Әскер тұрған орындағы болатын зерттеулер
Гигиеналық экспертизаның бірінші кезеңі обьектіде өтеді (азық-түлік қоймасында, су көздерінің өзінде т.б) және ақпарат жинау, жергілікті тұрған орынды қарап көру, индикация жасау.
А қ п а р а т ж и н а у, ЖҚЖҚ-ды қарсыластың қалай қолданғанын, оның түрлерін анықтай отырып, арнаулы барлау және жалпы әскери шолу жасау, жоғарғы сатыдағы штаб басшыларын қатыстырып, жеке құрамнан сұрау, тұтқындар мен жергілікті тұрғындардан сұрақ -жауап ретінде өткізіледі.
Т ұ р ғ а н о р н ы н ж ә н е о б ь е к т і н і қ а р а у . Обьектіні қарау кезінде қарсыластың УЗ-ын қолданудағы белгілерін оның сипатына көңіл аудару. Сонымен бірге, ондай белгілерге, бұлттан болған тұман немесе түтіннің снарядтар мен авиа бомбаның әсерінен жарылыс болған желдің бағытына қарай қозғалу мүмкінділігі; май тамшылары мен дақтардың су бетінде, жерде, топырақта, шөпте, жақын маңындағы құрылыс обьектілердегісін; солған өсімдіктермен және олардың түсінің өзгеруімен; пайда болған бөтен иісті; сол маңда өлген мал мен құстардың, ал суда өлген балықтарды байқау керек.
Зерттеу обьектілерінің залалдану сипаты туралы басшылардан алынған мәліметтердің нақтылығына обьектілердегі азық-түлікті зерттеу; ғимараттар мен аумаққа дегазация жүргізу. Осыдан соң, бөлмелер мен азық-түліктер қаралады, зерттеу жұмыстары бірізділікпен бірінші бөлмеден кейінгі екінші бөлмелерге өтіп жүргізіледі. Бөлмелердің орналасуына қарай залалданудың салыстырмалы эпицентр ошағы, оның қабырғаларының, терезе, есік, төбесі, ыдыстар, жабық, ашық және ыдыстардың жинақылығы, азық-түліктің түсі және түрлеріне көңіл бөлінеді
24-сурет.Медициналық ветеринарлық химиялық барлауға арналған құрал ПХР-МВ (Н.И.Каракчиев бойынша).1-қол насосы;2-металды қорап; 3-қайыс; 4-азық түлік анализі және құрғақ ауалық экстракцияға арналған шыны; 5-қағазды касеталы индикаторлық түтік;6-су сынамасының шыны ыдысы;7-химиялық реактивке арналған шыны;8-қақпағы
Ыдыстардағы жинақталған материалдар мен азық-түліктің өзінде тамшылы-сұйық УЗ-ның ізі бар ма жоқ па екендігін анық орнықтырып алады. Су қоймалары мен оған жақын орналасқан жеріне қарай обьектілерін тексеру мақсаты, судың залалдануында орнығуын, сонымен қатар сол су көздерін пайдаланған жергілікті тұрғындардың уланып қалмауын байқау, зерттеу міндетті.
УЗ-ң и н д и к а ц и я с ы үшін қолданылатын медициналық-ветеринарлық барлаудағы ПХР-МВ, ол тағамдағы алкалоидтар мен ауыр металл тұздарының, улы заттарды анықтауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |