Есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз – есепте келтірілген жайттардың өмірде болатын жағдаяттарын көз алдына келтері.
Егер есептің мәтінінде түсініксіз сөздер кездессе, онда оларды түсіндіру керек немесе есепте қойылатын нәрселердің,мысалы:бульдозер, шөп шапқыш машина т.б суреттерін көрсету керек.
Есептің шешуін іздеу
Есептің шешуін іздестіру және жоспарын құруда, яғни бұл кезеңде оқушыларға шамаларды, деректер мен ізделіндіні бөліп көрсетуге, олардың арасындағы байланысты анықтауға көмектесетін тәсілдер қолданылады, сөйтіп осылардың негізінде арифметикалық амалдарды алулары тиіс.Балалар шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнай әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге :
а) Есепті иллюстрациялап көрсету.
ә) Есепті талдау.
б) Шешу жоспарын құру.
2. Схемалық иллюстрация – шамалар сандар (деректер мен ізделінді) және олардың арасындағы байланысты қолайлы түрде көрсетуге болатын есептің қысқаша жазылуы. Бастауыш мектептің барлық сыныптарында қолданылады, өйткені оқушыларда көрнекі – схемалық ойлау қалыптаса бастайды. а) Сөздер, сандар, белгілер көмегімен: І – 15 сөз Болғаны – 20 м ІІ - ?, 5-еуі артық Кеткені - ?, 5 м және 8 м Қалғаны - ? м
Есепті иллюстрациялау-есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін , көрнекілік құралын пайдалану иллюстрация нәрсе немесе схема түрінде болады. Нәрсені иллюстрациялаумен қатар 1 сыныптан бастап схема түрінде түсіндіру пайдаланылады, ол – есепті қысқаша жазу.