Әсет мұҚашбеков



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
толғауы. 
Тақырыбы: Ел басқару үшін басшы адамда қандай қасиеттер, ерекшеліктер 
болу  қажет?Ұлттық  Рухани  қараңғылықтан  құтылар  жол  бар  ма?  Біздің 
идеологиямызға,  дәстүрімізге  тірек  бола  алатын  ілім  бар  ма?  Халықтың 
мұң-мұқтажын шешкен уақытта қандай басты бағдарламаны басшылыққа 
аласыз? 
 

 
243 
Егер  әркім  өз  пиғылымен  арамдық  ойдан  тазаратын  болса,  бүкіл  ел  ұры-
қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді.   
 
 
Шыңғыс хан 
 
Кітап  жазу  бейнеті  көп  ауыр  жұмыс,  егерде  бұрын-соңды  мұндай  іспен 
шұғылданбасаңыз қиыншылығы күрделене беретіні басқа әңгіме. Жазу үшін 
ұзақ  жылдар  бойы  өзіңе  тәжірибе  жүргізіп  зерттеу  жұмыстарымен 
ұштастыруың  өз  алдына  бір  төбе.  Енді  осы  денсаулықпен  жансаулықты 
қиюластыру,  бір  арнаға  топтастыру  терең  білімді,  рухани  байлықты 
қажет  ететіні  бесенеден  белгілі.  Осы  үшінші  кітапты  жазу  барысында 
қортқаным денің сау болу үшін, бастапқы шарт жаның сау болуы қажет. 
Әсіресе  біздің  қазақ  баласына  жетіспейтін:  1  –  денсаулық,  ұлтымыздың 
тең жарымынан астамы түгелдей әр түрлі созылмалы аурулардың құрбаны 
екені  ешкімге  де  құпия  емес.  2  –  жастарымыздың  басым  бөлігінде 
имандылық  жоқ  екені  де  жасырын  нәрсе  емес.  Оның  дәлелі  күннен-күнге 
көбейіп  келе  жатқан  бәңгіші  жастар  мен  Алматы  қаласының  Сайн 
көшесінде сыңсып тұрған қаракөз жезөкше қыз-келіншектер. 3 – Қазақтың 
басым бөлігі кедей, тұрмыстары төмен, қайыршының о жақ бұ жағындағы 
Сейфуллин  көшесінің  бойындағы  лек-легімен  жүрген  тепсе  темір  үзетін 
жастарымыз.  Себептің  де  салдары  болады,  бұл  –  ақиқат.  Адам  баласы 
қылышты ойлап тапқанда, осыдан қорғанатын қалқанды да ойлап шығарды 
ғой.  Ендеше  осы  соңғы  екі  сауалымның  сұрағын,  осыған  нақтылы  жауап 
беретін адамды, өзім тұрып жатқан ауылдан таптым ғой деймін.  
Осы Қарасай ауданына көшіп келгелі үш жылдың жүзі болды. Әр түрлі 
күйбең    тіршіліктегі  күн  көріс  қамымен  өзіміздің  ауылдық  әкім  Ерболат 
Дүйсебайұлы  Оразалиевпен  танысудың  сәті  түсті.  Танысуымыз  пікір 
алмасуға,  ал  пікір  алмасуымыздың  нәтижесі  осы  тараудың  өмірге  келуіне 
себепкер  болды.  Менің  кітап  жазудағы  ерекшелігім  –  кейіпкерді  аспаннан 
іздемеймін,  қасымнан,  күнделікті  өмірде  араласып-құраласып  жүрген 
пенделерден  іздеп  табамын.  Осы  азаматтың  өмірге  деген  көз-қарасын, 
пайымдауларын,  өмір  тәжірибелерін,  өздерінің  айтқандарындан  айнытпай 
қағаз бетіне түсіре қоямын.  
Арғынбек Асылбекұлы Нұрлыбаев зейнеткер:   Менің  туған  жерім 
Жамбыл  облысы  Луговой  ауданы.  Қазіргі  кезде  әр  облыстың,  әр  рудың 
адамдарының,  әр  ұлттың  ойлау,  пайымдау  жүйелері  де  әр  түрлі,  біріне-бірі 
ұқсамайды. Өзім де талай адамдармен араласып, басшылық қызметте жүріп 
зейнеткерлікке шықтым, қазір 70-ке келдім. Менің Ерболат Дүйсебайұлының 
адамгершілік қасиетін түсінгенім, осы кісіге бір жұмыспен келіп едім, бірден 
сен қайдан жүрсің, қайда тұрсың деген жоқ, айтқан шаруамды шешіп берді. 
Шындығы  керек  анда-санда  осы  кісінің  қабылдауында  боламын,  сонда 
адамға қайтарған жауабы, көпшілікпен тіл табысуы сондай, әкімнің алдынан 
ренжіп  шыққан  адам  өте  сирек  кездеседі.  «Қалауын  тапсаң  қар  жанады»  – 
дейді,  бұл  кісі  қалауын  табады,  түсіндіріп  айтады,  ең  тамаша  қасиеті  еш 
уақытта  өтірік  айтып  дәмелендірмейді.  Адамдардың  көзін  жеткізем  деп 
адамды әуре сарсаңға салмайды, нақты болғанын, қалай болатынын дәлелдеп 
«соқырға таяқ ұстатқандай» ұғындырып береді.  

 
244 
Саяуыш Өндірханұлы Қасабаев,  қояма-қолтық шайқастан (рукопашный 
бой), ережесіз айқастан, панкратионнан және соғыс самбосынан осы аталып 
өткен  шайқастардың  төртеуінен  де    халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері,  
Ресей  Федерациясының  әскери  әуе  –  десант  күштерінің  бұрынғы  офицері, 
қояма-қолтық  шайқастан  Ресей  Федерациясының  әскери-әуе  десант 
күштерінің  4  дүркін,  Ресей  қарулы  күштерінің  3  дүркін,  Омск  қаласында 
өтетін бүкіл Ресейлік  жарыстың 4 дүркін, Рязань қаласында бокстан өткен 
бүкіл  Ресейлік  жарыстардың,  2  дүркін  халықаралық  және  2  дүркін 
панкратионнан өткен халықаралық турнилердің алтын жүлдегер жеңімпазы, 
орыс  төбелесінің  және  жан-жақты  шайқастың  (универсальный  бой) 
Европадағы  күміс  жүлдегері,  Соғыс  самбосынан  Қазақстанның  2  дүркін 
жеңімпазы,  2006  жылы  Бішкек  қаласында  өткен  соғыс  самбосынан  Азия 
жеңімпазы, 2006 жылы Ташкент қаласында өткен соғыс самбосынан әлемдік 
біріншіліктің жүлдегері:  
Менің Ресейден өз еліме қайтып келгеніме үш жылдай ғана уақыт болды. 
Осы  аралықта  өзіме  деген  қамқорлықты  ағаларымыздан  көріп  те,  сезіп  те 
жүрмін. Өзімнің көзім жетіп, көңіліме ұялаған бір ақиқат, өзінің туған елінен: 
жас кезінен тағдырдың талқысымен және де қызмет бабымен біраз жырақта 
жүріп  алмас  қылыштай  шыңдалып  келген,  бірақта  жат  болып  суып  кете 
жаздаған азаматтарға түсіністікпен қарайтын – жүрегі жұмсақ, қолтығы кең, 
жаны  жомарт,  пейілі  дұрыс  ел  басшыларының  бар  болуы  және  халқының 
мұң-мұқтажын жан-тәнімен түсіне білуі ерекше әсер етуде. Осындай өзім бір 
ерекше  силайтын,  өзім  еліктейтін,  бақытты  өмір  сүру  үшін  адамға  жоғары 
мақсатқа,  табысқа  қалай  жету  керек  екенін  ісімен  де,  сөзімен  де,  өмір  сүру 
қағидасымен де дәлелдеп жүрген азамат, өзіміздің Алматы облысы, Қарасай 
ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық  әкімі  Ерболат  Дүйсебайұлы 
Оразалиев.  Елімізде  осы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиев  сияқты  рухани 
ілімі мол, жеке басының мәдениеті жоғары, халқына жаны ашитын парасатты 
ел басқаратын басшы азаматтар көбейе берсе нұр үстіне нұр болар еді. 
 
Өмірде  табысты  болу  үшін  адамдармен  қарым-қатынас  жасай  білу 
талантты болудан әлдеқайда маңыздырақ.   
 
Леббок 
 
Анықтама:  
Алматы  облысы,  Қарасай  ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық 
әкімшілігіндегі елді мекендер саны – 6.   Жер көлемі 108 ш/км. Осы ауылдық 
аумаққа: Алмалыбақ, Жалпақсай, Жамбыл, Көлді, Ұлан, Мерей (Қазақ ССР-
не  50  жыл)  атты  ауылдар  қарайды.  Халық  саны  12215  адам.  Жеке  үй 
қожалықтары 2036. Барлығы 30 ұлт өкілдері мекендейді. 
 
Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиев – өзінің жасынан жас көрінетін 60-ты 
алқымдаған,  әр  сөзін  ойланып  барып  айтатын,  келісті  жігіт  ағасы.  Түр-
тұлғасының өзі-ақ салауатты өмір салтын ұстанатын азамат екенін айшықтап 
тұрғандай,  іс-қимылы    байыпты  да  байсалды.  Сымбатты    денесі  мен  бет 
әлпетінен,  ішкі  рухани  қуат  пен  байлыққа  толы    екенін  бірден  сезесіз.  

 
245 
Қайратты  қысқа  қырқылған  қара  шашы,  парасатты  қара  торы  өңіне  ерекше 
жігер  берсе,  шуақ  шашқан  жылы  жанарында  адамды  өзіне  баурап  алатын 
ерекше  қасиеті  бар.  Ә,  деп  сөйлескеннен-ақ  осы  адам  өзіңізді  бұрыннан 
білетіндей  ішкі  сырыңызды,  мұң-мұқтажыңды  айтқызбай-ақ  біліп 
отырғанына  таң  қалмасқа  шараңыз  қалмайды  және  қабылдауынан  кейін 
алдынан разы болып шығуыңыз бір бөлек. 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  өзіңіз  осы  басшылық  қызметте  ұзақ 
жылдар бойы жемісті жұмыс атқарып келе жатырсыз, ел басқару үшін басшы 
адамда қандай қасиеттер, ерекшеліктер болу қажет? 
 
Жауап:  –  Әсет  бауырым,  сен  өте  күрделі  де  мағыналы  сұрақ  қойып 
отырсың. Басшылық туралы талай оқулықта мен кітаптар да жазылған, әлі де 
жазылып жатыр. Осының жауабын мен Абай атамыздан тапқан сияқтымын: 
 
 
 
 
 
Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек? 
 
 
 
 
Жұрты сүйген нәрсені ол да сүймек. 
 
 
 
 
Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып, 
 
 
 
 
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек. 
 
 
 
 
 
Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір, 
 
 
 
 
Сүйтсе де ірісімен кеңесіп жүр. 
 
 
 
 
Кейбірін хауіптендір, мінін тауып, 
 
 
 
 
Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір. 
 
 
 
 
 
Көрінбе ел көзіне әсте қорқақ
 
 
 
 
Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ, 
 
 
 
 
Анда-санда құтырған жаман емес, 
 
 
 
 
Оныңды жиі қылмай және бол сақ. 
 
 
 
 
 
Кісімсі қайда жүрсең олжаға тоқ, 
 
 
 
 
Шоқыма халық көзінше қарғаша боқ. 
 
 
 
 
Жұрт – жас бала, ешнәрсесін тартып алма, 
 
 
 
 
Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ. 
 
 
 
 
 
Жат елге жадағайда сөйле шәргез, 
 
 
 
 
Тар жерде тайпалудан танба әр кез. 
 
 
 
 
Жатты жау деп еліңді үрпитіп ап, 
 
 
 
 
Жауға жабдық деп жиып, пайда қыл тез. 
 
Әсет бауырым, менің сұрағыңа берер жауабым осы, осыдан артық жауап 
та болмас деп ойлаймын. 
Ұлы  Абай  атамыз  өмірдің  бар  сұрақтарына 
жауап беріп кеткен ғой, тек қана ұғынар жүрек, тыңдар құлақ болса болғаны. 
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы,  рухани қараңғылықтан құтылар жол бар 
ма?  Қазір және келешекте біздің ұлттық идеологиямызға, дәстүрімізге тірек 
болатын ілім бар ма? 

 
246 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  өзіңіз  жақсы  білесіз  қазіргі  кездегі  ұлттық 
дәстүрдің  құлдырау  шағында  әркімге  де  бақытты  өмір  жолынан 
адастырмайтын  тұрақты  нысана  керек.  Біз  ол  нысананы  Абай  ілімінен  таба 
аламыз.  Бұл  туралы  президентіміз  Н.Ә  Назарбаевтың  ұлы  ақынның  1995 
жылы болып өткен 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде айтқан мына 
салихалы ойы кімге болса да бағыт бергендей болады:  
"...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған 
қарап  тірлігіміздің  дұрыс-бұрысын  сараптай  аламыз.  Өйткені,  жанды 
жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. 
Абайды  оқып  отырып-ақ,  көштің  басын  баяғыда-ақ  жөнге  салып  алуға 
болатын  еді.  Сорлатқанда  біреудің  уақыты  жетпейді,  біреудің  ұғымы 
жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ.  
...Қазіргідей  заманда  Абай  жырларына  айына  емес,  аптасына  емес, 
күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де 
бәріне  жауап  таба  аласың."  Бұл  сөздер  әрбір  адамның  дұрыс  жетілуіне 
кепіл  болатын,  қоғам  өмірінде  басшылыққа  алатын  бағдарламалық  ойлар 
тәрізді.  
Әр  елдің  өз  ұлы  адамдары  болады.  Оларды  кезінде  дұрыс  танып, 
олардың  қалдырған  мұраларын  халықтың  игілігіне  қолдана  білген  елдер 
заманның  қандай  шырғалаңынан  да  еркін  шығып    отырады.  Мысалға  бір 
ғана елді, көршіміз Қытайды алайық. Конфуций мұрасын қытай халқы өзінің 
рухани  өмірінің  күре  тамырына  айналдыра  білген.  Ұлы  ойшыл  осыдан  екі 
жарым мың жылдай бұрын өмір сүрсе де қытай халқы оның жазғандарын 
әлі күнге дейін өздерінің күнделікті өмірлерінің кодексі ретінде пайдаланады. 
Елдің  барлық  саяси-әлеуметтік  өзгерістерінде  де  ұлы  Конфуцийдің  ілімі 
ешбір  мұқалмайды,  қайта  сол  саяси  өмірдің  іргетасына  айналып,  жаңаша 
құбылып  отырады.  Оның  нәтижесін  осы  күнгі  Қытай  елінің  қарқындап 
өркендеу  екпінінен  де  көріп  отырмыз.  Қытай  халқына  ұлы  Конфуций  жол 
көрсететін  шамшырағы  болса,  ал  бізге  –  ұлы  Абай  бабамыз  сондай 
шамшырақ болуға лайық.  
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  ауылдық  аумақтық  әкімі  ретінде  
халықпен  көп  араласуға,  мұң-мұқтаждарын  шешуге  тура  келеді,  сол  кезде 
қандай басты бағдарламаны басшылыққа аласыз? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  бұл  сұрағыңа  шешемнің  және  әкемнің  маған 
айтқан  бір  нақылымен  жауап  беріп  байқайын.  Менің  шешем  80-нің  бел 
ортасына  келсе  де  әлі  күнге  дейін  ақылы  тұнық,  сол  кісі  маған  әруақытта 
айтып отырады: «Ерболат балам, әркімнің көңілі гүл, алдыңа келген адамның 
кім  болмасын  көңілін  қалдырмауға  тырыс»  –  деп.  Ал  әкем  ескіше  оқыған, 
өмірге  философиялық  көзқараспен  қарайтын  адам  болатын:  «Жақсылық 
істесең де, жамандық істесең де о дүниеге кетпейді, осы дүниеде қайтады» – 
деп,  сондықтан  өз  басым  қолымнан  келгенше  алдыма  келген  адамдарға 
жақсылық  істеуге  ұмтыламын,  жаманшылық  әр  аттаған  қадамыңда  дайын 
тұрады. Жақсылық істеу әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Өз басым адам 
адамға  бауырмал  болу  керек  деп  есептеймін,  әсіресе  басшы  қызметтерде 

 
247 
жұмыс  істеп  жатқан  азаматтарға  ең  керекті  басты  қасиет  осы  ғой  деп 
ойлаймын.   
 
Алматы  облысы,  Қарасай  ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық 
әкімшілігінің  төрағасы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиевтің  екінші 
толғауы. 
Тақырыбы: Өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз? Табысқа жету дегенімізді 
қалай  түсіндірер  едіңіз?  Өзіңді  тану,  бақылау  дегенімізді  қалай  түсінесіз? 
Адам  неге  азып-тозып  құлдырайды,  себебі  неде?  Өзін  рухани  дамытқысы 
келетін адам не істеуі қажет? 
 
405. Ей, пенде ойланып іс істе. Істеген ісің ұят келтірмейтін болсын. Сонда 
жақсылық істеген боласың, жамандыққа жол қойылмасын. 
 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)  
 
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңызды, 
философиялық ойларыңызбен қысқа да нұсқа түйіндеп өтсеңіз? 
 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  менің  осы  жасқа  келгенше  оқыған  мен 
тоқығаннан түйіндеген қысқаша ойларым бар еді, соның дәп төбесінен түсіп 
отырсың,  айт  десең  өмірімнің  ережесі  ретінде  басшылыққа  алып  жүрген 
кейбір  қағидаларды  және  нәтижесін  де  көріп  жүрген  кейбір  өмір 
заңдылықтарын айта кетейін. Маған әсіресе қатты әсер еткен өзіңнің рухани 
ұстазың,  әрі  әріптесің,  техника  ғылымдарының  кандидаты,  теолог-философ 
ғалым, жазушы Досым Қайырбекұлы Омаровтың «Абайдың рухани мұрасы» 
атты  кітабы.  Осының  және  басқа  да  өзімнің  көзқарасымның, 
пайымдауымның  негіздеріне  сүйене  отырып  қойған  негізгі  екі  сұрағыңа: 
біріншісі – бізге имандылыққа барар жол қайда, бар ма? – деген, екіншісі – 
еңсені басып тұрған кедейшіліктен құтылар жол бар ма? – деген сұрақтарыңа 
жауап берейін: 
Тасыр  адам  рухани  бiлiмдi  дұрыс  қабылдай  алмай,  тез  ұмытады.  Ол  есi 
жоғары  жетiлмегендiктен,  рухани  бiлiмдi  есiнде  ұзақ  сақтап  тұра  алмай, 
ұмытып  кетедi.  Сондықтан  оған  алған  бiлiмдi  талаппен  үнемi  қайталау 
арқылы  жадына  тереңдетiп  сiңiру  керек.  Сонда  көңiлiнiң  көзi  ашылып, 
сергидi.  "Пысықтау  –  бiлiм  анасы"  деген  сөз  тегiн  айтылмаған.  Қайталау 
қандай да болмасын бiлiм алудың негiзгi әдiсiнiң бiрi. Егер алған білімді бiр 
тәулiктiң  iшiнде  қайталамаса  оның  сексен  пайызы  ұмытылады  екен. 
Сондықтан есте ұзақ қалдыру үшiн тәулiктiң iшiнде бiр қайталап, сонан кейiн 
үш  рет  жетi  күн  өткен  сайын  тағы  да  еске  түсiру  керек.  Бастаған  ісіңді 
тастама. Нәтижесіне сен. 
1.
 
Жеңіліске бір қадам қалғанда, жеңіс келеді. 
2.
 
Жоқтың артында – Бар тығылып жатады. 
3.
 
Өз қателігіңді талда. Жетістікке жетуді ойла. 
4.
 
Табыс тесіктен де келеді. 
5.
 
Қаласаң – болады. 
6.
 
Табысқа талпынған ғана жетеді. 

 
248 
7.
 
Табыс жүгірген сайын, жақындай түседі. 
8.
 
Басқаларға сенім мен табандылықты ұялат. 
9.
 
 
Ойың іске асқанда, арманың орындалады. 
10.
 
 
Өзің жалаңаяқ болсаңда, арманың асқақ болсын. 
11.
 
 
Өткеннің бәрін өртеп өшір де, жоспар жаса. 
12.
 
 
Адамдардың  көзін  жеткізем  деп  тыраштанба,  нақты  болғанын, 
қалай болатынын дәлелде. 
13.
 
 
Жаныңды салсаң да өзіңдікін ал. Не жеңіс, не өлім. 
14.
 
 
Әрбір сәтсіздік, осындай сәттілікке жетелейді. 
15.
 
 
Жоқшылық – сәтсіздіктен кейін өзгеріп шығады. 
16.
 
 
Өзін-өзі жеңілдім демейінше, ешкімде жеңілмейді. 
17.
 
 
Мәреге бірінші жеткен, басын жалғанмен бастаған. 
18.
 
 
Қалауың қарқынды болса – табиғат өзі көмектеседі. 
19.
 
 
Қалауың сәтсіздігіңді жеңіске айналдырады. 
20.
 
 
Санаға өзіміз мойындайтыннан басқа бөгет жоқ. 
21.
 
 
Өз бақытсыздығыңның жаратушысы болма. 
22.
 
 
Сенімі жоқ ой – өлі қиял. 
23.
 
 
Байлықтың бастауы, сәтсіздіктің емі – Сенім. 
 
Өмірдің мақсаты танып-білу емес, іс әрекет. Т.Г. Гексли 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  табысқа  жету  дегенімізді  қалай 
түсіндірер едіңіз? 
 
Жауап:  –  Мен  үшін  табысқа  жету  –  алдыңа  қойған  мақсатқа  қарай 
үздіксіз  жылжи  беру.  Табыс  –  әлеуметтік,  рухани,  психологиялық, 
молшылық,  өреңнің  дамуларын  үздіксіз  арттыра  отырып  жалпы  қоғамның 
дамуына өзіңдік үлесіңді қосу. 
 
Табыс  –  соңғы  аялдама  емес,  қарқынды  түрдегі  қозғалыс.  Біз  табыс 
үшін туғанбыз. 
 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  табысқа  жетудің  өзіңіз  қолданып 
жүрген ережелерін оқырмандарымызға айта кетсеңіз? 
 
Жауап:  –  Өзім  өмірден  түйген  кейбір  ережелерім  бар,  олар 
төмендегідей: 
1.
 
Егер  біз  ойымызды  бағындыра  алсақ,  онда  өз  тағдырымыздың 
бағытын,  беталысын  өзіміз  қалаған  жаққа  бағыттай  адамыз.  Бір 
сөзбен  айтқанда  болашақта  қандай  әлемде  өмір  сүретінімізді, 
өзіміздің  тұрмыс  жағдайымызды  өзгертуімізге  әсер  ете  аламыз, 
қалауымызша жасай аламыз. 
2.
 
Біз өміріміздің 4/3 бөлігін басқаларға ұқсауға тырысып жоғалтамыз. 
3.
 
Бұлыңғыр  болашақтағы  белгісіздіктің  алдындағы  қорқыныш  – 
адамдардың белгілі шешім қабылдауын кешіктіріп бөгет жасайды. 
4.
 
Өмірде жетістікке, табысқа жету адамның тыныс алуы сияқты туа 
біткен қасиет. 
5.
 
Табыс,  жетістік  дегеніміз  –  өзің  алдыңа  қойған  мақсаттарыңның 
тұрақты  түрде  орындалуы  және  осы  осы  бағытта  тоқтап  қалмай 
алдыға жылжи беруің. 

 
249 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  үнемі  зердеңе  тоқып  алатын  адамның 
қандай ерекшеліктері бар? 
Жауап: – Төмендегі шарттарды есіңе сақтап ал: 
1.
 
Қазіргі өмір сүріп жатқан пенделердің ең бастысы – өзіңсің. Өзіңнің 
шексіз  мүмкіншілігіңе  сен,  бұл  сенің  ұлы  жетістіктеріңе  бастаған 
бірінші қадамың. 
2.
 
Саған  қандай  қабілет  дарыса  да,  ең  алдымен  өзіңе  ұнайтын  шешім 
қабылда да, осыны іс жүзіне асыр. 
3.
 
Жұмыстың өзің айналысқаны нәтижесін береді, оны ары дамытпасаң 
тұралайды,  кері  кетеді.  Өзіңнің  туа  біткен  қабілетіңді  көрсете, 
жетілдіре, пайдалана біл. 
4.
 
Өзіңдегі  бар  кілтпен  керекті  есікті  аша  білсең,  кім  болмасын  өмірде 
табысқа жетеді. 
5.
 
Надандық  көгертпейді,  білімнің  зияны  жоқ.  Тәуекелге  бар,  сонда 
өзіңнің ойлау қабілетіңнің деңгейін мөлшерлейсің. 
 
 
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, өзіңді тану, бақылау дегенімізді қалай 
түсінесіз? 
 
Жауап:  – Әсет  бауырым,  өзіңді  силаудың  негізінде,  өз-өзіңді  бақылау 
жатыр,  өзіңді  тану  –  өзіңді  бақылаудан  басталады.  Адамды  істеген  ісінен 
білесің.  Көптеген  адамдардың  табысқа  жетпеуінің  себебі,  өзі  туралы  өте 
төмен  пікірде,  қабілетім  жоқ  деп  есептейді.  Бұл  алған  тәрбиенің  нәтижесі, 
себебі  сәби,  бала  күнінен  ананы  істеме,  мынаны  істеме  деп  өзін  силауды 
ұмыттырып  жіберген.  Ол  өзін-өзі  бағалай  алмайды.  Біздің  қоғамда  жалпы 
мораль өзін-өзі силаған, сүйген адамды жазғырады, сондықтан да сіз туралы 
басқа адамдардың теріс пікірін өзіңіз жоққа шығарған уақытта табыс келеді. 
 
Өзіңді  өзіңе  елестету  үш  құрамдас  бөліктен  тұрады:  бірінші  өзіңді 
қалай  көргің  келетінінен  немесе  өзіңіздің  арманыңыз,  екіншіден  қазіргі 
сәттегі  нақтылы  қалпыңыз,  үшіншіден  өзіңді-өзің  силаудан  немесе  өзің 
туралы  өзіңе  берген  жоғарғы  бағаң.  Сіздің  өзіңізді  қалай  көргіңіз  келетін 
арманыңыз сізді жеңіске, табысқа әкелуі мүмкін. Біз өмір сүретін орта белгілі 
ретпен құрылған емес. Біз өз тағдырымызды өзіміз өзгерте аламыз. Біз өмірде 
қай бағытпен жүрсек те өз еркіміз. 
 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  адам  неге  азып-тозып  құлдырайды, 
себебі неде? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  адамның  құлдырауы  жүрегінің  былғануынан 
басталады.  Жүрегі  таза  емес  адам  өзінің  табиғи  міндеттерін  дұрыс 
орындамайды. Сөйтіп жалқаулыққа ұрынады. Бұл оны енжар, салғырттыққа 
итермелейді. Әрі қарай жарамсыз қылықтар пайда бола бастайды. Сөйтіп ол 
алдау-арбау,  өтіріктен  тірек  табуға  ұмтылады.  Бұл  оны  имандылықтан  ада 
қылады.  Әрі  қарай  оның  құлдырауы  ұлғайып,  ақыры  оны  ажалға  әкеледі. 
Осылай бейберекет өмір надан, әрі қысқа, бейнеті көп болады.  
Адамның  жетiлу  жолындағы  жететiн  деңгейi  оның  санасының  ояну 
дәрежесiне  байланысты.  Адамның  сана-сезімі  неғұрлым  ояу  болса  –  оның 
рухани  деңгейi  солғұрлым  жоғары  болады.  Ол  үшiн  рухани  бiлiм  алып 

 
250 
рухани  жолға  түсу  арқылы  көкiректi  тазарту  керек.  Сонда  жүректiң  көзi 
ашылып, жан оянады.  
Рухани  бiлiмi  суалып  имандылығынан  айырылған  төменгi    сатыдағы 
адамдар  салауатты  өмірдiң  қоғамдағы  қабылданған  моральдық-этикалық, 
адамгершiлiк,  кейде  тiптi  өзiнiң  денсаулығына  көмегi  бар  қарапайым 
қағидаларын  да  бiле  бермейдi.  Осының  барлығы  бұрынғы  атеистiк  Кеңес 
Одағы  құрамына  енген  мемлекеттерде,  оның  iшiнде  бiздiң  республиканың 
бүгiнгi жағдайында жақсы көрiнедi. Әуелден қалыптасқан ұлттық дәстүрлер 
мен әдет-ғұрыптар ұмытылып, олар халықтың тұрмысын реттейтін бұрынғы 
қалпынан қалып барады. Бұрынғы заманда адамның өмірі бірбеткей тыныш, 
бірқалыпты  болды.  Оның  себебі  ұлттық  салт-дәстүрлер  мен  бүкіл  халыққа 
ортақ  менталитет  әркімге  бірбеткей  ой-өріс  пен  өмір  салтын  берді.  Қандай 
өмірдің қиын соқпақтары болса да ұлттық салт-сана мен қалыптасқан әдет-
ғұрыптар  әркімге  мәселені  ушықтармай  дұрыс  шешуге  мүмкіндік  беріп 
отырды.  Себебі, ұлттық салт-дәстүр мен халық менталитеті заман ағымы мен 
табиғат  ерекшеліктерін,  халықтың  тіршілік  көріністеріне  байланысты 
қалыптасады.  Халық  дәстүрі  табиғат  заңдылығына  үйлесімді  болып  келеді. 
Табиғаттан алынған тәжірибе халық санасында қорланып, қорытылып жалпы 
елдің мінез-құлқы, әдеті болып кетеді. Сөйтіп халық даналығына айналады.  
Қазақтың  көптеген  ұлттық  салт-дәстүрлерін  елдің  беделге  бөленген  би, 
хандарымен бекітіп, мемлекеттің заңдарына да айналдырды.  
 
Сұрақ:  –  Ерболат  Дүйсебайұлы,  өзін  рухани  дамытқысы  келетін  адам 
не істеуі қажет? 
Жауап:  –  Әсет  бауырым,  кім  де  кім  рухани  жолмен  өзін  дамытқысы 
келсе  алдымен  көрінбейтін  әлемге  сезімталдығын  жетілдіру  қажет.  Бұл  тек 
дайындықтың  басы  ғана.  Осының  бір  жолы  ашығу.  Сіз  ұзақ  не  жиі-жиі 
мерзімге  ашығуды үйренсеңіз денедегі жамылғы сияқты нәзік арналарыңыз 
тазарып  табиғаттың  тылсым  сырларын  түсінесіз.  Тек  қана  денсаулығыңыз 
ғана  емес,  тұрмысыңыз  да  күрт  жақсара  бастайды,  себебі  тек  тәніңіз  ғана 
емес, жаныңыз да тазарады, Жаратушыға жақындай түсіп, көрінбейтін әлемді 
сезе  бастайсыз.  Жаратушының  бар  екенін,  өзіңізді  қолдап  жүргенін  бар 
болмысыңызбен  сезесіз.  Өзіңізге  мәлім  емес  қабілет  пен  қасиеттеріңіз 
ашылады. «Мүмкін біреу ойлар, мынау не айтып отыр?», – деп. Осы жағдай 
тәп мына Әсет бауырым, сенің өз басыңнан өтіп жатқаннан кейін ғана айтып 
отырмын,  себебі  өзің  осы  7  жылдық  үзбей  ашығуыңның  нәтижесінде  кітап 
жаза  бастадың,  бұл  да  бір  табиғаттың тылсым  жұмбағы  емей  немене?  2000 
жылдары ауылда жүріп – арақ ішіп, бей-берекет өмір сүру мен надандықтың 
нәтижесінде  өліп  қала  жаздаған  көп  пенденің  біреуі  болатынсың.  (Бұл 
жайында  өзің  жазған  «Ашығу  құпиясы»  атты  1-ші  кітабыңда  толықтай 
жазғансың).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет