2.Осы аурудың арнамалы алдын алуы қалай және немен жүргізіледі?
Қазіргі кезде Ресейде және Қазақстанда көкжөтелдің алдын алу - балаларды АКДС вакцинасымен иммундауға негізделген, оның құрамына формалинмен немесе мертиолатпен өлтірілген B. pertussis - тін 1 фазасы (бүтін микроб жасушасы), дифтериялық және сіреспелік анатоксиндер кіреді. Вакцина егу міндетті түрде жүргізілетін профилактикалық егудің күнтізбелік жоспарына сәйкес жүргізіледі.Дегенмен АКДС вакцинаның реактогенділігі көкжөтелдің алдын алу үшін жаңа вакцина іздестіруге себепкер болады. Қазіргі кезде құрамына қарай бірнеше комбинациядан тұратын көкжөтел қоздырғышының тазартылған антигендері (ФГА, пертактин, агглютиногендер, пертуссис-анатоксин) кіретін жасушалы емес (ацеллюлярлы) вакциналар жасалады және қолданылады. Бұл вакциналардың протективтік қасиеті бар, бірақ реактогенділігін жоғалтқан. Одан басқа гендік-инженерлік жолмен алынған вакциналардың III буыны бар.Науқаспен жанасқан иммунизацияланбағандардың арасында көкжөтелдің жедел алдын алу үшін жанасқаннан кейінгі алғашқы бес күнде адамның қалыпты иммундыглобулинін және/немесе эритромицинді тағайындайды.
Қосымша: В. pertussis пенициллиннен баска көптеген антимикробты препараттарға сезімтал. 1 жасқа дейінгі балаларда көкжөтел ауыр жағдайда өткен кезде антибиотиктерді (эритромицин, ампициллин) қолданады, оларды аурудың катаралды кезеңінде тағайындау микробтың жойылуына (элиминациялануына) әсер етеді. Аурудың пароксизмалды сатысы басталғаннан кейін антибиотиктер тағайындау, аурудан айығуға шамалы әсер етеді. Көкжөтелдің өте ауыр және асқынған түрінде емдеу үшін қалыпты адам иммундыглобулинін қолдануға болады.Оттегімен ингаляциялау, антигистаминдік немесе седативтік препараттар және таза ауада жүру, бөлмені желдету - бұл шаралардың бәрі науқаста жөтел ұстамасының жиілігін төмендетеді.
Бордетеллалардың бәрі - катал аэробтар, Әсіресе B. pertussis дақылдандыру жағдайы талғамды: оларды бөліп алу үшін құрамында пролин, метионин, никотин қышқылы, глютамин және цистеин бар күрделі қоректік орталары пайдаланылады. Аурудың ерекшелігі -организмнен қоздырғыштың іс жүзінде шығуы тоқталған кезде көкжөтелге тән симптомдар байқалады.Көкжөтел кезіндегі жасырын кезең 7-14 күндей болады, содан кейін катаралды кезең басталады, ол мұрыннан дем алу қиындап, құрғақ жөтел дамуымен сипатталадыАуырып тұрғаннан кейін өмір бойы сақталатын, тұрақты антибактериялық және антитоксиндік иммунитет қалыптасады. Кайтадан ауыру жағдайы сирек кездеседі және жеңіл түрде өтеді. Жоғарғы тыныс алу жолдарының жыпылық эпителиіне қоздырғыштың жабысуына кедергі жасайтын антиденелер (IgA) маңызды орын алады.Биохимиялық белсенділігі - өте төмен. Бордетеллалар глюкозаны және лактозаны газсыз қышкылға дейін ыдыратады
Есеп № 8.
Достарыңызбен бөлісу: |