Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы



бет2/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ тарихы БЕТ

Негізгі әдебиеттер:

  1. 1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы,1996.

  2. 2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

  4. 5Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. А ., 2005.

  5. 8.Маргулан А.Х., Акишев К.А., Қадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура

Қосымша әдебиеттер:

  1. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бутак І в Западном Казахстане // Материалы и исследования по археологии. № 120. М., 1962.

  2. Агапов П., Қадырбаев А. Сокровища древнего Казахстана. А., 1979.

  3. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. А., 1983.

  4. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А., 1973.

  5. Геродот. История в девяти книгах / Перевод и примечания Г.А. Стратиновского. М., 1972.

Тақырып 2. Ерте орта ғасырлық (VІ-ХІғғ. ) мемлекеттер
Дәріс жоспары:

1.Түркі этнонимі. Түрік және Батыс түрік қағанатының құрылуы.


2. Түргештер мен Қарлұқтар мемлекеті тарихы.
3. Оғыз мемлекетінің құрылуы.
4. Кимек қағанаты (ІХ ғ. - ХІ ғ. басы).
Түрік энтонимі ең алғаш аталуы 542 ж. қытай жылнамаларында кездеседі. Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді.
Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.). түргештер ҮІ ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісу керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болған Дау–жанжалдар қара және сары түргештер арасында күреске ұласты. і. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлұқ тайпасының тегеурініне шыдамай құлады.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқтар туралы алғашқы деректер (759-940 жж.) «бұлақ» деген атпен мәлім болған.
ХІІ-Х ғғ. қарлұқ тайпалары Қазақстанның жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең көсіліп жатқан акумақты қоныс еткен. Қашқардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұнды басып алады да содан кейін Қарлұқ мемлекеті құлайды.
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.). ХІ-Х ғасырда Сырдарияның орта ағысында Оғыз мемлекеті қалыптасады. Оғыздардың құрамында Сырдария алқабы мен Арал өңірінің, Каспий далаларының үнді-еуропа және финн-угор тектес ежелгі этикалық компоненттер .Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды.
Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті. Біразы Мауреннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына өтті. Кейін келе Дешті қыпшақ түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.
Кимек қағанаты (ІХ ғ. - ХІ ғ. басы). Қимақ тайпаларының бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейінгі жерлерді, Орталық және Шығыс Қазақстан мен Жетісудің солтүстік шығыс аудандарының арасындағы ұланғайыр кең алқапты алып жатты. Кимектер қағанның орталығы, оның ордасы Имекия (немесе Кимекия) қаласында болды.
Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Қыпшақ хандарының орталық билікке бағынбауы және өз мемлекеттігін құруға ұмтылғандығы ішкі сиппаттағы себеп болды.
Қыпшақ хандары оғыздардың жерін басып алғаннан кейін едәуір күшейіп күш қуаты жағынан басым болады. Осы оқиғалар кимектерді саяси үстемдігінен айырып қана қойған жоқ, сонымен қатар олар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет