Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет14/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
 
Диссертация құрылымы 
зерттеудің қойылған міндеттерін бірізді шешу 
логикасына сәйкес құрылды, соған сәйкес, зерттеу жұмысы кіріспеден, үш 
бөлімнен, 9 тармақшадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен 
қосымшалардан тұрады.
 
Кіріспеде 
диссертациялық зерттеуге негіз болған қарама-қайшылықтар 
мен ғылыми мәселелер анықталды, зерттеудің өзектілігі негізделіп 
диссертациялық жұмыстың ғылыми аппараты берілді. 
«Білім беру менеджерін дайындау жүйесін салыстырмалы 
таладаудың ғылыми-практикалық және әдіснамалық негіздері»
атты 
бірінші бөлімде салыстырмалы талдау нысаны ретіндегі, басқару қызметінің 
мәні анықталды, отандық және шетелдік педагогикада білім беру 
менеджментінің даму мәселесі талданды, білім беру менеджерлерін оқыту 
жүйесінің әдіснамалық тұғырлары мен зерттеу логикасы негізделді. 
«Қазақстан Республикасы мен Литва Республикаларындағы білім 
беру менеджерлерін дайындау жүйесін салыстырмалы талдаудың 
тұжырымдамалық негіздері» 
атты екінші бөлімде білім беру менеджерлерінің 
біліктілік сипаттамасы зерделенді, Қазақстан мен Литвада жоғары оқу 
орындарында менеджерлерге білім беру мазмұны зерттеліп білім беру 
менеджерлерін дайындаудың құрылымдық – үдерістік моделі әзірленді. 


17 
«Білім беру менеджерлерін дайындаудың жаңа моделін іске асыру 
бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мазмұны»
атты үшінші 
бөлімде білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін жетілдірудің 
ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары анықталды; жүргізілген қажетті 
сауалнамалар мен сараптамалық сұрау нәтижелері сараланып, білім беру 
менеджерлерін дайындау және қайта дайындау жүйесінде интеграцияланған 
оқу пәндері жобаланды; білім беру менеджерлерін дайындаудағы білім берудің 
жаңартылған мазмұны, білім беру бағдарламасы жасалып тәжірибеге енгізілді 
және білім беру менеджерлерін дайындаудың перспективасы жобаланды.
Қорытындыда 
диссертациялық зерттеу нәтижелері қорытылып, білім 
менеджерлері дайындау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет