12
маңызды: «әдемі болу үшін шашты тарау керек». Қарым-қатынас барысында
педагог балаларға денсаулық үшін гигиеналық дағдылардың маңызы туралы,
күн тәртібіндегі гигиеналық шаралардың реттілігі туралы хабарлайды,
балаларда дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы туралы түсінік
қалыптастырады.
Ең бастысы, балаларға қызықты және олар ӛз іс-әрекетінің нәтижелерін
кӛре алуы. Гигиена дағдыларын табысты қалыптастыру және бекіту үшін
сӛздік және кӛрнекі әдістерді сәйкестендірген жӛн.
Ең кӛп тараған ойын тәсілдері: дидактикалық ойын, тосын сәт,
жұмбақтар шешу, ойын жағдаяттарын жасау, тапсырмалар және т. б.
Тақпақтар, ӛлеңдер кеңінен қолданылады. Ӛлең, тақпақтарды ересектер
жандандырып,
мәнерлеп,
кейіпкерлердің
даусына
байланысты
интонацияларды ӛзгертіп отырады. Балаларға қызықты К.Чуковскийдің
«Мойдодыр», А. Барто «Айбақ сайбақ қыз» әдеби сюжеттері; жуыну, тарау
туралы фольклорлық шығармалармен («Су, су», «Мен ӛз атымды сүйемін,
жүнімді тегіс тарақпен тараймын», «Сұр қоян жуынады»). Олардың негізінде
балалар арасында рӛлдерді бӛле отырып, кішкентай қойылымдарды ойнауға
болады.
2 жылда бала бәрін ӛзінен ала алады, киімнің кӛп бӛлігін киюге
болады; ӛздері жуады, сүртеді; тамақ кезінде ұқыпты жейді, асхана
құралдарын, майлықты пайдаланады; кӛрсетілген кӛмек үшін алғыс айтады,
үйге кетер кезде қоштасады.
Үш жастан бастап балалар еліктегіштігімен ерекшеленеді, сондықтан
ересек адамдар осы әрекеттің ең маңызды сәттерін, жекелеген
операциялардың кезектілігін кӛрсету үшін түсіндірмелермен қоса, жаңа
әрекетті қалай орындау керектігін бірнеше рет кӛрсету қажет. Бұл кезеңде
балаларды жиі ӛзара кӛмекке үйрету, оларға қиын емес тапсырмаларды беру
керек. Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үшін маңызды шарт
операциялардың жүйелілігі және оларда оң-эмоционалдық кӛңіл-күйді сақтау
болып табылады. Әлеуметтік ӛзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру
тиімділігі мектепке дейінгі ұйымның дамыту ортасын дұрыс ұйымдастыруға
байланысты. Балаларды ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету дағдыларына үйрете
отырып, кӛтермелеу сияқты тиімді тәсіл туралы есте сақтау қажет.
Гигиеналық тәрбиеге қажетті келесі шарт – ересектер тарапынан
талаптардың бірлігі. Бала тәрбиешімен, медицина қызметкерімен,
тәрбиешінің кӛмекшісімен және әрине отбасында гигиеналық дағдыларға ие
болады.
Балаға қойылатын талаптарды біртіндеп арттыра отырып, отбасымен
жұмыс жүргізу қажет. Ата-аналарды топқа шақыру, олардың балаларының
ӛмір сүру жағдайларын және оқыту тәсілдерін кӛрсету, ал ата-аналармен
жеке әңгімелесуде олардың баласы не үйренгенін және үйде не бекітуді
жалғастыру керек екенін айту.
Достарыңызбен бөлісу: