Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет9/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Тұқымдас:Enterobacteriaceae

Туыстастығы:Salmonella

Түрлері:S.paratyphi A,S.typhimurium,S.dublin,S. enteritidis,S. typhi,S.choleraesuis, S. infantis

Негізінде сальмонелланың барлық сероварлары ауру тудырады.Кейбір арнайы түрлері бір немесе бірнеше ғана жануарларда кездеседі.Мысалы: S.Dublin-ірі қара малда,S.Choleraesuis-шошқада.Егер адамға осындай арнайы сероварлары ауру тудырса,адам өміріне қауіп тударады.Ал егер адамға S.Enteritidis,S.Typhimurium адамға ауру туғызза,гастроэнтеритке алып келеді.Сальмонеллалар қозғалысы бар, грам-теріс таяқшалар, мөлшері 0,7-1,5х2-5 мкм. Капсула түзбейді. Қарапайым және өт қосылған қоректік орталарда жақсы өседі.Тығыз қоректік орталарда R Және S-пішінді колониялар түзеді, сұйық орталарда диффузды лайланып өседі. Колониялар негізінде S-пішінді,мөлшері орташа, жылтыр, көкшілдеу жартылай мөлдір S. schottmuelleri(S. pаrаtyphi B) тығыз ортада өскен кезде шырышты белдеу құрайды.

Қаннан сепкен кезде сұйық байыту ортасы ретінде триптоза-соялы сорпа, жүрек-ми сығындысы қосылған сорпа, өт қосылған сорпа қолданылады, құрамында қосымша микрофлорасы бар материалдар:қан (нәжіс, өт, несеп, тағамдық өнімдер) себiндi жасағанда селенитті сорпаны, тетратионатты сорпаны және Раппопорт– Василиади ортасын пайдаланады (бұл ортаны S. typhi — ді бөліп алу үшін қолданбайды).Лактоза құрамды дифференциалдық орталарда түссіз колониялар, ал висмут-сульфитті агарда-қара түсті,BGA-ортада –қызғылттау қолониялар түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет