Алматы облысы, Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық аумақтық
әкімшілігінің төрағасы Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиевтің үшінші
толғауы.
251
Тақырыбы: Біз кімбіз?! Ғарышта біздің алатын орнымыз қандай?
Ғарыштық әлемді қалай суреттеуге болады? Рухани ілімді игеру үшін не
істеу керек? Өмірде жетістікке, табысқа қол жеткізу үшін не істеу
керек? Жаңаша ойлау дегеніміз не? Табысқа жетуге бөгет жасайтын қате
пайымдауды қалай түсінеміз?
Сұрақ: – Біз кімбіз?!
Жауап: – Есіңізде болсын – сіз адамзат әлемінің денесінде бір жасауша
(клетка) ғанасыз. Осы жасаушаға басқа жасаушалармен әрекет ету үшін ішкі
үйлесімділік (гармония) қажет. Егер сіз осыған қол жеткізсеңіз, онда сіздің
қуатыңыз бен өмірлік күшіңіз – өміріңіздегі тұрмыс-жағдайыңызды өзгертуге
ғажайыптар жасауға қарай бағытталады. Өзіңіздің де, қоршаған ортаның да
Жаратушының бір ғажабы екеніне ынта-жігеріңіз бен ақыл-ойыңызды
топтастырыңыз, осының төңірегіне жиынтықтаңыз. Кім бола алмағаныңыз
бен жетіспеушілік туралы ойды басыңыздан мүлдем қуыңыз. Сіз жетілгенсіз,
шарықтау шегіне жеттіңіз. Сіз енді осы қалыпта болмайсыз, сіз болмыстың
барысыз! Осыны өмірдегі тәжірибеңізге сүйене отырып ойланыңыз. Егер
осыған дейінгі жинақтаған тәжірибеңізге, қазіргі денсаулығыңызға,
қызметіңізге, жақын адамдармен қарым-қатынасыңызға – өмірге қазір
қуанбасаңыз, онда алда тұрған тағы да болатын жаңа өзгерістерге де қуана
алмайтын боласыз. Біздің өмірге қуана білуіміздің бастауы, сыртқы әсерге
емес, өзіміздің өмірді қалай қабылдауымызға байланысты. Бақыт пен
қанағаттанушылықты бізге ешкім де сырттан бере алмайды. Өміріміздің
сапасы өзіміздің таңдауымызға байланысты, ал таңдау біздің өз еркімізде.
Ғарыштағы алатын орнымыз біздің ойлауымызға сәйкес болады. Сіздің
қанағаттануыңыз үшін көбірек нәрсе берсе де, сіз бәрібір қанағаттана
алмайсыз.
Сізде онсыз да бәрі бар. Сізде көпшілігіміз армандап жүрген – рухани
ілімге, баққа, бақытқа, табысқа, қанағаттануға керекті нәрселердің бәрі де
бар. Бізде тамақ, ауа, су ең бастысы ішкі қуат, ең бақытты, білімді адамға
айналатын ойлау мен осыны іс жүзіне асыру қабілеті бар.
Біздің осы қалпымыздың өзі бір ғажайып, осыны бағалап, ардақтап,
дәріптей білуіміз керек. Біз кездескендердің бәріне де сүйіспеншілік
пиғылын танытуымыз қажет. Сіздің әлем – сансыз байлық пен шексіздік,
осыны қалай ойласаң, солай қалауыңыз болады. Тіпті қараңғы қапас пен
қамауда да ой еркіндігін сақтай аламыз. Бізден бұны ешкім де, ешуақытта да
тартып ала алмайды! Осыны түсінсек, бүкіл өміріміздің болмысын рухани
ілімге, молшылыққа, байлыққа және шексіз бақытқа толтыра аламыз.
Шындығында да, сізде бәрі де бар. Өмірге керекті молшылық пен
байлық дәл қазір сізде бар. Тек қана осыған өзіңіздің ақыл-есіңізді, ынта-
қалауыңызды, қуат-күшіңізді, мақсат-мүддеңізді бағыттап, осыны іске асыру
үшін және рухани ілім алу үшін жұмыс жасасаңыз болғаны.
Сіз өміріңізде қоршаған ортаны, үйіңізді, жұмысыңызды, бет
әлпетіңізді, киген киіміңізді тәртіпте, ұқыптылықта ұстауға ұмтыласыз –
әрине бұл өте тамаша, бірақта сіздің ойлауыңызды, сезіміңізді өз еркімен
252
жібергенсіз. Себебі осылардың нақтылы көрінбейтін әлемде бар екеніне
сенбейсіз, сізге енді жетіспей жатқан жағы осыларды тәртіпке салып, өзара
үйлесімділігіне қол жеткізу.
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, осы ғарышта біздің алатын орнымыз
қандай?
Жауап:– Әсет Ризаұлы, сіз бен біз және басқа адамдар да осы шексіз
ғарыштағы Жаратушы жаратқан пендесінің біреуі ғанамыз. Бар болғаны осы.
Сіз – жеке адамсыз және адамзатсыз. Сіз, басқа адамдар сияқты ақиқатсыз
және қайталанбайтын адамзат қоғамының құндылығысыз. Осы толық
жетілгеннің баға жетпес байлығы мен молшылығысыз. Адам баласындай
басқа жетілген тіршілік иелері бар ма? Сізден артық құндылық бар ма?
Сұрақ: – Ғарыштық әлемді қалай суреттеуге болады?
Жауап: – Ғарыштық әлем мәңгілік ұлғаятын, тек біз ойымыз арқылы ғана
бөгет жасайтын, кедергісі жоқ құйылып жатқан өлең-жыр сияқты көрініс.
Адам өзінің ақыл-есі арқылы ғана еркіндікке шек қойып алған. Су кемеріне
жеткенде, жер одан қалқып шығады. Ауа мен су межемен бөлінбеген, олар
бір-бірімен қатар ағып керемет үйлесімділік жасайды.
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, рухани ілімді игеру үшін не істеу керек?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, ол үшін күнделікті өзіңіздің санаңызды, ойлау
жүйеңізді қалай пайдаланып жүргеніңізге талдау жасап, тексеріп отыруға
уақыт бөліңіз. Өзіңізге жетіспейтін нәрселерді ойлауға қаншалықты ақыл-
есіңіз бен санаңыздың қуатын шоғырлайтыныңызды анықтаңыз. Көбірек
қамту мен ісіңіздің жүрмей жатқанын айтып шағымдануға қанша уақытыңыз
кететінін есептеңіз. Өз арыңыздың алдында адал болыңыз. Осылай істегенде
–
уақытыңыздың басым бөлігі осындай ойларға бөлінетініне көзіңіз жететін
болады. Олай болса, осы ойлау жүйеңізді өзгертуге күш салыңыз. Өз
ойыңыздың ағымын қалай болғыңыз келетініне алмастырыңыз, біртіндеп бұл
әдетке айналып кетеді. Сіздің қазіргі ойлау жүйеңіз, ойларыңыздың басым
бөлігі өзіңізге керексіз-келеңсіз нәрселерді қоректендіріп жатқанын түсініп
алыңыз. Осыны нақтылы түсінгенде ғана, ойыңыздың ағымын өзіңізге
керекті арнаға бұра аласыз.
Бізге рухани ілімді, бақытты болуды, молшылық пен байлықты іздеп
қажеті жоқ. Біз онсыз да осының ішінде шомылып жүрміз. Балық мұхиттың
ішінде қанша жүзсе де, бәрібір мұхиттан шыға алмайды. Біз де солаймыз.
Өзіңіздің әрбір күніңізді қалай өткізетініңізді шешіңіз. Рухани ілімді
игерсеңіз, бақыт пен молшылық – сіздікі, тек қана аламын деген қалауың
болса болғаны. Рухани ілім – сіздің адамгершілігіңіздің бөлінбес бір бөлшегі.
Бұл тек таңдаулы пенделерге ғана берілген нәрсе емес. Осы тұрған
қалпыңызда-ақ рухани әлем іліміне сүңгіп кетуіңізге болады. Тәп қазір не
ойлап тұрсыз, осы ойыңыз ұлғая береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
Өз ойыңыз, ақыл-есіңіз, қалау-ниетіңізбен рухани іліміңізді жетілдіруге,
молшылық пен бақытты өмірге апаратын іс-әрекетке, осы кітаптағы білімді
негізге, басшылыққа алып, ойлау жүйеңіз арқылы қолма-қол кірісе беріңіз.
Сұрақ: – Өмірде жетістікке, табысқа қол жеткізу үшін не істеу керек?
253
Жауап: – Өмірде қандай болмасын жетістікке, табысқа қол жеткізгіңіз
келсе: «мен осыған лайықпын», – деп өзіңізді иландырып алыңыз. Бұл дұрыс
сезім. Рухани ілімнің, бақыттың, молшылықтың келуі, өзіңізге-өзіңіз қалай
қарауыңызға байланысты. Егер де табысқа қол жеткізгіңіз келсе – өзіңізді
осыған лайықпын деп есептеп, Жаратушыға сеніп, адамдардың
кемшіліктерін кешіре білсең – молшылық пен табыс сіздің сиыңыз болады.
Рухани ілім, бақыт пен молшылық та құс сияқты, балапандарын басып
шығару үшін ұясын өзіне жайлы жерге салады. Қазекеңнің бақытты құсқа
теңейтінінің мәні мен мағынасы осында жатыр. Білімді, дәулетті, абыройлы
адамдарды: «Басына бақ құсы қонған», – деп асқақтататыны да содан. Ал бақ
құсының басына қону қонбауы өзінің санасы мен ойлау жүйесінде бұғып
жатқанын көпшілік білмейді, сезбейді. Өзінде бар бақ құсын өзі түсінбейтін
айдаладан іздейді. Сондықтан да басқаға еліктемей, өзіңмен-өзің болуың
керек.
Ал қазіргі замандағы Еуропа мәдениеті араласып, халықтың салт-
дәстүрлері ұмытылып, қоғамдық сана-сезімде бейберекеттік араласа
бастағанда ел салауатты өмір салтынан айырылып, өмірде көптеген келеңсіз
көріністер пайда бола бастады. Бұл оларды салауатты өмірден бұрып,
көптеген қиындықтар тудырды, аурулардың көбейiп, адам ғұмырының
қысқаруына әкелiп соғып отыр. Сондықтан, ұлттық дәстүрлерді қайта
жандандырып, қалпына келтірудің маңызы өте зор. Бұл көпшіліктің санасын
көтеріп, адамның жоғары сатыларға көтерілуіне мүмкіндік береді. Салауатты
өмір терең рухани білімге негізделген тіршілік жүйесі. Оған жету үшін әуелі
білім алу керек.
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, жаңаша ойлау дегеніміз не?
Жауап: – Әсет бауырым, біз көбінесе өзімізге қанағаттанбаймыз, бірақта
өзімізді өмірге разы адам етіп көрсетуге тырысамыз. Сіз қоршаған ортаға
байланбауыңыз, тәуелді болмауыңыз керек (жанұя, орта т.б.), осы ортада сіз
есейесіз, үйленесіз, зейнеткерлікке белгілі жолмен шығасыз. Бұндай
жағдайда сіз өлген кезде құлыптасқа мынадай жазу жазу керек: «Жиырма
жасында өлді, жетпісінде жерленді».
Адамдардың көбі өмірінің бірінші жартысын – екінші жартысын бақытсыз
етуге жұмсайды.
Ж. Лабрюйер
Сондықтан да сіз өзіңізді өмірде табысқа жетуге бағыттауыңыз керек,
есіңізде болсын: бөгет жасайтын жағдайларды да адамдар жасаған, бұл
қолдан жасаған қателіктер. Егер сіз өзіңізді тұрақты түрде жетілдіріп
отырсаңыз, бұл бөгеттерді жоясыз. Болашақты елестетіп, санаңызды дұрыс
тамақтандырып жаттықтыруыңыз керек. Табыс белгілі ойлау қабілетіңіз
болғанда – сәттіліке, заңдылыққа, әдет бағытыңызға айналады.
Енді өзіміздің кім екенімізге талдау жасайық, ол үшін өзіңізге тән бес
жақсы, бес жаман әдеттерімізді жазайық, сонан соң өзіміз қалайтын бес
қасиетті жазайық:
№ Жақсы әдеттеріміз
Олар сізге қалай көмектеседі?
254
1
Адалдық, өтірік айтпау
2
Еңбекке ерінбеу
3
Тәуекелшілдік
4
Өзіме ғана сену
5
Білімге құмарлық
№ Жаман әдеттер
Олар қалай бөгет жасайды?
1
Босқа мал шашпақ
2
Әр істің басын бір шалу
3
Жұмысты жоспарламау
4
Тым көңілшектік
5
Жан емес, нәпсі билеп кету
Өзім қалайтын әдеттер
№ Жаңа әдеттер
Олар қалай көмектеседі?
1
Бар дүниені бағалай білу
2
Бір бағытта жұмыс істеу
3
Күнделіктк істі жоспарлау
4
Көңілшектікті жою
5
Тәнді жанға билету
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, табысқа жетуге бөгет жасайтын қате
пайымдауды қалай түсінеміз?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, сізге қоғамның тигізетін әр түрлі әсерін
ескерсек, онда неліктен сіздің табиғи қабілетіңіздің, ішкі мүмкіншілігіңіздің
жабылуы белгілі болады. Сондықтан да іс-әрекет жоспарын құрмас бұрын, ең
бастысы болашақта кездесетін бөгеттерді және оны жою жолдарын анықтап
алуың қажет. Бұған: қорқыныш, мазасыздық, уайым, беті қайту, босаңдық,
ынжықтық, өз-өзіңе разы болу және бұрынғы кемшіліктерің мен қателіктерің
жатады.
Біздің қазекеңе тән нәрсе – пенде бала күнінде бәрін істегісі,
көмектескісі келеді, бірақ үлкендер: «бұл сенің қолыңнан келмейді, бар
ойна» – деп баланы ұрысып қуып жібереді, ал осы бала есейгенде ынжықтау,
жүрексінгіш болады. Бұлар да өмірде өздерін жолы болмайтындардың
санатына қосып, болашағынан түңіледі. Оларға бұл сыртқы жағдайлардың
әсері болып көрінеді, ал бұл олардың санасына бала кезінде сіңіп алған
уайым, жүрексіну, ынжықтығының нәтижесі. Ол өзін-өзі осыған бейімдеп,
жоспарлап қойған.
Алматы облысы, Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық аумақтық
әкімшілігінің төрағасы Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиевтің төртінші
толғауы.
Тақырыбы: У айым дегенді қалай өзгертуге болады? Арамдықпен, қулықпен
өмір сүргісі келетіндердің арты неге соғады? Қ орқыныш пен
255
мазасыздықтан қалай құтылуға болады? Істі кейінге қалдыру мен
тоқмейілсудің әсері? Өткен қателіктер мен кемшіліктерді қалай қабылдау
керек? Табыстың негізгі себебі неде?
Сұрақ: – Ерболат аға, уайым дегенді қалай өзгертуге болады?
Арамдықпен, қулықпен өмір сүргісі келетіндердің арты неге соғады?
Жауап: – Әсет бауырым, біз өзімізді сезім арқылы өзгерткенде ғана
жақсы жақтарға қарай тұрақты түрде өзгерте аламыз. Біздің бай-бақуатты
жоғары дәрежеге жетіскіміз келеді, бірақ осыны іске асыру үшін өзімізбен
жұмыс жүргізбейміз, өзімізді жақсылыққа, алдыға жетелемейміз. Көптеген
адамдардан естуге болады: «Менде анау болса, мынау болса, мен ойымды
іске асырып дәулетті болар едім» – деп. Бұл жерде реті дұрыс көрсетілмеген.
Біз жетістікке, табысқа қол жеткізуіміз үшін, ең алдымен мінезімізге
көптеген басқа қасиеттер егізуіміз керек. Өз ойлағанымыздай адам болған
кезде ғана, нәтижесінде ойлаған ісіміз жүзеге асады.
Табиғаттағы өзгерiстер нәтижесiнде бiр себептiң салдарынан екiншi
себеп пайда болып, оның салдары келесi себептi тудырып, бiрiмен-бiрi
жалғаса бередi. Адам баласы осы әділет заңдылығы сияқты табиғаттың
өзгермейтiн заңдылықтарын, байланыстарын бiлiп, дұрыс әрекет еткенде
ғана оны өз мүддесiне лайықты пайдалануына болады. Табиғатқа күш,
зорлық жүрмейдi. Адал еңбек, иманды өмір болмай, тек өз құрсағының
қамымен, ұрлық, қулық жасап, арамдықты ғана ойлайтын адамдар ол
дүниеде де, бұл дүниеде де жақсылық көре алмақ емес. Себебi не ексең,
соны орасың. Әлем өмірiнiң үлкен тiрегiнiң бiрi болып табылатын
әдiлеттiлiк заңдылығы осыған негiзделедi. Әдiлеттiлiкке негiзделген себеп-
салдар заңдылығын Абай былай бiлдiредi:
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бiр күнi сынар шөлмек.
Шөлмектiң мың күн сынбау себебi – әлi уақытының келмеуi. Уақыты
келгенде ол мiндеттi түрде сынады. Бұл кездейсоқ емес, бәрiнiң де себебi бар.
Оның себебi – өткен өмірдегi арамдық. Арамдықтан жамандық мiндеттi
түрде туындайды.
Адамның сана-сезімі өмір сүретiн ортаға, өз қабілеттеріне, ұлттың,
мемлекеттiң саяси-әлеуметтiк жағдайына тiкелей байланысты. Бұл
отбасылық, рулық, ұлттық, мемлекеттiк, әрi кетсе бүкiл адамзаттық
тағдырлар тудырады. Бiр сөзбен айтқанда адамзат тағдыры мен оның өмір
сүру жағдайлары адамдардың iс-әрекетiнен туындайды.
Сонымен, салауатты дұрыс өмір сүру үшін дұрыс іс-әрекет жасай білу
керек. Егер болмыс заңдылығынан шығып нәпсіқұмарлыққа ұрынсаң, соған
байланысты қорлық өмір көресің. Ал имандылық жолымен жүрсең өзіңді де,
256
қоршаған ортаңды да жоғары мақсатқа бағыттайсың. Қайсысын таңдасаң да
ерік өзіңде. Тек қана болмыстың бұзылмайтын әділет заңдылығын әрдәйім
есте ұстау керек. Сонда ғана әрбір адам өз өмірін өзі жасай алады.
Неден қорықсаң соны істе, сонда сен өз қорқынышыңды жоясың. Марк Твен
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, қорқыныш пен мазасыздықтан қалай
құтылуға болады?
Жауап: – Өмірде қандай мақсатқа ұмтылғаныңызды анықтап алып,
көңіліңізді, қалауыңыз бен ынтаңызды осы жолға бағыттау қажет. Не істеу
керек екендігін білмейтін адамдар өмірде немқұрайлы болады, бұл орынсыз
мазасыздануға ол қорқынышқа әкеледі. Қазіргі өміріміздің көпшілігі
болашақта не болатынына мазасызданумен өтеді, ал қалған уақытта өткен
қателіктерімізге кінәлы сияқтымыз. Сондықтан да нақты өмірімізде де
өзіміздің мүмкіншілігімізді іске асыруға уақыт табылмайды. Сезiмдер
материалды болғандықтан, олар рухани ләззатты қабылдай алмайды. Жан
рухани құмарын қандыра алмай ашығып, бүкiл адам болмысы сергелдеңге
түсiп, жан иесiн тұйыққа тiрейдi. Осының салдарынан жан өмірден түңiлiп,
бәрiнен жалығады. Бұл туралы Абай жиырмасынша сөзiнде былай деп
жазады:
"Тағдырдың жарлығын бiлесiздер – өзгерiлмейдi. Пендеде бiр iс бар
жалығу деген. Ол – тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны адам
өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.
Қайраттанып, сiлкiп тастап кетсең де, ақырында тағы келiп жеңедi.
Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының
жалықпайтұғын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де,
мақтаннан да, кербездiктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да
көңiл аз ба, көп пе, жалығады. Оның үшiн бәрiнiң ғайыбын көредi,
баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды. Дүние бiрқалыпты
тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бiр қалыпты тұрмайды. Әрбiр
мақұлыққа Құдай тағала бiрқалыпты тұрмақты берген жоқ".
Ойшылдың осы сөздерiнен көп нәрсенi ұғуға болады. Бұл фәни өмір
жалған, тұрақсыз. Жан қанағат ала алмағандықтан адам бәрiнен де
жалығады. Бiрақ жалығу деген ақылы түгел, ойлы адамның баласына ғана
лайық. Ақылсыз адамдар жалығуды бiлмей, фәни қызығын алған үстiне ала
бергiсi келедi. Себебi олардың жүрегi әлi ұйқыда, жандары
тазармағандықтан, өмірдiң жоғары деңгейiн біліп, сезiнбейдi.
Ерлік қорқыныштың жоқтығы емес, өз қорқынышыңды бағындыра білу.
Радьярд Киплинг
Сұрақ: – Істі кейінге қалдыру мен тоқмейілсудің әсері?
Жауап: – Бұл біздің даму жолындағы бөгетіміз. Өзімізді-өзіміз ар
ұятымыздың алдында алдап ақталуымыз. Еріншек адам еш уақытта бақытты
болмайды, істейтін істі істеп тастаңыз. Тоқмейілсу де істі ертеңге
қалдырудың бір түрі, бірақта өзіңіз оны сезбейсіз. Өмірдің жеңіл жолын
іздейсіз.
257
Істі істеп тастасаң, қолыңа билік тиеді.
Эмарсон
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, өткен қателіктер мен кемшіліктерді
қалай қабылдау керек?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, ешнәрсе істемейтіндер ғана қателеспейді,
нәтижесінде бір қадам да алға жылжымай өзінен озып кеткендерге
қызғанышпен қарайды, озғандар – тәуекелге барғандар. Өткен кемшіліктер
мен қателіктерді тәжірибе жинаудың мүмкіншілігі деп қабылдау керек.
Сіздің күшті не әлсіз болуыңыз – өзіңіздің іштей дайындығыңызға, көңіл
күйіңізге, елестеткен ой өрісіңізге байланысты.
Себепсіз ештеңе де жоқ, себепсіз ештеңе де болмақ емес. Тек қана
болған істің себебін бірден түсіну өте қиын. Оны кейбір аса жетілген адамдар
ғана көріп-білуі мүмкін. Осыны түсінбейтін көпшілік адамдар күнделікті
өмірдің қызығына түсіп, оның келешек әсерін ойламағандықтан, өздеріне
зиян келтіретін әрекеттерге ұрынып, көп күнәлар жасап алады. Ол күнәлар
басқа күнәларды тудырып, бүкіл қоғамға әсер етіп, адам баласы тағдырдың
шырғалаңынан шыға алмай, өмірдің тұңғиығына құлдырап бата береді. Бұл –
қоғам өміріндегі бейберекеттіктің негізгі себебі. Әділет заңдылығына сенген
адам өзін-өзі қадағалап, дұрыс әрекет жасауға ұмтылады. Бұндай адамдар
ұяты бар адамдар. Оларды ұят басқарып, әрбір істерін ұят қадағалап
отырады. Ал оған сенбеген адам нәпсісінің ырқымен болмыстың қандай
заңдылықтарын болса да бұза береді. Бұндай адамдардан құралған қоғамда
тәртіптің болуы мүмкін емес. Себебі, адамның өзінің ішкі дүниесі, ұяты
қадағаламағаннан кейін оны сыртқы күшпен қадағалап дұрыс жолда ұстау
әсте қиын. Олардың жандары кірленіп ауруға шалдыққан. Жан ауруын
материалдық әдіспен жазу мүмкін емес. Оны жазу үшін әділет заңдылығы
тәрізді тек қана рухани әдістер керек. Жандары ауруға шалдыққан
адамдардың көбеюі салдарынан қоғамдағы қылмысты істер, қызмет бабын өз
пайдасына шешушілік, бюрократия, өз міндетін дұрыс орындамаушылық
тәрізді келеңсіз көріністер молая береді. Олармен қарсы күресте полицияны
көбейтіп, сот, прократура тәрізді қоғам өмірін қадағалайтын органдарды
өрбіткеннің пайдасы шамалы. Себебі, олардың өздерінің жандары ауру. Адам
өзін-өзі қадағалайтын ішкі қуатынан айырылған кезде оны сырттан қадағалап
жөнге келтірудің мүмкін емес екенін өткен атеистік тоталитарлық жүйенің
өмірі жақсы көрсетті. Ол кезде дәрігерлер, тәртіп сақтау органдары мен
түрмелердің көбейгенімен, ауру адамдардың, қылмысты істердің саны одан
азайған жоқ еді ғой!
Сұрақ: – Ереке, табыстың негізгі себебі неде?
Жауап: – Өмірге қалай қарайсың, өмір саған солай қарайды. «Не ексең,
соны орасың». Біздің іс-әрекетіміз, ой өрісіміздің нәтижесі, ал біздің іс-
әрекетіміз басқа адамдардың сезіміне, көңіл күйіне, іс-әрекетіне әсер етеді.
Қалыпқа түсу дегеніміз, белгілі жүйеде ойлауға әдеттену. Бұны үйренуге,
жинақтап жүйеге түсіруге болады. Бұдан шығатын қортынды: біз өзіміздің
258
көңіл күйіміз бен ойлау жүйемізді бақылауға алып, өз өмірімізді өзіміз
басқара аламыз!
Дәулетке жету деңгейiндегi адамда терең рухани бiлiм жоқ. Ол тек қана
өмір заңдылығын бұзбайтын, адал еңбек етiп, әділ өмір сүретiн адам. Бұндай
адам туралы Абай өзiнiң жиырма бесiншi қара сөзiнде былай дейдi:
"Балаларды оқытқан да жақсы, бiрақ құлшылық қыларлық қана, түркi
(тiлiн) танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшiн бұл жер дарулхарап
(қауiптi), мұнда әуелi мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш
кiсiнiң көңiлiнде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Асап-
iшуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығы да – әртүрлi пәлеге,
ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секiлдi нәрселерге үйiрлендiруге себеп
болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, бiлiм түгiл өнер керек
екен. Соны үйренейiн не балама үйретейiн деп ойына жақсы түседi".
Мiне, Абайдың бұл данышпандық сөзiнде сөз болып отырған адамның
болмысы берiлген. Бұл адамның әрi қарай жетiлуiнде маңызды орын алатын
кезең. Абайдың айтуынша, оқу-бiлiм, өнер үйрену тәрiздi өзiн жетiлдiру тек
қарын тойғаннан соң болмақ. Әуелi материалдық дәулетке жету барлық жан
иелерiнiң мақсаты. Яғни, адамның рухани жетiлуi үшiн әуелi өмір сүруге
қолайлы жағдай болсын. Үйленiп үй болып, бала-шағалы болғаннан кейiн
оларға таршылық көрсетпей, тұрмыс-тiршiлiгiне қажеттi тағаммен, киiм-
кешекпен қамтамасыз ету керек. Ол үшiн адам қоғам өмірiне араласып, түрлі
ұйымдар-қоғамдастықтарға кіріп, еңбек етiп, қаражат, мал табады. Мiне осы
тәрiздi өмірлiк қажеттіліктерге қолы жеткеннен кейiн ғана адам өзiн әрi
қарай жетiлдiруге көңiл бөле алады. Сөйтіп бақыт сезіміне бөлене алады.
Осы деңгейдегi қарапайым адамдарға Абай көбiнесе еңбек етудi, мал
табудың жолын үйренудi ұсынған. "Ақыл дәулетке бiтпейдi, ақылға
дәулет бiтедi, – дептi Абай Дәулетиярға. – Ақылды орнымен жұмсап,
бақыт, дәулет табу – әрбiр адамның жiгер, талап, қайраттылығына, еңбек,
өнерiне байланысты". Стамбек дегенге ол: "Кедейлiктен еңбек қылсаң
құтыласың, жалғыздықтан көппен пiкiрiңдi қоссаң құтыласың", – деген.
"Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей." – деген мәтелге айналған,
ұлағатты сөзі де осы қатардан. Бұл деңгейге жете алмай жүргендерді "Талай
сөз бұдан бұрын көп айтқанмын" өлеңінде : "Не ғылым жоқ, немесе еңбек те
жоқ, Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай." – деп мүсіркей сөйлейді.
Сондықтан қайтсең де мал тап, еңбек ет. Бірақ келесі деңгейге көтерілу үшін
имандылықты өсіру керек екенін ұмытпа. Сондықтан малды қулық,
сұмдықсыз өзіңнің адал еңбегіңмен табу керек. Әйтпесе ондай еңбектің
пайдасынан көрі зияны көп болып кетеді дегендей, ақын былай деп жазады:
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек к...н жусаң да мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,
Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас.
259
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Ойшылдың осы ғибратты сөздері әсіресе бүгінгі жаңа бой көтеріп, байып
келе жатқан бизнесмен, коммерсант жастар үшін өте маңызды. Себебі кейбір
жас бизнесмендер арасында қолына жинаған аздаған қаражатын нәпсінің
соңына салып, өздерінің еңбегін, елдің байлығын босқа рәсуә қылып, шашып
жүргендер бар. Оларға ұлы ойшыл "Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас." –
деп ескерту жасағандай болады. Одан да тапқан байлығыңды халық үшін
пайдаланып, өз болмысыңды түзетуге жұмсап, әрі қарай жетілуге ұмтыл
дегендей болады.
Сонымен бірге, мақсат жалғыз "құрсақ қамын ойлау" болса, дәулетке
жеткен адам сонымен қанағаттанып, әрi қарай талпынбаса өмірдiң негiзгi
мақсатын есiнен шығарып алуы мүмкiн. Негiзгi мақсатынан айрылған адам
көңiлiн өмірдiң шырғалаңдарына аударып, одан шыға алмай шырмалып
қалады. Сондықтан ойшыл бұл деңгейдегi адамдар қолы жеткен азын-аулақ
мал-дәулетпен тоқырап қалмай, жетiле түсуге, көкiрек көзiн ашып, келесi
деңгейге көтерiлуге жол сiлтейдi. Ол өзінiң үшiншi қара сөзiнде:
"
Қазақтың бiрiнiң-бiрiне қаскүнем болмағының, бiрiнiң тiлеуiн бiрi
тiлеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш
болатұғынының, өздерiнiң жалқау болатұғынының себебi не?" – деп адам
мiнезiнiң көлеңке жақтарын тiзе келiп соның себебiн өзi әрi қарай былай деп
түсiндiредi:
"
Мұның бәрi төрт аяқты малды көбейтемiннен басқа ойының
жоқтығынан, өзге егiн, сауда, өнер, ғылым – солар секiлдi нәрселерге
салынса, бұлай болмас едi".
Мiне, данышпан төменгi деңгейдегi бейбақтарға "еңбек ет, мал тап" десе,
оған жеткендерге "оны енді таста, онан да жоғары мақсат бар, соған ұмтыл"
дегендей олардың алдына басқа мiндеттi көлденең тартады. Үйткенi
мұқтаждықтан құтылып, белгiлi мөлшерде мал-дүние жинаған адам өз
алдына биiгiрек мақсат қоюға, бұрынғы шеңберден кеңiрек ойлауға
мүмкiндiк алады. Имандылығы әрi қарай дамығанда тамағы тойып, "әртүрлi
пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секiлдi нәрселерге" бармайды. Бұл
оның нәзiк болмысын, ақыл-ес, ой-өрісiн тазартады. Егер адамның
имандылығы өспесе, ол сол деңгейде тұсалып қалады, тiптi төмен құлдырауы
да мүмкiн. Бұларға Абай "Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам
баласын" деп ескертедi.
Сөйтiп ізденгіш адам өмірден қанағат алып, ләззаттанғысы келедi. Оның
санасы енді тән деңгейінен көтеріліп ақыл-ес деңгейіне жетеді. Мұндай адам
бiлiмге, өнерге, түрлi ойын-сауық, қызықтарға көңiл бөле бастайды. Бұл –
оның келесi деңгейге, сезiм қанағаты деңгейiне көтерiлуiнің, өзінің сана-
сезімін әрі қарай дамытуының кепілі.
260
Алматы облысы, Қарасай ауданының Ұмтыл ауылдық аумақтық
әкімшілігінің төрағасы Ерболат Дүйсебайұлы Оразалиевтің бесінші
толғауы.
Тақырыбы: Имандылық дегеніміз не, оған қандай адамдар, қалай
келеді? Имандылықтың реттегіш тәртіптері қандай? Ақыл-есті билеп
алған жоқшылықтан қалай құтылуға болады? Неліктен өзіңіздің ойыңызды
не нәрсеге шоғырландырсаңыз, сол ұлғая береді? Сіз жетілгеннің бәрісіз деп
не себепті айтамыз? Молшылыққа қалыптасу деген не?
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, имандылық дегеніміз не, оған қандай
адамдар, қалай келеді? Имандылықтың реттегіш тәртіптері қандай?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, жетілу жолындағы адам Құдайдың Өзіне
сенiп, Оның сансыз көп қуаттарына сенiп, не болмаса олардың кәрiнен
қорқады. Имандылық кімге болса да адамгершiлiгін жоймай, дұрыс өмір
сүруіне мүмкіндік береді. Санасы жоғары адамдардың өмірі өздерінің ішкі
дүниесімен басқарылып, олар ұят сезімін аяққа баспайды. Ал санасы төмен
болып ұят сезімдері өздерін басқара алмайтындарға дұрыс өмір сүру үшін
басқа тәртіптер керек. Оларға жасаған қателіктері үшін соған сәйкес
жазаларын беріп, табиғаттың әділет заңы барын сездіріп, бойларына сіңіру
керек. Жазадан қорқу оларды өздерінің адамгершiлiк қасиеттерiн сақтап,
табиғи мiндеттерiн орындауға мәжбүр етедi. "Ғылым-білімді әуел бастан
бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір
қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым,
білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам
болады". – деп жазады Абай отыз сегізінші сөзінде. Діннің де "Жақсылығың
үшін – жұмақ, жамандығың үшін – тозақ" деген қағидасы осы принципке
негізделген болса керек.
Реттегіш тәртіптерге имандылық қана емес, басқа да жүйелер жатады.
Халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, тіпті бір кездегі
"Коммунизм құрылысшысының моральдық кодексі" де реттегіш тәртіп бола
алды. Мысалы, Кеңес дәуiрiнде үкiмет орнатқан темiрдей қатты тәртiптiң
арқасында ұрлық-қарлық, жұмысқа шықпай қалу сияқты қоғамға зиянды
әрекеттер қатты жазаланып отырғандықтан, әркiм өзiнiң мiндетiн дұрыс
орындауға ұмтылды. Соның нәтижесiнде алғашқы тәртiптiң әлi босаңсымай
тұрған шағында Кеңес елі жақсы жетiлiп, тiптi алдыңғы қатарлы
капиталистiк елдермен үзеңгі қағыстырды емес пе?!
Манада айтқан халықтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлері де
адамның адамгершілігін жоғалтпауына үлкен ықпал болып табылады.
Халықтың ұлттық дәстүрін бұзу қоғамға қарсы әрекет деген сөз. Сондықтан
олар қатты жазалануы керек. Бұрын бейберекет, қалай болса солай өмір сүрiп
жүрген адамға өзін дұрыс жолға салу үшін өнеге керек. Сондықтан ол рухани
жетілген, имандылығы жоғары кiсi іздеп, немесе өзіне жақсы қоғам іздеуі
керек. Бұл оның дұрыс жолға түсуін жеңілдетеді. Сонда ол түзелейiн деп
түзелмейдi, жақсы адамды ренжiтуден, қоршаған ортаның тәртiбiн бұзудан
қорыққандықтан, не болмаса оны сыйлағандықтан түзеледi. Сондықтан
261
пенде адам болуы үшiн не Құдайдан, не болмаса Оның қуаттарынан, қала
берді бұзуға болмайтын әділет заңдылығынан қорқуы керек. Адам
санасының төменгi деңгейінде басқа қозғаушы күш жоқ. Мұны бүгiнгi заман
өзгерiстерiнен көрiп отырмыз. Демократия орнап, жазалау қаупi
төмендегеннен кейiн ұрлық-қарлық, зинақорлық, пара алушылық, қызмет
бабын пайдаланушылық, сыбайластық, коррупция, жұмыстан қашушылық
тәрiздi қоғамға зиянды әділетсіздіктердің бетке шығуы – осының көрiнiстерi.
Бұлар – Абайдың "Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық – аздырар адам
баласын"– деген данышпандық сөзінің дәлелі.
Имандылыққа халқымыздың ғасырлар бойы жинаған әдет-ғұрып, салт-
сана болып қалыптасқан тәжірибелеріне қоса ұлттық психология, әдептік
нормалары, халықтың түрлі наным-танымдары жататыны белгілі. Бұлар да
түрлі реттегіш тәртіптерді құрайды. Оларға, айталық, үлкен кісінің жолын
кесіп өтпе, анаңа қатты сөйлеме, нанды аяққа баспа, ақты төкпе, гүлді жұлма,
көкті баспа, малды басқа ұрма, қарлығаштың ұясын бұзба, "жоқ" деп айтпа,
адамға қарап түкірме, кешке қарай көңіл сұрама, бейуақытта жылама, үйде
ысқырма, пышақты шалқасынан қойма, біреуге қару кеземе, таңдайыңды
қақпа, бөрігіңді теріс қаратып киме, мойныңа белбеу салма, отпен ойнама, екі
езуіңді керме, пышақтың жүзін жалама, адамды саусақпен санама, құстың
ұясын бұзба, тісіңді шұқыма, күлді шашпа, суға дәрет сындырма, шелектегі
суға аузыңды батырма, шашты аяқ астына тастама, құдыққа түкірме, киімнің
жағасын баспа тәрізді тәртіптер жатады. Мұхтар Шахановтың пайымдауына
қарағанда қазақта мұндай сөздер 240-тан асады. Бұлардың кейбіреулерінің
түпкі мәні бірден түсінікті бола бермеуі де мүмкін. Себебі бұл заңдылықтар
адамның психологиясымен, дүниенің көрінбейтін нәзік сырларымен
байланысты көрсетеді. Көкірек көзі ашық адамдар бұлардың барлығын
түсіндіріп бере алады. Ал қарапайым адамдарға олардың кейбіреулерін
түсінбесе де мүлтіксіз орындағандары абзал. Сонда ол табиғаттың көптеген
кесапаттарынан аулақ болады.
Жетiлуге бөгет болатын тәртiптер: арақ-шарап, нашақорлық тағы басқадай
адамның жүйкесiн қоздыратын нәрселердi қолдану; зинақорлық; харам тамақ
iшу; қарта сияқты құмарлықты қоздыратын ойындар. Бұлардың адамның
сыртқы және iшкi жан дүниелерiн кiрлетiп, тоздырғаннан, адамды
аздырғаннан басқа пайдасы жоқ.
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, молшылық пен байлық дегеніміз не?
Жауап: Әсет бауырым, бізді өмір бойы жұмыс істеуге үйретті, бірақта
ешкімде, ешқашанда жақсы тұрмыс жағдайы мен ақша табудың жолдары мен
әдістеріне үйреткен жоқ. Жаратушы бізді деніміз сау, бақытты және
молшылықта ғұмыр сүру үшін жаратқан – бұл жерге шыр етіп түскендегі әр
пенденің туа салғандағы құқы мен еркі!
Сен ең алдымен мыңдаған кедергілерді жеңе отырып, ақша табу мен
молшылықта тұруды үйрен, сонан кейін осы бар байлығыңнан бас тарт. Өз
маңдай теріңмен тапқан байлықтан бас тарта білу – рухани күш пен
тазалықтың шыңы! Сен байлығың мен дүниең болғанда ғана басқаларға
қамқорлық жасай аласың, ал түгің жоқ кедей болып «мен құдай
262
жолындамын, рухани тазамын», – деп, не өзіңе, не елге пайдаң тимей, құр
кеуде қаққаныңның кімге қажеті бар?! Кедейлік пен жоқшылық – күнә!
Демек, молшылық пен байлықтың да ғарыштағы басқа заттар сияқты
шекарасы жоқ. Бұл біздің шектеліп қалған санамызға берген ғарыштың
жауабы. Біз өмір сүру қағидасын жоқшылыққа негіздемей, керісінше гүлдену
мен молшылықты өмір сүруіміздің шарты етіп қабылдауымыз қажет.
Егер біздің ақыл-есіміз, өреміз белгілі бір шеңбер мен қағидадан
аумағынан шыға алмаса, жоқшылықтың барына ғана сенсек, біз бүкіл
ғұмырымызды осылай ғана бағалаймыз. Егер біз жоқшылықта өмір сүрсек,
бүкіл қуатымызды, қалауымызды осыған ғана бағыштап, өмірімізді
жоқшылықпен өткіземіз. Адамдардың басым бөлігі жоқшылықты ғана
ойлағандықтан «Менің мұнан артыққа мүмкіншілігім жоқ», «Менің
балаларымда киетін киім де жоқ, мен қалай ғана молшылыққа сенемін»
немесе «Менде біраз ғана қаржы болса, бұдан жақсырақ тұрар едім...». т.б.
Өмірде жолы болмаған адамдар нашар тұрамыз деген сенімді
жүректеріне ұялатып алған, себебі олардың ойлаулары мен пайымдаулары да
кедей, жұтаң, таяз. Осындай жоқшылықты ғана ойлағандықтан олар жоғары
әлемдерден – ойымен, қалауымен, сөзімен өздеріне тек жоқшылықты ғана
тартады, өздері Жаратушыдан осыны ғана тілейтіндерін білмейді,
аңдамайды. Жаратушы осы ниет-қалауларын қабылдап сұрағанын беруде.
Осы жоқшылықтан құтылу жағдайлары қайсы? Мұның жауабын осы
күнделікті тіршілігіміз өтіп жатқан әлемнен табамыз. Біз осы әлемде өмір
сүріп жүрміз, сондықтан, оларды басқа әлемде табуымыз мүмкін бе? Нақ
шындық – осындағы байлық пен молшылық бәрімізге де артығымен жетеді.
Біз де ғарыштың шексіздігінің бір бөлшегіміз, осыны нақтылы түсінсек,
жоқшылықтан құтылудың мыңдаған жолдары мен әдістері бар. Мен осы
жоқшылықтан құтылған адамдарды көптеп кездестіремін. Олардың барлығы
да, соның ішінде өзім де осы шексіздіктің біз де бір бөлшегі екенімізді өмір
сүруіміздің шарты етіп қабылдап алдық, осыны жүрегімізбен түсіндік. Бірақ
осы жоқшылық билеп алған ақыл-есімізді, ойымызды, қалауымызды қалай
күрт өзгертуге болады?
Жарлылық ұяат емес, байлық мұрат емес.
Қазақ мақал-мәтелдері
Сұрақ: – Ерболат Дүйсебайұлы, ақыл-есті билеп алған жоқшылықтан қалай
құтылуға болады?
Жауап: – Әсет Ризаұлы, жоқшылықтан құтылудың адам ойының
өзгертудің бірінші қадамы – өзіңнің осы қалыпта бар екеніңе және қолыңда
бар дүниеге қанағат етіп Жаратушыға ризашылық білдіріп, алғыс айтып
тәубаға келіңіз. Бет алды алғыс айтпай – дәл қазіргі бар жағдайыңызға алғыс
айтыңыз. Өзіңіздің осы өмірдегі тіршілігіңізбен көз, құлақ, аяқ т.б. мүшелер
мен заттарыңыздың бар екенін, осының өзі ғажайып екенін жүрегіңізбен
сезініңіз, осылай бағалаңыз. Барлық ынта-жігеріңізді, ойыңыз бен
қалауыңызды жоққа, жетпейтін нәрсеге емес, керісінше, бар нәрселерге
топтастырыңыз.
263
Барлығы жеткілікті. Жетілген ғарышта жетіспейтін нәрсенің болуы
мүмкін емес, қалай жетіспейді? Бір Жаратушы жаратқан – ішкен суыңызға,
өзіңізді жылытатын күнге, дем алатын ауаға ризашылығыңызды білдіріңіз –
сонда ғана сіздің ойыңыз, жаныңыз жай тауып молшылық пен байлыққа
жетуге көмектеседі. (Сіз тән емес – жан екеніңізді ұмытпаңыз!).
Есіңізде болсын – сіз адамзат әлемінің денесінде бір жасауша (клетка)
ғанасыз. Осы жасаушаға басқа жасаушалармен әрекет ету үшін ішкі
үйлесімділік (гармония) қажет. Егер сіз осыған қол жеткізсеңіз, онда сіздің
қуатыңыз бен өмірлік күшіңіз – өміріңіздегі тұрмыс-жағдайыңызды өзгертуге
ғажайыптар жасауға қарай бағытталады. Өзіңіздің де, қоршаған ортаның да
Жаратушының бір ғажабы екеніне ынта-жігеріңіз бен ақыл-ойыңызды
топтастырыңыз, осының төңірегіне жиынтықтаңыз. Кім бола алмағаныңыз
бен жетіспеушілік туралы ойды басыңыздан мүлдем қуыңыз.
Ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіретін нәрселердің аумағын
біртіндеп ұлғайта беріңіз. Отбасың мен достарың. Тамақ пен киім. Қанша
болмасын ақшаңыздың барына. Осы өмірдегі өзіңізге қызмет істеп жатқан
әрбір мүлікке, әрбір затқа. Қасыққа, орындыққа, қаламыңызға – бәріне-
бәріне. Осыларды қажет кезінде уақытша қолданғаныңызға, осы заттардың
барына ризашылық сезіммен алғыс айтыңыз.
Өзіңіздің өміріңізде кездескен жандарға, адамзат өкілі болып
жаратылғаныңызға алғыс айтуды тәжірибеңізге кіргізе берсеңіз, біртіндеп
жоқшылық туралы ой-пікіріңізден арыла бастайсыз.
Жарлылығын жасырған байымас.
Қазақ мақал-мәтелдері
Сұрақ: Ерболат Дүйсебайұлы, неліктен өзіңіздің ойыңызды не нәрсеге
шоғырландырсаңыз, сол ұлғая береді?
Жауап: – Тағы да жоғарыда баяндалғандарды қайталап оқып шығыңыз.
Көңіліңізге қонады ғой. Сіз қалай ойлайсыз – солай болады. Мысалы, егер сіз
біреуге қарыз болсаңыз және жинаған біраз ақша қорыңыз бар болса, онда
барлық ойыңыз бен қалауыңызды жинаған ақша қорын қалай ұлғайтамын
деп қана ойлаңыз. Егер сіздің қарызыңыз бес мың теңге болып, ал жинаған
қорыңыз тек бес жүз теңге ғана болса, онда барлық ойыңызды осы бес жүз
теңгені қалай көбейтемін деп қана ойлаңыз. Сол кезде өзіңіз де осы бағытта
іс-әрекет жасай бастайсыз. Себебі, адамның іс-әрекетін оның ойы мен есі
басқарады. Тек қана жақсы жағын ғана ойлаңыз, сол кезде ақшаңыз да молая
бастайды. Егерде сіз, керісінше, тек қарызды және кедейшілігіңізді ғана
ойлай берсеңіз, онда жоқшылықтың есігін ашып қойғаныңыз. Себебі сіз
жоқшылықтан басқа түк те ойламайсыз. Мұны бір қауіпсіз аурумен
салыстыруға болады. Егер сіз тымау тиді деп ойлап, осыны кім көрінген
кездескенге мияулап айта берсеңіз, өзіңізді тіпті нашар сезіне бересіз,
жазылмайсыз. Ауруыңыз онан әрі өрши түседі. Себебі, сіздің өмірлік күшіңіз
бен қуатыңыз ауруды демеп отырады, өйткені, сіздің қалауыңыз осы болып
тұр. Енді, керісінше, мен өзімді керемет жақсы сезінемін, денсаулығым
264
тамаша деп ойлап және елге қайталап айта берсеңіз, денсаулығыңыз күрт
жақсара бастайды.
Сөйтіп, біз өзіміз не ойлаймыз, солай іс-әрекет қыламыз және осыны
өзімізге тартамыз. Бұның әсері магнит сияқты. Осы ойлар біздің күнделікті
жолбасшыларымыз. Өзіңіздің өміріңіздің қуат күшін жоқшылыққа
бейімдесеңіз, осы жоқшылық пен кедейшілік біртіндеп өрши береді.
Керісінше, бармын, мен байлықта, молшылықта өмір сүремін деп өзіңді-өзің
иландыра алсаң, ойың іс жүзіне қалай асқанын байқамай да қаласың.
Жаратушы не ойлайсың, жүрегіңмен, көңіліңмен нені армандайсың, не
туралы сөйлейсің, қысқасы, барлық ынтаңмен нені қалайсың соны береді.
Біздің қазақтардың басым көпшілігі ауыздарын қу шөппен сүртіп
үлкені мен кішісі, шалы мен жасы, еркегі мен әйелі жоқшылықтан басқаны,
әлбетте, айтпайды. Айтатын әңгімелерінің өзі, сана төмен болғандықтан және
рухани білімнің таяздығы мен жұтаңдығынан, осы деңгейден көтерілмейді.
Әңгімелерінің басты тақырыбы – бірін-бірі көре алмау, сыртынан жамандап
өсектеу. Біреуі байқаусызда сүрінсе көмектесіп жаны ашудың орнына – соны
табалау. Осындай кері кеткен оймен, қара ниетпен қалай ғана молшылыққа,
сыңғырлаған денсаулық пен шексіз бақытқа жетуге болады?! Бұрынғылар
«Рақым Алладан, пейіл адамнан» деп тегін айтпаса керек.
Қазіргілер бірін-бірі мақтауды, қанат бітіріп жігерлендіретін сөздерді
өте сирек айтады. Өздерінің жоқшылықтарының себептерін өре мен ойлауы
таяз болғандықтан, басқа бір адамнан іздейді. Ең бастысы – осыған тек қана
өзі ғана, өзінің ойлау жүйесі ғана кінәлы екенін білсе де білмегенсиді, өзінің
ары, ішкі дүниесі алдында да мойындағысы келмейді!
Яғни кеңес үкіметінен қалған құлдық санадан әлі құтыла алмай келеді.
Өз беттерімен тығырықтан шығатын жолдар мен әдістердің бар екенін
түсінбейді және осы бағытта ізденбейді. Тағы қайталаймын – басты себеп
рухани ілімнің жоқтығынан. Естеріңізде болсын – Сіздерге баю мен
молшылыққа жетудің, ақша табудың жолдарын мектепте, жоғары оқу
орындағы оқулардың да бір де біреуінде оқытпайды. Қазіргі еліміздегі
жоғары оқу орындарының басым көпшілігінің оқыту жүйесі ешқандай да
сынды көтермейді. Себебі – оқу бітірген дипломы бар жас маманды білімінің
жоқтығынан ешкімде жұмысқа шақырмайды, қабылдамайды, қазіргі заман
талабына сай емес. Ол да көп сорлының біреуі болып шығады, бар
айырмашылығы қойын қалтасында керексіз қатырма қағаз – дипломы ғана.
Осындай тығырықтардан шығудың жолын, қадірлі оқырман, осы
кітаптан табасыз! Молшылық пен шексіз бақытқа жету үшін адамға ең
бастысы денсаулық керек. Сіз өзіңіздің денсаулығыңызды жақсартудың,
ауырмаудың алдын алу мен ұзақ ғұмыр сүру әдісі мен жасарудың, байлық
пен молшылыққа жету жолдарының құпиясын да, өзіңізді мазалап жүрген
сұрақтардың жауабын да – осы кітапты оқысаңыз табасыз. Бұндай кітап қазақ
тілінде бұрын-соңды болмағанын, тұңғыш рет шығып отырғанын да біле
кеткеніңіз артық болмас деп ойлаймын. Осы кітаптағы ілім мен білімді өмір
сүру нұсқауы ретінде басшылыққа алсаңыз болғаны, қалғанының бәрі де
өзіңізде бар!
265
Сұрақ: – Сіз жетілгеннің бәрісіз деп не себепті айтамыз?
Жауап: – Сіз жетілгенсіз, шарықтау шегіне жеттіңіз. Сіз енді осы
қалыпта болмайсыз, сіз болмыстың барысыз! Осыны өмірдегі тәжірибеңізге
сүйене отырып ойланыңыз. Егер осыған дейінгі жинақтаған тәжірибеңізге,
қазіргі денсаулығыңызға, қызметіңізге, жақын адамдармен қарым-
қатынасыңызға – өмірге қазір қуанбасаңыз, онда алда тұрған тағы да болатын
жаңа өзгерістерге де қуана алмайтын боласыз. Біздің өмірге қуана білуіміздің
бастауы, сыртқы әсерге емес, өзіміздің өмірді қалай қабылдауымызға
байланысты. Бақыт пен қанағаттанушылықты бізге ешкім де сырттан бере
алмайды. Өміріміздің сапасы өзіміздің таңдауымызға байланысты, ал таңдау
біздің өз еркімізде. Ғарыштағы алатын орнымыз біздің ойлауымызға сәйкес
болады. Сіздің қанағаттануыңыз үшін көбірек нәрсе берсе де, сіз бәрібір
қанағаттана алмайсыз.
Молшылыққа жету үшін іштей: «Мен өзіме-өзім ұнаймын, өзімді
қазіргі бар қасиеттеріммен, жетістіктеріммен сүйемін. Маған бақытты болу
үшін осыдан артық ештеңенің қажеті жоқ. Мен жүрегіммен өзімнің осылай
екенімді түйсінемін. Ғарыш шексіз, мен – ғарыштың бір бөлшегімін,
сондықтан, мен де шексізбін» деп түйсіну шарт.
Осылай өзіңді иландыра алсаңыз, ол сіздің молшылық пен байлықты
игеруге дайын болғаныңыздың кепілі. Баяғыда біреу үлкен ғұламаға барып,
өмірімнің соңына дейін бақытты және сәтті болуым үшін не қажет деп
сұрапты. Ғұлама осының бәрі өзіңде бар деп жауап беріпті. Бақыт пен
сәттілік – сырттан келмейтін, ішкі ағымдар. Біз жоқшылық пен кедейшілік
тұрғысынан қарастыратын болсақ, былай деп пайымдаймыз: «Егер менде
анау-мынау болғанда ғой, бақыт пен байлыққа шомылар едім». Осыны
мұқият қарасақ былай болады: «Мен қазір разы емеспін. Маған керекті нәрсе
жетіспейді. Осы жетіспейтін нәрсені тапсам ғана қанағаттанамын». Осындай
жұтаң, таяз ойдың нәтижесінде мына қақпанға түсеміз: «Мен бақытты
болуым үшін көбірек нәрсеге ие болуым керек». Осы ой жүйесі жан-
жағымыздағы қоршап тұрған молшылыққа, байлыққа бет бұрыс жасауға
бөгет болады.
Сізде онсыз да бәрі бар. Сізде көпшілігіміз армандап жүрген – баққа,
бақытқа, табысқа, қанағаттануға керекті нәрселердің бәрі де бар. Бізде тамақ,
ауа, су ең бастысы ішкі қуат, ең бақытты адамға айналатын ойлау мен осыны
іс жүзіне асыру қабілеті бар.
Сұрақ: – Молшылыққа қалыптасу деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |