Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет7/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
СС микрош рк1

Тұқымдастығы-Enterobacteriaceae

Түыстығы-Shigella

Түрі:S. dysentеriae,S. flеxnеri,S. Bоydii,S.sonnei

Патогендік факторлары:тоқ ішектің шырышты қабатына инвазияланып,жасуша аралық кеңістікке таралады.Мұндай қабілеттілік ірі инвазиялық плазмидалардың қызметімен байланысты.Шигеллалардың ішек эпителиясына инвазиялану процесі тоқ ішекте атқарылады.Ipa-BCD тоқ ішектің шырышты қабатының эпителиіне инвазиялану процесін-жасушалар арқылы және кейіннен шырышты қабаттың

эпителиоциттеріне базалды жағынан шигеллалардың енуін қамтамасыз етеді. Патогенезінде ipa-BCD-дан басқа жасуша ішілік тарату нәруызы маңызды рөл атқарады, олар эукариоттық жасуша мембранасының лизистенуін қоздырады, микробтың жасуша ішілік және жасуша аралық таралуын қамтамасыз етеді. Эпителиоциттерге енгеннен кейін шигеллалар оларды қоршаған мембраналық вакуольді лизистейді, жасуша цитозоліне енеді, сол жерде актиннің филаменттерін жамылып актиндік құйрықша қалыптастырады. Ол бактериялардың жасушалық цитозоль бойынша жылжуына және актиннің полимеризациялануы нәтижесінде маңындағы жасушаларға енуіне әсер етеді. Бұл процесс жасуша ішілік тарату нәруызының VirG қатысуымен атқарылады, оның да синтезделуі плазмидамен детерминирленеді. Бұл нәруыз иесінің жасушалық мембранасының лизистенуін қоздырады, сонымен шигеллалардың жасуша ішілік және жасуша аралық таралуын қамтамасыз етеді. Ішектің осмостық қысым жағдайында 37 °С температура кезінде плазмидалық гендердің экспрессиялануы басталады.Шигеллалар шигатоксиндер(ST)және шига тәріздес токсиндер(SL-T) өндіреді. Олар қылтамыр эндотелийінің мембраналарында орналасады. А суббірлік жасушаға еніп, рибосомалардың 60S-суббірлігімен өзара әрекеттеседі, нәруыз синтезделуін қайтымсыз тежейді.Шига және шига тәріздес токсиндер жасушаның периплазматикалық кеңістігінде жинақталады және шигеллалар бұзылғанан кейін қоршаған ортаға шығады. S. dysentеriае-ның 1-сероварианттарынан басқа шигеллаларда шига тәріздес токсиндер 1000 есе аз бөлінеді, сондықтан токсиннің әсер ету ареалы ішек қабатымен ғана шектеледі. S. dysentеriае 1-серовaрының токсині қанға түседі және шырышты қабатының эпителиімен қатар бүйректердің гломеруласын зақымдайды, соның салдарынан қанды іш өтуімен қатар бүйрек жетіспеушілігімен байқалатын гемолитикалық

уремиялық синдром дамиды.Эндотоксин шигеллаларды рН-тың және өттің Қышқылдық әсерінен қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет