Этнолингвистика және социолингвистика. Этнолингвистика және психолингвистика


Қазақ халқы мəдениетті, дана халық бола отырып, қонақжайлығымен, той-думан мен қазақи ойын-сауығымен де өзге халықтардан ерекшеленеді



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі32,24 Kb.
#18550
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7-семинар, МООЖ

Қазақ халқы мəдениетті, дана халық бола отырып, қонақжайлығымен, той-думан мен қазақи ойын-сауығымен де өзге халықтардан ерекшеленеді. Атап айтсақ: «Астың үшінші күні көкпар тартылды»(«Қызыл жебе» Iтом 33бет).

«Ызаға булыққан Тұқымбай көкпарға Қызыл Жебені қос деп бұйырды жігіттеріне, Қызыл Жебе додаға жоқ еді» («Б«Қызыл жебе» Iтом 34бет). «Бісміллə деп оны Рысқұл көкпарға да салып көрді. Додаға жоқ, шабысқа шайтандай жүйрік екен» («Қызыл жебе» Iтом 129бет). «Əсіресе, Тұрардың есінен кетпес елес-Рысқұлдың Қызыл Жебеге мініпкөкпар тартқаны ғой» («Қызыл жебе» IIтом 7бет). «Жаратылыстан көкжал көк бөрі болып туған Рысқұл көкпарды тулақ құрлы көрмей өзгелерден жұлып алып тақымына басқан кезде небір палуан жігіттер əлгі серкені тартып ала алмайды» («Қызыл жебе» IIтом 644бет). Бұдан көретініміз автор өз сөзінде қазақтың даналығын да, даралығын да, кұрметтеу мен көңіл көтеруін де керемет баяндаған. Жоғарыда Шерхан Мұртазаның автор сөзіндегі, яғни өз сөзіндегі этнолигвистикаға қатысты мысалдар айтылса, кезекті кейіпкер сөзіне берейік. Мұнда барлығы 244 мысал табылып, олардың ішінен пайызға шаққанда 40 пайызы дін тақырыбындағы мысалдар екені белгілі болды. Бұдан біз қазақ халқының Алланы аузынан тастамайтын, қандай жағдай болса да бес уақыт намазы қаза болмайтын иманы берік халық екенін айқын көре ала аламыз. Сөзіміз дəлелді болу үшін төмендегі мысалдарды келтірейік: -«Бір Құдай өзі жар болсын»(«Ай мен Айша» 30бет) («Қызыл Жебе» IIтом 295бет). Яғни, алыстан құдалар келгенде қазақ халқы құр қол келмей, тұрмысына қарай əр түрлі төрт түлік мал, қантшай ала келген. -«Алыңыз,-деді Оразбақ орысшалап. –Қазақ рəсімі, алмасаңыз, ақсақал өкпелейді. Бұл көрімдік деген болады». («Қызыл Жебе». IIтом, 296бет) мұнда дана халқымыз алғаш рет көретін жақсы нəрсе, не болмаса адам болсын ақшалай не заттай сыйлық ұсынған, қуанышыңа ортақпын деген мағынада. -«Ең құрметті қонаққа жол жора,деді шошақ бөрік киген жас жігіт» («Қызыл Жебе». IIтом, 410бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет