1.Қандай қоздырғышты болжауға болады және анықтаудын қандай әдісі қолданылды? Қандай диагностика әдісін қосымша қолдануға болады?
Тұқымдасы: Bordetellaceae
Туыстастығы: Bordetella
Түр: Bordetella pertussis, B. parapertussis
В. pertussis қысқа, өте майда грам-теріс таяқшалары немесе коккабактериялар, мөлшері 0,2- 0,3×0,5-1,0 мкм. В. parapertussis шамалы ірілеу - 0,3-0,5×0,6-2,0 мкм. Бордетеллалардың талшықтары жоқ, спора түзбейді, капсуласы немесе микрокапсуласы болуы мүмкін.
Микробиологиялық диагноз қою. Бактериологиялық зерттеу диагноз қоюдың негізгі әдісі болып табылады, оны мүмкіндігінше ертерек жүргізу қажет. Оны 5-7 күндері тиісті тығыз қоректік орталарға себінді сеуіп(дақылдық қасиетін қара) атқарады.Зерттеу үшін алынған заттар - жұтқыншақтың артқы қабатынан шырышты «жөтелдік пластинка» әдісімен алады, бұл кезде қоректік ортасы бар Петри табақшасын жөтелген сәтте алдына тосып тікелей себінді жасайды.Зерттеу затын жұтқыншақтан сирек жағдайда алады, өйткені тампон кұрғаған кезде көкжөтел қоздырғышы жылдам қырылады (мақта бордетеллалардың өсуін басып тастайды). Қоздырғышты сәйкестендіру үшін К-сарысуымен әйнекше бетінде агглютинациялық реакция қою колданылады. Жылдамдатып диагноз қою үшін науқастың көмейінен алынған материалмен төте ИФР-ды арнайы флюоресцентті сарысулармен кою қолданылады және де ИФТ және ПТР-пайдаланады.Серологиялықдиагноз үшін жайылма АР, ПГАР, КБР немесе жанама ИФР пайдаланады, әдетте бұл реакцияларды қос сарысулармен қояды. Төртесе антиденелер титры артуының диагностикалық маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |