Есеп. Бактериологиялық зертханаға созылмалы гастритпен ауыратын науқастан асқазан шырышты қабығының биопсиясы түсті. Биопсиялық материалды зерттеу кезінде Н. рylori анықталды.
Грам-теріс иілген спора түзбейтін бактериялар, капсуласы жоқ. Қозғалғыштығы жасушаның бір полюсінде орналасқан бір топ талшықтармен қамтамасыз етіледі. Патологиялық материалдардан дайындалған жағындыларда ұшып келе жатқан шағала қанаты сияқты қосарланып орналасады.Микроаэрофилдер. Құрамында жылқы сарысуы, ілеспе микрофлораны басып тастау үшін антибиотиктер, белсендірілген көмір, крахмалы бар күрделі қоректік орталарда 37 °С-та, атмосферада 5% СО, бар жерде 3-5 тәулік бойы өседі.Қанттарды ферменттемейді. Несепнәрді ыдырату қабілеттілігі туыстастық дифференцирлеуші белгісі болып табылады. Оксидазалық және каталазалық белсенділігі бар. Липаза соның ішінде А фосфолипазаны өндіреді.