2. Сальмонеллалардың антигендік қасиеттерін және олардың Кауфман-Уайт бойынша жіктелуін сипаттаңыз.
Сальмонеллалардың соматикалық о-антигені және талшықтың н-антигендері бар. Кейбір
сальмонеллалардың К-антигені болады. Salmonella туыстастығының өкілдері негізгі биохимиялық қасиеттері бойынша бір типтес болуына байланысты, туыстастық ішінде дифференциялау антигендік құрылысы бойынша жүргізіледі. Сальмонеллаларды классификациялаудың бірнеше варианттары бар, ең ескісі 1934 ж жасалған Кауфман-Уайт классификациясы болып табылады . Бұл классификация бойынша 0-антигендерінің ортақ құрылымына қарай сальмонеллаларды серологиялық топтарға бөледі және топтардың ішінде H-антигендерінің айырмашылығына қарай серологиялық варианттарын ажыратады.О-антигенi R-өзектен және бүйірлік S-тізбектен тұрады. S-тізбекке қанттар қосылады, олар рецепторлар деп аталады және сандармен белгіленеді. Соңғы қанттың ортақтығы сальмонеллаларды серотопқа
біріктірудің критерийі болып табылады, ол химиялық табиғаты бойынша - 3',6'-дидезоксигексоза болып табылады.H-антиген екі фазалы болады. Себебі олардың синтезделуі екі тәуелсіз гендермен кодталады, біреуінің жұмысы екіншісіне жол бермейді. Сондықтан әрбір жасушада бір ғана нәруыз (фаза) синтезделе алады. Бірінші фазасы әріптерімен белгіленеді, ол спецификалық болып есептеледі, екінші фазаны сандармен белгілейді, ол бейспецификалық
деп есептеледі.Кауфман-Уайт кестесінде (16.3-кестені қара) серотоптар цифрлармен топтық рецепторларының нөмірлеріне сәйкес белгіленген: (А) – 2;(В) – 4; (C-C) — 6,7; (D) — 9. Серотоптардың ішінде сероварианттар альфавиттік қатар бойынша орналасқан. Бұрынғы классификацияларда әрбір серовар түрге сәйкес келген.Қазірге кезде Salmonella туыстастығы екі түрден тұрады: S. Enterica және S. bongori.S. enterica 6 түршелерден (подвиды) тұрады:enterica,palamoe arizonae,diarizonae,holitanae,indica. Оған адамдар мен жылы қанды жануарлардың қоздырғыштары болатын барлық салмонеллалар кіреді. Enterica түршесінің сероварларының аттары үлкен әріппен жазылады, олар бұрынғы түрлік аттарына сәйкес келеді, мысалы S. typhi-S. Typhi.s. bongori түрі 21 сероварларға бөлінеді және оған салқын қанды жануарлардан бөлінген сальмонеллалар жатады.Сальмонеллалардың кейбір сероварлары, мысалы S. Typhi-дің полисахаридті Vi-антигені болады, ол K-антигенге жатады. Vi-антигені
Химиялық құрылымы бойынша N-ацетилгалактозоалтурондық қышқылдың полимері болып табылады. Бұл антиген бактериофагтар үшін рецептор болып табылады. Vі-фаг жиынтығына сезімталдық спектрі бойынша ѕ. Typhi фаговары анықталады, ол инфекция көзін анықтау мақсатында іш сүзек инфекциясы тұтануын эпидемиологиялық талдау үшін кажет. Мі-антигені бактерияларга О-иннагглютинабельдік сипат бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |