап өтті.
Ком и с с и я о т ы р ы с ы н ы ң ж ұ м ы с ы н
қорытындылаған Маржан Қожаева күн тәртібіне
шығарылған сұрақтың әрқайсысы қоғамның
көкейкесті мәселесі болып табылатынын баса ай-
тып, бұл мәселелердің түйінін бірлесе тарқатуға
тиіс екенімізді тағы қаперге салды.
Митинг әуелі батырға арналған бюстің алдына гүл қою
рәсімімен бастау алды. Мұнан соң бір минут еске алынып,
аспанға үш дүркін оқ атылды. Шарада ОІІД басшысының
орынбасары, полиция полковнигі Қалижан Шоңғарбаев
патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп, қызметінде адалдық
пен жауапкершілік танытып, еліміздің бейбітшілігі үшін өз
өмірлерін құрбан еткен көптеген полиция қызметкерлерінің
есімдері мәңгі есте қалатындығын жеткізді.
- Біздер, Ішкі істер департаменті басшылығы мен жеке
құрамы, қазақстандық барлық полицейлерге үлгі болған
өршіл батырымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Өсіп
келе жатқан жастардың бойында жоғары патриотизмдік
рухты тәрбиелеу мақсатында, Тараз қаласында орналасқан
арнайы орта және жоғары оқу орындарында, жалпы білім
беру мекемелерінде Халық қаһарманы, полиция капитаны
Ғазиз Байтасовтың ерлігін ұлықтау үшін «Ерлік сағаттарын»
өткізу дәстүрге айналған. Республикамыздың барлық
аймақтарындағы Ішкі істер органдарында Халық қаһарманы
Ғ.Байтасовтың «Даңқ бұрыштары» ашылып, бүгінгі Ішкі
істер органдарына қабылданған жас мамандарды тәрбиелеуде
айтарлықтай жұмыс жасауда. Өздеріңізге белгілі, Ғазиздің
ерлігінен кейін, бейбіт уақытта ерлік жасаған Ішкі істер
органдары қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында,
Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінде «Қазіргі заман
қаһармандары» атты республикалық акция ұйымдастырылған
болатын. Аталған акцияға республикамыздың барлық
өңірлерінен бейбіт уақытта ерлік жасаған батырлар жина-
лып, халық арасында өздерінің жасаған ерліктерімен бөлісті.
Ғазиздің ерлігі қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін сақтау
жолында жүрген барлық қазақстандық полицейлерге әрқашан
үлгі-өнеге болып қала бермек және бүкіл республика халқының
мәңгі жүрегінде,-деген Қалижан Ыбінәліұлы батырдың
құрметіне өткізіліп жатқан бұқаралық іс-шаралардың легіне
тоқталып өтті. Жиында сондай-ақ Халық қаhарманы, полиция
капитаны Ғазиз Байтасовтың туыстарының атынан сөз алған
Еңбек ардагері, Тараз қаласының құрметті азаматы Самиға
Қоңырова бауыры Ғазиздің балалық шағы мен өскен ортасы,
атқарған қызметі мен азаматтық болмысы туралы кеңінен
әңгімеледі. Сонымен қатар ол әкімшілік тарапына облыстық
мұражайдан Халық қаһарманына арналған бір орын ашылса
деген ұсынысын жеткізді.
Митинг барысында ОІІД-нің жас маманы, полиция лейте-
нанты Бауыржан Омаров қызметтік борышын өтеу кезінде
ерлікпен қаза болған Ішкі істер органдарының ең үздік
қызметкері, Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз
Байтасовтың ерлігін үлгі тұта отырып, оның ісін ары қарай
жалғастыру өздеріне парыз екендігін тілге тиек етті.
- Мен Ғазиз Байтасовтың жерлесі болғанымды мақтан
тұтамын. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкерін тәртіп
пен заңдылықты қалтқысыз сақтаудың өнегесін көрсетуге,
жоғары адамгершіліктің үлгісі болуға шақырамын. Біз Ғазиз
ағамыз сияқты қызметтік борышымызды орындау кезінде
батылдық пен табандылық танытуға, үнемі оқып-ізденіп,
өз кәсіби деңгейімізді жоғарылатып отыруға, «полиция
қызметкері» деген абыройлы атқа кір келтірмеуге міндеттіміз,-
деді ол.