Ерте жастағы балалардың Әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі ҥйрету дағдыларын



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата04.04.2023
өлшемі0,91 Mb.
#79072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ерте жаста ы балаларды леуметтік да дылары мен зін- зі йрету

 



Бірінші кіші топ ( 2жастан 3 жасқа дейін) 
Мәдени-гигеналық дағдылар: 
Мақсаты: салауатты ӛмір салты туралы бастапқы түсініктерін 
қалыптастыру.
Міндеттері: 
- мәдени-гигиеналық ережелерді орындау білімін бекіту;
- дербес ойындардағы қимыл белсенділігін реттеуге ықпал ететін 
жағдайларды жасау.
Ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету 
дағдыларын қалыптастыру кӛрсеткіштері:
Ӛзін-ӛзі үйрету дағдылары: 
Ұқыпты тамақтану дағдылары: қасықты, шанышқы мен майлықты 
дұрыс қолданады.
Қолдарын жуу және жеке гигиена дағдылары: беті-қолдарын жуа 
алады, жеңдерін түреді; қолдарын сабындайды және сабынды жуады, 
қолдарын құрғатып сүртеді, сүлгіні ілгішке іледі, тарақты пайдаланады;
Киімдерін киіп-шешу дағдылары: түймелерін шешеді, киімін шешеді, 
киімдерін орындықтың арқасына ұқыпты жинайды, аяқ киімін шешеді, 
белгілі реттілікпен киінеді.
Әлеуметтік дағдылар: балалар белсенді, білуге құмар, басқа 
балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа дайын, қарым-қатынас 
кезінде ӛз сезімдерін түсінеді және білдіреді, жанашырлық танытады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды игеру эмоционалдық саланың 
дамуымен тығыз байланысты. Бала ӛз бетінше орындаған әрекетінен 
қанағаттануды сезінеді. Оның ӛзін-ӛзі бағалауы артады «Мен жақсымын, 
ӛйткені ӛзім жасадым».
Педагогикалық диагностика топ ӛмірінің бейресми кезеңдері яғни, 
тәрбиеленушінің мінез-құлқын бақылау, балалар жұмыстарының үлгілері, 
әңгімелесулер негізінде жүргізіледі.  
Есептеу әдістемесі:
Диагностика балаларға қажетті педагогикалық кӛмек кӛрсету үшін 
олардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бағалау мақсатында 
жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму 
деңгейін бақылау бойынша индикаторлар жүйесі баланың жасына сәйкес 
әрбір білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелерден тұрады.
Индикаторлар кӛрсеткіштер ретінде дескрипторлар түрінде кодталып 
берілген. Мысалы, «2-3.З.1.»
Алғашқы «2-3» сандары баланың жасын білдіреді, яғни бала 2-жаста. 
«Д» бас әрпі - «Денсаулық» білім беру саласын білдіреді.
Келесі «1» саны «Денсаулық» білім беру саласының күтілетін 
нәтижесінің үшінші бағанын білдіреді.



Бақылау парағында білім беру саласының әрбір дескрипторының 
астында әлеуметтік дағдылар мен ӛзін-ӛзі үйрету дағдыларының деңгейі 
қойылады, олар жинақталып, «Жалпы саны» бағанына енгізіледі. Алынған 
сан дескрипторлар санына бӛлінеді және «Орташа деңгей» бағанына 
енгізіледі.
Егер орташа деңгей толық санды кӛрсетсе, онда бұл сан автоматты 
түрде «Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі» бағанына ауыстырылады. 
Егер баланың орташа деңгейі толық емес санды құраса, мысалы, 1,8 болса, 
онда бұл жағдайда - II деңгей қойылады, егер сан 2,5 – тен кӛп болса, онда - 
III деңгей қойылады. Егер 2,5- болса педагог баланың қандай деңгейге 
жеткенін ӛзі шешеді.
Педагог балалардың жетістіктерін күтілетін нәтижелерге сәйкес 
бағалайды:
1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады; 
2- деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие; 
3-деңгей – бала ӛзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, 
білімін ӛз бетінше және шығармашылықпен қолданады. 
Білім беру салалары бойынша әлеуметтік дағдылар мен ӛзін-ӛзі үйрету 
дағдылары деңгейін қалыптастыру кӛрсеткіштері.
«Денсаулық» білім беру саласы:
2-3-Д.1: қасықты, шанышқы мен майлықты дұрыс қолданады;
2-3-Д.2: жеке гигиенаның бастапқы дағдыларына ие;
2-3-Д.3: түймелерін шешеді, киімін шешеді, киімдерін орындықтың 
арқасына ұқыпты жинайды, аяқ киімін шешеді, белгілі реттілікпен киінеді.
«Қатынас» білім беру саласы: 
2-3-Қ.1: қарым-қатынас кезінде ӛз сезімдерін білдіреді; 
2-3-Қ.2 – адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және 
ойын әрекеттерін (қыдыру, тамақтану), түрлі ӛлшемдерді (үлкен, кіші) 
білдіретін сӛздерді түсінеді; 
2-3-Қ.3 қойылған сұрақтарды тыңдайды және түсінеді;
2-3-Қ.4 кӛргендерін бірнеше сӛзбен әңгімелеп береді.
«Таным» білім беру саласы: 
2-3-Т.1: ауызша нұсқауларға сүйеніп (2 бӛлікке бӛлінген пирамиданы, 
суреттерді жинастырады) тапсырмаларды орындай алады;
2-3-Т.2: қимылды үйлестірудің, қолдың ұсақ моторикасының
бастапқы дағдыларына ие;
2-3-Т.3: негізгі түстерді ажыратады, заттардың пішіні мен кӛлемін 
сипап сезу арқылы анықтайды. 
«Әлеумет» білім беру саласы:
2-3- Ә.1: бала ересектермен және құрдастарымен сӛйлесуге бастама 
білдіреді;
2-3-Ә. 2: тыңдауға және сұрақтарға жауап беруге қабілетті;
2-3- Ә. 3: ойында ойыншықтармен және басқа заттармен бӛліседі;
2-3- Ә. 4: басқа балалармен ойнайды немесе жанында отырады.
10 


Күтілетін нәтижелер: 
Балалардың әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету дағдыларының 
дамуын бағалау бойынша мониторинг Үлгілік оқу бағдарламасының 
мазмұнын игеруде педагогтерді жұмыс сапасын жетілдіруге ынталандырады.
Талаптарға сәйкес мониторинг: 
- балалардың жетістіктерін шынайы бақылауға; 
- мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілді 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет