Әсет мұҚашбеков


Малақ  ауылында  мешіт  салған  кәсіпкер  Әділхан  Байділдановтардың



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
 
Малақ  ауылында  мешіт  салған  кәсіпкер  Әділхан  Байділдановтардың 
толғауы. 
Тақырыбы:  Осы  өмірдегі  жоғары  мақсаттың  мәні  неде?  Дұрыс  ой,  дұрыс 
сөз, дұрыс іс-әрекет дегеніміз не? Көпшілік адамдардың қазіргі көріп жүрген 
қуаныш-қайғыларының  түп  қазығы  қайда?  Ой  –  денсаулық  пен 
молшылықтың сәулетшісі дегенді қалай түсінеміз? 
 
Басыңдағы ақыл, қалтаңдағы ақшаға тең. Әділхан Байділданов 
 
Байділданов  Әділхан  Әбдікәрімұлы  –  Ұржар  ауданының  өзі  туған 
Малақ  ауылында  өз  қаржысына  мешіт  салған  азамат.  Қазіргі  таңда  Алматы 
қаласында  белгілі  кәсіпкер.  Талай  жылдар  Ұржар  ауданының  «хх-шы 
партсъезд» колхозында бас инженер, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып 
қызмет  істеген  алпысты  алқымдап  қалған  жігіт  ағасы.  Әділхан 
Әбдікәрімұлының сұңғақ та сымбатты, спортшыға тән солқылдаған денесіне, 
өн  бойынан  жалындап  тұрған  қуатына,  келісті  келбетіне,  мейірімді  жүзіне, 
қарапайымдылығы 
мен 
кішпейілділігіне, 
ақылының 
тереңдігіне, 
мәдениетінің жоғарлылығына қарап «а, мына азамат қамал алатын 40 жаста 
екен  ғой»  –  деп,  бірінші  көрген  адам  өзінің  осы  азаматты  танымаса  да, 
сүйіспеншілікпен, силастықпен қарайтынына шүба келтіре алмайсыз. «Апама 
жездем сай» – дегендей Құдай қосқан қосағы Рымтай (Тома) жеңгеміз де – 
қазақ келіншектерінің сұлулығының бар сипатын бойына тоғыстырған адал 
жар, кемеңгер әже. 
 
Сұрақ: – Әділхан Әбдікәрімұлы, мен осы әңгіме барысында өзіміздің 
ауылдың  ғана  емес,  кәсіпкер  ретінде  жалпы  ұлтымыздың  мақтанышы 
болғаныңыз  ешкімге  де  құпия  емес.  Белгілі  кәсіпкер  ретінде  ата-тегіңізді, 
ағайын-бауырларыңыздыды, қазіргі жастарға үлгі болу үшін баяндай кетсеңіз 
артық болмас еді?  
 
Жауап: – Оған еш қандай да қарсылығым жоқ, өзің біл. Әсет Ризаұлы, 
өзің  жақсы  білесің,  осындай  жетістікке  жетуімнің  бірінші  себепкері  Алла 
болса,  екінші  себебі  өзімнің  талпынысым,  ойлау  жүйемді  түбегейлі  өзгерте 
біліуімнің арқасы.  

 
206 
Алты ақша 
 
 
 
 
Қарабас 
 
 
Атамыз сол күндегі хан Қарабас, 
 
 
Қараған қол астына қалың Алаш. 
 
 
Ажал жетіп, дүниеден өзі кетіп, 
 
 
Ерназар, Қожакелді қалыпты жас. 
 
 
Атамыз одан арғы аты Тума, 
 
 
Білмесең ата жөнін ата қума. 
 
 
Қамбардың ханға берген қасқасындай, 
 
 
Жарқырап көзге түскен қалың дуда. 
 
 
Тумадан арғы атамыз Шүрентай-ды, 
 
 
Жарықтық, білгіш екен елге жайлы. 
 
 
Аруақты, шарапатты адам екен, 
 
 
Шүкеңе шек келтірген кісі оңбайды! 
Аманжан Жақыпов, «Қаракерей Тума тарихы. Алматы: «Үш Қиян», 2004 ж. 
 
– 
Менің ата-тегім осы Қожакелді батырдан тарайды. Өзімінің әкем Әбдікәрім 
дүние  жүзілік  екі  соғысқа  да  қатысып,  аман  оралған.  1916  жылғы  «Июнь 
жарлығы  бойынша  19  бен  31-дің  арасындағы  қазақ  жастары  соғыстың  қара 
жұмысына алынуға тиіс болды. Онда Әбдікәрім 19 жаста еді. Екінші дүние 
жүзілік  соғысқа  Кеңес  Одағында  18  бен  45-тің  аралығында  еркек  кіндікті 
аттанатын болды. Онда Әбдікәрім 45 жаста еді.  
 
Қилы  заманда  қырғын  соғысты  кешкен  Әбдікәрімді  қара 
танымайтындығы,  орыс  тілін  білмейтіндігі  қатты  қинайтын.  Елудің  ішінде 
кешігіп көрген жалғыз ұлы  мені Әділханды орыс мектебіне берді. 
 
Әсет  бауырым,  өзің  білесің  орыс  мектебінде  оқыған  ақыл-есті  қазақ 
баласының  ұлттық  санасы  ерте  оянады.  Өжет  болады.  Әке-шешесі  орысша 
білмейтін орысша оқыған бала, ана тілінде ағып тұрады. 
 
Әкем  Әбдікәрім  мені  ұлық  болсын  деп  орысша  оқытқан  жоқ. 
Әділханымның еңбек жазатын есепші болғанын көрсем деп армандайтын-ды. 
 
Әкемнің үмітін ақтап, оның жалғызы Әділхан жоғары білімді инженер 
болды. 
 
Әкем  Әбдікәрім  қарулы  қара  жұмыстың  адамы  еді.  Өмірінде  бір  сәт 
қарап  отырмаған,  тыным  таппаған  кісі  болатын.  Қар  кетіп,  жер  қарая 
салысымен  беткейдегі  тобылғыны  түбірімен  шауып,  баулап,  арқалап  тасып 
алады. Көк қаулап шыға бастағанда-ақ ши-қияқ орып, оны да арқалап әкеп, 
маялап  қояды.  Ауласындағы  бақшалық  жеріне  көкөністің  түр-түрін  өсіріп, 
мол өнім жинайтын. 
 
Қолынан он шақты ұсақ мал, үш-төрт қара үзілмеді. Мал бағу деген – 
жан бағу. Еңбекпен өз күнін өзі көру – еркіндік. Әкемнің осы қасиеті маған 
да    дарыды.  Менің  анам    Қадиша  аса  мейірімді,  ақылды  кісі  еді.  Менің 
басымнан құс ұшырмай, еркелетті. 
 
Мен  барлық  жалғыз  өскен  балалар  сияқты  ата-анама  еркеледім,  бірақ 
шолжаң, тентек, бұзық болмадым. Өмірге еркелеген жоқпын. Алайда өмірдің 
қатал  тәрбиесі  мен  тәжірибесін  қанша  қағида  етейін  десем  де,    әкем 

 
207 
Әбдікәрімнің, анам Қадишаның рухтары үнемі ойымда, бейнелері күнде көз 
алдымда  тұратын  аяулы  ата-анамның  сіңген  мейірімдері,  қайда  болмайын, 
қандай  қиыншылық  көрмейін,  менің  жүрегімді  майдай  ерітіп,  жылы  шуақ 
бөлеп тұрады.    
Сұрақ: – Әділхан Әбдікәрімұлы, осы өмірдегі жоғары мақсаттың мәні 
неде?  
Жауап: – Әсет Ризаұлы, өзің кітаптарыңда жазып жүргендей, салауатты 
өмір – адам баласын түпкі мақсатқа жеткізу әдісі. Яғни, салауатты өмір салты 
имандылықпен қабаттасып, біртұтас болып жатыр. Имандылық адам баласы 
үшін  өмірдің  түпкі  мақсатына  жету  кепілі    болса,  ал  салауатты  өмір  сол 
мақсатқа жету жолы болып табылады. Адам баласының басқа жан иелерінен 
негізгі айырмашылығы – оған ерік пен ерекше ақыл берілген. Сол ақыл мен 
ерікті  ол  дұрыс  пайдалану  арқылы  өмірдің  түпкі  мақсатына  жетуі  керек. 
Шын  мәнінде  адамға  өз  өмірін  басқаруда  үлкен  ерік  берілген.  Мысалы, 
кейбір сана-сезімі толысқан зиялы адамдар өз тіршілігін түпкі мақсатқа жету 
үшін  рухани  жолға  бағыттаса,  ал  ой-өрісі  әлі  толық  жетілмегендіктен, 
өмірдің  түрлі  сергелдеңіне  шырмалып,  өзіне  берілген  бұл  сирек  кездесетін 
сыйдың  маңызын  түсінбей,  өзінен-өзі  жоқшылыққа,  кедейшілікке, 
бақытсыздыққа ұрынып жүреді.  
Сұрақ: – Дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет дегеніміз не?  
Жауап:  –  Бұл  басқа  мәселе.  Бұлардың  дұрыс  болуы  үшін  әуелі  ниетіңді 
түзе. Барлығы дұрыс ниеттен басталады. Әрқашанда жақсы ойда болу керек, 
яғни  тек  қана  жақсылық  туралы  ойлауға  тырыс.  Жақсы  ой  жақсылықты 
тартады. Қайғылы, жаман ойлар адамды өмірдің түнегіне батыра береді. Тек 
қана  өмірдің  жақсы  жағына  көңіл  бөліп,  жаман  жағын  ескермеуге  тырысу 
керек.  Сол  кезде  адам  өзінің  қалай  өзгеріп  кеткенін  байқамай  да  қалады. 
Осылай салауатты өмірмен бақытты өмірге жетуге болады.  
Сұрақ:  –  Әділхан  Әбдікәрімұлы,  көпшілік  адамдардың  қазіргі  көріп 
жүрген қуаныш-қайғыларының түп қазығы қайда? 
Жауап:  Әсет  Ризаұлы,  адамдардың  қуаныш-қайғыларының  түп  қазығы 
барлығы  да  оның  өткен  өмірінің  салдары.  Ал  оның  келешектегі  көретін 
қуаныш-қайғылары  бүгінгі  күндердегі  өмірінің  салдары  болып  табылады. 
Сондықтан,  не  ексең  –  соны  орасың.  Келесі  өмірің  дұрыс  болсын  десең  – 
оның  қамын  қазір  ойла.  Ал  егер  келешегіңді  ойламай,    қазір  ішіп-жеп 
қалайын  десең  –  ертең  соның  зардабын  көресің.  Қайсысын  қалайсың?  Ерік 
өзіңде.  Ешкім  де  басқаның  еркін  шектемеуі  керек.  Бірақ  соған  байланысты 
әркім өзінің қарымын алады. Қарапайым өмірде ол қарымның мөлшері әділет 
заңдылығы  бойынша  өзінің  тиесілі  мөлшерінен  көп  те  емес,    аз  да  емес, 
қанша  тиесілі  болса  –  сонша.  Барлығы  әділетті.  Бүкіл  әлемде  әділеттілік 
кепілі  болып  табылады  және  соның  арқасында  болмыстың  үйлесімділігі 
сақталады.  Сондықтан  қарымта  заңдылығын  әділеттілік,  сонымен  бірге 
салауаттылық  кепілі  деуге  болады.  Бірақ  кейбіреулер  бұл  заңдылықты 
мойындағысы  келмейді.  Мойындамаса  –  мойындамай-ақ  қойсын.  Бұл 
олардың өз еркі. Бірақ одан болмыс заңдылығы жоғалып кетпейді, күшін де 
жоймайды

 
208 
Сұрақ:    –  Сөз  басында  «жетістікке  жетуімнің  бірінші  себепкері  Алла 
болса,  екінші  себебі  өзімнің  талпынысым,  ойлау  жүйемді  түбегейлі  өзгерте 
біліуімнің арқасы» – деп не себепті айттыңыз?  
Жауап:  –  "Ой  –  денсаулық  пен  молшылықтың  сәулетшісі"  деген  қағида 
бар.  Яғни,  түп  негізінде  денсаулық,  сонымен  бірге  бүкіл  өмірің  ойлаған 
ойыңа байланысты. Ойың жақсы болса – денің сау, өмірің де жақсы, ал ойың 
жаман  болса  –  аурудан  арыла  алмайтын,  қайғы-қасіреттің  тұңғиығында 
өмірің  өтеді.        Ал  енді  осы  адам  баласы  қатты  әсерге  құмар.  Фәни  әлемде 
қатты  әсер  көбінесе  күнәлі  істер  береді.  Бір  рет  қатты  әсер  алған  соң,  оны 
тағы  да  алғымыз  келіп  тұрады.  Әсер  неғұрлым  үлкен  болса,  ол  солғұрлым 
тартымды.  Әсіресе,  тиым  салынған  әсерлер  тартымды  келеді.  Қасиетті 
кітаптардағы  Адам  Ата  мен  Хауа  Ананың  тиым  салынған  жақсы  мен 
жаманды айыратын ағаштың жемісіне құштар болуы да осының бір көрінісі. 
Аңыз  бойынша  олар  сол  тиым  салынған  жемістің  дәмін  татты,  ал  бүкіл 
адамзат  соның  қарымтасын,  яғни  фәни  әлемнің  қуаныш-қайғысын  көріп 
отыр. Біз әлі де болса тиым салынған жемісті жегіміз келеді, күшті сезімдерді 
керек қыламыз. Осылай өмірдің қызығын, ләззатын аламыз. Адам баласы жер 
бетіндегі  ең  жоғары  дамыған  жан  иесі  болғандықтан,  ол  бүкіл  болмыс 
өмірінің  нәтижесі.  Эволюция  жолындағы  сана-сезімнің  жетілу  сатысында 
адамнан  төмен  тұрған  басқа  жан  иелерінде  болмыстың  бұл  ұлы  мақсатына 
жету  мүмкіндігі  жоқ.  Осының  өзі  салауатты  өмір  адам  тіршілігін  бүкіл 
болмыспен  үйлесімділікке  әкелетіндіктен,  оның  негізгі  мақсаты  адамның 
дені сау, бақытты болуы үшін ғана емес, одан да жоғары екенін көрсетеді.  
 
 
 
 
 
 
 
Науалыда әр қилы замандарда, кезеңдерде белді болған азаматтарының 
келбеттері. Шежіреші, ақын Жабайхан Жүнісбековтың толғауы 
Тақырыбы : 95 жастағы Данабек Байсалханов ақсақалдың тарихи естелік – 
шежіре өлеңі. 
Ақша қарда көп жүрсең, 
Көзің бір күн қарығар, 
Ағайыннан шет жүрсең, 
Көңілің бір күн тарығар.  
Қазақ мақал–мәтелдері 
 
Ауылда  Данабек  Байсалханов  ақсақал,  Нұртаза  Абылханов  мен 
Данабек  атаның  туған  жиені  Жабайхан  Жүнісбековтар    сырлас  және  бір-
біріне  рухани  өте  жақын  адамдар  болған,  ортақ  қасиеттері  –  өлең,  шежіре 
мен  баталар  жазады.  Үшеуі  де  –  ғұлама  шешен,  сөзге  жүйрік,  көкіректері 
ашық,  көрген-түйгендері  мол,  өткен  ғасырдағы  қазақ  шешендерінің  асыл 
сынықтары  іспетті.  Данабек,  Нұртаза    ақсақалдар    арғы  ғасырдың  барлық 
қилы  замандарын  басынан  өткізген,  ұзақ  тарих  кешкен  кемеңгер  кісілер. 
Қарадан  хан  болған  дегендей,    Данабек,  Нұртаза  мен  Жабайхан  аға,  арғы 
аталары артықша туған жандар болған. Сондай асыл нәсілдің соңғы көздері, 

 
209 
осы ақсақалдарды бейнелеп айтсақ, ана тілдің академигі, әңгіменің – Әуезові 
деуге де болады.  
 
....Көбелдестер би болып, 
Көппен кеңес құрған жер.... 
 
Көбелдес  шешендігімен  тоғыз  туманы  аузына  қаратқан.  Жабайхан 
Жүнісбеков осы Көбелдес бидің тікелей ұрпағы. Данабек атаның туған жиені 
ақын Жабайхан Жүнісбековтың архивінен алынған төменгі шежіре өлең бір 
ауылдың  азаматтарының  ғана  емес,  бүкіл  ұлтымыздың  белгілі  бір  тарихи 
кезеңін  қамтиды.  Науалы  тарихын  жасаған  аталар,  әжелер,  аналар  мен 
азаматтардың  сіңірген еңбектерін еске алу мақсатында Данабек Байсалханов 
атамыздың әр замандағы маңдай алды азаматтарға арнаған шумақ өлеңдері: 
 
Жаңалық ескіліктің бетін ашпақ, 
Қартайдым жас өмірді артқа тастап. 
70 жыл Науалыда өмір сүрдім, 
Кешегі 31-ші жылдан бастап! 
 
Опасыз алдауменен өтеді өмір, 
Амал не, алдауменен қалдым ғапыл. 
Не түрлі жақсы адамдар болып еді, 
Ойыма солар бүгін келіп отыр! 
 
Не түрлі адам болды иман жүзді, 
Жаз қылып жадыратқан қоңыр күзді. 
Жақсының қатарына қосамын деп, 
Өсірді тәрбиелеп солар бізді! 
 
Беремін қызыл тілге ерік қана, 
Болмағаннан соң жаяу жүріп көлік қана? 
Көп еді тәрбиеші ақсақалдар,  
Айтайын кейбіреуін теріп қана! 
 
Жақсының өтіп жатты айт пен тойы, 
Халықтың нашар болды халы жайы. 
Ақылмен әдіс құрып ел басқарған, 
Сондағы мыналар еді ақылгөйі! 
 
Әр түрлі алмағайып заман көрдім, 
Көбіне үлгі болған біздің елдің. 
Діни жол - қасиетті ірі тұлға, 
Ғұлама Кәттәбайдай адам көрдім! 
 
Қажының ел ішінде зор бағасы, 

 
210 
Ғұлама болып еді ел ағасы. 
Әрі қажы, әрі молда, әрі ақын
Біздің елде силаушы еді кәрі жасы! 
 
Ит өмір жүріп жатты өз бетінде, 
Алланың соның бәрі құдіретінде. 
Әділбай дейтін қари болып еді, 
Соғыстың қан төгілген мезетінде! 
 
Білуші ем сол кісіні бала жастан,  
Осыны айта берсең бәрі дастан. 
Өлгенге иман, тіріге көңіл айтып, 
Осы жерде мұсылманның жолын ашқан! 
 
Жігітбек бір ақсақал дейтін кісі, 
Қиянат сөз сөйлемес жылы түсі. 
Өтірік айтқан сөзді жақтырмайтын, 
Дәретсіз жер баспайтын осы кісі! 
 
Сағади дейтін кісі шала қазақ, 
Құрбылары шаласың деп қылған мазақ. 
Еңбегі осылардың ұмытылмас,  
Ел үшін талай-талай көрген азап! 
 
Бесінші осылардың қыржы Иса, 
Мұны да айта кетсем сөзге сиса. 
Осының қылған ісін айта берсе, 
Талай том болар еді, талай қиса! 
 
Жәнжігіт ішіндегі молда еді, 
Ескі сөз тарихшы болған еді. 
Ескінің ұмытылып қалған сөзін, 
Талайлар содан ұғып алған еді! 
 
 
Ақайлар отыратын қалжың бастап, 
Бірін-бірі ұрушы еді – тура бассап. 
Осындай батагөйдің арасынан, 
Жындылар құтылам деп қайда қашпақ! 
 
Сәрсенбай бір ақсақал үлкен адам, 
Үлгі алған осылардан талай надан. 
Осылар тезге салып түзететін, 
Бір адам теріс жолға басса қадам! 
 

 
211 
О, шіркін Борықбайдың Қожабегі,  
Тумада Қожакелді арғы тегі. 
Сельпода бастық болып қызмет еткен
Жылқының бір күндегі қара көгі! 
 
Тегінде кісі жетпес Шүкібайға, 
Сиғанды айтып көрсем ақыл ойға. 
Шүкеңнің күлкісінен гүл жайнаушы еді
Дәм тартып бара қалсаң айт пен тойға! 
 
Мұхаммет, Нысанбайдан – Рахмет, 
Оларды айтпай кетсем құдайға шет. 
Кәрібжан, Серікбай мен Қабдолданың, 
Жәрдем бер ұрпағына я, Құдірет! 
 
Мырзамның ақсақал Лұқпаны, 
Талайға көмек қылған ашып жаны. 
Осындай алты-жеті болды ақсақал, 
Ұйытқысы ағайынның майталманы! 
 
2-
ші буын: 
Талайлар ескілікте дуылдады, 
Көзден жас көңілден кір жуылмады. 
Силасып сіз-біз десіп жүретұғын, 
Айтайын адамдарды 2-ші буындағы! 
 
Бейсембай, Сартжақып, Қабытайлар, 
Ұмытпайтын азаматтар қой адам ойлар. 
Бар еді-ау көпшілікке жақсылары, 
Тисе екен бір Алладан жақсы жайлар! 
 
Жүнісбек, Абылхайыр, Мұхаметжан, 
Біледі айтпасақ та бірталай жан. 
Осылардан бір ауыз сөз ұқпағанға, 
Амал не осы күнде қайнайды қан! 
 
Дүние-ай, Айтбай, Шәкен, Оразалы, 
Алдадың талай жанды дүние пәни. 
Омарғалы, Бірсақалмен, Бұтабайлар, 
Бір күнде болып еді елдің сәні! 
 
Сағаттың Қабдолдасы қайран саңлақ, 
Қыз-келіншек ұстаушы еді топтан таңдап. 
Соғыста осылар да қаза тапты, 
Бір Алла қосқаннан соң Тәңірім арнап! 

 
212 
 
Жүнісхан Тума ішінде Қисық заты, 
Бар еді халық ішінде инабаты. 
Қажықан жас жігіттің ардагері, 
Деуші еді Барлықбайдан арғы заты! 
 
Қабылахат, Қапсамет ағайынды, 
Еске алып айта кетсек өткен күнді. 
Тумада Жәментіктен жан асқан жоқ, 
Өтірік мақтай алам басқа кімді! 
 
Садығы Рахметолланың дейтін кісі, 
Жан еді-ау, тілі майда жылы түсі. 
Неше жыл ауданда қызмет етіп 
Халықтың қадірлісі болған кісі! 
 
Мәлғаждар сельсовет боп тұрған еді, 
Сабырлы сөйлер сөзге сырдаң еді. 
Халыққа жаны ашитын жас азамат, 
Жақсылық талайларға қылған еді! 
 
Баласы Тәуебелдің Тәйіп еді, 
Мінезі Еділ менен Жайық еді. 
Соғыстан бұл кісі де келмей қалды, 
Қысқартып өмірін Алла қойып еді! 
 
3-
ші буын: 
 
Пәндәсін не қосса да Алла бастар, 
Жарқырар сары алтындай тау да, тастар. 
Алтынның сынығы ғой жарқылдаған,  
Дүние-ай! болып еді-ау, талай жастар! 
 
Шәкер мен Смайлхан  достар еді, 
Әзілін бірін-бірі қостар еді. 
Әубәкір, Қабдолдамен бұл төртеуі, 
Біркелкі қатар өскен жастар еді! 
 
Бөкенші, Жүмәділ, Қойшыбайлар, 
Дос еді жас күнінен Құдай дескен. 
Жастарға жас күнінен ақыл айтып, 
Жол-жоба көрсететін ерте кештен! 
 
Тобытай, о дариға Қабдырахым, 
Қаталасып болар ма екен сөзім зақым. 

 
213 
Ойлаған халық қамын азаматтар, 
Бұлардан болар дейсің кімдер жақын! 
 
Ғаббастың жігіті еді Мамырбегі, 
Тумада қалмақ деуші еді арғы тегі. 
Азамат сегіз қырлы сексен түрлі, 
Жылқының анық осы қаракөгі! 
 
Тәжіман баласы еді Жатақбайдың, 
Бір келкі адам еді ақыл-ойдың. 
Қайғырып еш нәрсені ойламаушы ед, 
Қылыға еске түссе осындайдың! 
 
Мәжендер баласы еді Атаманның, 
Пәндаға бергені көп Жасағанның. 
Палуанға түсуші еді қайран сабаз, 
Ішінде жасқанбайтын мың мен санның! 
 
Тікенбай, Жәкула мен екеуі жас, 
Халықққа жас та болса боп еді бас. 
Дүние бізден бұрын өтіп кетті, 
Жүретін ойнап күліп талай құрдас! 
 
Ілиясы Науырзбайдың – Мұсаменен, 
Тұрады көз алдымда барлық денең. 
Артына ұмытылмас сөз қалдырған, 
Осыларды өлді деуге қалай сенем!  
 
Қаралық Байкенже мен Божанды алып, 
Істеген істеріне назар салып. 
Ерінбей еңбек еткен азаматтар ғой
Білесің айтпасам да барлық халық! 
 
Ақаш, Шүмбе, Рақым, Қалихан, Ризалар, 
Осылар қатар өскен тең құрбылар. 
Бұлар да шал боп міне қалды бүгін, 
Ойласаң осындайда сағың сынар! 
 
Задасы Құсайынның – Кенжебаймен, 
Бірге өскен замандасым өзіме тең. 
Әбсаламның Анарбегі бұл төртеуміз, 
Арақтан құтылуға таппадық ем! 
 
Осылардың ұмытыппыз шіркін бәрін, 
Ойласаң еске түсер бірлі-жарым. 

 
214 
Ертерек ойламаған арман менен, 
Болып жүр – сыртым шоқ, ішім жалын! 
 
Ешкімді ескілікті көрмейді жек, 
Артқыға үлгі болар тарих кеп. 
Солардың талайымен жолдас болған, 
Шығарған мұны жазып мен Данабек
 
Аналар, апалар, әжелер: 
 
Жігіттер күлкі қымбат әзіл арзан, 
Өтті ғой бұдан бұрын бірталай жан. 
Ерінбей қиындықта еңбек еткен, 
Айталық бірнешеуін аналардың! 
 
Аналар өтіп еді Жұмаш, Зәре, 
Жұмыскер болды әркім келе-келе. 
Колхоздың жұмысы мен мәгәзінге, 
Ерінбей еңбек етті күшін бөле! 
 
Бейнет көп кездесетін жастық шаққа, 
Ерінбей ерік берсін тіл мен жаққа. 
Зәрелер ауданменен сан айтысқан,  
Мәгәзін осы араға орнатпаққа! 
 
Күшті жоқ ойлап тұрсаң Құдіреттен, 
Арылмасаң адамгершілік қасиеттен. 
Әлжан мен Қанипа апаларым, 
Сол күнде сауыншы боп еңбек еткен! 
 
Ұмытпай еске ап жүрсін бала-шаға, 
Жақсының сары алтындай басы баға. 
Осы колхоз құрылғаннан еңбек еткен, 
Қарасақ Әшімова Бәтияға! 
 
Ескіге көп ауады ақыл-ойым, 
Апалар – ел анасы, жылы қойын. 
Жақында жасатыпты деп естідім 
Өзінің нақ 100 жасқа келген тойын! 
 
Үңілсек ескі өмірге көзің талар, 
Түрі жоқ бір жағынан ойдан қалар. 
Ерінбей еңбек еткен Елеуханмен, 
Әміржанның бәйбішесі Нұрғайшалар! 
 

 
215 
2-
ші буын аналар: 
 
Шешесі Айдарханның ақ Бәтиман, 
Бір Құдай берген екен бақ Бәтиман. 
Соғыстың уақытында үш жанұяның, 
Бастығы боп асырапты  нақ Бәтиман! 
 
 
Өтті ғой қиыншылық талай тұстар, 
Ойласаң кездеседі сан жұмыстар. 
Колхозда тесік өкпе болып өсті, 
Нұршікен, Жаңқай менен Күлбағыштар! 
 
Ерінбей еңбек талай өрде
Шығарған апиынды қара жерге. 
Колхоздың ескілікті жұмысшысы, 
Тамаша, Тұқан менен Күріштерде! 
 
Сағадат, Нүкен менен Қалымхандар, 
Өнер іздеп, жан емес еді жұмыс таңдар.  
Трактор айдап, қой қырқып, сиыр сауып, 
Егін орып, шөп те шапқан міне осылар! 
 
 
 
 
 
Қарттарым менің қазынам. Әсет Ризаұлының Байкенже ақсақал жайлы 
естелігі.  «Халық  жаулары».  Ағайынды  «халық  жаулары»  Қасымқан  мен 
Қажықан  Дінікеновтардың  немересі  Талғат  Қажықановтың  естелігі.  
Науалының  келіні  Күнімжан  Дәулетбайқызының  атасы  Байкенже 
Жүкеұлы туралы толғауы. 
Тақырыбы: Соғыс және еңбек ардагері Байкенже Жүкеновтың өмірі арқылы 
өткен ғасыр тарихының кейбір беттеріне шолу. 
 
 
 
 
 
 
 
Ата – асқар тау, 
 
 
 
 
 
 
Ана – бауырындағы бұлақ, 
 
 
 
 
 
 
Бала – жағасындағы құрақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақтың мақал-мәтелдері. 
 
Ескерту: (Еңбегі ерекше азаматтарды есте қалдыру мақсатымен Науалыда 
Байкенже Жүке ұлына көше аты берілген). 
 
Сарыарқа жарасады өлең қылсаң, 
Азырақ ойға түсіп көңіл бұрсаң. 

 
216 
Бәрінен, жер сағынған қиын екен, 
Жүрегім елжірейді ойға салсам. 
 
Сарыарқа – суың балық, қырың киік, 
Бақытты, сән-салтанатты алдың жиып. 
Сайрандап кең даласын қазақ елін, 
Күн көрген «қара шекпен» түгел сиып. 
 
Ар жағы атың шыққан Тарбағатай, 
Кетпейді, жауса қары жаздың алты-ай! 
Бауырың сыңысыған бақ пен жүзім, 
Сайраған, құйқылжытқан құс жағалай. 
 
Биігіңе жете алмайды ұшқан құста, 
Жарасқан «Кішкене тау» өкпе тұсқа. 
Жайлауда жайылған мал саласында, 
Жайылар – аяғынан алты ай қыста.  
 
 
Алатау – оңтүстікте «Тоқта-барлық», 
Бақтыға, Еміл өрлеп келсең қарғып. 
Ырысы кең даланың міне осындай, 
Қолма-қол байытады жоқты бар қып. 
 
 
 
Атығай, Мақаншыдан өтсең бері, 
Аяңдап одан әрі жүрсең кері. 
Шалқыған сар даласы сәнге біткен, 
Болмайды асар белең, ылди өрі. 
 
Барақбай өзім туған мекен жерім, 
Майсадай құлпырады кербез керім. 
Тұмасын көрген адам таң қалады, 
Не себеп? Қалай шыққан?! – екен деген. 
 
Жайтөбе, Балатөбе төбе біткен, 
Көртөбе кең жайдақтау өте біткен. 
Бұлардан дәрежемді асырам деп, 
Көрпебай өз алдына отау тіккен! 
 
Байкенже Жүкенов ақсақалдың Ұлы Отан соғысында жүргенде туған жерін  
сағынып ағайын-туыстарына, артта қалған еліне жазған хаты. 
 
 

 
217 
Байкенже  Жүкенов  мен  Божан  Ақылжанов  ақсақалдармен  өзім  
инстутты бітіріп келген 1975 бірге қызмет істеуге тура келді. Осы ақсақалдар 
ол  жылдары  зейнеткерлікке  шыққан,  батыр  тұлғалы,  аса  келбетті, 
денсаулықтары  керемет  мықты,  сүйектері  асыл,  тұла  бойы  тұнып  тұрған 
шежіре  қарттар  еді.  Байкенже  мен  Божан  ақсақал  өмір  бойы  колхоздарда 
бастық болып қызмет атқарған, өз заманының алдыңғы қатардағы тұлғалары 
болған.  Менің  өмірдегі  жұмысты  бастаған  кезімде  алғашқы  ұстазым 
бригадир  болып  қызмет  атқаратын  Божан  ақсақал  болды.  Мен  бригада 
агрономымын, ал Байкенже ақсақал егін күзетінің бастығы.  
 
Өзіме  темірқазық  жұлдызы  сияқты  бағдарлама  берген  –  адалдықты, 
еңбекқорлықты, жұмысты жан-тәніммен сүюді осы ақсақалдардан және әкем 
Ризадан  үйрендім,  бойыма  осы  адамдардың    жақсы  қасиеттерін  дарытқаны 
үшін Жаратушыға үнемі тәуба деп жүремін.   Осы ардагерлер: өз отанының, 
елінің, ауылының, ең бастысы ұлтының нақ патриоттары еді.  
 
Бала күнімнен әңгімеге, шежіреге құмар болғандықтан – қолым босай 
салған сәтте осы ақсақалдардың әңгімелерін, естеліктерін тыңдауды керемет 
ұнатушы  едім.  Ол  кезде  жабық  болған  тақырыптардың  бірі  «халық 
жаулары».  Мен  де  «халық  жауының»  немересі  болғандықтан,  сол  кезеңде 
самғайтын  талай  жерге  самғатқызбады,  қанатыңды  білдіртпей  қиып 
отыратын.  Өзіңмен  салыстырғанда  таланты  да,  біліме  де,  санасы  да  көп 
төмен  жағымпаздардың  –  қолдарынан  келмейтін  қызметтің  тұтқасын  ұстап 
отырғанын  көргенде  іштей  қынжылатынмын.  Қынжылғанда  оларды  көре 
алмай  емес,  керісінше  жұмысты  былжыратып  жібергендіктеріне  ішім 
ашитын.  Кеңес өкіметі осы саясатты қанша білдірмеймін десе де, ар жақтағы 
қоламсы,  сасық  ійісті  бар  болмысыммен  сезетінмін.  Ақыры  талантты  емес, 
басшыларға  берілгендікті  ғана  бағалаған  үкімет  –  төңкеріссіз,  соғыссыз-ақ, 
осындай  тексіз,  қабілетсіз,  дарынсыз  ел  басқарушылардың  «іскерлігінің» 
нәтижесінен ішінен іріп-шіріп ыдырап тынды. 
 
Сол  кезде  осы  ақсақалдардан  талай  естеліктер  естігенмін.  Кейін  осы 
Байкенжа ақсақалдың айтқан әңгімелерін растайтын құжаттарды да таптым. 
Сол  кезде  Жүкенов  Байкенже  ақсақал  екеуміз  мөлшері  былай  деп  әңгіме 
дүкен құратынбыз: 
 – 
Байкенже  ата,  өз  ауылымыздан  шыққан  бұрынғы  мен  қазіргі 
батырларды  айта  кетсеңіз,  келер  ұрпақ  біле  жүрсін.  Осы  ерлердің 
кейбіреулерінің аттарын  айтқызбай, Кеңес үкіметінің жауы санауда емес пе? 
 – 
Қазақ  тарихындағы  ұлы  тұлғалардың  көбі  –  батырлар.  Ертедегі  Ер 
тарғын,  Қобыланды,  Қабанбай,  Шынқожа,  Бұхар,  Қарасай,  Бөгенбай,  Ер 
Еспембет,  бертінгі  Бауыржан  Момышұлы,  Қытай  жеріндегі  Керей  Оспан 
батыр,    1930...32  жылдары  Кеңес  үкіметіне  қарсы  шыққан  өзіміздің 
жерлестеріміз  Қылыш  Досақанов  Жылқайдар,  Дүйсенов  Сыдық,  ағайынды 
«бандалар» Бақбай, Рақымбай, Ұлы Отан соғысының атақты барлаушысы –  
құрдасым,  Совет  Одағының  Батыры  атағына  ұсынылғанда  белгілі  бір 
себеппен штаб бастығы бір еврей бергізбей қойған Божан Ақылжанов, 1960-
шы  жылдары  қазақтан  тұңғыш  рет  «Щука»  сүңгуір  кемесінің  командирі 
болған  2-ші  рангалы  капитан,  бауырымыз  Науалы  балалар  үйінің  түлегі 

 
218 
Сабыр  Ахмадиев  сияқты  халқымыздың  қол  бастаған  қаһарман  ұлдары 
қаншама! 
 – 
Байкенже  ата,  өзіңіз  халқымыздың  басына  түскен  нәубәт  пен 
қиыншылықтардың  бәрін  көзіңізбен  көріп,  көңіліңізге  түйдіңіз.  Сондағы 
болған  оқиғаларды  қазіргі  ұрпақ  өкілдері  білмейді  деуге  де  болады.  Енді 
1937...38  жылдары  «халық  жауы»  болып  жазықсыз  ұсталған  ерлер  туралы 
айтпас па екенсіз? 
 
 – 
Әсет балам, мына сұрағың өте дұрыс екен. Онда мен өзім осы ауылда 
ғана  болған  оқиғаларды  айтып  кетейін.  Әр  нәрсенің  өзінің  уақыты  келеді, 
Осы  білгендерім  келер  ұрпаққа  аманат  етіп,  уақыты  келгенде  жазуды  өзіңе 
тапсырдым, – деп айтып еді жарықтық. Енді сол кезде Байкенже ақсақалдан 
естіген кейбір тарихи деректерді айта кетейін: 
 
 
Ерлік  өнегелері  тарихты  нұрландыра  түседі...  бұлар  адамды  алға 
жетелейтін жарығы мен шамшырақтардың бірі.   
 
В.Гюго 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет