Етістік. Етістіктің аналитикалық формалары. Етістіктің лексико-грамматикалық категориялары


) Салт етістік сабақтыға айналады: кел –келтір, шық – шығар, піс –пісір, т.б.. Бұл құбылыс келесі өзгерістерге себеп болады



бет32/33
Дата06.01.2022
өлшемі158,43 Kb.
#12848
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

1) Салт етістік сабақтыға айналады: кел –келтір, шық – шығар, піс –пісір, т.б.. Бұл құбылыс келесі өзгерістерге себеп болады.

2) Салт етістіктің субъектісі сабақты етістіктің тура объектісіне айналады: ет пісті – етті пісірді. Салт етістіктің субъектісі болған сөйлемдегі бастауыш ол өзгелік етіс жұрнағы арқылы сабақты етістікке айналғанда тура толықтауыш болып келген;

3) Сабақты етістіктің өз субъектісі пайда болады. Әйелдер етті пісірді.

Ырықсыз етіс – қимылды атқарушы субъект көрінбей, қимыл субъектінің ырқынан тыс орындалғанын білдіретін етістің түрі. Етістің бұл түрінде қимылдың логикалық субъектісі сөйлемнен көрінбейді (егер логикалық субъектіні сөйлемге қатыстыру қажет болса, ол тарапынан, жағынан сөздерінің жәрдемімен сөйлемге ене алады). Мысалы, Астық жиналды. Етістіктің негізі – жина. Бұл қимылдың логикалық субъектісі – астық жинаушы адамдар, шаруалар, астық – жинау әрекетінің тура объектісі. Ескерту! Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден ғана жасалады және ырықсыз етіс жұрнағы сабақты етістікті салт етістікке айналдырып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет