Негізгі әдебиеттер: .Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылуы // «Қазақ тарихы», №№ 4-6.
Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. А., 1992.
Тақырып 5. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы. ХV - ХVІII ғ.бас кезіндегі әлеуметтік – экономикалық саяси өзгерістер Дәріс жоспары: 1.“Қазақ” этнонимі. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары.
2. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек (1465-1466 жж.)
3. Қазақ хандығының күшеюі. Қасым хан, Хақназар хан. Қазақ-ойрат қатынастары.
4. Есім, Жәңгір хандардың тұсындағы Қазақ хандығы.
5. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Тәуке ханның рөлі. “Жеті Жарғы”
Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан – алғашқы қауым қоғамының ыдырау дәуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі.
ХV ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де «қазақ» атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин әуелгі кезде әлеуметтік мәнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам». (В.В.Бартольд) мағынасында қолданылады. «Тарих-и Рашиди» мен өзге деректерде «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқыда «өзбек-қазақ», сосын «қазақ» түрінде пайдаланылады.
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең байтақ, аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процесстердің заңды қорытындысы болды.
Қазақ хандығының негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек еді. Қазақстан рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау XV ғ. 40-50-жылдарының өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде – Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді.
Қасым хан басқарқан жылдары (1511-1518) қазақ халқының саны 1 миллионға жетіп, қуатты мемлекетке айналды.Хақназар Қазақ хандығын 42 жыл (1538-1580) биледі. Есім хан (1598-1628) бүкіл саналы өмірін ат үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына өлшеусіз қызмет етті. Халық оны «Еңсегей бойлы ер Есім» деп атады.
XVII ғасырдағы қазақ хандығының тарихында Тәуке хан (1680-1718) да айрықша орын алады. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. Тәуке хан Қасым хан мен Есім ханның тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң жораларын бірізге түсіріп, «Жеті Жарғы» зандар жинағын жасады. Үш жүздің басын біріктіріп, олардың көшіп-қону конысын белгіледі. Әр руға таңба үлестіріп, ұранын айқындады. Жыл сайын қазақ ру басыларын жинап Күлтебеде кеңес өткізді. Қазақ хандығына «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» деп аталатын зандар болд