Әртүрлі геологиялық формациялардың жиынтығы), жер қыртысының құрлымдық элементтерін (құрлымдық-формациялық белдемдер жиынтығы) жан-жақты зерттеу нәтижесінде жүзеге асады



бет5/7
Дата24.11.2023
өлшемі10,97 Kb.
#125402
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
геол1

Таскелбеттер жайлы ілім – жер қыртысына тән шөгінділердің кеңістіктегі және бағдарлы уақыт барысындағы өзгерістерін, сол өзгерістерді тудыратын жағдайларды саралайтын ғылым. Геологиялық формациялар жайлы Ілім – зерттелмекші геологиялық құрылымның тектоникалық дамуының уақыт пен кеңістіктегі басты- басты сатыларымен кезеңдерін анықтай отырып, өткен геологиялық кезеңдермен дәуірлерде қалыптасқан геологиялық формациялар жиынтығы түзілуінің палеотектоникалық және палеоклиматтық жағдайларын қалпына келтіруге көмектесетін тарихи геология тарауы. Аталған ілімдердің ең басты зерттеу әдістері тас келбеттік талдау және формациялық талдау шаралары болып табылады. Жекелеген құрылымдық – формациялық белдемдерді немесе жер қыртысына мейлінше ауқымды аймақтарын қамтитын барынша Ірі құрылымдық элементтерді таскелбеттік және формациялық тұрғыдан талдау шаралары, сол өңірлерде етек алған тау жыныстары кешендерін стратиграфиялық тұрғыдан жіктеу шаралары мен біріге отырып, сол зерттелген геологиялық құрылымның қалыптасуына себепші болған геологиялық процестер мен құбылыстарда жалпылама бағыт-бағдарын анықтауға, оның геологиялық даму тарихын сатылай қадағалауға мүмкіндік береді. Ал палеогеография дегеніміз — өткен геологиялық кезеңдермен дәуірлердің географиялық ландшафтылары және олардың даму жайлы ғылым. Бұл ғылымның ең басты зерттеу әдісі көне және бүгінгі физикалық-географиялық процестер мен жағдайларда ұдайы салыстыра тексеру тәсіліне негізделген.
Іс-тәжірибе шараларын қамтамасыз етуге мүдделі геологиялық ғылым салаларына жататындар – пайдалы қазбалар жайлы Ілім, гидрогеология, инженерлік геология, аймақтық геология. Пайдалы қазбалар жайлы Ілім бүкіл геологиялық ғылымның түпқазығы іспетті, себебі адамдардың жер қойнауынан минералдық шикізатты алуға деген ұмтылысы геологияның нақтылы білім саласы ретінде алғаш рет қалыптасуына түрткі болғаны анық. Геологиялық ғылымның аталған саласы кез-келген қоғамның және оның жекелеген мүшелерінің шаруашылық шараларын дамытуға аса қажетті табиғи минералдық түзілімдерді зерттейді. Пайдалы қазбалардың сан түрлі болуы, олардың шаруашылықты дамытудағы өзіндік маңызы бір келкі болмауы пайдалы қазбалар жайлы ілімнің бірнеше жеке пәндерге жіктелуіне әкеліп соқтырады. Бұл пәндердің қатарына жататындар: рудалы кендер туралы Ілім, бейруда пайдалы қазбалар жайлы Ілім, көмір геологиясы, мұнай- газ геологиясы, радиоактивті элементтер геологиясы. Пайдалы қазбалар жайлы ілімнің жеке ғылым мәртебесін иеленген өте маңызды тарауларының бірі металлогения, ол рудалы кендердің уақыт пен кеңістікте қалыптасу және орналасу заңдылықтарын саралайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет