Ерте замандағы Қазақстан Дәріс тақырыбы



бет3/24
Дата29.03.2023
өлшемі67,21 Kb.
#77113
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәрістің қысқаша мазмұны Қазақ тарихы БЕТ

Сұрақтар:

  1. Түрік қағанатының көрші елдермен қарым-қатынасы .

  2. 751 жылы арабтар мен қытайлықтардың арасындағы Атлах шайқасының Орталық Азия халықтарының тағдырында қандай тарихи маңызы бар?

  3. ІX-X ғғ. Евразияның саяси және әскери тарихында оғыздардың қандай роль атқарғанын мысалдар келтіре отырып дәлелдеңіз.

  4. Ортағасырлық қандай авторлардың еңбектерінен қимақтардың саяси, экономикалық жағдайы туралы білеміз?

Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
7.Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. А.,2002.
8.Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи Евразии. Спб., 1994.
Қосымша әдебиеттер:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1986.

  2. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. А., 1972.

  3. Аманжолов А.С. Тюркская руническая графика. А., 1986.

  4. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. Соч. Т. 5. М., 1968.

  5. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967, 1993; Көне түріктер. А., 1994.

  6. Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М.-Л., 1964.

Тақырып 3 Дамыған орта ғасырлық мемлекеттер (ХІ- ХІІІ ғғ.).
Дәріс жоспары:
1.Қарахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.
2.Қарақытай мемлекеті.
3. Найман мен керейт ұлыстары (ХІІ ғ. басы-ХІІІ ғ.)
4.Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы-1224 ж.)
Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Қағанаттың мемлекеттік дінін ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.
Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Қиданның Ляо мемлекеті (907-1125 жж.) құрылды. Қидандар Орта Азияға Қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін Горхан деп жариялайды. ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік, Мауереннахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді.1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы береді.
Наймандар мен керейт ұлыстары (ХІІғ. басы – ХІІІ ғ.). Найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған.
Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады..
Наймандар монғол дәуірінде қазақ даласына қоныс аударып, Сырдарияға дейін жетіп, қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады.
ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет