Сан есімді тіркестер Сан есімдер — зат есімдерге тән, оларды сан жағынан анықтап тұратын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ сөздер. Олардың зат есімдермен тіркесуі арқылы қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады. Сан есімдер мен зат есімдердід өзара тіркесу қабілеті ерекше болатындықтан, ондай сөз тіркестері жиі кездеседі және олардың құрамы әр түрлі болады.
Бірқатар зат есімдер талдап саналатын конкретті заттардың аты болады да, бірқатары абстракт ұғымның аты болады. Осыған орай, сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесе алмайды: олар санауға болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді. Соңғыға мынандай сөздер жатады:
а) баладық, жастың, сұлулық, тазалық, жалқаулық мырзалық, сезімділік сияқты сапалық зат есімдер;
ә) гүрсіл, тарсыл, қарау, жүдеу, жасқану, мінез, қылық сияқты құбылыс, процесс аттарын білдіретін зат есімдер;
б)социализм, марксизм, логика, психология, химия, биология, педагогика сияқты ілім және ғылым аттарын білдіретін зат есімдер.
Сан есім қатысқан сөз тіркесі сыңарлары бір-бірінің тұлғалануына әсер етпейді. Сан есімдер арқылы заттың көптігін білдіргенмен, басыңкы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда айтылмайды. Мысалы, он ешкі, қырық саулық, мық қой, оныншы, мектеп, алтыншы бригада. Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердін; бәрі де анықтауыштық қатынаста санауға, есептеуге болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе береді: сонда есептік сандар заттардың қанша екенін білдірсе, реттік сандар заттың сан ретін — нешінші екенін — білдіреді:
Класта жиырма төрт оқушы сабаққа қатысуға тиіс. (М. Иманжанов.) Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді. (С. Мұқанов.) Бірінші хатым Володяға... жазылды. Бірінші тәжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді. (Ғ. Мүсірепов.)
Болжалды сандар есімді сөз тіркесінің құрамында заттың сандық сапасын шама мөлшері ретінде көрсетеді:
Олжабек үш жүздей жылқыны айдап келеді. (Ғ. Мұстафин.) Біз болсақ, бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз. (Ғ. Мүсірепов.) [Біз] Мына екі-үш қараны бағып-қағып отырмыз. (Ғ. Мұстафин.) Фабрика-завод мектебінде төрт жүзге жуық қазақ баласы оқып жүр. (Ғ. Мұстафин.) Ол жаққа екі-үш жүзге тарта жігіт кетіп еді. (С. Мұқанов.)
Бұл мысалдарда көрсетілген есімді сөз тіркестері күрделі. Сондай күрделі сөз тіркестері сан есім мен туынды сын есімдер тобының зат есімдерге қатысы арқылы да жасалады: екі шекті домбыра, үш сеялкалы агрегат, бес балалы ана. Мысалы:
[Олар] 12—13 үйлі Балтабай аулының ық жағына қонды. (С. Мұқанов.) Шеген маған үш түрлі өсиет айтты. (Ғ. Мүсірепов.) Үш бөлмелі үйдің ортасында, диванда, Шығанақ... жатыр. (Ғ. Мұстафин.)
Сан есімдер уақыт, салмақ, келем өлшемін білдіретін сөздерге және жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды: үш күндік жол, алты айлық азық, бес тонна бидай, он километр жер, жүз метр мата, он жасар бала, он алты жастағы қыз. Әдебиеттен мысалдар: