Әртүрлі геологиялық формациялардың жиынтығы), жер қыртысының құрлымдық элементтерін (құрлымдық-формациялық белдемдер жиынтығы) жан-жақты зерттеу нәтижесінде жүзеге асады



бет2/7
Дата24.11.2023
өлшемі10,97 Kb.
#125402
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Кристаллография үш түрлі түбегейлі ғылымдардың – геологияның , физиканың және геометрияның – бір- бірімен орайласу өңірінен көрініс бере отырып , әр түрлі минералдарға тән кристалдардың құрылыс және пішін ерекшеліктерін саралайды. Минералогия минералдардың құрамын , физикалық қасиеттерін , қалыптасу және өзгеру жағдайларын анықтаумен айналысады . Петрография тау жыныстарының минералдық құрамын , олардың құрылымдық және нақыштық ерекшеліктерін зерттейді . Петрология – магмалық және метаморфтық тау жыныстарын олардың заттық құрамы ,геологиялық ерекшеліктері және жаралу тегі тұрғысынан зерттейтін ғылым . Петрологияның деректемелік петрографиядан ең басты айырмашылығы сол, ол, түрлі-түрлі саралау әдістері көмегімен , тау жыныстарының жаралу тегі жайлы мәліметтерді анықтауға көмектеседі , сол сияқты әр түрлі құрамды магмалардың пайда болу және одан әрі өрбу процестерін қадағалауға мүмкіндік береді. Литология тек қана шөгінді яки тұнба тау жыныстарының құрамын, құрылымын, нақышын және жаралау тегін анықтайды. Ал геохимияға келетін болсақ , ол жер қыртысындағы және қолда бар мүмкіндіктер дәрежесіне сәйкес, бүкіл Жер болмысындағы химиялық элементтердің таралуын және бір ортадан екінші ортаға көшпелену процестерін қадағалайтын ғылымның жеке түрі.
Геологиялық процестерді зерттейтін геологиялық пәндер кешені әдетте динамикалық геология деген атау арқылы жекеленеді . Он шартты түрде екі топшаға жіктеуге болады. Бірінші топшаға кіретін геотектоника, вулканология, сейсмология және жалпылама геофизика көмегімен эндогендік (ішкі) геологиялық процестердің әр түрлі сыр-сипаттары сараланады. Экзогендік (сыртқы) геологиялық процестерді зерттейтін екінші топшаға геоморфология, құрлық гидрологиясы, гляциология, лимонология және климатология пәндері кіреді.Геотектоника Жер дамуының екі бірдей келелі мәселелерін саралау мақсатын көздейді. Оның бірінші- бүкіл Жер планетасының құрылысын және оның геологиялық уақыт барысында бағдарлы түрде дамуының басты-басты заңдылықтарын зерттеу. Өзінің бұл мағынасында геотектоника тарихи геологиямен орайласады және өзінің “геотектоника” деген атауына толықтай сәйкеседі. Геотектониканың (тектониканың) екінші мақсаты- тек қана жер қыртысы өңіріндегі қозғалыстар мен тау жыныстарының деформацияларын,сол жер қыртысының құрылыс ерекшеліктерін және оны құрайтын тау жыныстарының аталған қозғалыстар нәтижесінде құрылымдық өзгерістерге ұшырау пішіндерін сараптау. Геотектоника түсінігі өзінің осы мағынасында жәй ғана “ тектоника” атауымен жиі-жиі алмастырылып жүр. Жер қыртысындағы әр түрлі тау жыныстарының орналасу және бір-бірімен орайласу пішіні мен заңдылықтарын саралайтын, сөйтіп сол жер қыртысының құрылымдық ерекшеліктерін нақтылайтын тектоника саласы құрылымдық геология деп. аталады. Құрылымдық геология әдетте жеке геология пән ретінде оқшауланады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет