Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы


Тақырып 7. Қазақстан Ресей империясының отарына айналуы



бет8/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ тарихы БЕТ

Тақырып 7. Қазақстан Ресей империясының отарына айналуы..
Дәріс жоспары:

  1. 1.ХVІІІ ғ. І-ширегіндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Әбілқайыр хан саясаты.

  2. Қазақстанның Ресейге қосылуы

  3. Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.(1822ж., 1824ж.,)

1.ХVІІІ ғ. І-ширегіндегі Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
Қазақстанның ХVІІІ ғ. 30-жж. бас кезіндегі ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте қиын жағдайда болды. Әбілқайыр хан сыртқы шапқыншылықтардан қорғану үшін және хан билігін нығайтуға қажет күшті тіректі солтүстік-батыстағы көршісі – Ресей мемлекетінен іздеуге мәжбүр болды. Ресей патшасына бодан болуы туралы 1730 жылы қыркүйектің 8 күні хат жазып, елшісі Сейітқұл мен Құттымбетті орыс мемлекетінің астанасы Петербургке жіберді. 1731 жылы 19 ақпанда императрица Аннаның Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей бодандығына қабылданғаны туралы грамотасын тапсыру үшін және Кіші жүз қазақтарынан ант алуға Сыртқы істер коллегиясының тілмашы әрі дипломат А.И.Тевкелев басқарған елшілері келді.
1731 жылы қазан айының 7-10 күндері Кіші жүздің ханы Әбілхайыр бас болып 27 сұлтан Ресейдің қол астына бодан болғандығын сендіріп ант берді.
Ресей патшасы Кіші жүз ханы Әбілқайыр мен оның айналасындағы адамдарды пайдаланып, қазақ даласына өз ықпалын нығайта түсті.
Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
Ресей Хандық билікті сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын-ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді.
Жаңа реформаны әзірлеуді патша үкіметі граф М.М. Сперанскийге жүктеді. 1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды басқару туралы Жарғы», «Қырғыз-қайсақтары» басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы, жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер» туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет