«етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата21.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#125053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Нәтиже мен талқы
Сонымен, эксперимент нәтижелерін зерделей 
келе мынадай қорытындыға келдік: 
1) информанттар үшін ортақ, өздік етіс тұл-
ғалары ешқандай қиындық тудырмаған, барлық 
информант бұл етіс тұлғаларын дұрыс көрсеткен; 
2) қосымшалары ұқсас 
(-ыл/-іл; -ын/-ін)
болғанмен, информанттардың 90% өздік етіс пен 
ырықсыз етіс тұлғаларын ажыратқан; 
3) өзгелік етіс қосымшаларының қызметі
мен мағынасын талдауда информанттар біраз 
қиналғаны байқалады. Мұнда қазақ тілі пәнінің 
мұғалімдері (2) мен мектеп оқушылары 
-т‚ -қыз‚ 
-тыр‚ -р
 
жұрнақтарын өзгелік етіс көрсеткіші 
ретінде көрсеткен. Бұл жұрнақтардың өзіндік 
ерекшеліктерін аудармашылар байқаған. Сон-
дай-ақ қазақ тілін толық меңгере қоймаған 
информанттардың «жауап беруге қиналғанын» 
да аталған қосымшалардың мағыналық ерекше-
ліктерін байқағаны деп бағамдауға болады. 
Сондай-ақ 15 информант -
т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р
 
жұрнақтарын өзгелік етіс көрсеткіші ретінде 
көрсетіп, мысалдары да соған сәйкес келді. 
Эксперимент нәтижелерін талдай оты
-
рып, қазақ тілін ана тілім деп санайтын, тілді 
еркін меңгерген, тіпті қазақ тілі пәні бойынша 
сабақ беріп жүрген мұғалімдердің тілдік сана
-
сында 
-
т‚ -қыз‚ -тыр‚ -р
 
жұрнақтары өзгелік 
етіс көрсеткіштері ретінде әбден қалыптасып
сіңіп қалғанын, ал аудармашылардың екі тілді 
салыстыру негізінде ол жұрнақтардың өзіндік 
ерекшеліктері бар екенін байқағанын аңғарамыз. 
Сондай-ақ алдымен тұлғаның қай етіске тән 
екенін көрсетіп, кейін мысалдар келтірген 
информанттардың дені бұл жұрнақтарды өзгелік 
етіс қосымшасы ретінде көрсеткен, ал алдымен 
мысалдар келтіріп, кейін ол тұлғаның қай етіс 
көрсеткіші екенін анықтаған информанттар бұл 
жұрнақтың қай етіске тән екенін ажыратуда 
қиналған. Яғни информанттардың тілдік 
санасында олар өзгелік етіс көрсеткіші ретінде 
толық қалыптаса қоймаған, нақты тілдік 
деректер оған мүмкіндік бермеген. 
Бірқатар түркологтар төрт етістің жасалуы
-
на негіз болады деп есептеп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет