Есімді тіркестер



бет3/6
Дата20.02.2023
өлшемі101 Kb.
#69524
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-59525

Сын есімді тіркестер
Сын есімдер — заттың әр түрлі сындық сапасын білдіретін сөздер. Солай болатындықтан олар зат есімдерге қатысты болып, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркесінің құрамында ете көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына және синтаксистік қызметіне қарағанда, олар есімді сөз тіркестерінің, арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай синтаксистік тіркестердің құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады, Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сапалық сын есімдер заттың түсін (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл, тарғыл сиыр), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, үлкен қайрақ, терең көл), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң әйел),тамақтың дәмін (тәтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттың салмақтық мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан), т. б. білдіреді.
Осындай әр түрлі мағынада жұысалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сың есімдердің зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сыиын білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кірі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат, тілемсек қош тәрізді құрамда айтуға болмайды. Сол сияқты асау сөзін асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тау деп айту ерсі болады. Оның себебі әрбір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі заттың (не заттардың) лексикалық-мағынасымен үйлесімді, белгілі затқа (не затарға) тән сапа болады. Сондықтан, мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға болады. Көркем әдебиетте, ондай, белгілі ғана заттың сапасын кейде мағыналық ұйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің мазмұнын көрікті етіп әсірелеуге болады. (10-параграфты қара.)
Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар заттың ұғымын білдіретін сөздермен еркін тіркестіре беруге болады. Мысалы: ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше болып ұғынылады; екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдың түсі ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі, ақ сиыр, ақ түйе, көк ат, көк ешкі деп айтылады, ал көк түйе (ат ақ болса да ақ ат, көк ат деп айтуға болады), ақ ат деп айтылмайды, қара ат, қара сиыр, қара ешкі, қара нар, қара қой, қызыл ат, қызыл сиыр, қызыл қой деуге болады, ал қызыл түйе, қызыл ,ешкі деп айтылмайды.
Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші (бағыныңқы) сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғыныд жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сез тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін. Әдебиеттен мысалдар:
Үлкен үйдің ортасында... тас шам бар. (М. Әуезов.) Оның үшкір тұмсық жаңа қара етігі қардан тайғанап берді. (С. Мұқанов.) Секретарь... кең қабырғада жаюлы тұрған ақжібек шымылдықтың қасына келді. (С. Мұқанов.) Ербол мініп келеен семіз көк атқа шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп, келеді. (М. Әуезов.).
Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын еісмдер қатысты болып та олар күрделі сөз тіркесінің құрамына енеді: тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай, удай ащы дәрі.
Қатыстық сындар мен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері де әр түрлі мағыналық қатынасты білдірсді. Мұнда туынды сын есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық сапаның негізі болады:
Таусыз, ормансыз дала. (С. Мұқанов.) Терістіктен ескен болымсыз ғана жел лебі. (М. Әуезов. Токсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді. (Жамбыл.)
Қатыстық сындар зат есімдерден жасалғанда, олармен басқа зат есімдер не сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз тіркесінің құрамынта айтылуы мүмкін:
а) Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады. (С. Кебеев.) Бидай өңді, үріп ауызға салғандай келіншек есік алдына шықты. (Б. Майлнн.)
б) Қара торы, өткір көзді жіггт жалғыз келе жатыр. (Ғ. Сланов.) Ұзын бойлы, талдырмаш денелі жігіт...Асқардың замандасы. (С. Мұқанов.) Ақ жаулықты келіншектер, үкілі камшат бөрікті қыздар көрінеді. (М. Әуезов.) Ақ басты Алатаудың Жамбылымын. (Жамбыл.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет