-«Нарком əкеңнен байғазы сұра,-деп қалды Ольга Ескендірдің үстіне құйып қойғандай жараса кеткен матросканы сипап тұрып». («Қызыл Жебе» IIтом 567бет). -«Сүйінші, Рысқұлов! деді ол дарақылана күліп. –Əйелің босанды». («Қызыл Жебе». IIтом, 620бет)
Осымен қорытындылай келетін болсақ, этнолингвистика тіл білімінде əлі де толығымен қалыптасып болмаған ғылым, бірақ ол сонысымен баршамызға қызық, əлі талай ашылмаған, зерттелмеген қыр-сырлары молшылық. Көркем шығармада жазушы қазақ болмысын ашық, айқын бейнелей отырып, шығармаларын оқу барысында əр оқырманның қазақ болып туылғанына мақтаныш толы, кеудесіне бір сəуле ұялатады. Сол себепті əр қазақ өз ұлтын, оның болмысын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын білу, ұғыну үшін, біріншіден, этнолингвистика ғылымының берері мол, екіншіден, көркем шығармадағы ұлттың, ұлыстың ұлттық сипатын даралық ерекшеліктерін беретін материалдарды зерттеудің де мəні зор.
«Е, жезде бір Құдай өзі жар болсын. Аруақ қолдаса, тірі жүрген шығар, деп жұбатқан болды Айша. («Ай мен Айша». 56бет). «Əулие анаңа сиынып жат. Мен намаз оқып алайын,деп күйбеңдеп жайнамаз, орамалын алып құбыла жаққа қарап, дұға оқып көп отырды». («Ай мен Айша» 201бет). -«Əйтеуір Құдайға құлшылық ниетімен сіз ұстап тұрған қасиетті мешітке жұма намаздан қалмай барып тұрамын» («Қызыл Жебе» 488бет). -«Қатын-баласын асырап отырған жалғыз қап бидайын, Құдайға құлшылық етіп бес рет намаз оқитын жайнамазын тартып алған советтер» («Қызыл Жебе». IIтом, 177бет).
Осы сияқты қазақи салт-дəстүр мен əдетғұрыптың көрінісін сипаттайтын мысалдар да жеткілікті: -«Оразбақ айтты: «Құда жолы, жоралғы солай. Бұл қой сіздің сыбағаңыз.»