Етістік. Етістіктің аналитикалық формалары. Етістіктің лексико-грамматикалық категориялары


Өздік етіс дегеніміз – қимылдың субъектісі де объектісі де бір зат екенін білдіретін етіс



бет30/33
Дата06.01.2022
өлшемі158,43 Kb.
#12848
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Етістік

Өздік етіс дегеніміз – қимылдың субъектісі де объектісі де бір зат екенін білдіретін етіс.

  • Өздік етіс дегеніміз – қимылдың субъектісі де объектісі де бір зат екенін білдіретін етіс.
  • Өздік етісті анықтауда етістіктің негізі білдіретін қимылдың логикалық субъектісі мен объектісін анықтап алып, оны етіс жұрнағы жалғанғанн кейінгі етістік атаған қимылдың субъектісі мен объектісімен салыстыру әдісін қолданамыз.
  • Мысалы, таран, боян, т.б. Таран етістігінің негізі – тара: бұл қимылдың логикалық субъектісі – кез келген зат (адам) бола алады, ал объектісі – шаш, немесе тарауға келетін басқа заттар; тара етістігінен алынған таран сөзі атайтын қимылдың логикалық субъектісі де - кез келген зат (адам) бола алады, бірақ тарану қимылы енді шаш, немесе тарауға келетін басқа заттарды емес, субъектінің өзін қамтығанын көреміз, яғни тарану әрекетінің субъектісі мен объектісі – бір зат. Сол сияқты бояну әрекетінің субъектісі – қыз десек, объектісі – сол қыздың көзі, шашы, беті, т.б. болуы мүмкін. Ал бояну әрекетінің субъектісі мен объектісі – қыздың өзі, өйткені бояну әрекетін қыз өзіне жасады.
  • Өздік етіске беріліп жүрген анықтамалардың бірі – «қимылды субъекті өзіне жасағанын, немесе өзі үшін жасағанын білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады». Мұндағы «субъекті қимылды өзі үшін жасағанын білдіретін етіске» сұран, қаран, ойлан, тебін, көрін, т.б. с.с. қатардағы етіс тұлғасындағы сөздер жатқызылып жүр. Бұл етіс тұлғаларындағы етістік арқылы аталған қимылдарда субъектілер әрі объекті ретінде көрінбейді. Яғни, субъектінің қимылы өзін қамтымайды. Есесіне қимылды субъекті өзі үшін жасағанын байқаймыз. Өзі үшін сұранады, өзі үшін қаранады, өзі үшін ойланады, т.б.
  • Өздік етіс жұрнақтары кейде етістік тудырушы құранды жұрнақ құрамында кезедседі: намыстан, ауыздан, т.б.. Сондай-ақ бүгінгі таңда түбірін анықтау қиындаған сөздердің құрамында да ұшырасады; оян, үйрен, т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет