Екі мың пұт кеннен сегіз жүз пұттай Қара мыс түсірді. Кейде ұзындығы жарты шақырым, көлденеңі жиырма саржан, тереқдігі бес-алты саржан жыралар кездеседі. (Ғ. Мүсірепов.)
Есімшелі тіркестер Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы — есімшелер. Есімшелердің затесімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады, мысалы: орылған егін, жайнаған дала, көгерген шөп, келіскен кісі, айтар сөз, түсінетін бала. Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер — ған— ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда, а—тын// е—тін, ар// ер,— р тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде аз айтылады. Оның себебі — есімшелердің білдіретін шақтық мағынасында: өткен шақ пен осы шақта жұмсалатын — ған тұлғалы анықтауыштар қимыл процесінің нәтижесін, оның зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы: маңыраған қой, боздаған бота, жиналған астық, айтқан сөз, құжнаған мал, ұшқаи құс, көрген кісі, үйде отырған бала, жерде жатқан. таяқ, колхозда жүрген үгітші. Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде көбінесе, оның болашақта болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мысалы: сауылатын сиыр (салыстыр: сауылған сиыр), жазатын кісі (салыстыр: жазған кісі), орақ оратын жігіт (салыстыр: орақ ораған жігіт); Есімшеніні сөз тіркесі құрамындағы анықтауыштық мағынасын басқа анықтауыштармен салыстырғанда, олардың елеулі айырмашылығы бар екенін көреміз: егер, мысалы, сын есімнен болған анықтауыштар заттың әр алуан сындық сапасын бір қалыпты күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын процесс күйінде білдіреді. Бұл айырмашылықты байқау үшін сын есімдерден жасалған есімшелері бар мысалдар алайық.
көк шөп — көгерген шөп ақ үй — ағарған үй семіз қой — семірген қой, жас әйел — жасарған әйел. Есімшелі сөз тіркестеріне әдебиеттен мысалдар:
Әр жерде қағылған қадалар... көрінеді. (Ғ. Мүсірепов.) Анау- көрініп тұрған төскейдің сай-саласы соншалық таныс, жақын. (М. Әуезов.) Айтатын арызымыз бар. Сөйлейтін жерім жаңа табылды. (Ғ. Мұстафин.)
Әдетте есімшелердің жетегінде, оларға меңгерілетін есімдер болатыны белгілі. Олар көбінше сол тобымен зат есімге қатысты болып, онымен бірігіп күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Мысалы:
Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. От жағылған екі теліір пеш түксиіп тұр. (Ғ. Мүсірепов). Шығыс жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп... Абай отыр. (М. Әуезов.) Қолдан келер жәрдемді көрсеттік. (Ғ. Мүсірепов.)
Есімшелер зат есімдермен ғана емес, олардың орнына жұмсалатын басқа есімдермен де тіркесуі мүмкін, мысалы: келген біреу, оқыған жас, кербез-денген сұлу, тайсалмайтын батыр, батылы бармайтын қорқақ. [Үйде] сәлде киген біреу отыр. (С. Көбеев.) Оқуға ынталанбайтын жас бар ма қазір. (С. Мұқанов.)
Көреген, сүзеген, қашаған, береген, жатаған тәрізді ертедегі біраз есімшелер бұл күнде есімшелік млғынасын жойып, сын есім қатарында жұмсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады: көрегвн кісі, сүзеген сиыр, қашаған ат, береген қол, жатаған түйе. Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері — сілтеу, сұрау және жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, мына кітап, ана тау, осы қала, қай аудан?, қандай мәселе?