Әсет мұҚашбеков



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
III. 
ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚАРАҢҒЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
Әсет Мұқашбековтың он бірінші толғауы 
Омаровтың  «Абайтану»  кітабына  Шыңғыс  Айтматовтың  берген  бағасы. 
Тақырыбы:  Белгілі  Абайтанушы  теолог-философ  ғалым  Досым 
Қайырбекұлы  Омаровты  кейбір  қазақ  зиялылары  неге  көре  алмайды? 
Жазушы  Роллан  Сейсенбаев  Академик  Р.А.  Оразалиев  пен  ізденуші  Әсет 
Ризаұлының сұхбаты. Досым досым Омаровты неге данышпан дейді? 
 
 
 
 
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? 

 
236 
 
 
 
 
Босқа әуре қылмай, шыныңды айт. 
 
 
 
 
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің, 
 
 
 
 
Сырласарлық, бермен қайт. 
 
 
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі, 
 
 
 
 
Өзіне құмар қылған оның әмірі. 
Халиққа  махлұқ ақылы жете алмайды, 
 
 
 
 
Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі (сенімсіз). 
 
 
 
 
 
 
Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ, 
 
 
 
 
Иілтіп екі басын ұстаған хақ. 
 
 
 
 
Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ
 
 
 
 
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.   
Абай 
 
 
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, адамды кей кезде жүрек сыздататын аңсау мен 
сағыныш билеп, дәрменсіз қалыпқа түсуінің себебі неде? 
 
Жауап:  –  Рақым  Алмабекұлы,  кімді  болмасын  кей  кездерде 
дәрменсіздік,  уайым,  сағыныш,  аңсау  басып  тұмшалап  алады.  Уайым  мен 
сағынышқа негіз жоқ болса да және онымен күресуге де дәрменсіз боламыз, 
себебі  біздің  жанымыз  өзінің  мәңгілік  сүйікті  Жаратушысын  аңсайды, 
сағынады.  Осы  аңсаудың  себеп-салдарын  түсінбей  осының  түйінін  пәндік 
әлемнен іздеп кейбіреуіміз арақ ішеміз, бәңгі шегеміз, темекі тартамыз, енді 
біреуіміз  театрға,  киноға,  дискотекаға  барамыз,  махаббаттан  іздейміз,  әуен 
тыңдаймыз.  Шарасыздықтан  осыдан  шығатын  жол  іздеп  мешітке  барып 
Алланы  сүюге  тырысады,  бірақта  Жаратушы  туралы  білімі  жоқ 
болғандықтан  бұл  іс-қаракеті  іске  аспайды.  Алла  сондай  алыста,  Ол  қайда? 
Біз  Алла  туралы  түк  те  білмейміз,  бұған  молдалардың  да    өресі  жетпейді, 
себебі  теологияны  (Тео-Құдай,  логия-ілім)  терең  білмейді.  Сондықтан  да 
мешіттерде  осы  туралы  айтса  да  қабылдай  алмаймыз.  Жаратушыны  сүю 
тұрмақ, өз жақындарымызды да жақсы көре алмаймыз. Пәндік әлемде кітап, 
кино  кейіпкерлерін  сүйеміз.  Жарнамасы  жақсы  болса  ел  басқарған 
көсемдерді,  басшыларды,  батырларды  сүйеміз.  Біздің  алдыңғы  ұрпақ,  жас 
күнімізде  өзіміз  де,  өзіңіз  де  Ленинді,  Сталинді,  Брежневті,  Қонаевті 
марксизм-ленинизм  теорияларын  сүйдік  қой.  Қазіргі  кітаптарда 
Жаратушының  Жоғарғы  Тұлғасы  туралы  дәнеме  де  жоқ,  ал  қасиетті  Құран 
Кәримдегі  Алла  туралы  ілімді  әркім  дұрыс  түсіне  бермейді,  сондықтан  да 
түсінбейтінімізді  сүю  өте  қиын.  Бір  де  бір  оқу  орнында  Құдай  туралы  ілім 
оқытылмайды, сондықтан адамзаттың басты бөлігі қараңғылық тұмшауында 
болады.  Жаратушы  туралы  барлық  ақпарат  құралдарынан  айту  керек, 
халықтың көзін ашып, жүректеріндегі кірді аршу қажет.  
 
 – 
Әсет бауырым, осы жөнінде алысқа бармай-ақ өзіміздің досымыз, әрі 
алдында  үшеуміз  бірігіп  жазған  «Жасару  құпиясы»  атты  кітаптың 
авторларының біреуі Досым Қайырбекұлының Абай, Шәкәрім ілімі арқылы, 

 
237 
қазақ  баласында  ешкімнің  тісі  батып  көрмеген:  Жаратушының  Жоғарғы 
Тұлғасы,  Құдай  туралы  ілімді  қазақ  тілінде  алғаш  рет  өте  түсінікті  тілде 
өзінің  «Абайтану»  және  «Абайдың  рухани  мұрасы»  атты  еңбектерінде 
жазғанын  екеуміз  де  жақсы  білеміз.  Жасыратыны  жоқ,  осы  Досыммен 
танысқалы  теология  іліміне  де  сусындап,  Жаратушыны  толығырақ  танып-
білдік  десек  қателеспейтін  шығармыз.  Кезінде  Досымды    дұрыс 
түсінбеушіліктен, немесе басқа себептердің ықпалымен болған қарсылықтар 
және  жазғандарын  сынға  алып,  тіпті,  философия  ғылымдарының  докторы 
атағын алу үшін жазған дайын диссертациясын да қорғатпай тастағанын да 
ел білмесе де, екеуміз жақсы білеміз. Сондай-ақ, Досымның жазғандарының 
ешқандай  жақсылық  жақтарын  көрсетпей,  оның  орнына  оған  қарсы 
"Жынның  кітабі",  "Қазаққа  мүлде  жат"  тәрізді  түрлі  масқара  таңбалар 
басылып,  тіпті,  адамның  көңіліне  қонбайтын  адамды  қорқытатын  айдарлар 
тағылып,  Досымды  абайтанудан  шеттету,  оған  қарсы  қудалау  әрекеттері 
ұйымдастырылып  кетті.  Досым  Омаров  жазған  абайтану  тарихындағы 
алғашқы  "Абайтану"  кітабы  институттың  ғылыми  кеңесінде  талқыланып, 
қолдау тапқаннан кейін жиырма шақты ғалымдардың жақсы пікір жазып, оқу 
министрлігі  оны  оқу  құралы  ретінде  бекітіп,  оқулықтар  шығаратын  арнайы 
"Мектеп"  баспасынан  он  екі  мың  данамен  2002  жылы  басылып  та  шықты.  
Осыншалықты қолдау көріп, оқу құралына қойылатын барлық шарттарға сай 
жарық  көруіне  қарамастан  бұл  кітап  туралы  бүкіл  теледидар,  газет-журнал 
беттерінде  сонша  шу  көтеріліп,  бірнеше  айлар  бойы  басылмай  қойғаны, 
әрине,  бұл  –  таңқаларлық  көрініс.  Ал  сол  шуды  ұйымдастырып  жүрген 
адамдардың  кітапты  оқымағандары,  ал  кейбіреулерінің  көрмегендері    мен 
үшін тіпті таңқаларлық жағдай.  
Әсет  бауырым,  сен  өзің  білесің  менің  Шыңғыс  Айматов  екеуміздің  дос 
екенімізді.  Енді  осы  Шыңғыс  Айтматовтың  осы  «Абайтану»  кітабы  туралы 
өзінің маған білдірген жеке пікірін айта кетейін. Досымнан осы «Абайтану» 
кітабын бір қырғыз азаматтары сұрап алып оқып шыққан соң, өздеріне қатты 
ұнағаннан  кейін  әлемге  әйгілі  өздері  пір  тұтатын  бәйкелері  –  жазушы 
Шыңғыс Айтматовқа апарып беріпті. Ұлы жазушымен кездескен бір сәтімде 
ол менен: «Философ-теолог Досым  Омаров бауырымызды білесіз бе?» – деп 
сұрады.  Мен  айттым:  «Досымды  білмек  тұрмақ,  екеуміз  бірігіп  «Жасару 
құпиясы» атты кітап та жазғанбыз» дедім. Сол кезде ол таңырқаған түрмен 
маған қарап: «Рақым Алмабекұлы, бұл кітап абайтану саласын рухани жаңа 
деңгейге  көтерген  еңбек  екен.  Осы  еңбекті  кейбір  қазақ  ғалымдарының 
дұрыс  бағалай  алмай  жүргендері  рас  па?»  деді.  Мен  күмілжіп  үндей  алмай 
қалдым. 
Қазіргі кезде мектепте абайтануды бір жүйемен беретін оқулық әлі жоқ. 
Ал "Абайтану" сабағының жағдайы мүлде мүшкіл. Осыдан біраз жыл бұрын 
Оқу  министрлігінде  отырған  Абай  мұрасына  жаны  ашитын  кейбір 
адамдардың  арқасында  жыл  сайын  "Абай  оқулары"  деген  айдармен  мектеп 
оқушыларының арасында жарыс өткізіліп, жас буынның данышпан мұрасына 
деген ынтығын тәрбиелеу жақсы өріс алып келе жатыр еді. Мектептерде де 
қосымша  сабақ  ретінде  "Абайтану"  ептеп  енгізіле  бастаған.  Енді  Оқу 

 
238 
министрлігінің  "Абайтану"  кітабын  қолдамағаны  бүкіл  абайтану  барысына 
кері әсерін тигізген тәрізді. Қазіргі кезде мектепте алғашқы кездегі өріс алған 
Абай  мұрасына  деген  ниеттің  бұрынғыдай  емес,  бәсеңдеп  қалғаны 
байқалады.  Абайдың  рухани  мұрасын  жасөспірімдер  бойына  сіңіру 
барысының  бәсеңдеуінің  тағы  бір  себебі  –  ол  министрлікте  отырған  кейбір 
адамдардың "Абайды мектепте оқыту әлі ертерек" деген ойлары болуы керек. 
Сонымен  бірге,  абайтану  саласындағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  да 
саябырлап  қалған  тәрізді.  Соңғы  жылдары  Досымның  еңбектерінен  басқа 
Абайдың  рухани  дүниесін  тереңдетіп  ашу  жолындағы  көңіл  аударарлық 
көлемді  шығармаларды  көре  алмадым.  Әрине,  бұдан  Абай  мұрасы  өз 
құндылығын  жоғалтпақ  емес.  Абайтану  саласындағы  қазіргі  дағдарыс 
уақытша  деп  есептеймін.  Абай  мұрасы  –  ақиқат  ілім.  Бұл  ілім  – 
халқымыздың  рухани  болмысының  қайнар  көзі.  Сондықтан  халық  Абайсыз 
бола алмайды, ал ақиқат қандай дағдарыстан болса да өзіне жол  табатыны, 
мәңгілікті өлмейтіні белгілі.  
Батыс  елдерінде,  өзіміздің  көрші  Ресей  мемлекетінде  Жаратушы  туралы 
ілім  арнайы  телебағдарламада  жақсы  жолға  қойылған.  Олар  тәулік  бойы 
насихаттайды, түсіндіреді, оқытады. Біздің Қазақстанда да рухани білім беру 
мәселесі осылай дұрыс жолға қойылмағанына таңым бар. Бұл әсіресе біздің 
халқымызға керек нерсе ғой. Құдайға шүкір еліміз, экономикамыз қарқынды 
дамуда, бастапқыдай емес: «қолы қимылдағанның аузы да қимылдап жатыр». 
Бізге  ендігі  жетіспейтіні  тек  осы  рухани  ілім  мен  ұлттық  идеология  ғана. 
Осыны дұрыс жолға қоя алсақ көптеген келеңсіздіктерден құтылар едік. Тек 
қана бір мысал: егер де біз Алланы тануды, Оның Жоғарғы Тұлғасын оқып 
үйренуді,  бүкіләлемдік  әділеттілік,  қарымта  заңын  т.б.  табиғат 
заңдылықтарын  Абай,  Шәкәрім  ілімі  ғана  арқылы  халқымыздың  жүрегіне 
ұялата білсек жемқор да, парақор да, қылмыс та, маскүнем мен бәңгішілер де 
өзінен-өзі азайып, жеңіл жүрістегі қыздарымыз да дұрыс жолға түсер еді. 
– 
Рақым  Алмабекұлы,  сіз  ұлттық  идеология  жайында  жақсы  айттыңыз. 
Жаңа  нәрсенің  бірден  қабылданбайтыны  белгілі.  Досымның  өз 
зерттеулерінде  Абайдың  Алла  тағалаға,  адам  болмысына  деген  бұрын 
ғалымдар назарынан тыс қалған көзқарастарына зер салғанын көре білдіңіз. 
Сол  арқылы  бүкіл  болмысқа  ортақ  жалпы  заңдылықтарды  көрсетіп,  оларға 
жұрттың  назарын  аударуға  ұмтылғанын  ашып  айттыңыз.    Абайға  бұрынғы 
атеистік  көзқарастың  ықпалымен  қарап,  ескіше  дағдыланып  қалған  кейбір 
зерттеуші ғалымдарға бұл ұнамай, тосын көрініп, көп дау тудырды. Сонымен 
бірге,  фәни  өмірдің  пенделеріне  тән  көре  алмаушылық,  қызғаншақтық, 
мансапқорлық  тәрізді  ұнамсыз  қылықтарға  түрлі  саяси  ағымдар  қосылып 
мәселені мүлде ушықтырып жібергенін де дөп басып, біліп отырсыз.  
 
– 
Әсет  бауырым,  «Білмегенге  үйрет,  жерге  соқаны  салып  сүйрет» 
демеуші  ме  еді  дана  халқымыз.  «Еңбегі  жоқ  ғалым  –  ыстығы  жоқ  жалын» 
дегендей,  өздері  жаза  алмайды,  жазған  адамды  көре  алмайтын  көкіректері 
көр  соқыр,  қызғаншақ,  көре  алмайтын  кейбір  абайтанушылардың 
байбаламының  кімге  қажеті  бар?  Осындай  ерекше,  «Абайдың  рухани 
мұрасы»  атты  ғажайып  кітап  жазған  Досым  Қайырбекұлын  тек  ғалымдар 

 
239 
ғана  емес,  бүкіл  қазақ  халқы  мақтаныш  тұтатын  күн  туар.  Тіршілік  болса 
бұған да екеуміз куә болып, көпшілікпен бірге қуанатын боламыз. Досымды 
тек қана екеуміз ғана емес, бүкіл Республикадағы ақпарат арналары түгелдей 
жарнамалау  керек.  Дайын  тұрған  ілімді  келешек  ұрпақтың  санасына 
сіңіруіміз  қажет,  себебі  заман  талабы  осы.  Енді  осы  туралы  Досым 
Қайырбекұлының өзіне сөз берсек қалай қарайсыз? 
Сұрақ:  –  Досым  Қайырбекұлы,  кезінде  сізді  дұрыс  түсінбеушіліктен, 
немесе басқа себептердің ықпалымен болған қарсылықтардың әсерімен сіздің 
жазғандарыңыз  туралы  бірсыпыра  сын  айтылған  екен.  Сондықтан,  Абай 
мұрасын  зерттеудің  жауапкершілігі  ғана  емес,  сонымен  бірге,  оның 
ауыртпалығы да бар екенін осыдан сезуге болады. Әрине, осының барлығы 
белгілі  бір  заңдылықтардың  әсерімен  болып  отыр.  Өз  өміріңіздің  осы 
шытырман  уақиғаларынан  әлемнің  қарымта  заңдылығын  қалай  көреміз? 
Әлем  заңдылықтарының  бұлжымай  орындалатынын  сезіне  түсу  үшін 
солардың кейбіреулерін еске ала кетсеңіз жақсы болар еді.  
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  мен  әуелі  не  себептен  Абай  мұрасын  зерттеуге 
кіріскеніме  тоқтала  кетейін.  Рухани  ізденіс  жолына  түскеннен  кейін  Абай 
тәрізді ғұламалар маған бірте-бірте кеңінен ашыла берді. Мен Абай ілімінде 
салауатты өмір сүру үшін адамға керектінің барлығы барын түсіне бастадым. 
Сондықтан, Абайдың, оның шәкірті Шәкәрімнің ілімдерін толығырақ ашып, 
оны халық игілігіне айналдыруға ат салысуды, олардың ұлылығын көрсетуді 
өзімнің міндетім деп санап, өзіме өмірлік мақсат етіп қойдым. Ол үшін ұлы 
Абай  тұлғасына  ақын,  не  болмаса  ағартушы-моралист  ретінде  бұрынғы 
қалыптасқан  көзқараспен  қарау  жеткіліксіз  болды.  Мен  оны  бүкіл  адамзат 
деңгейіндегі  жоғары  дамыған  рухани  ұстаз  ретінде  қабылдап,  оның  рухани 
мұрасын осы тұрғыдан зерттей бастадым. Бұл оның рухани мұрасына мүлде 
жаңаша көзқарас керек етті.  
Жаңа  нәрсенің  бірден  қабылданбайтыны  белгілі.  Мен  өз  зерттеулерімде 
Абайдың Алла тағалаға, адам болмысына деген бұрын ғалымдар назарынан 
тыс  қалған  көзқарастарына  зер  салдым.  Сол  арқылы  бүкіл  болмысқа  ортақ 
жалпы  заңдылықтарды  көрсетіп,  оларға  жұрттың  назарын  аударуға 
ұмтылдым.  Абайға бұрынғы атеистік көзқарастың ықпалымен қарап, ескіше 
дағдыланып қалған кейбір зерттеуші ғалымдарға бұл ұнамай, тосын көрініп, 
олардың арасында менің еңбектерім бірден қолдау таппады. Сонымен бірге, 
фәни  өмірдің  пенделеріне  тән  көре  алмаушылық,  қызғаншақтық, 
мансапқорлық  тәрізді  ұнамсыз  қылықтарға  түрлі  саяси  ағымдар  қосылып 
мәселені  мүлде  ушықтырып  жібергені  де  рас.  Сондықтан,  менің 
жазғандарыма  ешқандай  жақсылық  жақтарын  көрсетпей,  оның  орнына 
оларға  қарсы  "Жынның  кітабі",  "Қазаққа  мүлде  жат"  тәрізді  түрлі  масқара 
таңбалар  басылып,  тіпті,  адамның  көңіліне  қонбайтын  адамды  қорқытатын 
айдарлар тағылып, мені абайтанудан шеттету, өзіме қарсы қудалау әрекеттері 
ұйымдастырылып  кетті.  Өз  басыма  түскен  бұл  тосын  уақиғаларды  Алла 
тағаланың  жіберген  сынағы  ретінде  бағалап,  сабыр  сақтауға  тырыстым. 
Сонымен  бірге,  алған  рухани  білімнің  арқасында  мен  үшін  маған  қарсы 
ұйымдастырылып  жатқан  әрекеттердің  себептері  ешқандай  құпия  емес  еді. 

 
240 
Бұл  маған  тағдырдың  әділеттілігіне  сеніп,  сабыр  сақтап,  жұмысымды  әрі 
қарай  жалғастыра  беруге  мүмкіндік  берді.  Алла  тағаланың  құдіретіне, 
болмыстың әділет заңдылығына тағы да бір көңіл аудару үшін өз өмірімнің 
осы тұсын айта кетейін. 
2005 
жылдың күзінде Тараз қаласында болып, абайтану сабағын өткізетін 
сол  қаладағы  мемлекеттік  университеттің  қазақ  әдебиеті  кафедрасы 
меңгерушісімен  жолықтым.  Студенттерге  абайтану  саласынан  өзі  сабақ 
жүргізіп,  лекция  оқиды  екен.  Жағдай  түсінікті  болу  үшін  екеуміздің 
арамыздағы әңгімені толық берейін. 
Мен кітабымды көрсетіп: 
– 
Бұл кітап – Абай мұрасы бір жүйемен берілген алғашқы "Абайтану" оқу 
құралы. Сіздерге осындай оқу құралы керек пе? – деп сұрадым.  
– 
Йә,  керек.  Бірақ,  бұл  өңірдегі  әдебиетшілер  абайтанушы  бір  адамның 
шәкірттеріміз, сондықтан, оның рұқсатынсыз бұл кітапты ала алмаймыз. 
– 
Онда мен ол кісімен жолығайын.  
– 
Ол  қазір  ауырып  ауруханада  жатыр,  –  деп  маған  бұрыннан  бері 
қарсылық ұйымдастырып жүрген абайтанушы ғалымның аты-жөнін атады.   
– 
Ондай болса бір кітабімді қалдырып кетейін, әуелі өзіңіз оқып шығып, 
сонан кейін сол кісіге көрсетіп, оның ойын біліңізші. Ол кісіге бұл кітаптың 
қай жері ұнамайды екен. Маған сонысы керек еді, – дедім. 
– 
Жарайды,  –  деп  ол  кітапты  алып  қалды.  Біраз  уақыт  өткен  соң,  мен 
Алматыдан  телефон шалып, жағдайды сұрадым. 
– 
Кітапты оқып шықтым, менің бұл кітапқа  ешқандай қарсылығым жоқ, 
бірақ, біздің ұстазымыз бұл кітапты алуға рұқсат етпеді, – деп жауап берді. 
– 
Кітапты оның өзі бұрын оқыды ма екен? – деп сұрадым. 
– 
Жоқ, оқымапты, – деп жауап берді.  
– 
Онда ол өзі оқымаған, білмеген кітапқа бұрын қалай қарсы болып жүр? 
– 
Білмеймін.  
Осымен  телефон  арқылы  әңгімеміз    аяқталды.  Абай  аруағының 
қолдамағаны  болуы  керек,  қазіргі  кезде  тағдыр  абайтануда  ұстаздық  етіп, 
өзін  абайтанудың  алдыңғы  сабындамын  деп  жүрген  бұл  ғалымды  Абай 
мұрасынан мүлде басқа салаға ауыстырып жіберді.  
Сонан  кейін  мені  сынға  алуларының  себебін  түсінейін  деген  оймен  
Алматыдағы  М.Әуезов  атындағы  "Әдебиет  және  өнер"  институтында 
болдым.  Абайтану  саласын  зерттейтін  бөлімге  кіріп,  мән-жайды  білдім. 
Ойламаған  жерден  мен  өзімді  қатты  таң  қалдырған  жағдайды  байқадым. 
Ғылыми  кеңес ұйымдастырып, ол кеңесте "Абайтану"  кітабына қарсы пікір 
қабылдап  жүрген  бұл  ғалымдардың  көпшілігі  менің  жазған  кітабымды 
оқымағанын, ал кейбіреулерінің тіпті көрмегенін білдім. Сонымен мен бөлім 
меңгерушісінен  бастап,  қатардағы  қызметкерлерге  дейін  бұл  кітапты 
оқымағандарын сездім. Ал негізгі қарсылық жасап жүрген ғалым адамымыз 
"Бұл кітап қашан шыққан өзі?" деп менің бетіме қарады. Осы тәрізді кезінде 
кітапты сынап, қарсы мақала жазған бір ғалымның бұл кітапты оқымағанын 
біліп,  "Онда  қалай  қарсы  пікір  жазып  жүрсіз?"  деген  менің  сұрағыма: 
"Бастықтар бар ғой" деген жауап алдым.  

 
241 
Сұрақ:  –  Өзіңіз  жұмысыңыздың  ақтығын  дәлелдеп,  түсіндіру  жағынан   
әрекеттер жасадыңыз ба? 
Жауап:  –  Әрине,  мен  кезінде  қарсы  жазылған  пікірлерге  жауап  ретінде 
және егер жіберген қателіктерім болса үлкен ғалым ағалардан кешірім өтініп 
мақала да жаздым, оқу министерлігінде де болдым, Республиканың Ұлттық 
ғылым академиясының президентінің қабылдауында да болдым. Оның өзіне 
бір  кітабымды  сыйға  бердім,  бұл  кітаптың  жазылу  мақсатын  түсіндіруге 
тырыстым.  Бірақ  барлық  қарсыластардың  әлгіндей  болымсыз  әрекеттерін 
көріп,  білген  соң,  Абайша  айтқанда,  бұл  қылып  жүрген  ісімнің  баянсызын, 
байлаусызын  көрдім.  Енді  бұл  фәни  әлеммен  алысып,  оның  былғанышына 
батқанша, одан да өзімнің көріп-біліп, түсініп-сезінгендерімді қағазға жазып, 
халыққа ұсына берейін, керек қылғандар алар, керек қылмағаннан қалар, деп 
ойлап,  өз  жұмысымды  жалғастыра  бердім.  Нәтижесінде  Абай  ілімін 
салауатты өмір жолында қолдану туралы тағы бір кітап жазып бітірдім.  
C
ұрақ:  –  Осы  шудың  нәтижесінде  "Абайтану"  оқу  құралын  мектеп 
бағдарламасынан алып тастағандарына да біраз уақыт болыпты. Содан бері 
қандай өзгерістер болды? "Түркістан" газетінің қойған "Абайтану" курсы осы 
кітаппен  бірге  келмеске  кете  ме,  жоқ  әлде,  оның  орнын  басқа  оқулық  баса 
ма?" – деген сауал қалай шешілді?   
Жауап:  –   Бұл  сауалға  менің  берген  болжауым  дұрыс  болып  шықты. 
Қазіргі кезде мектепте абайтануды бір жүйемен беретін оқулық әлі жоқ. Ал 
"Абайтану" сабағының жағдайы мүлде мүшкіл.  
Сұрақ:  –  Қандай  даулы  іс  болса  да  кімнің  әділ  екенін  тағдырдың  өзі 
қарымта  заңдылығымен  көрсетеді.  Осы  даудың  арты  немен  аяқталды?  Осы 
істің әсері сізге қарсы қаруласқандарға және сіздің өзіңізге қалай әсер етті? 
Жауап: – Менің мақсатыма қарсы шығып, бөгет болуға ұмтылғандардың 
барлығы  да,  өздерінің  жасаған  іс-әрекеттеріне  байланысты  әркім  өз 
несібелерін  алғаны  да  рас.  Мен  оларға  көп  ренжіп,  жамандық  ойлаған 
емеспін.  
Бірақ  сол  кездегі  даулы  мәселенің  шешуі  қандай  болды  дейтін  болсақ, 
өмір  өзі  барлығын  өз  орынына  қойды.  Сол  шуды  бастап,  алғашқы  қарсы 
мақала  жазған  "Қазақ  әдебиеті"  газетінің  келесі  нөмірі  өз  уақытында 
баспадан  шықпай  қалып,  кешеуілдеп  бірақ  шықты.  Ал  оның  бас  редакторы 
және мақала жазған сол газеттің журналисті біраз уақыттан кейін екеуі де ол 
жұмыстарынан  ауысты.  Олар  "Қазақ  әдебиеті"  газетінен  беделі  төмен 
саналатын "Жас Алаш" газетіне ауысып, кейіннен тіпті ел басыларына қарсы 
оппозициялық  бағытты  ұстанып  кетті.  Ал  "Жас  Алаш"  газетінің  бас 
редакторы өз жұмысынан мүлде кетті. Менің "Ұлылар үндестігі" кітабымды 
жарық көруге жібермей көп ұстап, көп кедергі жасаған "Санат" баспасының 
бас редакторы мен оның нұсқауымен жұмыс істеген кітап редакторы екеуі де 
жұмысынан кетті.  
Ал 2002 жылы шыққан "Абайтану" кітабына қарсыласқандардың барлығы 
да тағдырдан өз несібелерін алды. Тағдыр олардың кейбіріне ауру-зардаптар 
беріп, істеп жүрген қызметтерінен айырды, тіпті, кейбірі өмірімен қоштасып, 
не  болмаса  жақын  адамдарынан  айырылғандары  да  болды.  Бұлардың 

 
242 
көпшілігі  қарапайым  адамдар  емес.  Олардың  арасында  баспалар  мен  газет-
журналдардың  бас  редакторлары,  академиктер,  тіпті  министр  тәрізді 
қарапайым адамның тісі бата бермейтін ірі мансап иелері мен ірі ғалымдар 
бар. Көңілдеріне келмесін деп мен олардың аттарын әдейі атамай отырмын. 
Міне, табиғаттың қарымта заңы өзін осылай көрсетеді. Тағдырдың мүлтіксіз 
орындалатын әділет заңы бойынша әркім өзіне тиесілі несібесін алады. Тек 
содан біз дұрыс ғибрат ала білуіміз керек. Өмір – мектеп. Осының барлығын 
айтып  отырған  себебім  де  сол.  Әркім  осыдан  сабақ  алса  екен  деймін.  Мен 
өзім ешкімге де жамандық ойлаудан аулақпын.  
Ал менің жұмысыма жақсы көңілмен қарап, оны қолдап жүрген адамдар 
оларға қарсы қанша шабуылдар ұйымдастырылса да аман-есен, дендері сау, 
өз орындарында сол қызметтерін атқарып жүр. Маған дем беріп, көмек жасап 
жүрген адамдар өмірдің ондай азаптарынан аман. Міне, тағдырдың көрсеткен 
ғибраттары осындай. Ал өз жағдайыма келетін болсам, Құдайға шүкір, Абай 
аруағының  қолдауымен  алдымда  айтарлықтай  үлкен  кедергілер  кездескен 
жоқ.  Соңғы  он  жылдың  ішінде  халқымыздың  рухани  мұрасын  зерттеуге 
арналған  бес  кітап,  философиядан  докторлық  жұмыс  жазып  шықтым.  
Жазған  еңбектерім  жарық  көріп  жатыр.  Ауру-сырқау  тәрізді  тағдырдың 
зардаптары  әзірше  менен  аулақ  жүр.  Бұның  барлығын  мен  өзім  Алла 
тағаланың  мен  үшін  көрсеткен  бір  мейірім  шапағаты  деп  білемін.  Осының 
барлығы  маған  осылай  Алла  тағала  өзінің  мейірімділігін,  әділеттілігін, 
құдіреттілігін білдіргендей болады. Осыған қарап өзімнің өмірдегі ұстанған 
бағытымның  дұрыстығын  сезініп,  сенімім  арта  түскендей  болады.  Өзім 
өмірімді  ең  әуелі  Алла  тағала  разылығы  үшін,  сонан  кейін  Абай  аруағына, 
халық игілігіне арнадым. Бұл менің рухани білімнен, өмірден, Абай ілімінен 
алған ғибратым. Құдай жазса, қалған өмірім де, міне, осы бағытта болмақ.  
 
Досым  Қайырбекұлы,  өзіңіз  туралы  Абайды  өте  терең  түсінетін 
жазушы Роллан Сейсенбаевтың айтқан пікірін білгіңіз келе ме? 
 
– 
Әрине. 
 
– 
Өзіңіз жақсы білетін атақты спортшы Саяуыш Қасабаев бауырымызға 
жазушы  Роллан  Сейсенбаевпен  кездескен  бір  сәтінде  былай  депті:  «Сенің 
ағаң  Досым  Омаров  қазіргі  заманда  Абай  мен  Шәкәрім  сияқты  алыптарға 
жете қабыл данышпан» депті. 
 
– 
Досеке, осыны халқыңыздың берген бағасы деп бағалаймын! 
 
Алматы  облысы,  Қарасай  ауданының  Ұмтыл  ауылдық  аумақтық 
әкімшілігінің  төрағасы  Ерболат  Дүйсебайұлы  Оразалиевтің  бірінші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет