Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет22/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44

ЛАТЫШТАР, өз атауы – латвиеши.
Қазақстандағы латыштар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1816 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 1163 адам.
Латыш  тілі – Латвия  Республикасының  ресми  тілі,  Еуропалық  Одақтың 
25 ресми тілдерінің бірі. Қазақстан латыштары этностық тобының экзогенді 
тілі. 
Латын тілі үндіеуропалық тілдер семьясының балтық тармағына кіреді.
Дінге  сенетін  латыштар  көбінесе  лютерандар  мен  католиктер  болып  ке-
леді.
ЛЕЗГИНДЕР, өз атауы – лезги, лезгияр.
Қазақстандағы лезгиндер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 4619 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 3675 адам.
Лезгин тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан лез-
гиндері этностық тобының экзогенді тілі. 
Лезгин тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағының 
лезгин ішкі тобына жатады. Кейбір облыстарда (Маңғыстау облысы) лезгин 
ұлттық-мəдени орталықтары бар.
Дінге сенетін лезгиндердің көбі сүннит мұсылмандар. Лезгиндердің ара-
сында шииттер жəне христиандар да бар.
ЛИВТЕР, өз атауы – ливли, каламиез, рандалист. Балтық жағалауындағы 
саны аз фин халқы. 
Қазақстандағы ливтер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 3 адам, 2009 
жылғы мəлімет бойынша 49 адам. 
Лив тілі – Қазақстан ливтері этностық тобының экзогенді тілі. 
Лив тілі фин-угор тілдері семьясының балтық-фин оңтүстік тобына жата-
ды.
Дінге сенетіндері – христиандар (лютерандар).
ЛИТВАЛЫҚТАР, өз атауы – лиетувяй.

179
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстандағы  литвалықтар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 7070 
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 4844 адам .
Литва тілі – Литва Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан литва-
лықтары этностық тобының экзогенді тілі. 
Литва тілі үндіеуропалық тілдер семьясының балтық тармағына кіреді.
Қазіргі кезеңде діншіл литвандар негізінен католиктікті ұстанады.
2014 жылғы мəліметтер бойынша халықтың шоғырланып ықшам қоныс-
тануы  Қарағанды  облысында (1693 адам),  Солтүстік  Қазақстан  облысында 
(667 адам) байқалады.
Кейбір облыстарда (Қарағанды, Маңғыстау) литвалықтардың ұлттық-мə-
дени орталықтары бар.
МАНСИ, өз атауы – манси (еск. – вогул). Ресейдегі саны аз халық, Хан-
ты-Манси автономиялық округінің тұрғылықты жұрты.
Қазақстандағы мансилер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 8 адам, 2009 
жылғы мəліметтер бойынша 32 адам. 
Манси тілі – Қазақстан мансилері этностық тобының экзогенді тілі. Ман-
силердің 60%-дайы күнделікті өмірде орыс тілін пайдаланады.
Манси тілі фин-угор тілдері семьясының обь-угор тармағына кіреді.
Мансилер ресми түрде православиелікке айналдырылғанымен христиан-
дыққа  дейінгі  наным-сенімдерін  елеулі  шамада  сақтап  қалған.  Айналадағы 
əлем  мен  этностық  топтың  этногенезі  туралы  мифологиялық  түсініктердің 
кешеніне зор мəн береді.
МАРИЙЛЕР, өз атауы – мари; еск. – черемистер.
Қазақстандағы марийлер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 6495 адам, 
2009 жылғы мəліметтер бойынша 4340 адам. 
Марий таулық тілі жəне марий алқап тілі – Марий Эл Республикасының 
ресми  жəне  мемлекеттік  тілдері,  Қазақстан  марийлері  (таулық  жəне  алқап-
тық) этностық тобының экзогенді тілі. 
Марий таулық тілі жəне Марий алқап тілі фин-угор тілдері семьясының 
еділдік тармағына жатады.
 Марийлердің дəстүрлі халықтық діні марий мифологиясына негізделеді, 
христиандық  пен  исламдағы  монотеистік  түсініктердің  ықпалымен  енген 
түрлік өзгерістері бар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың көп қоныстанған жері Ақ-
мола облысында – 800 адам, Ақтөбе облысында – 241 адам.
МОЛДАВАНДАР, өз атауы – молдовень.
Қазақстандағы  молдавандар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 19462 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 14083 адам.

180
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Молдаван  тілі – Молдова  Республикасының  мемлекеттік  тілі;  Қазақстан 
молдавандары этностық тобының экзогенді тілі. 
Молдаван  тілі  үндіеуропалық  тілдер  семьясының  роман  тармағының 
балқан-роман ішкі тобына жатады.
Молдовада анағұрлым кең тараған дін – православие, ел жұртының 98%-ы
осы дінде. Мұның қатарына ескі ғұрыпшылдар (старообрядцы), рухи моло-
кандар,  Шетелдегі  орыс  православие  шіркеуінің  шынайы  православиелік-
тері, армян-григориандар, католиктер мен протестанттар да кіреді.
2014 жылғы мəліметтер бойынша халқының ең көп қоныстанған жері Қа-
рағанды облысында (2447 адам), Қостанай облысында (2392 адам), Ақмола 
облысында (1623 адам), Ақтөбе облысында (1425 адам).
Қазақстан  аумағында  молдаван  облыстық  мəдени  бірлестіктері,  қалалар 
мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 
МОРДВА, өз атауы –мордва, эрзя.
Қазақстандағы  мордва  этностық  тобының  саны: 1999 жылғы  мəлімет
бойынша 16145 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 6855 адам.
Мордва мокшасы жəне мордва эрзясы – Мордовия Республикасының мем-
лекеттік тілдері; Қазақстан мордвалары этностық тобының экзогенді тілдері. 
Мордва мокшасы жəне мордва эрзясыфин-угор тілдері семьясының фин-еділ 
тармағының мордва ішкі тобын құрайды.
Дінге сенетіндер негізінен православиені ұстанады, сондай-ақ халықтық 
дінге берілгендер де (мокшандардың дəстүрлі діні – «мокшень кой»), люте-
рандар да, молокандар да бар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырланып қоныстанған 
жерлері  Қарағанды  облысында – 2447 адам,  Қостанай  облысында – 2392 
адам, Ақмола облысында – 1623 адам, Ақтөбе облысында – 1425 адам.
Қазақстан аумағында мордва облыстық мəдени бірлестіктері, қалалар мен 
аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 
НАНАЙЛАР,  өз  атауы – нанай  (еск.  гольдтар);  бір  тобы  самагир  деп 
аталған. Ресей Федерациясының Қиыр шығысындағы саны аз халық.
Қазақстандағы  нанайлар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 19 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 14 адам.
Нанай тілі – Қазақстан нанайлары этностық тобының экзогенді тілі. Нанай 
тілі тұңғыс-манчжур тілдер семьясына кіреді.
Дінге сенетіндері православиені ұстанады, бір бөлігі дəстүрлі наным-сенім-
дердің жолында.
НГАНАСАНДАР,  өз  атауы  –  ня  (а).  (еск.самоед-тавгийлер).  Сібірдегі 
тұрғылықты самодийлік халық.
Қазақстандағы нганасандар тобының саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 
6 адам. 

181
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Нганасан тілі – Қазақстан нганасандары этностық тобының экзогенді тілі. 
Нганасан тілі оралдық тілдер семьясының самодий тобына жатады.
Православие  дінін  ұстанады,  бір  бөлігі  дəстүрлі  наным-сенімдердің  жо-
лында.
НЕГИДАЛДАР, өз атауы – элькан бэйэнин, набэйэненин. Амур бойындағы 
тұңғыс-мəнжүрлік аз халық.
Қазақстандағы негидальдар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 6 адам.
Негидал тілі – Қазақстан негидалдары этностық тобының экзогенді тілі. 
Негидал тілі тұңғыс-манчжур тілдер семьясына жатады.
Діни көзқарасы жағынан негидалдар – шаманизм түріндегі анимистер.
НЕМІСТЕР, өз атауы – дойче; австриялықтар остеррайхер деп аталады.
Қазақстандағы немістер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 353462 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 181348 адам.
Неміс тілі – Германияның ресми тілі; Австрияның, Швейцария конфеде-
рациясының, Люксембург ұлы герцогтығының, Лихтенштейн князьдығының 
ресми тілі; Еуропалық Одақтың 25 ресми тілінің бірі; əлем тілдері қатарына 
кіреді жəне БҰҰ-ның ресми жұмыс тілі, əртүрлі тілді адамдардың қарым-қа-
тынасы үшін lingua franca. 
Неміс тілі (жоғарғы неміс тілі жəне төменгі неміс тілі диалектілері) – Қа-
зақстандағы неміс этностық тобының экзогенді тілі. 
Неміс тілі үндіеуропалық тілдер семьясының герман тобының батысгер-
ман ішкі тобына жатады.
Дінге  қатысы  жағынан  Қазақстандағы  немістер,  Германиядағы  сияқты 
біртұтас  емес;  лютерандық,  католик,  меннонит,  баптист,  пятидесятник,  ад-
вентист, Иегово куəлары т.б. бағыттарды ұстанады. Жекелеген оқиғалар бол-
маса, ислам мен православиені қабылдаулары көрінбейді.
 2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырланып қоныстанған 
жерлері  Қарағанды  облысында – 18,28%, Қостанай  облысында – 15,51%, 
Ақмола облысында – 14,49%, Павлодар облысында – 11,65%, Солтүстік Қа-
зақстан облысында – 11,23%. 
Қазақстан  аумағында  неміс  республикалық,  облыстық  мəдени  бірлестік-
тері, қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
НЕНЕЦТЕР, өз атауы – ненець, ненэй, ненець «нағыз адам» мағынасында 
(еск. самоед, юрак).
Қазақстандағы  ненецтер  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 83 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 7 адам.
Ненец тілі – Ямал-Ненец автономиялы округының мемлекеттік тілі (орыс 
тілімен қатар); Таймыр (Долган-Ненец) автономиялы округының мемлекет-

182
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тік тілі (орыс тілімен қатар); Қазақстан ненецтері этностық тобының экзоген-
ді тілі. 
Ненец (юрак-самоед) тілі оралдық тілдер семьясының самодий тобына жа-
тады.
Діни  сенімі  православие,  дəстүрлі  наным-сенімдерінің  сипаттары 
сақталған.
НИВХТЕР, өз атауы –нивхгу (амур диалектісі), нивгун (Шығыс Сахалин 
диалектісі) адам, адамдар мағынасында; еск. гиляктар.
Қазақстандағы нивхтер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 8 адам, 2009 
жылғы мəлімет бойынша 4 адам.
Нивх тілі – Қазақстан нивхтері этностық тобының экзогенді тілі. 
Нивх тілі (еск. гиляк тілі) палеоазиялық тілдер семьясының оқшауланған тілі.
Ресми түрде православиеліктер болып саналғанмен дəстүрлі наным-сенім-
дері (табиғатқа, аюға табыну, шамандық т.б.) сақталған.
НИДЕРЛАНДЫҚТАР, өз атауы – холандерс.
Қазақстандағы  нидерландықтар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 21 
адам. 
Нидерланд  тілі – француз  тілімен  қатар  Нидерланд  Корольдігінің  мем-
лекеттік  тілі;  Бельгия  Корольдігінің,  Суринам  жəне  нидерландтық  Антиль 
аралдарының ресми тілдерінің бірі; Еуропа Одағының 25 ресми тілінің бірі; 
Қазақстан нидерландықтары этностық тобының экзогенді тілі. 
Нидерланд (голланд) тілі – үндіеуропалық тілдер семьясының герман тар-
мағының батысгерман ішкі тобының төменгі неміс тармағына жатады.
Голландтықтардың шамамен жартысы өздерін христианға жатқызады: олар – 
католиктер мен протестанттар, негізінен, кальвинистер мен лютерандар. Осын-
дай шамада (жартысына жуық) голландықтар өздерін дінге қатысты емеспіз 
деп санайды.
НОҒАЙЛАР,  өз  атауы – ноғай.  Соңғы  тарихи  кезеңде  Қырымды,  Сол-
түстік Кавказды, Еділдің оңтүстігін мекен етіп келе жатқан халық.
Қазақстандағы  ноғайлар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 350 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 295 адам.
Ноғай  тілі – Қарашай-Черкес  Республикасының  бес  мемлекеттік  тілінің 
бірі; Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан ноғайлары эт-
ностық тобының экзогенді тілі. 
Ноғай тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдерінің батыс ғұн бұтағын-
дағы қыпшақ тобының қыпшық-ноғай ішкі тобына жатады.
Ноғайлардың дəстүрлі діні – ханафи мазхабындағы ислам.
Қазақстанның кейбір қалаларында (Астана қ.) ноғай мəдени орталығы жұ-
мыс істейді.

183
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ОРОКТАР, 1991 жылдан бастап ульта (орон «бұғы» сөзінен шығады) деп 
аталады.
Қазақстандағы ороктар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1 өкілі тір-
келген, Қарағанды облысында өмір сүреді.
Орок тілі – Қазақстан ороктары этностық тобының экзогенді тілі. 
Орок  тілі  алтай  тілдері  семьясының  тұңғыс-манчжур  тобының  оңтүстік 
ішкі тобына жатады.
ОРОЧИЛЕР, өз атауы – нани, орочиян, орочисел.
Қазақстандағы  орочи  этностық  тобының  саны: 1999 жылғы  мəлімет
бойынша 4 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 3 адам.
Орочи тілі – Қазақстан орочилері этностық тобының экзогенді тілі. 
Орочи тілі алтай тілдері семьясының тұңғыс-манчжур тобының оңтүстік 
ішкі тобына жатады.
ОРЫСТАР, өз атауы – русские.
Қазақстандағы  орыстар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 4480675 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 3701713 адам.
Орыс тілі – Ресей Федерациясының, сонымен қатар Ресей Федерациясы-
ның субъектісі болып саналатын республикалардың мемлекеттік тілі; Қырғыз-
стан  Республикасының  қырғыз  тілімен  қатар,  Беларусьтің  белорус  тілімен 
қатар ресми тілі; Молдованың бір бөлігінің, Қазақстанда ресми тіл ретінде 
қолданылады  (мемлекеттік  ұйымдар  мен  жергілікті  басқару  органдарында 
орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады); 6 əлем тілдері қата-
рында; ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдерімен қатар БҰҰ-
ның ресми тілі; Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына, Еуразия экономикалық 
қауымдастығына,  Кеден  Одағына  қатысушы-мемлекеттердің  дəнекер  тілі; 
əлемнің  көптеген  елдерінде,  соның  ішінде  Қазақстанда  да  оқыту  тілі,  үй-
ретілетін тіл (екінші тіл, шет тілі).
Орыс тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының шығыс сла-
вян ішкі тобына жатады.
Орыс  православие  шіркеуі  Қазақстандағы  ірі  діни  бағыттардың  бірі:  екі 
жүздей  приходы  бар,  Мəскеу  патриархатының  құрылымдық  бөлімшесі  бо-
лып табылады. Орыстардың аздаған топтары протестант қауымына, дəстүрлі 
емес діни жаңа бірлестіктерге енген.
2014  жылғы  мəліметтер  бойынша  шоғырланып  қоныстанған  жерлері 
Шығыс Қазақстан облысында – 14,36%, Қарағанды облысында – 13,92%, Қос-
танай облысында – 10,07%, Алматы облысында – 8,19%, Алматы қаласында 
– 12,14%. 
 Қазақстан аумағында облыстық орыс мəдени орталықтары жəне қалалар 
мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 
ӨЗБЕКТЕР, өз атауы – өзбек.

184
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақстандағы өзбектер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 370765 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 507 509 адам.
Негізінен оңтүстік шекаралық аймақтарда тұратын өзбек этностық тобы 
ежелден қалыптасқан. 
Олардың  саны  тұрақты  түрде  өсу  үстінде.  Қазіргі  уақытта  өзбек  тобы 
туудың ең жоғарғы көрсеткішіне ие, экономикалық себептерге байланысты 
өзбектердің  (тіркелетін  жəне  тіркелмейтін)  Қазақстанға  көшуі  жалғасуда. 
Бұл  демографтарға  алдағы  уақытта  Қазақстанда  өзбектердің  саны  көбейе 
түсетінін болжауға мүмкіндік беріп отыр.
Өзбек тілі – Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан өз-
бектері этностық тобының экзогенді тілі. 
Өзбек тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батыс ғұн тармағы-
ның қарлұқ тобына жатады.
Өзбектердің діні негізінен сүнниттік ислам.
2014  жылғы  мəліметтер  бойынша  өзбектердің  шоғырланып  қоныстан-
ған  жері  Оңтүстік  Қазақстан  облысында – 87,57%, Жамбыл  облысында – 
5,09% .
ОСЕТИНДЕР, өз атауы – ирон, дигорон.
Қазақстандағы осетиндер тобының саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 
2039 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 1324 адам.
Осетин  тілі  –Солтүстік  Осетия-Алания  Республикасының  орыс  тілімен 
қатар  мемлекеттік  тілі;  Дағыстанның  он  төрт  мемлекеттік  тілінің  бірі;  Қа-
зақстан осетиндері этностық тобының экзогенді тілі. 
Осетин тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының солтүстік 
шығыс-иран тобына жатады.
Солтүстік  осетиндердің  жартысынан  астамы  православиеліктер  болып
саналады. Басқа аз бөлігі христиандыққа дейінгі діннен тамыр алатын дəс-
түрлі осетиндік наным-сенімдерге берілген. Бір бөлігі сүннит исламды ұста-
нады.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этнос Маңғыстау облысында (196 
адам) шоғырланып қоныстанған. 
Кейбір қалаларда (Ақтау) осетин мəдени орталықтары жұмыс істейді. 
ПАРСЫЛАР, ФАРСЫЛАР өз атауы – ирани.
Қазақстандағы парсы диаспорасының саны: 1999 жылғы мəлімет бойын-
ша 2870 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 5231 адам.
Парсы  тілі – Иран  Ислам  Республикасының  ресми  тілі,  ұлтаралық  қа-
рым-қатынас тілі; Ауған ислам Республикасының ресми тілі (пушту тілімен 
қатар); Қазақстан парсылары этностық тобының экзогенді тілі.
Парсы (фарси) тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының 
оңтүстік батыс тобына жатады.

185
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазіргі  уақытта  Иран  мемлекеттік  дінінің  шииттік  түрін  парсылардың 
90%-ы, аздаған күрдтер ұстанады.
ПОЛЯКТАР, өз атауы – поляк, полящ.
Қазақстандағы поляктар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 47 302 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 32 963 адам.
Поляк  тілі – Польша  Республикасының  ресми  тілі;  Еуропалық  Одақтың 
25 ресми тілінің бірі; Қазақстан поляктары этностық тобының экзогенді тілі. 
Поляк тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының батыс сла-
вян ішкі тобына жатады.
Поляктардың басым көпшілігі дəстүр бойынша римдік католицизмді ұста-
нады жəне дін жағынан жоғары белсенділігін байқатады.
2014  жылғы  мəліметтер  бойынша  халықтың  шоғырланып  қоныстануы 
Солтүстік Қазақстан облысында – 39,32%, Ақмола облысында – 24,66%, Қа-
рағанды облысында – 11,69% байқалады. 
Қазақстан аумағында облыстық поляк мəдени бірлестіктері жəне қалалар 
мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 
РУМЫНДАР, өз атауы – румын, ромынъ.
Қазақстандағы румындар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 594 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 437 адам.
Румын тілі (дако-румын) – Румынияның ресми тілі; Сербия жəне Черно-
горияның  бір  бөлігінің  ресми  тілі;  Воеводинаның  ресми  тілі  (серб,  хорват, 
венгр, словак, русин тілдерімен қатар); Еуропалық Одақтың 25 ресми тілінің 
бірі; Қазақстан румындары этностық тобының экзогенді тілі. 
Румын  тілі  (дако-румын)  үндіеуропалық  тілдер  семьясының  роман  тар-
мағының балқан-роман (шығысроман) тобына жатады.
Румындар арасында кең тараған діни бағыт – православие.
РУТУЛДЫҚТАР, РУТУЛДАР, өз атауы – мых абдыр, мыхадар.
Қазақстандағы  рутулдар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 113 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 82 адам.
Рутул  тілі  (дако-румын) – Дағыстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі; 
Қазақстан рутулдарының экзогенді тілі. 
Рутул  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  нах-дағыстан  тармағының 
лезгин ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін рутулдардың көбі – сүннит мұсылмандар.
РУШАНДАР,  өз  атауы – рыхен,  рухани.  Тəжікстанның  Таулы  Бадахшан 
облысында тұратын этностық топ.
Қазақстандағы рушандар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 20 адам.
Рушан тілі – Қазақстан рушандары этностық тобының экзогенді тілі. 

186
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Рушан тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран (памир) тармағының 
шығыс тобының шугнан-рушан ішкі тобына жатады.
Рушандар  исламның  шииттік  бағытының  негізгі  тармақтарының  бірі 
исмаилшылдықты ұстанады.
СААМДАР, өз атауы – саам; лопар. Солтүстік Еуропаның фин-угор тектес 
тұрғылықты саны аз халқы.
Қазақстандағы саамдардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 2 адам.
Саам тілі – Қазақстан саамдары этностық тобының эндогенді тілі. 
Саам тілі оралдық тілдер семьясының фин-угор тілдеріне жатады.
Дінге сенетін аз бөлігі православиелікті ұстанады.
СЕЛЬКУПТЕР,  өз  атауы – селькуп  (еск.  остяктар,самоедтер),  Батыс 
Сібірдің теріскейін мекен ететін халық.
Қазақстандағы  селькуптер  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 3 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 2 адам.
Селькуп тілі – Қазақстан селькуптері этностық тобының эндогенді тілі. 
Селькуп тілі оралдық тілдердің самодий тобына жатады.
Игеру  уақытына  қарай  дəстүрлі  наным-сенімдері  анимизм,  шамандық, 
православиелік.
СЕРБТЕР, өз атауы – серб, срб.
Қазақстандағы сербтер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1 адам, 2009 
жылғы мəлімет бойынша 226 адам.
Серб  тілі – Сербияның  (Воеводина,  Косово,  Метохия  провинциялары) 
жəне Черногорияның ресми тілі; Босния жəне Герцоговина Республикалары-
ның  (босния  жəне  хорват  тілдерімен  қатар)  ресми  тілі;  Қазақстан  сербтері 
этностық тобының эндогенді тілі. 
Серб тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының оңтүстіксла-
вян ішкі тобына жатады.
Сербтердің негізгі діні – православие.
СЛОВАКТАР, өз атауы – словак, словац. 
Қазақстандағы  словактар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 48 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 115 адам.
Словак  тілі – Словакия  Республикасының  ресми  тілі;  Сербия  мен  Чер-
ногорияның  ресми  тілі;  Воеводинаның  (серб,  хорват,  венгр,  румын,  русин 
тілдерімен қатар) ресми тілі; Еуропалық Одақтың 25 ресми тілінің бірі; Қа-
зақстан словактары этностық тобының экзогенді тілі. 
Словак тілі үндіеуропалық тілдер семьясының славян тобының батыс сла-
вян ішкі тобына жатады.
Словакияда дінге сенетіндердің көбі (62%) – католиктер, Дінге сенетіндер-
дің екінші тобы – протестант-лютерандар (10,2%), грекокатоликтер де бар (4,1%).

187
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТАБАСАРАНДАР, өз атауы – табасаран.
Қазақстандағы  табасарандар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 298 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 238 адам.
Табасаран тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан 
табасарандары этностық тобының экзогенді тілі. 
Табасаран тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағы-
ның лезгин ішкі тобына жатады.
Табасарандар негізінен сүннит исламның шафиқ мазхабын, аздаған бөлігі 
ханафит мазхабын ұстанады. Бұлардың арасында сопылықтың нақышпандия 
тарихатының жолындағылар да бар.
ТАЛЫШТАР, өз атауы – толыш. Каспий теңізінің оңтүстік батысына жа-
насатын Талыш облысының таулы жəне тау алды аймағында тұрып жатқан 
Оңтүстік Кавказдың тарихи халықтарының бірі.
Қазақстандағы талыштар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 691 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 132 адам.
Талыш тілі – Қазақстан талыштары этностық тобының эндогенді тілі. 
Талыш  тілі  үндіеуропалық  тілдер  семьясының  иран  тармағының  сол-
түстік-батыс тобына жатады.
Дінге сенетіндердің көбі шиит түсінігіндегі исламды ұстанады.
ТАТАРЛАР, өз атауы – татар.
Қазақстандағы татарлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 248 954 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 203 111 адам.
Татар этностық тобы Қазақстанның батыс жəне солтүстік аймақтарында 
ХVІІІ ғасырдың өзінде-ақ қалыптаса бастады; Қазақстанның Ресейге қосылу 
үдерісі  тек  орыстардың  ғана  емес,  татарлардың  да  қоныстануымен  қатар 
жүрді. Татарлар қалалар мен керуен жолының қиылысқан жерінде қоныста-
нып,  татар  слободаларын  салды,  тілмаштық,  саудагерлік  қызметтер  атқар-
ды; олардың көші-қон легі ХХ ғасырда да жалғасты. ХІХ ғасырдың екінші 
жартысында Қазақстандағы татарлар саны айтарлықтай көбейді; олар көлемі 
бойынша үшінші этностық топқа айналды. 
Татар тілі – Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан та-
тарлары этностық тобының экзогенді тілі. 
Татар тілі алтай тілдері семьясының түркі тегінің батысғұн бұтағындағы 
қыпшақ тобының қыпшақ-бұлғар ішкі тобына жатады.
Діни белгілері жағынан негізінен сүннит мұсылмандар, сондай-ақ бұлар-
дың арасында православиеліктер де, атеистер де, басқалар да бар.
2014  жылғы  мəліметтер  бойынша  халықтың  шоғырланып  қоныстанған 
жерлері Қарағанды облысында – 15,68%, Оңтүстік Қазақстан облысында – 
8,11%, Қостанай облысында – 8,11%, Алматы облысында – 10,74%.
Қазақстан аумағында татар облыстық мəдени орталықтары, қалалар мен 
аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 

188
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет