Лингвистиканың өзекті мәселелері
132
Біздің зерттеуіміздің
негізі ретінде типологиялық
басымдылық ұғымымен қатар қолданылатын тағы бір ұғым
бар. Ол - «белгілер кеңістігі». «Белгілер кеңістігі» ұғымы өте
күрделі ұғым. Оның көпөлшемді тілдік жүйені терең талдауға
септігі тиеді.
Е.С.Кубрякованың айтуынша, «белгілер кеңістігінің»
көмегімен ғылыми ұғымдарды
анықтау мәселесінің ескі
классификациялау принципінен жаңаға өту мүмкіншілігі зор
[23,281].
Әрбір тіл құрылымы мен қызметі бар, бүтін (тұтас) жүйелі
құбылыс ретінде өмір сүреді. Дегенмен, жүйе құрылымнан ғана
тұрмайды. Әрбір жүйе өзіне тән және бір-бірімен байланысты
үш түрлі атрибуттың - құрылым мен субстанцияның және
қызметтің ұштасып келуінен және олардың диалектикалық
бірлігінен құралып, өмір сүреді, дамиды. Сонымен қатар, тіл -
тек жүйе
ғана емес, жүйелердің жүйесі. Ол бір белгіні ғана
қамтымайды, бірнеше белгілердің жиынтығы болып табылады.
Бұл жерде қандай да бір тілдік құбылыс классификацияланып,
сараланып, сипатталып қана қоймайды,
сонымен бірге,
«белгілер кеңістігінің» өзіндік орны көрсетіледі.
Тілдік құрылым әр тектес элементтердің арақатынасынан
және бірлігінен тұрады. Ол элементтер мыналар: 1)дыбыс
(фонема), 2)морфема, 3)сөз, 4)сөйлем, 5)мәтін. Бұл
элементтердің арасындағы айырмашылықтар – сапалық
айырмашылықтар. Демек, аталған элементтер бір-бірінен
сапасы жағынан ажыратылады. Әрбір элементтің сапасын оның
қызметі айқындап тұрады [24,62 ].
«Белгілер кеңістігі» әрбір
тілдің негізгі құрылымын
көрсететін нақты тілдік категориялардың қызметтерінің жалпы
сипатын анықтайды және бір-бірімен байланысты тілдік
құбылыстардың түрленуінің сапалық айырмашылықтарының
таралу диапазонының ауқымын айқындайды.
«Басым белгі» және «белгілер кеңістігі»
ұғымдарының
бір-бірімен тығыз байланыстылығына күмән жоқ. Өйткені,
тілдің қандай-да бір деңгейінің қызметі мен ерекшелігін
133
Лингвистиканың өзекті мәселелері
анықтайтын белгілер жиынтығының
ішінен бір белгі
басым
келеді. Ол басымдылық белгілі деңгейде ерекше сипатқа ие
болып, басқа белгілердің көрінуіне ұйтқы болады және тілдің
бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді.
ҚазХҚжӘТУ хабарлары
Достарыңызбен бөлісу: