Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс


„ 12 сәуір - Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Иә



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата08.01.2017
өлшемі6,83 Mb.
#1401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

12 сәуір - Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Иә, 



осыдан  55 жыл бұрын көктемнің керемет күнінде, яғни  таңғы сағат 

9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі «Байқоңыр» 

ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырған 

болатын. Сөйтіп адамзат баласы аспан әлемінің сырын ашты.

Әлем  тарихындағы  орбитаны  бойлай 

ұшқан  тұңғыш  ғарышкер,  аға  лейтенант 

Юрий  Алексеевич  Гагарин  болған  еді. 

Жерден  мыңдаған  шақырым  алыс  ұшқан 

оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық 

көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа 

(108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 

км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, 

сағат  10-нан  55  минут  өткенде,  Саратов 

облысындағы  Смеловка  ауылына  жақын 

маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары 

үшін  ғарышкер  «Кеңес  Одағы  Батыры» 

атағын  алды.  Оның  ерлігі  бүкіл  адамзат 

баласының  сан  мыңдаған  жылдар  бойғы 

арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан 

кейін  ғылыми-техникалық  революцияға 

ерекше серпін беріліп, спутниктік телевиде-

ние, интернет, ауа райын бақылау, бағдарлау 

секілді  заманауи  өмірдің  игіліктеріне  жол 

ашылды.

Осы  сағаттан  бастап,  12  сәуір  Кеңес 



Одағының  Жоғарғы  Кеңес  Төралқасының 

қаулысымен  мемлекеттік  мереке  - 

Ғарышкерлер күні болып белгіленді.

1968  жылы  қарашада  өткен  Жалпы 

Халықаралық авиация федерациясының 61-

ші  конференциясының  қаулысына  сәйкес, 

дәл осы күнді Халықаралық авиация және 

ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы 

шешім шығарылды.

Көк  пен  жер  арасын  байланыстырар 

сүрлеу жол қалай басталып еді, үңіліп көрсек. 

1955  жылдың  12  ақпанында  КСРО-ның 

Жоғарғы  Кеңесі  ақылдаса  келе,  континен-

талды балистикалық зымыранды сынақтан 

өткізуге  бел  буды.  Қазіргі  таңда  жердің 

кіндігі  атанып  кеткен  «Байқоңыр»  ғарыш 

айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім 

қабылдады. 1957 жылдан бері «Байқоңыр» 

әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып 

келеді.  1957  жылдың  4  қазанында  Ресей 

мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер 

серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 

1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 

қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы 

аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға 

үлгерді.  Әрбір  айналымға  100  минуттай 

уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер 

атмосферасында жанып кетті.

Ғарышқа  ұшқан  ең  алғашқы  тіршілік 

иесі не дейтін болсақ, ол Лайка атты ит еді. 

Ит  1957  жылдың  3  қарашасында  Мәскеу 

уақытымен  таңғы  алты  жарымда  Кеңес 

Одағының  «Спутник-2»  атты  кемесімен 

ғарышқа  аттандырылды.  Лайканың  жасы 

2-де,  салмағы  6  келі  болған.  Сол  кездегі 

басылымдар оның орбитада бір апта болып, 

қалыпты  түрде  тамағын  ішіп,  ұйықтап, 

үргенін жазған болатын. Ал, шын мәнінде, 

Лайка  ұшырылған  соң,  5-6  сағаттан  кейін 

өліп қалған екен. Кабинадағы температура 

біртіндеп  көтеріліп,  ақырында  Лайканың 

денесі қызып, өртеніп кеткен.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызын-

да Белка және Стрелка атты иттер ұшқан. 

Бұл  екеуі  ғарыштан  жер  бетіне  аман-есен 

оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып 

есептеледі.  Олар  жер  бетіне  оралған  соң, 

аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай 

жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. 

Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге 

алты дені сау күшіктерді алып келді. Осы 

бір  сәтті  сапардан  кейін  мамандарда  нық 

сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты 

бағындырды. 

Қырандар  қанаты  талатын,  тұлпарлар 

тұяғы тозатын ұшы-қиырына көз жетпес қазақ 

жерінен  еліміз  тәуелсіздігін  алғанға  дейін 

«Молния»,  «Венера»,  «Марс»,»Протон», 

«Зонд», «Луноход» секілді ондаған ғажайып 

спутниктер мен зымырандар Күн жүйесінің 

ғаламшарларына сапар тартып, борттарында 

жаңа ғарышкерлері бар жүзге жақын ғарыш 

кемелері аспан әлеміне самғады. Дегенмен, 

адамзаттың ғарышты игеруіне осыншалық 

керемет жағдай жасаған қазақ жерінен оның 

бір перзентінің жер орбитасына көтерілмеуі 

тарихи әділетсіздік еді. Сондықтан да, еге-

мен елдің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы                       

Назарбаев тұңғыш қазақ ғарышкерін ғарышқа 

шығару  жолында  орасан  қажыр-қайратын 

жұмсады. Мемлекет басшысының сол кездегі 

еселі  еңбегі  еш  кеткен  жоқ.  Жер  кіндігі  - 

Байқоңырдан  ұлтымыздың  төл  перзенті, 

ғарышкер  –  зерттеуші  Тоқтар  Әубәкіров 

мінген  «Союз-ТМ-13»  зымыраны  1991 

жылдың 2 қазанында орбитаға жол тартты.

Бұл күні тек барша түркі жұрты, жұмыр 

жердегі мұсылман қауымы ғана емес, қазақ 

еліне тілектес туысқан, бауырлас елдер де 

мерейіміздің  өскеніне  қуана  қол  соғысты. 

Сол жылы «Қазақ Гагарині» атанған Тоқтар 

Әубәкіровпен бірге ғарышқа халықаралық 

осы экипаждың құрамында тұңғыш Австрия 

ғарышкері Франц Фибек те ұшқан болатын. 

Бұл  –    Қазақстанның,  жаңа  егемен  елдің 

ғарышқа тұңғыш сапары. Дәл осы күні Пре-

зидент  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Байқоңыр» 

ғарыш  айлағында  тұрып,  республиканың 

Ұлттық аэроғарыш Агенттігінің құрылғанын 

жариялады.

Қазақтың  тұңғыш  ғарышкері  Тоқтар 

Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды 

облысы,  Қарқаралы  ауданы,  «1-ші  Май» 

колхозында туған. 1969 жылы ұшқыштардың 

Армавирдегі  жоғарғы  авиациялық 

училищесін,  1976  жылы    КСРО  Авиа-

ция  Министрлігінің  сынақшы-ұшқыштар 

мектебін,1979  жылы  Мәскеу  Авиация 

институтын,  1991  жылы  Ғарышкерлерді 

даярлау  Орталығын  бітірген.  Ұшқыш-

инженер. Кеңестер Одағының Батыры, Халық 

қаһарманы. Сондай-ақ Тоқтар Оңғарбайұлы 

Кеңестер Одағының соңғы, қазақ ұлтының 

тұңғыш ғарышкері. 

Ұлы даланы мекендеген перизат халқына 

Жерұйықты,  бақыттың  мәңгілік  мекенін 

іздеген  Асан  қайғы  бабамыз  Сыр  бойына, 

Байқоңыр топырағына Желмаясын шөгеріп: 

«Бұл – Жер кіндігі екен-ау»-деп толғанған 

дейді қария тарих. Сол ұлы Абыздың айтқаны 

келіп, қазақ жері адамзатты тұңғыш аспан 

әлеміне аттандырған киелі кіндігіне айнал-

ды.Тұңғыш  перзенті  көк  әлеміне  барып, 

келісімен бостандықтың байрағын көтерген 

азат елдің ғарышты игеруі жолындағы ұлан-

ғайыр өз жұмыстары басталды.

Ұлтымыздың тағы да бір аяулы перзенті, 

тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері 

Талғат  Мұсабаев  «Союз-ТМ»  ғарыш 

кемесімен қатарынан 1994, 1998 және 2001 

жылдары  үш  рет  ғарыш  әлеміне  барып, 

қайтты. Ол ғарышта алғашында  126 тәулік, 

екінші сапарында 208 тәулік болды.Үшінші 

сапарында  батыр  жерлесіміз  америкалық 

миллионер  Денис  Титоны  да  экипаж 

құрамымен бірге алып ұшып, әлемде тұңғыш 

рет  ғарышқа  кәдімгі  саяхат  жолын  ашты. 

Талғат  Мұсабаев  -  ашық  ғарышта  жұмыс 

істеген  тұңғыш  қазақстандық  ғарышкер 

болды.  Ол  ғарыш  стансасынан  тыс  ашық 

ғалам  аясында  жалпы  мерзімі  -  41  сағат 

21  минут  болды.  Тәуелсіз  Қазақстанның 

тұңғыш  ғарышкері  Талғат  Мұсабаев  1952 

жылы 7 қаңтарда туған. 1974 жылы Ригадағы 

Азаматтық авиация инженерлері институтын 

бітіріп, сол жылы Боралдайдағы авиаотрядқа 

ауысым инженері қызметіне тұрды. Ал 1990 

жылы Космонавтар отрядына қабылданып, 

Гагарин  атындағы  Ғарышкерлер  даярлау 

Орталығында оқып, жаттықты. 1993 жылы 

Ақтөбе  жоғарғы  ұшқыштар  училищесін 

бітірді. Ашық ғарышқа 7 рет шығып, 41 ми-

нут 21 секунд болған тәуелсіз Қазақстанның 

тұңғыш  ғарышкері.  Қазақстанның  Халық 

қаһарманы. Ресей Федерациясының Батыры, 

Ресей мен Қазақстан ордендерінің иегері. 

  Қазіргі  күнде  Қазақстанның  ғарыш 

саласы  ірі  қадамдарының  жүзеге  асуына 

қажетті  ғылыми-техникалық,  қаржылық-

материалдық  жағдайлармен  берік  қалану 

үстінде.  Экономикасы  өрге  басқан  еліміз 

әлемнің дамыған Елулігіне апарар қуаттың 

бір  арнасын  осы  ғарыш  саласындағы 

батыл  қадамдардан  өрбітетіні  де  анық.  

Мемлекеттік  Тудағы  көк  аспанға  қанатын 

керген  қыранындай  Күннен  туған  -  Ғұн 

ұрпақтарының ғарышқа самғаулары Тоқтар, 

Талғаттармен тоқтап қалған жоқ. Бірақ олар 

әуе кеңістігін бағындырғанда Ресей азаматта-

ры еді. 2015 жылдың 2 қыркүйегінде Тәуелсіз 

Қазақстанның  тұңғыш  азаматы  Айдын                                                                                    

Айымбетов  әуе  кеңістігіне  сапар  шекті. 

Ол  турист емес, кәдімгі ғарышкер ретінде 

ұшты.  Ресми  атағы  бортинженер,  яғни 

оң  қолы,  көмекшісі.  Сондай-ақ  ол  ғарыш 

әлемінде  ғылыми  жұмыстар  да  жүргізіп 

келді.  Ол  өзіміздің  ғалымдар  ойлап 

тапқан  арнайы  құрылғы  арқылы  адамға 

ғарыштағы  радиациялық  сәуленің  әсерін 

тексерген.  Сонымен  қатар  әріптестерімен 

ғарышқа ұшу алдындағы, ұшу кезіндегі мен 

кейінгі жағдайларды сараптаған. «Ураган» 

деп  аталатын  бағдарламаның  негізінде 

Қазақстан  территориясындағы  кетуі  қиын  

экологиялық  апат  орын  алған  аймақтарға 

саралау  жұмыстарын  жасаған.  Айдын 

Ақанұлы  Айымбетов  1972  жылдың  27-ші 

шілдесінде  Алматы  облысы,  Талдықорған 

қаласы, Өтенай ауылында дүниеге келген. 

Мектепті  алтын  медальмен  тәмамдаған 

ол,  1993  жылы  Армавирдегі  жоғарғы 

әскери  авиациялық  училищені  «ұшқыш-

истребитель» мамандығы бойынша бітіріп 

шыққан.  Арнайы  білім  алғаннан  кейін 

Қазақстанның  Қарулы  Күштерінде,  ҚР 

Ұлттық  ғарыш  Агенттігі  төрағасының 

кеңесшісі,  агенттік    департаментінің  

директоры,  ғарыштық  технологиялар-

ды  ақпараттық-білімдік  қамтамасыз  ету 

бөлімінің  басшысы  қызметтерін  атқарған. 

Ал 2012 жылдан бастап Астана қаласындағы 

Оқушылар сарайындағы Жас ғарышкерлер 

мектебінде ұстаздық етеді. Қазақстан Респу-

бликасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі, 

Халық қаһарманы.

...Жер  бетіндегі  6  миллиардтан  астам 

адамның қазір 300-ден астамы ғана ғарышкер. 

Елімізде  осынау  ғажайып  мамандықтың 

иелері әзірге үшеу! Шиырып айтатын болсақ, 

ұлтымыздың алғашқы ғарышкерлері Тоқтар 

Әубәкіров,  Талғат  Мұсабаев  және  Айдын 

Айымбетовтердің  көк  әлеміне  сапарларын 

лайықты жалғастырар жас толқын, өрісі кең 

ұрпақтың  бар  екендігі  күмән  келтірмейді. 

Жер кіндігінің хақ төріндегі Қазақстанның 

ғарыштық  елге  айналуының  тұғыры  осы-

лайша  қаланып,  болашағының  бағдары 

айқындалып келеді.  

  

Дайындаған 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ.   

Қазақ ғарышкерлері.  

 

Ғарыш Қырандары


//   «Жамбыл - тараз»  //  №14 (1302), 6 сәуір  2016 Жыл  //

шАМшырАҚ


7

 

„

2011 жылы Елбасы нұрсұлтан назарбаевтың 



Жарлығымен 12 сәуір  Ғылым қызметкерлерінің 

күні ретінде бекітілді. нағыз ғалымға тән болмыс-

бітімімен, адамдық тамаша қасиеттерімен өзін 

түгелдей ғылымға арнаған, халқына, Отанына адал 

болған аса ірі тұлға Қаныш Сәтбаевтың туған күні 

Ғылым күні деп аталуы заңдылық деп есептейді 

Ғалымдар. атаулы күнге орай М.Х. дулати атындағы 

ТарМу ректоры, п.ғ.д., профессор, Ұлттық ғылыми 

кеңестің төрағасы Махметғали Сарыбековті 

әңгімеге тартқан едік.

«ЖЕргіліКТі 

ҒалыМдардың 

ӘлЕуЕТі зОр»

-  Әңгімемізді Қазақстанның бүгінгі ғылыми 

әлеуеті, оның дамуы мен еліміздегі ғалымдарды 

қолдауға арналған бағдарламалар төңірегінде 

бастасақ. 

- Сұхбат алдында барлық ғалымдарды және 

ғылым саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді 

кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. 

Осы жылы ақпан айында «Ғылым туралы» Заң 

қабылданып,  ұлттық ғылым жүйесінің құрылуына 

негіз  салды.  Мемлекет  басшысы  ХХІ  ғасырды 

Қазақстанның  алтын  ғасырына  айналдыру 

мақсатында еліміздің жарқын жолы – қазақстандық 

патриотизмді,  инновациялық  жобаларды,  эко-

номика  салаларын,  ғылым-білімді  дамытудың 

даңғыл  жолын  көрсететін  10  ілкімді  идеяны 

жүзеге асыруды мақсат етті. Үлкен жетістіктерге 

жетуіміз  үшін  мемлекет  ғылымға  сүйенуі  тиіс. 

Ғылымсыз экономика, алға өндіріс те жүрмейтіні 

анық. Ал дамыған 30 елдің қатарына жетудің басты 

көрсеткіші – ғылымға көңіл бөлу. Қазіргі уақытта 

елімізде  400-ден  аса  ғылыми  ұйым  және  онда 

жұмыс істейтін 20 мыңға жуық қызметкерлер бар 

екен. Отандық ғалымдардың инновациялық идея-

ларына қолдау беріп, ғылымның деңгейін көтеріп, 

жергілікті ғалымдарға қолдау көрсету қажеттігін 

қадап айтты. Инновациялық грант бөлу арқылы 

әлеуметтік ғылыми зерттеулерді қаржыландыру 

аясын кеңейтуге тапсырма берді. Бұл баршамызды 

қуантады.



-    Жалпы,  Қазақстанда  ғылымның  даму-

ына жамбылдық ғалымдар қаншалықты үлес 

қосып жүр? ТМД және әлемдік деңгейде ғылым 

кеңістігінде мақтанышпен аталып жүретін 

әулиеаталық ғалымдар бар ма?

Біз білім, ғылым және инновация билігі жүретін 

әлемге  кетіп  барамыз.  Барлық  салада  жаңаны 

енгiзу, оны үздiксiз жаңғырту, әсiресе, ғылымның 

жетiстiктерi  мен  озық  тәжiрибеге  негiзделген 

инновациялық жаңалықтарды өмiрге батыл енгiзу 

айрықша сұралуда. Елбасының: «Ұлттық экономика 

құрып, инновацияға көңiл бөлуiмiз керек» - деп 

атап көрсетуi де осы мақсаттан туындаған, өйткенi, 

ендiгi заман – озық технологиялық экономиканың 

заманы.  Биылғы  Президент  Жолдауында  да 

қазақстандық инновациялық жүйенi нығайтудағы 

отандық ғалымдардың рөлi мен оларды қолдау 

туралы баса айтылды. Сондықтан, отандық ғылым 

кеңiстiгiне  ұлттық  екпiн  түсiрудiң  озық  үлгiсi 

арқылы өз үлесiмiздi қосуға бар күшiмiздi салуы-

мыз қажет. Бұл - жаһандануға жұтылып кетпеудiң 

қуатты жолы.

Міне, осы бағытта облысымызда орналасқан 

3  жоғары  оқу  орны,  Қазақ  су  шаруашылығы, 

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-

зерттеу институттарының және Оңтүстік-Батыс 

мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу 

институтының  Жамбыл  бөлімшесінің  ғылыми 

қызметкерлері отандық ғылымның дамуына өзіндік 

үлестерін қосып келеді.

Өзім басқарып отырған М.Х.Дулати атындағы 

Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдарының 

отандық  ғылымға  қосқан  үлестеріне  тоқтала 

кетейін. 

Университетте ғылыми жұмыстар тақырыптық 

жоспарға  сай  121  ғылыми  тақырып  бойынша 

бюджеттік  уақыт  есебінен  жүргізіліп  келеді. 

Олардың 74-і  ізденуші-бастамалық  ҒЗЖ және 47-

сі ҚР Президентінің Жолдауы бойынша.  Құрамы 

14  ғылыми  бағдарламаларға  сай    4  іргелі,  102 

қолданбалы және 15 тәжірибелі-конструкторлық 

зерттемелерден  тұрады.  Бүгінгі  күні    ғылыми-

зерттеу жұмыстары 8 факультетте, 45 кафедрада, 

3  ҒЗИ-да,  6  ғылыми  орталықта,  «А.С.Ахметов 

атындағы  Наноинженерлі  зерттеу  әдістері» 

инженерлі  бейінді  зертханасында  жүргізілуде. 

Ғалымдарымыз  отандық  ғылымның  дамуына 

айрықша  үлес  қосып  келеді.  Олардың  ғылыми 

жаңалығының өзектілігін, үлес салмағын түрлі 

байқаулар нәтижесі білдіреді. Соңғы жылдардың 

нәтижесіне тоқтала кетсем:

2015  жылы  4  ғалымымыз  (М.Көпбаева  -  

«Филология және журналистика» кафедрасының 

меңгерушісі,  Л.Қожамжарова    –  «Биология» 

кафедрасының  меңгерушісі,  М.Сахы  –  «Химия 

және  химиялық технологиялар» кафедрасының 

меңгерушісі, Ә.Ыбырайым  – «Филология және 

журналистика» кафедрасының  доценті) Білім және 

ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» 

байқауының жеңімпазы атанды. 2015 жылы 055 

«Ғылыми  және  ғылыми-техникалық  қызмет» 

бюджеттік  бағдарлама  бойынша  мемлекеттік 

тапсырыс аясында 11,300 млн. теңге көлеміндегі 

2 грант жеңіп алынды.  Нақтырақ айтсақ, «Ан-

тропометрические исследования стоп населения 

Казахстана  для  разработки  обувных  колодок  и 

размерно-полнотного  ассортимента  изделий» 

(ғылыми жетекшісі С.Мунасипов)  және «Потоки 

Риччи на обобщенных пространствах Уоллаха» 

(ғылыми жетекшісі Н.Абиев) тақырыптарындағы 

жобалар. 2015 жылы университет ғалымдарының 

30 монографиясы, оның 10-ы Германияда жарық 

көрді. 2015 жылы тұңғыш рет университеттің екі 

ғалымы мемлекеттік стипендия иегері атанды. Атап 

айтсақ, «Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі, 

т.ғ.к. Б.Манапбаев талантты жастарға арналған 

мемлекеттік ғылыми стипендияны, ал «Қаржы» 

кафедрасының доценті А.Молдабекова қолданбалы 

және іргелі зерттеулерді жүргізуге белсене қатысқан 

ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипен-

дияны жеңіп алды. «Психология және педагогика» 

кафедрасының  доценті  Д.Байдалиев,  «Жеңіл 

өнеркәсіп  бұйымдарының  технологиясы  мен 

конструкциялау  және  дизайн»  кафедрасының 

аға оқытушысы  Б.Абзалбекұлы, V курс студенті  

А.Синявская  дәстүрлі  шығармашыл  жастарға 

арналған Жамбыл облысы әкімінің сыйақысының 

«Ғылым» номинациясы бойынша лауреат атанып, 

әрқайсысы 160 мың теңге сыйақыға ие болды. 

2015 жылы студенттеріміз де ғылым сала-

сында  айтарлықтай  жеңістерге  қол  жеткізді. 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жара-

тылыстану,  техникалық  және  гуманитарлық 

ғылымдар  бойынша  студенттердің  ең  үздік 

ғылыми жұмыстарына жариялаған «Болашақтың 

ғалымдары»  байқауында  5  студентіміз,  ал  

4  студентіміз  осы  Қордың  стипендиясына 

жарияланған байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз 

атанды. 

ТМД  деңгейінде  т анылып  жатқан 

ғалымдарымыз да бар. 2014 жылы «Стандарт-

тау,  мейрамхана  ісі  және  қонақ  үй  бизнесі» 

кафедрасының  профессоры  А.М.Байтуреевке 

«Ресей Жаратылыстану академиясының Құрметті 

ғылым докторы және профессоры» атағы беріліп, 

ғылымға қосқан үлесі үшін А.Нобель атындағы 

алтын  медальмен  марапатталды.    Сонымен 

қатар Ресей Федерациясының «Білім мен ғылым 

саласының  үздік  қызметкері»  атағы  берілді. 

2015  жылы  «Су  ресурстары»  кафедрасының 

профессоры Ә.Әбдірамановқа Еуропа ғылыми-

өндірістік консорциумы іргелі және қолданбалы 

ғылымдарының  дамуына  қосқан  үлесі  үшін 

М.В.Ломоносов атындағы және физика-матема-

тика ғылымдарын дамытқаны үшін И.Ньютон 

атындағы алтын медальдерін табыс етіп, Ресей 

Федерациясының  «Ғылыми  мектептің  негізін 

қалаушы», «Білім мен ғылымның еңбегі сіңген 

қайраткері» атағын берді. 

-  Сіздің ойыңызша, потенциалы жоғары 

ғалымдардың  шет  ел  асуына  не  себеп? 

Ғалымдарды  әлеуметтік-материалдық 

жағынан  қолдау  тетігінің  дұрыс  жолға 

қойылмауынан  ба?  Оның  үстіне  бүгінде  ІТ 

мамандары ауадай қажет қоғамға. Мүмкін 

шет елде осы мамандарға сұраныс та жоғары 

шығар?

-  Әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізген 

ғалымдар қазақ ғалымдарын Отаннан жыраққа 

кетуге  итермелейтін  жағдай  кірістің  төмен 

деңгейінен деп түсіндіреді. 

Менің    пікірімше,  шет  елде  жүрген  қазақ 

ғалымдарының Қазақстанға қайтқысы келмеуі 

немесе  қазақстандық  ғалымдардың  шет  елге 

кетуінің  материалдық  игіліктен  гөрі  маңызды 

себебі бар. Оларға шет елде тапқан қаржысын 

Қазақстан  да  бере  алады.  Бірақ  олардың  көбі 

«Қазақстанда шығармашылық-ғылыми тұрғыдан 

тоқырап қаламыз» деп қауіптенеді. Яғни зертте-

улер жүргізетін зертханалық базаларымыздың 

төмен болуынан деп ойлаймын.

2009 жылы сол кездегі Ғылым және білім 

министрі  Бақытжан  Жұмағұлов  Қазақстанға 

қайтаруға  шақырған  125  ғалымның  тізімін 

жасаған.  Министр  «ол  ғалымдар  Отандарына 

қайтып  келсе,  Қазақстан  жұмыспен,  жақсы 

жалақымен, баспанамен қамтамасыз ететінін» 

айтқан.  Қазіргі  уақытта  қазақстандық  250-ге 

тарта ғалым шет елде жұмыс істейді. Олар Ресей, 

АҚШ,  Канада, Ұлыбритания, Қытай, Жапония, 

Беларусь, Франция, Чехия,  Швейцария, Оңтүстік 

Корея, Әзербайжан, Венгрия, Литва, Швеция, Ав-

стралия, Германия, Италияда жұмыс істеп жатыр. 

Министрліктің қолдауымен қазіргі уақытта 30-ға 

жуық ғалымдарымыз Отанына оралды. Қазіргі 

күнде де ел Үкіметі шет елде жүрген ғалымдарын 

елге қайтару шараларын жалғастырып келеді. 

Қайтып келген ғалымдарға өз идеяларын, тех-

нологияларын,  ғылыми  мектебін  Қазақстанда 

дамытуға қажетті жағдайлар жасау керек. Ең ал-

дымен, оларға шет елден кем емес жабдықталған 

зертханалар қажет. Осы - басты мәселе.



-  Өзіңіз басқарып отырған жоғары оқу орнын-

да өнертапқыштыққа (рационализаторлыққа) 

қолдау қаншалықты? Осы мәселеде жергілікті 

биліктің үлесі бар ма?

-    Елбасы  Н.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан 

жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты Жолдауында елімізде ғылыми қамтымды 

экономика  құру  үшін  ең  алдымен  ғылымның 

әлеуетін арттыруға, инновацияларды қолдауға, 

зияткерлік меншікті қорғауға баса көңіл аудару 

қажеттілігін  айтқан болатын. Біздің университет 

аймақтағы ең ірі патент иеленуші болып табыла-

ды. Ғалымдарымыз жыл сайын жаңа құрылғылар 

мен жабдықтарға, механизмдерге, құрылыс мате-

риалдарына, өнеркәсіптік үлгілеріне 35-40 қорғау 

құжаттарын алады.  

Біздің  өнертапқыштарымыз  республикада 

өнертапқыштықты насихаттауға және қолдауға 

бағытталған  өнертапқыштық  саласындағы 

жетістіктердің «Шапағат» республикалық кон-

курсына тұрақты қатысып келеді.  Жетістіктері 

де  аз  емес.  Атап  айтсақ,      2011  жылы  Та-

раз  қаласындағы  Айша  бибі  қыздар  қазақ-

түрік  лицейінің  10-сынып  оқушысы  Назым                                                                                                 

Ке н ж е ход ж а е в а   Та р М У   п р о ф е с с о р ы  

Н.А.Горбатовскаяның жетекшілігімен алған «Би-

дай нанына сұлыдан жасалған наноқұрылымдық 

ұнның  қосылуы  арқылы  сапалық  және 

тағамдық  құндылығының  органолептикалық 

көрсеткіштерінің  өзгеруі»  өнертабысы  VIII  

«Шапағат» байқауының қорытындысы бойынша 

арнайы дипломға ие болды. Ал, 2012 жылы  ІХ  

«Шапағат» байқауының қорытындысы бойынша 

«Су  ресурстары»  кафедрасының  профессоры, 

машина жасау және гидроциклон саласында 114 

өнертабыстың бірлескен авторы Ә.Әбдіраманов  

Еуразия патенттік ұйымының В.И. Блинников 

атындағы «Өнертапқыштық және патенттік іс 

саласына енгізген үлесі үшін» алтын медалін 

жеңіп алды. Сол жолы, техника ғылымдарының 

кандидаты, доцент К.Қ. Шилібекке өнеркәсіптік 

меншік объектілерін патенттеуді белсенді түрде 

насихаттағаны және полимер алу саласындағы 17 

өнертабысы үшін Дүниежүзілік зияткерлік меншік 

ұйымының  марапаты  –  «Үздік  өнертапқыш» 

дипломы мен алтын медалі табыс етілді.  2014 

жылы  «Қазақстан  Республикасының  еңбек 

сіңірген өнертапқышы» атағын беруге байланы-

сты ұсынымдарды қарау жөніндегі өткен байқау 

комиссиясының нәтижесі бойынша, ҚР Әділет 

министрінің  2014  жылғы  14  сәуірдегі  №147 

бұйрығымен техника ғылымдарының докторы, 

профессор С.М.Қойбақов облысымызда алғаш 

рет  «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 

өнертапқышы» атағын  алды. 2014 жылы про-

фессор А.М.Байтуреевті Ресей Жаратылыстану 

академиясы өнертапқыштық саланы дамытуға 

қосқан  үлесі  үшін  В.И.Вернадский  атындағы 

медальмен марапаттады.

Біз жыл сайын 12 сәуір Ғылым қызметкерлері 

күніне  арналған  салтанатты  мәжілісте 

өнертапқыштық  салада  жемісті  еңбек  еткен 

ғалымдарға «Белсенді өнертапқыш» номинаци-

ясымен марапаттауды дәстүрге айналдырғанбыз. 

Бiзде өнертабыстар өте көп. Бiрақ, олар өндiрiске 

шыға алмай отыр. Бүгінгі күнге дейін Ғылым 

мен бизнес қауымдастықтың арасындағы қарым-

қатынастарды  реттейтiн  заңдық  нормалар 

жоқ  болды.  Биылғы  жылы  қолданысқа  енген 

«Ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық 

қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 

ҚР  Заңы    осы  олқылықтың  орнын  толтырып, 

өнертапқыштарға жаңа серпін бермек.



-Әңгімеңізге рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет