Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет18/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44

ЭТНОСАЯСАТ  ИНДИКАТОРЫ  (ор.  индикатор  этнополитики,  ағыл. 
ethnopolitical indicator)–  этносаралық  қатынастарды  болжау  мен  ахуалды 
бағалау кезінде тиімді қолдану үшін пайдаланылатын əлеуметтік түрлендір-
ме (вариация) ретінде бағаланады. Мұндайда Э.и. ахуалдар мен шындықтар-
ды ескере отырып мақсатты түрде дами түсуінің маңызы зор. 

144
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Э.и. тілдік жəне этностық өзгерістердің бастапқы сатыларындағы белгілер 
немесе  тіл  мен  этностың  өзгермейтін  сипаттары  ретіндегі  тұрақты  вариа-
тивтіліктің белгілері жатады. 
Этносаралық  ахуалдың  индикаторлары  қоғамдағы  этносаралық  қаты-
настардың  даму  үрдісі  мен  жай-күйін  анықтайтын  айнымалы  шамалардың 
жүйесі болып табылады. Этносаралық саланы бағалау үшін, сондай-ақ мем-
лекеттік органдардың қолдануына ыңғайлы болу қажет типтік индикаторлар 
ретінде  мыналар  қарастырылғаны  жөн:  этносаралық  келісімді  қамтамасыз 
ету ісіне жұрттың беретін бағасы; ҚХА-ның этноұлттық саясатты жүзеге асы-
ру жолындағы іс-шараларына тартылған орталық жəне жергілікті атқарушы 
органдардың үлесі; этноұлттық саясат саласындағы іс-шараларына орталық 
жəне  өңірлік  деңгейде  этномəдени  бірлестіктердің  қамтылуы;  этносаралық 
қатынастар саласында Конституция нормаларына сəйкестігі сараптамадан өт-
кізілген заң жобаларының үлесі; Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық 
келісімнің  қазақстандық  үлгісін  түсіндіру  жөніндегі  ақпараттық  жұмыспен 
қамтылған жұрттың үлесі; этносаралық қатынастардың жайын оң бағалайтын 
жұрттың үлесі; қоғамның жалпы ұлттық құндылықтарды қолдау деңгейі; ұлт-
тық-мемлекеттік бірегейлік белгілерімен өзін бірдейлестіретін жұрттың үлесі; 
мемлекеттік тілге оқытып-үйретудің барлық түрімен қамтылған этностардың 
жəне тілін, дəстүрі мен мəдениетін сақтау жолында жұмыс жүргізіп жатқан
этностардың  үлесі;  этносаралық  қатынас  пен  қоғамдық  келісім  мəселелері 
бойынша  іргелі  жəне  қолданбалы  зерттеулердің  деңгейі;  Қазақстан  Рес-
публикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқы-
ған тыңдаушылардың даярлық сапалық құрамы мен деңгейі.
Этносаралық қатынастардың түрлі деңгейлерге тəн, көп бағытты жəне көп 
компонентті  сипаттары  мол.  Сондықтан  бағалау  межелеуіштерінің  ішінде 
мыналар  ескерілуі  қажет:  əлеуметтік-экономикалық  ахуал;  əлеуметтік-саяси 
ахуал; тілдік ахуал; азаматтардың өзін-өзі сəйкестендіруі мəселелері; этностық 
қоғамдастықтар  мен  топтардың  қоғамдық  үдеріске  қосылғандығы  (қар.  Эт-
ноəлеуметтану, Этносаясаттану).
ЭТНОССЫЗДАНДЫРУ /ДЕЭТНИЗАЦИЯ/ (ор. деэтнизация, ағыл. de-
ethnicization) – этнос мəдениетінің, тілінің жəне тұрмысының ұлттық ерек-
шелігінің  жоғалуы;  қоғамдық  өмірдің  ұлттық  формаларын  тұқырту  жəне 
ығыстыру.
Д. этностың жүйелі тұтастық ретінде жоғалуына əкеліп соқтырады, алайда 
осы этносты құраған адамдар басқа этностың құрамында солардың дəстүр-
лерін қабылдап тіршілік ете береді. Халықтың немесе оның жеке өкілдерінің 
өз этностық ерекшеліктерін жоғалту үдерісі ана тілінен айырылуынан баста-
лады, кейін этностық сана-сезім мен этностық бірегейлік те жоғала береді. 
Д.  этностық  антижүйені  жаңа  мүшелермен  толықтырудың  міндетті  шарты 
болып табылады. Д. бір этностың басқа этносты сіңісуге мəжбүрлеуінің (ал 

145
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
табиғи  ассимиляция  этностық  дəстүрлердің  бірігуіне  алып  келеді)  немесе
абстрактілі  түрде  «адамның  жаңа  типін»  немесе  «жаңа  адамдар  қауымдас-
тығын» жасау қажеттілігін талап ететін кейбір идеологиялық немесе фило-
софиялық тұжырымдаманы жүзеге асыру əрекеттерінің нəтижесі болуы мүм-
кін.  Бірқатар  жағдайларда  дисфункциялы  Д.  үдерісі  мен  этностық  дəстүр-
лерді модернизациялау үдерісін ажырата қараған жөн. 
Бұл термин П.М.Корявцевтің «Антижүйелер философиясы» кітабы жарық 
көргеннен кейін (1994 ж.) кең таралды. 
ЭТНОСТЫҚ  АНКЛАВ    (франц.  enklave  лат.  inklavare – құлыптау,  ор. 
анклав этнический, ағыл. ethnic(al) enclave)– басқа ұлт ортасында этностық 
топтың ықшам бөлігі мекен ететін территория. Э.а. визуалды жəне əлеумет-
тік-экономикалық сипаты жағынан қаладағы көршілес аудандардан өзгеше 
болады.  Э.а.  жұртына  осы  ауданның  ерекшелігін  айқындайтын  қандай  да 
бір  этностың  басым  өкілі  болуы (30%-дан  кем  емес)  тəн.  Э.а.-қа  тəн  си-
паттар – тұйықтық,  ішкі  экономикасының  болуы,  этностық  көсемдердің 
бақылау  жасауы,  өз  этномəдени  ерекшеліктерін  жаңғыртуға  талпынысы. 
Э.а.  бірқатар  себептерге  байланысты  пайда  болады.  Мұндай  құрылымдар 
тұтас этностық қауымдастықтың Миграциясы, этностық топтың бөтен ор-
тада ықшам қоныс тебуге ұмтылысы, белгілі бір халықтың мəжбүрлі түрде 
бір  аумаққа  шоғырландырылуы  салдарынан  пайда  болады.  Э.а.  өздерінің 
дəстүрлі мəдени ортасына тəн əлеуметтік жүйесін жаңғыртатын «буферлік
ортаны» жасауға итермелейді. Бұл - дəстүрлері, мəдениеті, қалыптасқан мі-
нез-құлық  нормалары  жергілікті  халықтікінен  айтарлықтай  өзгеше  этнос-
тық Мигранттар осындай қадамдарға жиі барады. Анклавтың ниеті, Ми-
гранттар өзгеруге тиіс емес деп санайтын негізгі ұстанымдары өздерінің 
дəстүрлі  мəдени  құндылықтарына  бағдарланса,  іске  асырыла  бастайды. 
Мұндай жағдайда анклавты қабылдайтын орта көбінесе анклавтың мəдени 
дəстүрінің жайлы дамуының əлеуметтік-экономикалық ресурсы ретінде қа-
растырылады. 
ЭТНОСТЫҚ  АНТРОПОЛОГИЯ  (грек. anthropos – адам + logos – 
ұғым, ілім, ор. антропология этническая, ағыл. Ethnic anthropology) – адам 
мен оның нəсілінің физикалық бітімінің пайда болуы мен эволюциясы ту-
ралы  ғылым.  Этнография  (этнология)  мен  антропологияның  түйісіндегі 
пəн, негізінен, этностың пайда болу проблемасын нəсіл генезисі үдерісімен 
септестіре зерттеумен, нəсілдік белгілердің уақытқа байланысты өзгеруін, 
дүние  жүзінің  əр  түрлі  өңірлеріндегі  алмасу - нəсіларалық  метисацияны 
(будандасуды) зерттеумен айналысады. Этностық антропология (мұнан бы-
лай – Э.А.) сондай-ақ нəсілдік ырымдардың пайда болуы мен көріністерін 
нəсіларалық  жəне  этносаралық  түйістердегі  арнаулы  құбылыстар  ретінде 
де қарастырады.

146
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Дербес ғылым ретінде ХІХ ғ. орта шенінде қалыптасып шықты. Антро-
пологияның негізгі бөлімдері – антропогенез, адам морфологиясы (өсу заң-
дылықтары  жəне  дене  құрылысының  адамзат  атаулыға  ортақ  өзгермелері 
туралы ілім), Э.А., сонымен қатар нəсілтану. АҚШ пен Ұлыбританияда ан-
тропология  кеңірек  ұғымда  қаралады:  физикалық  ұғыммен  қоса  пəні  мен 
мазмұны жағынан этнологиямен теңесетін əлеуметтік жəне мəдени қырлары 
да қамтылады.
Антропологиялық белгілердің этностық межелерді ажыратуға белгілі бір 
ықпалы  бар.  Егер  негізгі  нəсілдерді  айқындауда  пайдаланылатын  маңыз-
ды  антропологиялық  ерекшеліктерге  сүйенсек,  əлем  халықтарының  басым 
көпшілігінің өзі нəсілдік жағынан салыстырмалы түрде алғанда біртектес бо-
лып келеді. Үндіеуропа халықтарына жататын адамдардың 90%-дайы, Орал 
тілдік  тобына  жататын  тілдерде  сөйлейтіндердің 95%-ы  еуропалық  нəсілге 
тəн  сипатта,  қытай-тибет  тілдерінде  сөйлейтіндердің 100%-ы  моңғолдық 
нəсілге жатады. Негізгі нəсілдік типтердің əртүрлілігі африкалық немесе се-
мит-хамит тілдерінде сөйлейтіндерден (70%-ы – еуропоидтер, 20%-ы моңғо-
лоидтар, қалғандары – аралас нəсілдер) байқалады, алайда тілдердің бұл екі 
тобы жиынтығында адамзаттың 4%-ын ғана құрайды. Сондай-ақ дүние жүзі 
жұртының 30%-ы нəсілдік жағынан аралас жəне аралық топтарға жататынын 
да  ескерген  жөн.  Мұның  бəрі,  əдетте,  антропологиялық  (нəсілдік)  көрсет-
кіштерді  бір  этносты  келесі  бір  этностан  айрықшалайтын  белгілер  ретінде 
пайдалануға  қиындық  келтіреді.  Этностардың  елеулі  бөлігі  əр  түрлі  негіз-
гі (үлкен) нəсілдерге тиесілі адамдардан тұратынын да ескермей болмайды 
(мысалы, латынамерикалық халықтардың көбі осындай). Сондықтан нəсіл-
дік бірлік кез келген этностық қауымдастықтың, кез келген халықтың міндет-
ті белгісі деп пайымдау тіптен дұрыс емес.
Ірі этностар, əдетте, түрлі антропологиялық типтердің немесе кіші нəсіл-
дер деп аталатын типтердің өкілдерін қамтиды (мысалы, Италияның күнгейі 
мен  теріскейі  тұрғындарының  арасында  түрлі  антропологиялық  типтер  ба-
сым).  Бұл – адамзаттың  нəсілге  жəне  этносқа  қарай  бөлінуінің  сəйкеспей-
тінін  растай  түседі.  Жоғарыда  айтылғандарға  орай,  адамдарды  тек  сыртқы 
антропологиялық  көрсеткіштеріне  сүйеніп  этносқа  тиесілілігін  анықтауға 
талпыныстардың күнделікті тəжірибесінің шындығынан гөрі оған жуықтап 
шамалауы тым көп. Бұл, əсіресе, көршілері басқа нəсілге жататын этностарға 
тəн. Бұл сияқты типтік жайттардан алшақ жататын жағдай үлкен нəсілдердің 
негізгі ареалдарының шегараларында қалыпты жайт болып саналады. Мұнан 
да аз кездесетін жағдайлар, оқшауланудың нəтижесінде этнос түгелдей басқа
нəсілдік типтегі халықтардың қоршауында қалғанда болады. Нəсілдік айыр-
машылықтар  қашан  да  тұқым  қуалайды:  бірнеше  ұрпақ  жалғастығына  со-
зылып ата-анадан балаларға беріліп отырады.
Осы айырмашылықтарды зерттеуде тек туралы ғылым генетиканың, ең ал-
дымен,  адам  генетикасы  немесе  атропогенетика  мағлұматтарының  маңызы 

147
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
зор.Түрлі адамдардың я олардың тұтастай топтарының тегіндегі физикалық 
белгілер  ұқсастығының  көп  болуы  олардың  шығу  тегінің  немесе  генетика-
лық туыстығының ортақтығына салмақты дəлел болады. Э.А. зерттеулерінің 
негізгі  бірліктері – нəсілдік  белгілеріне  қарай  ажыратылатын  адамдардың 
(популяцияның)  ареалдық  қауымдастығы.  Э.А.  геногеографиямен  тығыз 
байланысты: тектері жақсы зерттелген белгілер популяциялардың жəне осы-
лардың  негізінде  қалыптасқан  нəсілдің  будандасуы  мен  орналасуының,  қа-
лыптасуының тарихын көрсететін белгілер (маркерлер) ретінде көп қызмет 
етеді.  Адамзат  қоғамында  популяциялар  əлеуметтік  қауымдастықтардағы, 
олардың бөліктері жəне полиэтностық топтарындағы адамдар үшін айрықша 
жүйемен септес болады. Этностар мен нəсілдердің əр түрлі елдегі жəне əр 
түрлі  тарихи  кезеңдердегі  өзара  қарым-қатынастарын  талдау  Э.А.  мəлімет-
терін биологиялық тірлік иесі ретіндегі адам эволюциясының, популяциялық 
генетиканың,  нəсіл  түзілісінің,  этногенездің  көптеген  проблемаларын  жəне 
антропологиялық  этнографияның,  тарихи  географияның  басқа  да  маңызды 
мəселелерін алға тартуға мүмкіндік береді (қар. Нəсілтану).
ЭТНОСТЫҚ БЕЙІМДЕЛУ (лат. – adaptare бейімдеу, ор. – адаптация
ағыл. – аdaptation) – адамның немесе əлеуметтік, этностық топтардың басқа 
бір əлеуметтік, мəдени, тілдік ортаға белсенді түрде бейімделу үдерісі. 
 Кең мағынасында алғанда, бейімделу адамның немесе топтың қоғамдық, 
тілдік,  мəдени  ортаның  жаңа  жағдайларына  əлеуметтік-экономикалық,  сая-
си, мəдени-адамгершілік, психологиялық, лингвистикалық жағынан белсенді 
жəне үздіксіз бейімделуінің үдерісі мен нəтижесін білдіреді. 
  Кең  мағынасында  алғанда,  өмірдің  кез  келген  саласында  əлеуметтік 
бейімделу мыналардан көрініс табады: а) дəстүрлер мен əлеуметтік нор-
маларға толығымен бағыну жəне оларды ұстану; ə) ортаны жаңарту, мұн-
дайда тұлға немесе топ көпшілік мақұлдап қостайтын мақсаттарға жету 
үшін  қалыпта  жоқ,  жақтырмайтын  немесе  бұған  дейін  белгісіз  болған 
əдістерді  қолданады;  б)  жеке  адамның  немесе  топтың  көпшілік  мақұл-
дамайтын мақсаттарға жету үшін салт-дəстүрлерді қатаң ұстана отырып 
көпшілік  мақұлдап  қостайтын  əдістерді  қолдануы;  в)  көпшілік  мақұл-
дайтын мақсаттардан бас тарту жəне дəстүрде жоқ тұрғыдан қимыл көр-
сетіп, алға жаңа мақсаттар қойып, оларға жетудің жаңа əдістерін қолдану 
(мысалы,  көтеріліс  жасау).  Егер  жеке  адамның  немесе  топтың  мақсат-
тары тұтас қоғамның мақсаттарымен үйлеспесе, сəтті бейімделу қиынға 
соғып, тіпті мүмкін болмауы ықтимал, бұл жалпы саяси үдеріске жағым-
сыз əсер тигізе алады.
Тар  мағынасында  алғанда,  Э.б. – этностық  мəдениет  пен  этностық  тілді 
тасымалдаушының немесе оның ұжымының, əдетте, мекен ететін жерін өз-
гертуіне байланысты басқа əлеуметтік, этностық, мəдени жəне тілдік ортаға 
бейімделуі (тілдік бейімделу, мəдени бейімделу, əлеуметтік бейімделу). 

148
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
 Э.б. жаңа əлеуметтік-этностық ортаның нормалары мен құндылықтарын 
(мəдени-тілдік, шаруашылық-мəдени, саяси, адамгершілік, тұрмыстық жəне 
т.б.), этностар арасында қалыптасқан ықпалдастықты (ресми жəне бейресми 
қатынастар, мінез-құлық стилі, отбасылық жəне көршілермен қарым-қатынас 
жəне т.с.с.), сонымен қатар нақты іс-əрекет формаларын (мысалы, жұмыстар 
мен отбасылық міндеттерді кəсіби орындау əдістері) қабылдау болып табы-
лады. Э.б.-дің екі формасы бар: белсенді, бұл түрінде этностық топ ортаны 
өзгерту мақсатында (сонымен бірге меңгеруі тиіс нормаларды, құндылықтар-
ды, өзара қарым-қатынас жəне қызмет формаларын) оған ықпал етуге ұмты-
лады жəне пассивті, бұл түрінде ол ықпал етуге жəне өзгертуге ұмтылмайды. 
Сəтті Э.б.-дің көрсеткіштері – берілген ортаға сіңісіп кетудің жоғары деңгейі, 
оған  қоса  жалпы  осы  ортаға  жəне  берілген  этностық  топ  үшін  аса  маңыз-
ды элементтеріне (мысалы, нəсілдік жəне ұлттық кемсітушіліктің болмауы, 
жұмысқа орналасуға тең мүмкіндіктер мен шарттар, оқу жəне қолдану тілін 
еркін таңдау жəне т.с.с.) психологиялық қанағаттылығы. Төмен Э.б.-дің көр-
сеткіші  эмиграция,  əлеуметтік-этностық  ортаның  құндылықтық-нормалық 
жүйесіндегі түрлі бұзушылықтар жəне басқалар. 
  Э.б.-дің  дамуы  кемсітушілік,  бөлектеу  (сегрегация)  т.с.с.  түріндегі  ұлт-
шылдық  жəне  радикализмнің  əсерінен  қиындауы  əрі  тежелуі  мүмкін.  Э.б. 
тілдік-мəдени жəне шаруашылық-мəдени жағынан жақын этностар арасында 
жылдам  өтеді.  Əдетте  бұған  көп  уақыт  қажет,  адам  басқа  этностық  ортада 
ұзақ уақыт өмір сүріп, осы этностың салттарына, əдет-ғұрыптарына, дəстүр-
леріне, өмір салтына бірте-бірте бейімделеді. Қандай да бір дəрежеде тілді, 
ұлттық мəдениетті меңгереді. 
Э.б.-ді этностық ассимиляциядан ажырата қараған жөн (қар. Аккультура-
ция, Инкультурация, Этностың сіңуі).
ЭТНОСТЫҚ  ДИСПЕРСИЗАЦИЯ – (ор.  дисперсизация  этническая
ағыл.  ethnic dispersal).  Бастапқы  этностан  оған  қарағанда  шағын  этностық 
топтардың бөлініп шығып, этнос мекен ететін аумағынан тыс қоныстануы. 
Бұл үрдістің негізгі факторы – көші-қон. Бұл санатқа бөтен аумаққа көшіп 
бармаған, бірақ өз этносының негізгі аумағынан тыс жерде ежелден тұратын 
ирреденталық топтар жатпайды. 
Əр халық өз тарихында жер ауыстыруды бастан өткерген, мұның объективті 
жəне субъективті сипаттағы əртүрлі себептері болады. Бұл табиғи-климаттық 
жағдайдың нашарлауына, халықтың көптігі кезінде табиғи ресурстар мен нəти-
желі шаруашылық жүргізуге мүмкіндіктердің жеткіліксіз болуы, ғаламшарда 
қоныстанатын  бос  аумақтардың  пайда  болуы,  мемлекеттің  тиімсіз  басқаруы 
нəтижесінде өмір сүру жағдайының төмендеуі, экономикалық дағдарыс, жұ-
мыссыздық, діни алауыздық, елдер арасындағы соғыс пен азаматтық қақтығыс-
тар, ойрандау, кемсітушілік пен геноцид, өздерінікіне қарағанда дамыған ел-
дерде табыс көзін іздеу болуы мүмкін жəне тізімді жалғастыра беруге болады.

149
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
 Этносты бөлуші үдерістерде дисперсизацияны парциация мен сепарация-
дан айыра білу қажет. Этностық парциация кезінде бұрынғы бір этнос бірша-
ма тең бөліктерге бөлінеді, оның үстіне бөлініп шыққан жаңа этностардың 
ешқайсысы өздерін бұрынғы этносқа жатқызбайды. Этностық сепарация де-
геніміз – кез келген шағын халық құрамынан оның бір бөлігі бөлініп шығып 
(əдетте салыстырмалы түрде шағын), уақыт өте келе дербес этносқа айналуы.
Егер этностық парциация кезінде бастапқы этнос өмір сүруін тоқтатса, этнос-
тық сепарация кезінде ол сақталып қалады. Парциация мен сепарацияға қа-
рағанда, этностық дисперсизация кезінде этнос емес, тек этностық топтарды 
құрайтын бөліктер бөлінеді.
Этностық дисперсизация əлем халықтарының көбіне тəн. Бұл ретте еврей-
лердің екімыңжылдық көшіп-қонуын еске алса да жеткілікті. Олар – əлем-
де ең бытыраңқы орналасқан халықтардың бірі. 20 млн. еврейдің тек 5 млн. 
Израильде тұрады, ал бұл олардың ширегі ғана. Сондай-ақ еріксіз миграция 
мен күштеп көшіру нəтижесінде армяндардың жартысы тарихи отандарынан 
тысқары жердегі əртүрлі елдерде тұрады. 
КСРО  құлағаннан  кейін  бұрынғы  Кеңес  Одағының  көптеген  халықтары 
əртүрлі мемлекеттерге шашырап кетті. Олардың ішінде алдымен айта кететіні 
əзірбайжандықтар,  грузиндер,  молдавандар,  украиндар,  өзбектер,  тəжіктер 
жəне т.б. 1991 жылы КСРО құлағаннан кейін орыстардың 18%-ы Ресейден 
тыс жерде қалды. Ресейлік халықтар ішінен ең дисперстік түрде тұратындар 
орыстар, татарлар, басқа Еділ бойы халықтары, шешендер, ұңғыштар жəне 
Дағыстанның кейбір халықтары.
 Қазақстандағы жағдай біршама басқаша. Мұнда бірнеше жүз мың қазақтар 
қайтып келді. Ұжымдастыру жылдары олар жандарын сақтау үшін көптеген 
шетелдерге дисперстік түрде бытырап кетуге мəжбүр болды. Сонымен қатар, 
Қазақстанда жер аударылған кəрістердің, немістердің, күрділердің жəне басқа 
халықтардың  үлкен  топтары  жайыла  орналасқан  (қар.  Бөлінген  халықтар, 
Ұлттық-территориялық автономиялар, Этностық анклав, Босқындар, Де-
портация, Иммиграция, Мигрант, Ұлттық азшылық, Эмиграция).
ЭТНОСТЫҢ  ДІЛДІЛІГІ / МЕНТАЛДЫЛЫҒЫ  /  (фр.  mentalite,  лат. 
Mentalis – ақыл-ойға  тəн,  рухани,  ор.  ментальность  этноса,  англ.  ethnic 
mentality) – қандай да бір этностық тұтастыққа кіретін адамдардың психика-
лық бітімі мен дүниеге көзқарасының ерекшеліктері, тарихи дамуы барысын-
да этностың ойлауы, сезімі мен дүниені түйсінуінің ғасырлар бойы жасалған, 
тарихи  қалыптасқан  бейнесі.  Этностық  дəстүрдің  маңызды  бөлігі  болған-
дықтан этнос ділі əлем туралы идеялардың, көзқарастардың, түсініктердің, 
бағалаудың, талғамның, мəдени канондардың, ойды жеткізу тəсілдерінің ие-
рархиясы түрінде көрінеді. 
Əлемнің  этностық  суреті  адамның  əлем  туралы  белгілі  бір  мəдени-құн-
дылықты басымдықтар негізінде қалыптасқан түсініктерімен жасалады. Бұл 

150
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
түсініктердің кейбірі саналы, кейбірі санасыз түрде орнығады. Ділділік адам 
ұжымының  (этностың)  өзін  қоршаған  табиғи-əлеуметтік  ортаға  бейімделу 
барысында қалыптасатын кешенді қасиеттердің жиынтығы ретінде көрінеді. 
Жəне этностық мəдениетте негізгі механизмнің қызметін атқарады, осының 
арқасында адам психологиясы қоршаған ортаға бейімделеді.
 Адамның əлемдегі əрекеттерінің сипаты əр этностық мəдениетте əр басқа, 
өзіндік арнайы ерекшеліктері болады. Осы өзіндік ерекшеліктің дəл өзі ғылы-
ми ізденісте нақты бір этностың ділділігінің бейнесін жасауға сүйеніш бола-
тын индикатор болып есептеледі. Мұндайда көршілес этностың немесе этнос-
тар тобының шаблондық қасаң, орташалындырылған бітімдерін тірек етеді. 
 Белгілі бір типтегі ділді түсіну үшін мəдени контексті бар мүмкіндігінше 
кең қамтып талдау қажет: бұған мəтіндер мен материалдық мəдениет дүние-
лері, əлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар, тұрмыс пен тарих, күн-
делікті тірлік – бəрі де кіреді. Социум идеологиясын ұғыну онда болып жатқан 
үдерістердің  бəрін  дұрыс  бағалауға,  оның  мүшелерінің  мінез-құлықтарын 
лайықты  қабылдауға  жəне  олар  шығарған  мəдени  феномендерді  тереңірек 
ұғуға көмектеседі, ал қоғам мен өркениеттің дамуының қазіргі кезеңінде мұ-
ның  маңызы  баға  жеткісіз  (қар.  Ұлттық  идея,  Ұлттық  психология,  Тарихи 
сана, Патриотизм, Этностық стереотиптер, Толеранттылық, Этностық 
сезімдер, Этнопсихология).
ЭТНОСТЫҚ  КƏСІПКЕРЛІК  (ор.  Предпринимательство  этническое, 
ағыл. ethnic enterprise) – этностық қағидат негізінде кəсіпорын құрушы эт-
ностық  Диаспоралардың  өкілдері  іске  асыратын,  бизнес  жүргізудің  ұлттық 
дəстүрлерін ұстанатын кəсіпкерлік қарекет (қар. Этностық көші-қон). Жаңа 
əлеуметтік-мəдени  ортаға  түскенде  этностық  азшылық  бұрын  өзіне  етене 
болмаған  экономикалық  орын  табады  да,  тірлік  етудің  тіптен  бөтен  жол-
дарын меңгере бастайды. Этностық мигранттардың кəсіби ұтқырлығының 
соншалық жоғары болуы мен Э.к. дамуының басты себептерінің бірі – эт-
ностық  азшылықтың  əлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан  маргиналдығы. 
Этностық Мигранттар оқшау орта болып саналатын мейлінше берік қауым 
құрады, осы қауым жаңадан қосылғандарға қолдау жасап оқытады, тəжіри-
бесі мен біліктілігін үйретеді. Уақыт өткен сайын бастапқы қажетті капи-
тал қорланып, тіл меңгеріледі де экономикалық кеңістікке барлау жасалады, 
сөйтіп барып Иммигрант өз бизнесін ашады. Осылайша кешегі қоныскер-
лер жаңа жерде қажетті, еңбектің осы нарығына қажетті біліктілік пен кəсіп 
иесі болып шығады. Э.к. Мигранттың əлеуметтік-экономикалық жағынан 
бейімделуінің ажырамас бөлігі болып табылады (қар. Диаспора, Мигрант-
тар).
ЭТНОСТЫҚ  КӨШІ-ҚОН  (лат.  migratio – қоныс  аудару,  ор.  миграция 
этническая, ағыл. ethnic migration) – түрлі себептермен қабылдаушы мемле-

151
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
кеттің  аумағында  уақытша  жұмысқа  орналасу  немесе  жаңа  жерде  орнығып 
қалу  жəне  азаматтық  алу  мақсатында  өз  мемлекетінен  кетіп  жатқан  түрлі 
этностық  қауымдастықтар  өкілдерінің  жер  ауыстыруы  (қар.  Көші-қон/Ми-
грация,  Мигрант).  Э.к.  себебі  халықтардың  əлеуметтік-экономикалық  жəне 
мəдени  дамуының  біркелкі  болмауы,  ұлттық  езгі  немесе  құқық  теңсізді-
гі, жеке халықтардың арасындағы əскери қақтығыстар, діни қуғындар (егер 
дін  этностық  қатыстылықпен  сай  келсе)  жəне  басқалар  болуы  мүмкін.  Э.к. 
жағымды  əсерімен  қатар,  аймақтық  қабылдаушы  қоғамдарға  қарама-қайшы 
əсері  көбінесе  этностық  сипаттағы  əлеуметтік  жаңа  проблемалардың  алға 
тартылуымен  байланысты  болады.  Бұл  салада  жаңа  проблемалардың  пайда 
болуынан көші-қон үдерістері мен олардың реттелу дəрежесін арттыру жəне 
басқаруды  жақсартуға  қатысты  қоғамдық  қажеттіліктер  күшейе  түседі.  Э.к. 
басты проблемаларының бірі бейімделу мен Мигранттардың Интеграциясы 
болып табылады. Мұның шешімін əсіресе, шекаралық аймақтардың, мегапо-
листердің анклавтануын, осыдан туындайтын əлеуметтік-мəдени, саяси жəне 
қылмыстық тəуекелдерді барынша азайтудан (дұрысы – болдырмаудан) жəне 
Мигранттардың бейімделуімен айналысатын механизмдер мен құрылымдар-
ды құрудан табуға болады (қар. Көші-қон/Миграция, Иммиграция)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет