Әртүрлі геологиялық формациялардың жиынтығы), жер қыртысының құрлымдық элементтерін (құрлымдық-формациялық белдемдер жиынтығы) жан-жақты зерттеу нәтижесінде жүзеге асады



бет6/7
Дата24.11.2023
өлшемі10,97 Kb.
#125402
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Гидрогеология жер асты суларын, олардың тегін, астасу жағдайын, қозғалыс заңдылықтарын, режимін, физикалық және химиялық қасиеттерін, шаруашылықтағы маңызын, сол сияқты минералдармен, тау жыныстарымен, атмосферамен және жер үсті суларымен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Инженерлік геология адамдардың инженерлік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында жер қыртысының беткі қабаттарының геологиялық жағдайы және динамикасын зерттейтін геология тарауы. Инженерлік геологиялық зерттеулер негізінде түрлі-түрлі ғимараттар тұрғызудың ең қолайлы орындары анықталады, осы құрылыстың салынуынан туындай отырып, оның берік сақталуына және қалыпты қызмет етуіне кері әсерін тигізетін геологиялық процестер мен күресу шаралары белгіленеді. Ал аймақтық геологияға келетін болсақ, ол жер қыртысын жекелеген аймақтарының геологиялық құрылыс ерекшеліктерін зерттейтін геология саласы. Мұндай зерттеулер нәтижесінде, әдетте әр түрлі масштабтағы геологиялық карталар дайындалады. Бұл карталар зерттелген аймақ дамуының сабақтастығы жайлы теориялық тұжырымдар жасақтауға негіз болады, геологияның іс-тәжірибедегі ең көкейтесті мселелерінің бірі әр түрлі пайдалы қазба кендерін іздеу және барлау жұмыстарының ең басты негізі болып табылады.
Геологиялық ғылымның әдістемелік және геологиялық – экономикалық мәселелерімен айналысатын салалар қатарына геологиялық түсірім, іздеу-барлау істері, кеніш геологиясы және шахта геологиясы жатады. Геологиялық түсірім — белгілі бір территорияға тән жер қыртысының геологиялық құрылысын зерттеу және оның минералдық қорларға деген мүмкіндіктерін анықтау әдістерінің ең басты түрлерінің бірі. “Геологиялық түсірім” термині тәжірибеде өте жиі қолданылып жүрген “Геологиялық карталау” ұғымының синонимі болып табылады. Бұл ұғым геологиялық карталар құрастыру және оларды іс-тәжірибеде пайдалану әдістерін зерттейтін геологиялық пәндердің бірі ретінде қаралады. Алғашқы анықтама болмысын барынша айқында толық ашып көрсетеді. Сондықтан да іс-тәжірибеде “Геологиялық карталау” терминінен гөрі “Геологиялық түсірім” түсінігін орындаған орынды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет