Түркі қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Маньчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Казказ территорияларына иелік еткен.
Шаруашылығы
Түріктер негізгінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Тараз қаласы маңынан қыстақ-кенттер табылған. “Күлтегін” жазба ескерткішінде де қала туралы сөздер кездеседі. Түріктердің алғашқы кездегі мәйітті өртеп жерлеуі отқа табынушылықтан туған.