Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы


-  Қазақстанның  өңірлік  қауіпсіздікті  нығайтуға  ұмтылысы



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


Қазақстанның  өңірлік  қауіпсіздікті  нығайтуға  ұмтылысы 
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  сонау  1992  жылдың  өзінде  БҰҰ  Бас 
Ассамблеясының  47  сессиясында  жария  еткен  Азиядағы  өзара 
ықпалдастық  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес  шақыру  туралы 
бастамасына  арқа  сүйейді.  Бүгінде  осы  кеңес  халыққа  халықаралық 
қатынастың  маңызды  факторына  айналды.  Еуропа  қауіпсіздік 
ынтымақтастық ұйымы осы сынды Орта Азиялық өңірлік ұйымдардың 
қызметін қалай бағалап отыр.  

Бұл  да  Қазақстанның  жаңа  бастамашылығымен  байланысты.  Ал 
Қазақстан,  әсіресе,  Азия  мемлекеттерінің  арасында  өзара  сенім  шараларын 
тұрақтандыру,  қабылдау  жолында  үлкен  еңбек  сіңірді.  Бұл  сонау  1992 
жылдан бастап 2002 жылға дейін 10 жыл көлемінде Қазақстан барлық Азия 
мемлекеттерімен  үлкен  дипломатиялық  қарым-қатынас  жасап,  осы  идеяны 
түсіндірді.  Соның  нәтижесінде  10  жылдан  кейін  барып  2002  жылы 
Қазақстанда, Алматыда Азиядағы 17 мемлекеттің, соның ішінде Қытай, Үнді, 
Ресей сияқты ірі мемлекеттердің қатысуымен, 4 мемлекет бақылаушы болып, 
ең  бірінші  бас  қосу  болды.  Міне,  ол  қазір  халықаралық  институт  болып 
қалыптасты.  Бұған  Еуропалық  қауіпсіздік  ынтымақтастық  ұйымы  да  үлкен 
ыждағатпенен,  үлкен  сеніммен  және  үлкен  сыйластықпен  қарайды.  Сенім 
шаралары не үшін керек? Сенім шаралары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 
керек.  Қауіп-қатерді  болдырмау  үшін,  соғысты  болдырмас  үшін,  әртүрлі 
саяси  қайшылықтарды  мейлінше  түсіністікке  қарай  бұру  жолында 

жүргізіледі.  Сондықтан  бұл  институттың  құрылуына  олар  үлкен 
қызығушылық  білдіріп  отыр.  Тіпті  бұл  Азиядағы  өзара  сенім  шараларын 
қалыптастыру ұйымы Еуропадағы қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымының бір 
моделі сияқты деген де пікірлер айтылып жүргені тектен текке емес. Жалпы, 
болашақта  мұндай  қарым-қатынас  қажет  және  бұл  институт  өзі  тұрақты 
жұмыс жасап жүреді деп есептеймін.  

Қытайда елші қызметін атқардыңыз. Батыс пен шығыс өркениеті 
арасындағы  теке-тіресті  бір  адамдай  білесіз.  Жалпы  Қазақстанның 
Европа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымға төрағалық етуі аталған екі 
өркениет арасындағы алтын көпір қызметін атқара ала ма?  

Қазақстан  болашақта  сондай  алтын  көпір  болады  деп  есептеймін. 
Өйткені,  Қазақстанның  өзінің  табиғаты,  жалпы  Қазақстандағы  қоғамның 
дамуы, біздің ұлтымыздың, біздің адамдардың өзінің жалпы дүниетанымдық 
өркендеуі  шын  мәнінде,  мысалы  көптеген  Азия  мемлекеттеріне  қарағанда 
үлкен прогрестік бағыты бар. Сол сияқты, мысалы, Еуропа Қазақстан арқылы 
Азияға  шыға  алады,  не  болмаса  Азия  Қазақстан  арқылы  Европаға  шыға 
алады.  Сондықтан  Еуразиялық  көпір  Қазақстанның  Еуразиялық  идеяны 
жүргізгені  де  өзі,  Қазақстанның  ұстанған  бағыты  осымен  тікелей 
байланысты.  Болашақта  ол  Қазақстанның  үлкен  миссиясы  болады  деп 
есептеймін.  

2009  жылы  3  шілдеде  Еуропа  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымы  Парламенттік  Ассамблеясы  нацистік  және  гитлерлік  екі 
тоталитарлық  жүйе  мойнындағы  қылмысты  кеңес  ретінде  қарар 
қабылдады.  Бұл  Ресей  тарапынан  біраз  дүрлігулер  тудырғаны  аян. 
Жалпы,  тоталитарлық  қылмыстың  зерттелуіне  Европа  қауіпсіздік 
ынтымақтастық ұйымы қандай серпін әкелмек?  

Өкінішке орай, мысалы сол қабылданып жатқан құжаттардың арасында 
қайшылықтар болып жатады. Гитлерлік, жалпы тоталитарлық жүйеге біздің 
табиғатымыз  қазір  қас.  Кезінде  тоталитарлық  жүйенің  үлкен  зардаптарын 
шеккен бірден бір елдің біреуі бізбіз. Коллективтендіру болды, аштық болды, 
репрессиялық  қырғындар  болды.  Осылардың  бәрін  де  Қазақстан  басынан 
өткерді.  Бірақ  бұл  жерде  жалпы  Екінші  Дүниежүзілік  соғыстың  шығуымен 
Екінші  Дүниежүзілік  соғысты  тікелей  тек  қана осы  тоталитарлық  жүйемен, 
екеуін  бір  арнаға  салудың  қажеті  жоқ.  Жалпы  бұл  адамзат  тарихындағы 
трагедиялар.  Тоталитарлық  жүйенің  өзінің  табиғатын  бөлек  зерттеу  керек. 
Гитлерлік,  фашистік  Екінші  Дүниежүзілік  соғысты  ашқан  мемлекеттің 
әрекеттеріне, оның өзіне бөлек баға берілуі тиіс деп есептеймін.  

Соңғы  сұрақ.  Европадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымы құрылғалы бері 30 жылдан астам уақыттың ішінде бар-жоғы 6 
рет  саммит  өткені  белгілі.  Әрі  оның  бесеуі  90-жылдардан  кейін 
ұйымдастырылған.  Соңғы  саммиттен  кейін  де  10  жыл  өткен  екен. 
ЕҚЫҰ-ның  саммитын  ұйымдастыратын  кез  келгенін  тілге  тиек  етіп 
жүрсіз.  Сіздің  ойыңызша  аталған  саммит  қандай  мәселелерді  көтеруі 
қажет?  

Қазір  осы  заман,  жаһандану  заманының  өзі  туғызып  отырған 

проблемалар  өте  көп,  қайшылықтар  да  көп.  Оның  бәрі  өзара 
түсініспеушіліктен де туып отыр. Күн тәртібіне шығаратын мәселелер де көп. 
Бірақ,  әрине  56  мемлекеттің  бәріне  ортақ,  үлкен  мүдделі  проблема  болу 
керек.  Меніңше,  Жаңа  келісім  -  бүкіл  Еуропада,  Азияда  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ететін  барлық  мемлекеттерге  де  ортақ  мүдде  деп  есептеймін. 
Соның төңірегінде күн тәртібін қарастыруға болады.  
Не  болмаса,  барлық  мемлекеттерге  ортақ  үлкен  проблема  -  азық-түлік 
қауіпсіздігі.  Ол  да  үлкен  проблема.  Барлық  мемлекеттерге  тән  денсаулық 
сақтау  проблемасы  бар.  Барлық  мемлекеттердің  өсуіне  тән  қазіргі  үлкен 
технологиялық  құбылыстар  бар.  Ал,  жалпы,  саммиттың  мұнша  10  жылға 
дейін үзіліс болып кетуі де онша жақсы жағдай деп есептемеймін. Меніңше, 
мемлекет  басшылары  осы  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымында  әлдеқайда  жиірек  кездесіп,  саммит  өткізіп  тұруы  керек. 
Сондықтан  Қазақстан  өзінің  төрағалығы  кезінде  осы  саммиттің  өткізілуіне 
болашақта,  тек  өзінің  төрағалығы  тұсында  ғана  емес,  мүмкін  2011-2012 
жылдары  болар,  соған  күн  тәртібін  дайындап,  үлкен  мемлекеттердің 
басшылары қатынасатын үлкен саммит өткізілуі тиіс деп есептеймін.  

Қуаныш Сұлтанұлы, сұхбатыңызға үлкен рақмет. 
2009  
 
 
 
 
 
 
                
              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

              
ҚАЙРАТКЕР КІСІГЕ – ҚАБЫРҒАЛЫ ІС СЫНШЫ  
 
Әль-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  ректоры,  академик  Бақытжан 
Жұмағұловпен сұхбат  
Ағалар дәстүрінің алтын соқпағы  
– 
Бақытжан  Тұрсынұлы,  ұлтымыздың  орынды  мақтанышына 
айналған,  білім  мен  ғылымның  қасиетті  қарашаңырағы  әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  75  жылдық  мерейтойына 
арналған  іс-шаралар  керуеннің  эстафетасы  біріне-бірі  лайықты  жалғасын 
тауып келеді. Мерейтой өткізу айтуға ғана оңай. Ал бетпе-бет келгенде ол 
қыруар  күш-жігерді  талап  етеді.  Оған  жыл  басынан  бері  университетте 
өткізіліп жатқан кездесулер мен конференциялар, алуан мәдени іс-шаралар, 
қолға  алған  күрделі  жөндеу  жұмыстары  мен  жаңадан  бой  көтерген  оқу 
ғимараттарының сән түзеуі айқын көз жеткізсе керек. Мұның бәрі, әрине, 
кешегісіз  бүгін  жоқ  демекші,  ҚазҰУ-де  қалыптасқан  дәстүр 
сабақтастығының бір айқын көрінісі деп те білуге болар. Жалпы, ұлттық 
университетіміздің  өткені  мен  бүгінгінсін  салыстыра  салмақтай  отырып 
жеткен жетістіктер мен межелерге ой жүгіртіп өтсеңіз. 
– 
Әлемдік  деңгейдегі  білім  ордаларының  бірінен  саналатын  қазіргі  әл-
Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  тамыры  тереңде,  тарихы 
бай.  Бастауы  сонау  қазақ  халқының  басына  бұлт  үйірілген  ХХ  ғасырдың 
ширегіндегі  дүрбелеңмен  сәйкес  келеді.  Өткеннен  сабақ  ала  отырып  алға 
ұмтылу  парыз  десек,  кеңестік  дәуірдің  білім-ғылым  саласына  тигізген 
пайдасын  жоққа  шығара  алмасақ  керек.  Қоғам  дамуына  қарай  жаңа  қазақ 
зиялы қауымы да қалыптасты.  
“Ел  –  бүгіншіл,  менікі  ертеңгі  үшін”  деп  ұлт  ұстазы  Ахмет 
Байтұрсынұлы  айтқандай,  бүгініне  емес,  ертеңіне  зейін  қойған  сол 
азаматтардың  тілек-талабы  ескеріліп,  1933  жылдың  20  қазанында  КСРО 
Халық  Комиссарлары  Кеңесі  “Қазақстан  үшін  кадрлар  дайындау  туралы” 
деген  арнайы  қаулы  қабылдайды.  Сол  құжат  негізінде  Алматыда  Қазақ 
мемлекеттік  университетін  құру  туралы  шешім  шығады.  1934  жылдың  15 
қаңтары Қазақ мемлекеттік университетінің ашылған күні болып белгіленеді. 
Сөйтіп, Физика-математика, биология факультеттерінде сабақ басталады.  
Іс  тетігін білетін, жұмысқа  ұйытқы болып  ұйымдастыра  алатын  мықты 
кадрлар  әзірлеу  мақсатында  бірте-бірте  факультеттер  ашыла  бастайды. 
Гуманитарлық  сала  бойынша  да  қажеттіліктер  ескеріліп,  төрт  жылдық  шет 
тілдер, филология факультеті құрылып, үш кафедра жұмысқа кірісіпті. 1941 
жылы  жаңа  гуманитарлық-журналистика  факультеті  құрылған  екен.  Содан 
бері де 70 жылдай уақыт өтті. 
Қадамы ашылып, қанаты қатайып, мұғалімдер қатары толығып, оң мен 
солын  бағдарлай  бастаған  тұста,  яғни  1941  жылдың  қарсаңында 
факультеттердің құрамында 23 кафедра жұмыс істеп, 40-тан астам қызметкер 
ғылымның  әр  саласынан  зерттеулерін  аяқтаған.  2  докторлық  және  5 
кандидаттық  диссертация  қорғауға  әзір  болған.  Тарихтың  алуан  жолына 
назар  аударсаң,  бұл  университеттің  қалыптасу  кезеңіндегі  көпсалалы  білім 

мен білікті кадр дайындаудағы қарымына қанық боласың. ҚазҰУ өз елімізде 
ғана емес, дүниежүзіне белгілі болып, көшбасшылыққа жеткенін көресің. Бұл 
сол  тұстағы  басшылық  пен  оқытушы  мұғалімдердің,  студенттердің  бір 
мақсат, бір міндет аясына жұмыла алғанын аңғартса керек. 
Жоғары білім алуға талпынған жастарға жағдай жасау мақсатында 1959-
1965 жылдары 120 мың шаршы метрлік ғимараттар кешенін, 1200 орындық 
студенттер жатақханаларын және оқытушыларға арналған екі тұрғын үй салу 
қарастырылады.  Алғашында  санаулы  ғана жастармен  жұмыс бастаған білім 
ордасында  студенттер  саны  уақыт  өте  келе  8950  адамға  жетіпті.  Оларға 
тиянақты білім беру үшін 5 ғылыми-зерттеу зертханасын, есептеу орталығын 
және университет баспаханасын ашу көзделеді. Сөйтіп, 1960 жылдардың бас 
кезінде ҚазҰУ өз даму жолында жаңа кезеңге аяқ басады. 
Егеменді  ел  болған  тұсымыздан  бері  ол  Қазақ  ұлттық  университетіне 
айналып, оған  деген  көзқарас  айқындала  түсті.Дамудың даралығына  түскен 
университет  бүгінгі  күнде  қандай  жаңа  бағыттарды  межелеп  отыр  дегенде, 
төмендегі жағдайларды атаған орынды. 
1998  жылы  ҚазҰУ  жастарымен  болған  кездесуде  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев  білім  орны  элиталық  университетке  айналуы  қажет  деген  пікір 
білдірген еді. Бұл қазір күн санап, өз шешімін тауып келеді. Біз осы үрдісті 
дәл қазір ұтымды пайдалана отырып, басты мақсаттарымызды жүзеге асыра 
бастадық. Өткен жылдың мамыр айында болған Ғылыми кеңесте 2009-2011 
жылдарға  арналған  университеттің  жаңа  даму  стратегиясы  қабылданды.  Ол 
үш  басты  бағыттан  тұрады.  Оның  біріншісі  –  менеджменттің  барлық 
деңгейін  түбегейлі  жетілдіру,  екіншісі  –  мамандарды  халықаралық 
талаптарға сай даярлау, үшіншісі – ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды 
жетілдіру.  Әл-Фараби  университеті  аталған  стратегиясын  біртіндеп  жүзеге 
асыра  бастады.  Өткен  жылы  әлемдік  тәжірибеде  орныққан  ИНТРАНЕТ 
компьютерлік-коммуникациялық  желісіне  негізделген  оқытудың  кредиттік 
жүйесін сөз жүзінде емес, іс үстінде дәйектеп шықтық.  
Өткен  жыл  –  университет  үшін  барлық  жағынан  серпіліс  жылы  болды 
десек,  жарасатын  тәрізді.  Тұңғыш  рет  PhD  философия  докторлары  бітірді. 
Осылайша  ҚазҰУ  ТМД  елдерінің  арасынан  бірінші  болып  халықаралық 
стандартқа  сай  кадрларды  даярлаудың  үш  сатылы  деңгейін  игерді.  2008 
жылдың  қараша  айында  университет  француздың  “Bureau  Verіtas 
certіfіcatіon” сертификаттау органының аккредиттеуінен табысты өтсе, білім 
ордасы  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарының  бас  рейтингінде  тағы  да 
бірінші орынға көтеріліп, абыройымыз асқанын мақтанышпен айтуға болады.  
Ең  алдымен  айтарым,  біздің  мақтанышымыз  –  адам,  адам  капиталы. 
Бүгінгі таңда университетте екі мыңнан аса білікті оқытушы жұмыс істейді, 
олардың  ішінде,  мыңнан  аса  ғылым  докторы  мен  кандидаты,  жүзден  аса 
академик  пен  елу  шақты  философия  докторлары  бар.  Басты  міндет-
мақсатымыз  бәсекеге  қабілетті,  әлемдік  талапқа  жауап  бере  алатын  маман 
дайындау.  Осы  істі  ілгерілете  отырып,  көшбасшылық  дәрежені  биіктен 
көрсетіп,  университет  дипломының  әлемдік  деңгейде  мойындалуын 
қамтамасыз  ету  басты  бағытымыз  болмақ.  Біз  түлектерімізге  шетелдердегі 

алдыңғы қатарлы оқу орындарымен келісім жасай отырып, екі диплом беру 
мүмкіндіктерін  қарастырудамыз.  Шетелдік  оқу  орындарына  сүйене  бермей, 
олардағы  озық  оқытушыларды  өзімізде  қалыптастыру  ниетімен 
профессорларымыз  әлемдегі  жетекші  жоғары  оқу  орындарында  ма-
шықтанудан өтуде. Әсіресе, студенттердің өзін-өзі басқаруы ерекше назарда. 
Бұл  университеттердің  Ұлы  Хартиясының  негізгі  талаптарының  бірі  болып 
табылады.  Әл-Фараби  университетінде  білім  алып  жатқан  18  мың  студент, 
магистрант  пен  докторант  бар  десек,  соның  700-ден  астамы  шетелдік 
талапкерлер. Бұлар болашақта мықты маман болумен қатар, ұлттың элитасы 
болады деген сенімдемін. 
Университет  жанында  20-дан  аса  ғылыми-зерттеу  институты 
халықаралық  зерттеу  және  әдістемелік  орталықтары,  технопарк  жұмыс 
істейді.  Ғылыми  инфрақұрылымға  қосымша  жуырда  университетте  Елбасы 
бастамасымен  Отанымызда  құрылатын  15  ұлттық  зертхананың  бірі  – 
нанозертхана ашылды. 
Қазақстанға  әлемдік  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті  кәсіби  білікті 
мамандар  қажет.  Мұндай  жағдайда  жоғары  оқу  орны  жұмысының  басты 
өлшемі  –  2005  жылы  Алматы  жоғары  оқу  орындарының  ректорларымен 
болған  кездесуде  еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  атап  өткеніндей  – 
түлектердің  аса  жоғары  сұранысқа  ие  болуы.  Оны  әлемдік  нарықтағы  ірі 
компаниялар  анықтайды.  Сондықтан  да  мемлекет  басшысы  ұлттық 
университеттерге, әсіресе, Қазақ ұлттық университетіне жетекші жоғары оқу 
орны ретінде түбегейлі жаңа міндеттер жүктеді. Мамандардың халықаралық 
талаптарға  сай  даярлануы,  Қазақстандық  дипломдардың  шетелдерде 
танылуы, мойындалуы, сыбайлас жемқорлықтың жойылуы мен халықаралық 
жоғары  оқу  орындарының  рейтингісіне  енуі  аталған  міндеттердің  қатарына 
жатады.  
Егеменді  еліміздің  тарихында,  алар  орны  дараланып  тұрған 
университетіміздің  75  жылдығын  атау  –  бүкіл  ел  қуанышы,  мерекесі. 
Сондықтан  оны  университеттің  халықаралық  биік  мәртебесіне,  осы  қазіргі 
заман  талабына  сай  атап  өту  біздің  міндетіміз.  Мерейтойға  байланысты 
негізгі іс-шараларды осы қазан айының 12-16 аралығында өткізетін боламыз.  
 
Дайындыққа  байланысты  іс-шараларды  атап  өтер  болсақ,  онда  әл-
Фараби  атындағы  ҚазҰУ-да  өтетін  Мәскеу  мемлекеттік  университетінің, 
ЕҰУ  күндерінен  бастаған  жөн  деп  білемін.  Әлемнің  ірі  университеттерінің 
бірі болып табылатын Мәскеу университетімен екіжақты тығыз байланыстың 
барлығы, өзіміз мамандар тұрғысынан болса да, әдістемелік тұрғыдан болса 
анық пайдалы, жемісті болатындығын аңғартады. 
Одан  былайғы  жерде  «ҚазҰУ-ға  75  жыл»  деген  атпен  университет 
жетістіктерінің  көрмесі,  жетекші  профессорлардың  мастер-кластары  мен 
дәрістерін  өткізу,  ҚазҰУ-дың  ең  үздік  оқытушыларының  жиыны, 
университеттің  мерейтойлық  спартакиадасы,  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-
дың  салалық-пәндік  олимпиадасы,  «Мәдени  мұра»  бағдарламасына  әл-
Фараби  атындағы  ҚазҰУ  ғалымдарының  қосқан  үлесі»  деген  тақырыптағы 

халықаралық конференция, университет музейінің салтанатты ашылуы және 
т.б. ауқымы кең маңызды шаралар саны жеткілікті. 
Бірақ  басты  назарды  мынаған  аударғым  келіп  отыр  –  біз  мерейтойлық 
ісшараларды әдейілеп, жасанды түрде көбейтіп, санын қуып отырған жоқпыз. 
Бұл – университеттің қалыпты жұмыс ырғағына сай әрі орынды да мақсатты 
дүниелер.  
Университетімізде  бүгінгі  күні  “ҚазҰУ  түлегі”,  “ҚазҰУ  ұстазы”  деген 
зор мәртебелі атаққа айырықша көңіл бөлініп келеді. Біздің білім ордасын әр 
жылдары бітірген түлектермен жұмыс істеу мәселесі жүйелі жолға қойылды. 
Әйгілі түлектеріміздің бүгінгі мемлекет үшін жасап жатқан еңбегін әйгілеп, 
олардың  есімдері  ҚазҰУ  тарихының  белестерін  шежірелейтін  кітаптарға 
енгізіліп,  оларды  студенттер  арасында  кеңінен  насихаттау  іс-шараларының 
да  қатар  қолға  алынуы  университет  имиджін  биіктете  түсті.  Биылғы 
мерейтой  жылы  Университет  пен  оны  бітірушілерді  лайықты  дәріптеу 
шаралары  да  ақылмен  ұйымдастырылды.  Себебі  шет  елде  әр  оқу  орнының 
түлектері өмір бойы барлық салада біріне-бірі қолдау көрсетуді өздеріне биік 
мақсат санайтынын үлгі етуіміз керек. Осы атмосфера, осындай талап-тілек 
бірте-бірте біздің қарашаңырақтың өміріне де дендеп еніп, күнделікті тыныс-
тіршілігіміздің  бір  көрінісіне  айнала  бастағанына  сүйсінемін.  Мерейтойдың 
дайындығы әлі де жүріп жатыр. Жүре де береді. Бірақ жоғарыда айтылған іс-
шаралардың  көпшілігі  жалғыз  мерейтой  үшін  емес,  жалпы  ҚазҰУ-дың  өз 
атына сай білім ордасына айналдыру жолында жасалып жатқан ұйымдастыру 
шаралары.  Олардың  көбі  ұлттық  университетіміздің  өмір  салтына  айналуы 
тиіс. 
– 
75  жылдық  тарихы  бар  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  білім  беру  саласында  өзіндік  дәстүр  қалыптастырып, 
ғылыми  зерттеу  саласында  жаңашыл  ізденіс  мектептерін  қалағандығы 
шындық.  Дәстүр  мен  жаңашылдық  сабақтастықтары  жайлы  не  айтар 
едіңіз? 
Білім,  ғылым  саласында  небір  айтулы  алыптарды  шығарған,  білімді 
ұрпақ,  білікті  ғалым  тәрбиелеудің  үлгісін  қалыптастырған  бұрынғы 
С.М.Киров  атындағы,  бүгінгі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің алғаш рет ашылуы қазақ топырағында айтулы оқиға болғаны 
мәлім. Бұл университеттік білім берудің бастауы болып саналады. 
Шынында, ойлы көзбен, сергек сезіммен қарасаң, киелі шаңырақтан 75 
жыл ішінде небір айтулы азаматтар қанаттанған екен. Ұлтымыздың кешегі-
бүгінгі ұлылары бірінен кейін бірі тұлғаланып, мәртебелері биіктей беріпті. 
Алтын  арқауы  үзілмеген,  ел  болуды  ойлаған  ұрпақтар  сабақтастығының 
жарасымды  үлгісін  осы  білімнің  қара  шаңырағынан  айқын  көруге  болады. 
Дәл  бүгін  алдыңғы  толқын  ағалар  ісін  кейінгі  толқын  інілер  жалғастырып, 
алыптар салған ақ жолдан адаспай келе жатқаны анық. Тұғыры мықты, тұл-
ғасы  ерен,  ақыл-ойдың  азаматтарын  шығарған  білім  ордасының  өткені  мен 
бүгінгісін бір-бірімен үндесіп жатқанына еш күмән келтіруге болмайды. 
Зиялы  қауымның  ой-өрісі  халықтың  қамын  бірінші  кезекке  шығарып 
отыратыны  белгілі.  Қазақтың  мүддесін  биіктен  қорғаған,  сауатсыздықты 

жоятын мектептермен ғана шектеліп қоймай, жоғары оқу орындарын ашуды 
мақсат  етіп  алға  қойған  Санжар  Асфендияров,  Тұрар  Рысқұлов,  Халел 
Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов
Қошке Кемеңгеров, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұхтар Әуезов есімдерін ерек-
ше атауға тиістіміз. Олар ұлт ұрпағы өз жерінде өзгелермен терезесі тең дәре-
жедегі  мамандық  алуы  тиіс  деп  орнымен  дабыл  қаққан.  Сөйтіп, 
университеттің ашылуына күш салған. 
Алғашқы  оқытушылар  қатарында  Г.Аяпбергенов,  М.Әмірбаев, 
Т.Чумбалов, О.Сарыбатыров, С.Толыбеков, С.Аманжолов, Т.Шонанов, кейін 
қазақ химия ғылымының көшбастаушыларының бірі Ә.Бектұров, профессор 
В.Литвинов болған. 
Отызыншы,  қырқыншы  жылдардағы  қилы  кезеңдер  бұл  оқу  орнын  да 
айналып өтпепті. Біз сол ауыр кездегі болаттай берік топтасқан азаматтарға, 
әсіресе,  ұстаздарға  қарыздармыз.  Олар  аштықты,  қуғын-сүргінді  басынан 
өткере  жүріп,  өздерінен  кейінгілерге  даңғыл  жол  ашты.  Бізге  дейінгі,  біз 
қатарлыларға,  болашақ  үшін  өлшеусіз  еңбек  етті.  Халқына  еткен  сол 
қызметтерін теріске шығарған 1937 жылғы зобалаң талай арыстарды құрбан-
дыққа  байлады.  Қайталап  айтамын,  біздердің  мойнымыздағы  қарыз  бен 
парыз оларды әркез есте ұстап, арттарына қалдырған мұраларына сақтықпен 
сергек қарап, үлгісін жастарға үйретіп отыру. Мұндай үлгі үзілмей ұрпақтар 
арасында сабақтастығын тауып жатса, нұр үстіне нұр!  
Университеттің  қиын-қыстау  уақытына  ой  жіберсең,  біраз  тарихи 
оқиғаларға  куә  боласың.  Қазақ  КСР-інің  20  жылдығына  арналған  бірінші 
Бүкілқазақстандық ғылыми конференция білім ордасында өткізілген тұңғыш 
ғылыми  форум  болумен  қатар,  ең  алғашқы  үлкен  ғалымдар  жиналған 
маңызды  жиын  еді.  КСРО  Ғылым  академиясының  қазақ  бөлімімен  бірлесе 
өткізілген бұл шара да университеттің 23 өкілі алқалы топ алдында баяндама 
жасап, сөз сөйлепті. Осының өзінен-ақ қысқа мерзімде алымды азаматтардың 
шыға  бастағанын  көруге  болады.  Бұл  кезде  университеттің  материалдық 
базасы да бұрынғыға қарағанда нығая түскен. Дәуір талабына жауап беретін 
жаңа педагогикалық ұжым қалыптасқан. Дәріс берудің, тәрбие үйретудің тың 
жолдары қалыптасып, оқытудың тәсілдері қарастырылып, жаңа факультеттер 
мен мамандықтар ашудың, оқу жылына арналған жоспарлар жасау, ғылыми 
зерттеулер  жүргізудің  бағыт-бағдары  айқындалып,  бастау  мерзімі  мен 
аяқталатын уақыты нақтыланғанын аңғарасың.  
1946-
1947 оқу жылы оқытушы-профессорлар құрамы 147 адамға жеткен. 
Ғылым мен әдебиет алыптары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Мар-
ғұлан,  т.б.  дәріс  оқыған.  Бұл  білім  ордасының  қуатын  едәуір  арттырып, 
мәртебесін бекіткен. 
1949  жылы  философия  және  экономика  факультеттері  ашылады.  Бұл 
көрнекті ғалым, дипломат, қоғам қайраткері, ҚазМУ-дің 1948-1953 жылдары 
ректоры  болған,  профессор  Төлеген  Тәжібаевтың  бастамасымен  филология 
факультетінің  логика  және  психология  бөлімі  негізінде  құрылыпты.  Уақыт 
жылжыған  сайын  университеттің  материалдық-техникалық  базасы  нығая 
түскенін  байқаймыз.  Оқытушы  ғалымдар  арасынан  Ұлттық  Ғылым 

академиясына  1954  жылы  бірнеше  адам  академик,  корреспондент-мүше 
болып 
сайланды. 
Олардың 
қатарында 
кафедра 
меңгерушілері 
Б.Домбровский, Г.Бияшев, Т.Дарқанбаев, М.Козловский болған. 
Іздену  –  іргелі  жылжудың  кепілі  десек,  сондай  батыл  қадамдар 
университет өміріне де елеулі өзгерістер жасады. 1991 жылы университетке 
ұлы  ойшыл  Әбу  Насыр  әл-Фараби  бабамыздың  есімі  берілді.  1993  жылы 
Президент Жарлығымен дербес, өзін-өзі басқаратын мемлекеттік жоғары оқу 
орны  мәртебесін  иеленіп,  Қазақ  мемлекеттік  ұлттық  университеті  болып 
аталды.  Сол  кезде  жаңа  ғылыми-инновациялық  инфрақұрылымдарды  жасау 
мен мамандарды даярлаудың халықаралық талаптарын енгізуге байланысты 
“бакалавриат-магистратура”  жүйесі  енгізілді,  университет  құрамында  ҒЗИ 
жүйесі мен технологиялық парк құрылды.  
Жоғарыдағы іс-шаралардың жүзеге асуына сол кезеңдерде университетті 
басқарған,  ғылым  мен  білімнің  көрнекті  өкілдері,  академиктер  Еділ 
Ерғожиннің  (1986-1988  жж.),  Мейірхан  Әбділдиннің  (1988-1991  жж.), 
Көпжасар Нәрібаевтың (1991-2001 жж.), Төлеген Қожамқұловтың (2001-2008 
жж.)  сіңірген  еңбектері  орасан  зор.  Университет  ұтқыр  ісімен,  заманға 
лайықты  бастамасымен  қашаннан  бергі  көшбасшылығын  дәлелдеп,  кадр 
даярлаудың жаңа жүйесіне жол салды.  
Көрнекті  ғалымдар  мен  ғылымды  ұйымдастырушылар,  жастарға  жол 
көрсетуші  танымал  педагогтар  жетекшілігінің  арқасында  ғылыми 
мектептердің үлгісі, уақыт талабына қарай кеңістігі кеңейді. Ұлттық жоғары 
оқу  орындарының  ректорларын  ел  Президентінің  тағайындауына 
байланысты  оның  мәртебесі  түбегейлі  өзгерді,  ерекше  жауапкершілік 
жүктелді.  Мұны  ұлттық  жоғары  мектептің  пәрменінің  артуы,  әлемдік 
деңгейдегі салмағының нығаюы деп білеміз. 
Біз  есімдері  Қазақстанның  ғылымы  мен  мәдениетінің  тарихына  алтын 
әріптермен жазылған атақты оқытушылармызды мақтан тұтамыз. Әл-Фараби 
университетінің  қабырғасында  Қаныш  Сәтбаев,  Мұхтар  Әуезов,  Әлкей 
Марғұлан,  Ермұхан  Бекмаханов,  Ақай  Нүсіпбеков,  Батырбек  Бірімжанов, 
Ағын  Қасымжанов,  Зейнолла  Қабдолов,  Өмірзақ  Сұлтанғазин,  Яхия 
Әубәкіров,  Дмитрий  Сокольский,  т.б.  дәріс  оқып,  өлмес  өнеге,  өшпес 
қалдырды. Біз өз түлектерімізді де мақтан тұтамыз, олардың жалпы саны 120 
мыңнан  асты.  Оның  бәрін  атап  шығу  мүмкін  емес.  Ұлтымыздың  “алтын 
қорына”  айналған  көрнекті  ғалымдардың,  жазушылар  мен  ақындардың 
шоғыры қаншама? 
Бүгінгі ҚазҰУ нағыз элиталық жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы 
Қазақ  ұлттық  университетіне  айналды.  Ол  көптеген  қазақстандық  ин-
теллектуалдық, саяси және экономикалық элитаны даярлап шығарды.  
Елбасымыздың  “ҚазҰУ  –  бұл  Қазақстанның  жоғары  білім  беру 
жүйесінің іргетасы” деуі тегін болмаса керек. 
 
Жалпы, біздің университеттің ерекшелігі неде? Таяуда ашылған кейбір 
оқу  орындары  кафедраны  құра  салады  да,  біз  кафедра  болдық  деп  күпініп 
отырады. Ал біздің кафедралардың жөні бөлек. Алдының жетпіс бес жылдық 
тарихы  бар.  Бәрінің  де  дәстүрі,  ғылыми  мектебі  қалыптасқан.  Тек 

студенттерге  білім  беріп  қана  қоймай,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен 
айналысуға  да  лайықталып  құрылған.  Алдыңғы  қатарлы  ғылым  болмаса, 
кафедраң  кафедра  болмайды.  Соғыс  кезінде  Мәскеу,  Ленинград,  Киевтің 
әйгілі  ғалымдары,  ішінде  майталман  академиктер  де  бар,  осында  қоныс 
аударған.  Сол  елдің  ғылыми-зерттеу  институтарының  бірқатары  бізге 
көшірілген. Осының арқасында бірнеше саланың ғылыми мектебі орнықты, 
білікті  мамандары  даярланды.  Ұлттық  университетіміз  іргелене  түсті. 
Әсіресе,  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдары  Елбасымыз  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаевтың  үзбей,  бірнеше  мәрте  университет  ұжымымен 
кездесіп,  пікір  алмасуы,  алдымызға  жаңа  міндеттер  қоюы,  қалашықты  өзі 
аралап  көріп,  нақты  көмек  беруінің  арқасында  қара  шаңырағымыз  серпінді 
даму жолына түсті. 
Ендеше,  ғылым  мен  білімнің  негізділігі  және  дәстүрдің  қалыптасуы 
жағынан біз әлемнің бірқатар оқу орындарына үлгі бола аламыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет