Есеп. Циль-Нильсен әдісімен боялған қақырықтың жағындысын микроскопиялық зерттеу кезінде қақырықтың көк элементтерінің арасынан жіңішке рубинді-қызыл түсті таяқшалар табылды.
Микроскопия арқылы алынған мәліметтер негізінде қандай микроорганизмнің болуын болжауға болады? Бұл микробтың қандай түрлері адамдарда ауру тудырады?
Бұл-туберкулез.Туберкулездің бактериялық табиғатын 1882 ж. Р. Кох анықтаған. Туберкулез қоздыратын микобактериялардың түрлері Mycobacterium tuberculosis кешеніне біріктірілген, оған М. tuberculosis -адамдардікі, М. Bоvіs-ірі каралық түр, M. Africanum-аралық түрі,Mycobacterium bovis BCG, M. microti u M. canettii. M. tuberculosis 92%жағдайда адамдарда туберкулез қоздырады, М. bоvіs 5% жағдайда,M, africanum-3% жағдайда қоздырады. М. microti, M. tuberculosis, дала тышқандарының организміне бейімделген варианты. м. Саnеtії- М. tuberculosis-тің тегіс колониялар түзетін варианты. Олар адамдар үшін патогенді деп есептелмейді, дегенмен, иммундық тапшылыққа шалдыққандарда инфекция кезінде табылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |