Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет20/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44

ЭТНОСТЫҚ ТІЛ (ор. этнический язык, ағыл. ethnic language) – Этнос-
тық  топтың  Тілі,  сол  топпен  (өзін-өзі)  бірдейлестіретін  тіл  (қар.  Автох-
тондық тіл, Жергілікті тіл, Тұрғылықты тіл, Миноритарлық тіл, Халық, 
Титулды тіл, Этнос, Тіл, Диаспора тілі, Ұлтаралық қатынас тілі).
ЭТНОТІЛДІК АХУАЛ (грек. ethnos халық, тайпа + тіл жəне лат. situacio 
жағдай, хал, ахуал, ор. этноязыковая ситуация, ағыл. ethnolinguistic situation) 
– мемлекеттің, əкімшілік-саяси құрылымның, аумақтық бірлестіктің, өңірдің 
шегіндегі этностар мен тілдердің жағдайы мен иерархиясы. Э.а. объективті 
талдау үшін тілдердің функциясын талдау аздық етеді. Тілдерге деген қаты-

160
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
нас,  азаматтық,  этностық  жəне  тілдік  тұрғылардан  өзін-өзі  сəйкестендіру, 
этносаралық  қатынастардың  шиеленісу  дəрежесі,  конфессиялық  ықпалдың 
дəрежесі, тілдік шиеленістердің болып қалу мүмкіндігі, тілді меңгеру деңгейі 
тағы басқа көптеген жайттар ескерілуге тиіс (қар. Сəйкестілік (Идентифика-
ция), Этностық топ, Этностық бірдейлесу, Этнолингвистика, Этнос, Тіл-
дік ахуал, Тілдік сана, Шиеленіс (Конфликт) (тілдік).
ЭТНОСТЫҚ  ҰТҚЫРЛЫҚ  /МОБИЛЬДІЛІК/  (лат.  mobilis  –  жылжы-
малы, ор. мобильность этническая, ағыл. ethnic mobility) – 1. Этнос өкілдері 
жағдайларының этностық жұмылдыруға байланысты өзгеруі. 2. Тұрғындардың 
Миграциясы  мен  адамдардың  əлеуметтік  мəртебесінің  өзгеруіне  байланысты 
этноəлеуметтік  үдерістер  (қар.  Этностық  көші-қон).  Қазіргі  қоғамда  жалпы 
үш стратификациялық деңгейді – жоғарғы, орташа жəне төменгі деңгейлерді – 
бөліп көрсетуге болады. Ал əр деңгейдің ішінде өз кезегіне қарай түрлі əлеумет-
тік топтардың сатылап реттелген жиынтығы болады. Бұл құрылымнан қандай 
да бір орын алатын этностық топтың өз əлеуметтік мəртебесін өсіріп не төмен-
детіп, я болмаса тігінен орын ауыстырып, бір деңгейден басқа деңгейге өтуге
мүмкіндігі бар. Э.ұ. кейде кейбір этностардың кейбір əлеуметтік топтардың түйіс-
кен жерінде қалып айтарлықтай психологиялық қиыншылықтарға ұшырауына 
əкеліп соғады. Бұлардың əрі-сəрі күйге түсуі көбінесе қандай да бір себептер-
мен ықпалдас əлеуметтік топтардың біріне бейімделуге қабілетсіздігінен неме-
се оны қаламауынан болады. Екі мəдениеттің арасында тұрғандай күйдегі бұл 
феномен,  əлеуметтік  кеңістікте  орын  ауыстырумен  байланысты  бұл  құбылыс 
этностық маргиналдылық деп аталады (қар. Этнос, Этностық топтар).
ЭТНОФОР (ор. этнофор, ағыл. ethnofore, грек. ethnos – халық, тайпа + 
италиян. fora – тысқары, сырт, алда) – этностық мəдениет пен ұлттық психи-
каның дара иесі, мысалы, қазақ, орыс, беларус жəне т.б. Ю.Платонов бойын-
ша, этнос өкілі, этностық сана иесі ретіндегі индивид (қар. Этностық топ, 
Этнолингвистика).
ЭТНОСТЫҚ  ФУЗИЯ  (фр.  Fusion,  лат. fusio балқытып  қосу,  ор.  этни-
ческая фузия, ағыл. ethnic fusion) – тілі мен мəдениеті жағынан тектес бір-
неше  этностық  дербес  топтардың  жаңа,  анағұрлым  үлкен  бір  этнос  болып 
бірігуі.  Мыс.,  шығыс  славян  тайпаларының  (поляндықтар,  древляндықтар, 
дреговичтер, вятичтер т.б.) көне орыс халқы болып тоғысуы. Э.ф. – этностық 
өзіндік сананың ауысуына алып келетін этнотрансформациялық үдеріс. Өзін-
дік сананы өзгертпейтін, этноэволюциялық үдеріс этностық шоғырланумен
қарама-қарсы  қойылып  қаралады.  Алайда  Э.ф.  мен  этностық  шоғырлану 
–  бір-бірімен  тығыз  байланысты  үдерістер.  Э.ф.  уақыт  өте  келе  этностық 
шоғырлануға ұласады, сондықтан нақты бір этностық үдерісті зерттегенде, 
бұл үдерістің Э.ф-ның соңғы сатысы əлде этностық шоғырланудың бастапқы 

161
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
сатысы екенін тауып типологиялық сипаттама беру қиындық келтіруі мүмкін 
(қар. Аккультурация, Ассимиляция, Этнос).
ЭТНОТІЛТАНУ  /ЭТНОЛИНГВИСТИКА/  (грек.  ethnos  халық,  тайпа 
linguistique < lingua тіл, ор. этнолигвистика, ағыл. ethnolinguistics) - ұлт-
тық  Мəдениеттің,  Ділдің  жəне  халық  психологиясын  бейнелеудің  тілдік 
пішіндері мен тəсілдерін зерттейтін тілтанулық бағыт. Э. үшін тіл – ұлттық 
Əлемнің тілдік бейнесін, Тіл мен мəдениеттің қатынасын, сондай-ақ Тілдің 
дамуы мен қолданылуындағы лингвистикалық жəне этностық факторлардың 
ықпалдастығын көрнектеуші құрал. Э. «мəдени антропологиядан» (ХΙХ-ХХ 
ғасырлар, АҚШ) келіп шығады, сондықтан: а) Э-ны кейде Антропологиялық 
лингвистика  немесе  Лингвистикалық  антропология  деп  те  атайды;  ə)  Э. 
бастапқыда  Еуропа  халқынан  айрықша  халықтардың  тілі  мен  мəдениетін 
зерттеуге  бағдарланды;  б)  Тілдік  қабілетке  деген  қызығушылық  Э.  байла-
нысты; в)  Э. проблемалары мен Сепир-Уорф гипотезасының, Неогумбольдт-
шілдіктің  араларында  тығыз  байланыс  бар;  г)  Э.  түрлі  Эксперименттерге, 
Ақпарат  берушілермен  жұмысқа,  сан-мөлшерлік  талдауға  сүйеніп  Түздік 
зерттеулер жүргізіледі (қар. Этностық топ, Этнология, Этнография, Сөй-
леу этнографиясы, Этносоциология, Тілді жоспарлау, Тілдік ахуал).
ЭТНОҰЛТТЫҚ САЯСАТ (ЭТНОСАЯСАТ) (ор. этнонациональная по-
литика (этнополитика), ағыл. ethnic-national politics (ethnopolitics)) – мемле-
кеттің ұлттық саясатының этносаралық қатынастарды реттеуге, үйлестіруге 
ұйғарылған бөлігі. Қоғамдық ғылымдар лексикасында «этносаясат» (мұнан 
ары – Э.) термині шектеулі аяда ғана қолданылады. Мысалы, Ресей Федера-
циясында мұның орнына «ұлттық саясат» ұғымы қолданылады да, мынадай 
мағыналарды қамтиды: ұжымдық жəне дара деңгейлердегі этностық əртүр-
лілікке байланысты істі басқарудың мемлекеттік саясаты, этностық қауымдас-
тықтар  арасындағы  қатынастарды  реттеу  саясаты,  ел  аумағында  я  елдің 
жекелеген өңірінде қоныстанған өкілдері бар мəдениет пен тілдерді қолдау 
мен дамыту саясаты. Ресейдегі Э.с. қозғалыстарының саясаткерлері мен бел-
сенділерінің арасында «ұлттық саясатты» этностық азшылыққа мемлекеттің 
қамқорлық  жасауы  деп  түсінетіндер  аз  кездеспейді.  Мұның  дұрыс  түсінік 
емес екенін «ұлттық саясат» терминінің мəн-мағыналық мазмұны жағынан 
«мемлекеттік  саясат»  терминімен  мəндес  екендігінен-ақ  байқауға  болады. 
Сондықтан  ұлттық  саясат  дегенде  мұны  мемлекеттің  ұлттық,  яғни,  мемле-
кеттік мүдделерді іске асыруға арналған сыртқы жəне ішкі саясаты деп ұға-
мыз. Міне, осы себептен де мемлекеттің ішкі саясатының этностық қауымдас-
тықтарының араларындағы, олар мен мемлекеттің арасындағы қатынастар-
ды  реттейтін  саласын  анықтауға  «этносаясат»  немесе  «этноұлттық  саясат» 
термині анағұрлым дəл келеді. Бұл аталым қазіргі қоғамдық ғылымдарда да 
кеңінен қолданыла бастады.

162
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
  Этноұлттық  саясат  (этносаясат) – ғылымдағы  жаңа  ұғым,  бір  жағынан, 
қазіргі этностарды ішкі саясатқа жəне халықаралық үдерістерге тартуды біл-
дірсе, екінші жағынан, мемлекет, саяси институттар мен партиялар өздерінің 
жұмыстарында  этностық  ерекшеліктердің  факторын  ескеру,  пайдаланудың 
тəсілі əрі қажеттілік болып табылады.
  Этносаясат – этностар,  этностық  топтар  арасындағы  қарым-қатынасты 
реттеу жолындағы қарекет. Бұл саясат тиісті саяси құжаттармен жəне мемле-
кеттің құқықтық кесімдерімен бекітіледі.
Қазақстандық ғалымдар мен сарапшылардың пікірінше, бұл саясат мем-
лекет пен басқа да саяси институттардың этносаралық қатынастарды реттей-
тін  жəне  соған  байланысты  шешімдер  қабылдайтын,  этностық  үдерістерді 
басқаратын  жұмыс  екенін  көрсетіп  отыр.  Осыған  орай,  біріншіден,  ұлттық 
саясаттың  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ететін  субъектілердің  құрамы  кеңей-
тілген:  бұған  мемлекет  қана  емес,  басқа  да  саяси  институттар  (партиялар, 
мемлекеттік емес ұйымдар, жергілікіті басқару орындары, діни бірлестіктер 
т.с.с.) тартылған. Екіншіден, этносаясаттың функционалдық (қолданылатын) 
аспектілері нақты айқындалып қойған. Сөйтсе де, қоғамтанушы бірқатар ға-
лымдар, əсіресе этнологтар, этносаясатты мемлекеттің, оның барлық азама-
тының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ететін саясат, сол мемлекеттің ішінде 
де,  халықаралық  деңгейде  де  іске  асырылатын  саясат  деп  есептейді.  Яғни, 
бұл  тұста  ғалымдар  екі  ұғымды – «мемлекет»  пен  «ұлт»  ұғымдарын – са-
бақтастырады. Ғалымдар осыған орай «ұлттық» деген терминдік анықтауыш 
пен оған анықталғыш болатын құбылыстарды мемлекеттің этносаралық қа-
тынастар саласындағы саясатын белгілеуге лайықсыз термин деп түсінеді. 
 Мемлекеттіліктің тиімді жұмсалымы үшін этносаясат адамзат қоғамында
шығып қалатын қақтығыстардың шешімін табудың жолы мен тəсілін анықтау-
дың  стратегиясы  ретіндегі  саясатты  белгілеуге,  қоғамдастықтың  барлық 
мүшелерінің  арасында  қақтығысқан  тараптарды  бітімдестіру  мүмкіндігін 
табуға септесуге тиіс. Өйткені этносаясат – мемлекеттің бүтін саясатының, 
саяси  партиялардың,  ұйымдар  мен  бірлестіктердің  саясатының  бөлігі.  Осы 
саясат этностық (ұлттық) мəселенің, этносаралық қатынастардың дамуының, 
этностардың (яғни, мемлекеттің барлық ұлтының) тілі мен мəдениетінің да-
муының  стратегиялық  бағытын  көрсетеді.  Бұл  бағыттың  арнаулы  ұлттық 
бағдарламалармен  жəне  мемлекет  конституциясының  тиісті  тарауларымен 
бекітілуі бұлжымас қағидаға айналған.
Егер саясат дегеніміз мемлекет істеріне қатысу, саяси қарекеттің түрлерін, 
міндеттерін, типтері мен бағыттарын, сондай-ақ жүзеге асыруға септесетін 
амалдар мен əдістерді, технологиялар мен тетіктерді анықтау дейтін болсақ, 
онда этносаясат – этностар мен этностық топтардың мемлекет істеріне қаты-
суы, соған орай, мемлекеттің этностардың ісіне қатысуы, этностардың тірлі-
гінің тұрақтылығы мен табысты дамуына, олардың мүдделері мен құқықта-
рының  сақталуына  мемлекеттік  кепілдік  беруге  жағдай  жасау  (қар.  Мемле-
кет, Сəйкестілік, Демократия, Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық 
келісімінің қазақстандық үлгісі).

163
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОСТАРЫ
(қысқаша анықтамалық мəліметтер)
(Сүлейменова Э.Д., Садуақасова А.К., 
Шаймерденова Н.Ж., Калмыков С.К.,)
АБАЗИНДЕР, өз атауы – абаза.
Қазақстандағы  абазиндер  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 64 адам, 
2009 жылғы мəліметтер бойынша 27 адам. 
Абазин  тілі – Қарашай-Черкес  Республикасының  мемлекеттік  тілі;  Қа-
зақстан абазиндері этностық тобының экзогенді тілі. 
Абазин тілі иберий-кавказ тілдері семьясының абхаз-адыг (батыс кавказ-
дық) тобының абхаз-абазин ішкі тобына жатады.
Дінге сенетіндері – сүннит мұсылмандар.
АБХАЗДАР, өз атауы – апсуа.
Қазақстандағы  абхаздар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 185 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 76 адам.
Абхаз тілі – Абхазия Республикасының мемлекеттік тілі, Қазақстан абхаз-
дары этностық тобының экзогенді тілі. 
Абхаз  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  абхаз-адыг  (батыс  кавказ-
дық) тобына жатады.
Абхаз топтарының діни санасында христиандықтың, исламның жəне жер-
гілікті дəстүрдегі көне нанымның сипаттары бар, елеулі бөлігі дінге бейтарап 
қарайды.
АВАРЛАР, өз атауы – маарулал.
Қазақстандағы  аварлар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 1407 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 1228 адам.
Авар тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан авар-
лары этностық тобының экзогенді тілі. 
Авар  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  нах-дағыстан  тармағының 
авар-цез тобының авар-анд ішкі тобына жатады. 
Дінге сенетін аварлардың басым көпшілігі – шафиқ мазхабындағы сүннит 
мұсылмандар.
АВСТРИЯЛЫҚТАР: өз атауы – остеррайхер.
Қазақстандағы  австриялықтар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 45 
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 61 адам.

164
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Неміс тілі (неміс тілінің жоғарғы неміс жəне төменгі неміс диалектілері) – 
Қазақстан австриялықтары этностық тобының экзогенді тілі.
Неміс тілі – Германияның ресми тілі, Австрияның, Швейцария конфеде-
рациясының,  Люксембург  ұлы  княздігінің,  Бельгия  Корольдігінің,  Бельгия 
князьдігінің,  Лихтенштейін  князьдігінің  ресми  тілдері;  Еуропалық  Одақ-
тың 25 ресми тілінің бірі; əлемдік тілдердің қатарына кіреді жəне БҰҰ рес-
ми жұмыс тілінің бірі; туған тілі əр түрлі адамдардың тілдесуі үшін lingua 
franca.
Неміс  тілі  үндіеуропа  тілдік  семьясы  герман  тобының  батыс  германдық 
ішкі тобына жатады.
Діни санасы жағынан австриялықтар, Қазақстанның немістері сияқты, ка-
толик, лютеран, қазіргі протестанттық жəне басқа бағыттарды ұстанады.
АҒҰЛДАР, өз атауы– агъул шуй, агъул.
Қазақстандағы  ағұлдар  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 126 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 94 адам. 
Ағұл тілі – Дағыстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ағұл-
дары этностық тобының экзогенді тілі. 
Ағұл  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  нах-дағыстан  тармағының 
лезгин ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін ағұлдар – шафих мазхабындағы сүннит мұсылмандар.
АДЫГЕЙЛІКЕР, өз атауы – адыге.
Қазақстандағы адыгейлер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 130 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 87 адам.
Адыгей тілі – Адыгей Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ады-
гейлері этностық тобының экзогенді тілі. 
Адыгей  (кях)  тілі  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  абхаз-адыг  (батыс 
кавказдық) тобына жатады.
Қазіргі  адыгейліктердің  көбі,  тарап  кеткен  басқа  да  адыгтар  сияқты,  өз-
дерін мұсылманға жатқызады.
ƏЗІРБАЙЖАНДАР, өз атауы – азербайджанлы, азери
Қазақстандағы  əзірбайжандар  саны: 1999 жылғы  мəліметтер  бойынша 
78 295 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 96 179 адам. 
Əзірбайжан тілі – Əзірбайжан Республикасының мемлекеттік тілі; Дағыс-
тан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан əзірбайжандары этностық 
тобының экзогенді тілі. 
Əзірбайжан тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының оңтүстік-батыс 
оғыз тармағына кіреді. 
Этностық топтың шағын қоныстануы Оңтүстік Қазақстанда 33,04%, Ал-
маты  облысында 17,42%, Жамбыл  облысында 12,1%. Қазақстан  аумағында 

165
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
əзірбайжан ұлттық-мəдени бірлестіктері жəне олардың бөлімшелері қалалар 
мен аудандарда жұмыс істейді.
Барлық əзірбайжанның тоқсан пайыздайы шейіт мұсылмандарға жатады, 
ал  сүннит  мұсылмандығындағы  аздаған  əзірбайжандар  ханафи  мазхабын 
ұстанады.
АЛБАНДАР, өз атауы – шкиптар.
Қазақстандағы албандардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 46 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 459 адам. Соңғы жылдары құрылыс жұмыс-
шылары мен олардың отбасыларының есебінен он есе көбейді.
Албан тілі – Албан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан албан-
дары этностық тобының экзогенді тілі. 
Албан тілі үндіеуропа тілдері семьясының оқшауланған тіліне жатады.
Діни сенімі жағынан алғанда, Албаниядан келген албандықтар христиан-
дықты (православие, католик) ұстанады, едəуір бөлігі – мұсылмандар. Сер-
бияның Косово автономиясынан шыққан албандықтардың басым көпшілігі 
– сүннит мұсылмандар. 
АЛЕУТТЕР, өз атауы – алеут.
Қазақстандағы алеуттердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 8 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 4 адам.
Алеут тілі – Қазақстан алеуттерінің эндогенді тілі. 
Алеут тілі палеоазиаттық тілдері семьясының эскимос-алеут тобына жа-
тады. 
Дінге сенетін алеуттер православиені ұстанады.
АЛТАЙЛЫҚТАР, өз атауы – алтай кижи, еск. ойрот
Қазақстандағы алтайлықтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 462 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 210 адам. 
Алтай тілі – Алтай Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан алтай-
лықтары этностық тобының экзогенді тілі. 
Алтай тілі – алтай тілдері семьясының түркі тобы шығыс-ғұн тармағының 
қырғыз-қыпшақ тобына жатады. 
Алтайлықтардың  дəстүрлі  діні – шамандықты.  ХІХ  ғасырдың  соңында 
Алтайға православие миссионерлері келді. ХХ ғасырда алтайлықтардың ара-
сында ламаизмнің бір түрі ретінде бұрқандық кең тарайды. Солай бола тұра 
шамандық жолын ұстануға ден қойылады.
АРАБТАР, өз атауы – əл-араб.
Қазақстандағы арабтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 533 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 717 адам. 

166
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Араб  тілі – барлық  араб  елдерінің,  Сомали  Демократиялық  Республика-
сының, Джубити Республикасының ресми тілі. БҰҰ-ның ресми жəне жұмыс 
тілдерінің бірі; Қазақстан арабтары этностық тобының экзогенді тілі. 
Араб  тілі  афразиялық  немесе  семит-хамит  ірі  тілдер  семьясының  семит 
тармағына жатады.
Қазақстанда өмір сүретін арабтардың көбі сүннит мұсылмандар, шейіттік-
ті ұстанатындары да бар.
АРМЯНДАР, өз атауы – хай.
Қазақстандағы армяндар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 14 758 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 14705 адам.
Армян тілі – Армения Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ар-
мяндары этностық тобының экзогенді тілі. 
Армян тілі – үндіеуропалық тілдер семьясының оқшауланған тілі. 
2014  жылғы  мəлімет  бойынша  ұйыса  қоныстануы – Алматы  қаласында 
– 2069 адам, Астанада – 1119 адам, Қостанай облысында – 1695 адам, Сол-
түстік Қазақстанда – 1353 адам. Қазақстан Республикасының барлық қалала-
рында армяндардың өз мəдени орталықтары бар. 
Армяндардың көбі христиандықтың ең бір көне бағыты миофизит апостол 
шіркеуінің бағытын ұстайды. Армяндардың аздаған бөлігі православие мен 
католиктік бағыттарға сенеді.
АССИРИЯЛЫҚТАР (АЙСОРЫ, АСОРИ), өз атауы – сураи, халдеи.
Қазақстандағы  ассириялықтардың  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша
371  адам, 2013 жылғы  мəлімет  бойынша 186 адам.  Көне  заманда  ассирия-
лықтар  əуелі  Месопотамияны  мекен  етіп,  арамей  тілінде  сөйлеген.  Қазіргі 
уақытта дүние жүзіне ең көп шашыраған халықтың бірі болып есептеледі.
Ассирия  тілі – Қазақстан  ассириялықтары  этностық  тобының  эндогенді 
тілі.
Ассирия (жаңа ассириялық, айсорлық) тілі семит-хамит тілдері семьясы-
ның арамей тобының солтүстік-орталық ішкі тобына жатады. 
Дінге сенетін ассириялықтардың көбі – христиандар. Қазақстандағы асси-
риялықтар Шығыстың ассириялық шіркеуіне, Халдей католиктік шіркеуіне 
немесе православиеге жатуы мүмкін.
АУҒАНДЫҚТАР, өз атауы – пуштун, паштан, пахтан.
Қазақстандағы ауғандықтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 491 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 943 адам.
Пушту – Ауғанстанның ресми тілі (дари тілімен қатар); Қазақстан ауған-
дары этностық тобының экзогенді тілі. 
Пушту (пашто, ауған тілі) үндіеуропалық тілдер семьясы иран тармағы-
ның шығыс-иран тобына жатады. 

167
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Кейбір облыстарда Ауған ұлттық-мəдени бірлестіктері бар (Солтүстік Қа-
зақстан, Алматы облысы). 
Үстем  діні – сүнниттік  ислам,  оған  жұртының 90%-ы  берілген.  Ауған-
дықтар арасында будданы, зороастризмді ұстанатындар, шетелдік діндестер-
мен байланысы бар синкретикалық нанымдарға сенетіндер де (йезидтер) бар.
БАЛҚАРЛАР, өз атауы – таулула – «горцы», малкъар халкъ, маллкъарлы. 
Қазақстандағы  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 2079 адам, 2013 
жылғы мəлімет бойынша 1847 адам.
Қарашай-балқар  тілі  қолданылады,  Кабарда-Балқар  Республикасының 
мемлекеттік тілі болып саналады, Қазақстан балқарлары этностық тобының 
экзогенді тілі. 
Қарашай-балқар тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батыс ғұн 
бұтағындағы қыпшақ тобының қыпшақ-половец ішкі тобына жатады.
Қазіргі  уақытта  балқарлардың  басым  көпшілігі – сүннит  мұсылмандар. 
Күнделікті санада жарылқаушы құдайларға, сиқыршылыққа, табиғаттың кие-
лі құбылыстарына деген сенім де сақталып қалған.
БАШҚҰРТТАР, өз атауы – башқұрт
Қазақстандағы  башқұрттардың  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 
23 247 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 17 006 адам. 
Башқұрт тілі – Башқұртстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан 
башқұрттары этностық тобының экзогенді тілі.
 Башқұрт тілі алтай тілдері семьясының түркі тобы батыс ғұн тармағының 
қыпшақ-бұлғар ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін башқұрттар, əдетте, сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəлімет бойынша башқұрттардың шоғырланып ықшам қоныс-
тануы  Карағанды облысында (23,94%), Қостанай облысында (22,67%), Ақ-
мола облысында (11,28%) байқалады. Қазақстанның барлық ірі қалаларында 
башқұрттардың мəдени орталықтары бар. 
БЕЛОРУСТАР, өз атауы – беларус.
Қазақстандағы  белорустардың  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 
111 927 адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 61 449 адам.
Белорус тілі – Беларусь Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан бе-
лорустары этностық тобының экзогенді тілі. 
Белорус  тілі  үндіеуропалық  тілдер  семьясының  славян  тобының  шығыс 
славян ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін белорустар, негізінен, православиені ұстанады. 
2014 жылғы мəлімет бойынша белорустардың шоғырланып ықшам қоныс-
тануы Қостанай облысында (23,18%), Қарағанды облысында (19,87%), Ақ-
мола облысында (17,97%), Солтүстік Қазақстан облысында (10,02%) байқа-

168
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лады. 90-жылдың  соңында  белорус  ұлттық-мəдени  орталықтары  Павлодар, 
Өскемен, Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл қалаларында 
пайда болды. 2013 жылы Қазақстанда 12 белорус ұйымы тіркелді. 
БЕЛУДЖДЕР, өз атауы – балуи, балои.
Дəстүрлі  көшпелі  мəдениеті  жəне  дамыған  тайпалық  бөлінуі  бар  иран 
халқы.
Қазақстандағы белудждердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 33 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 137 адам.
Белудж  (балочи)  тілі – Қазақстан  белудждері  этностық  тобының  эндогенді 
тілі.
Белудж (балочи) тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының 
солтүстік-батыс тобына жатады. 
Діни  сенімі  жағынан  белудждер – ханафи  мазхабындағы  сүннит  мұсыл-
мандар.
БОЛГАРЛАР, өз атауы – болгар.
Қазақстандағы  болгарлардың  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 6195 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 4487 адам.
Болгар тілі – Болгария Республикасының ресми тілі; Еуропа Одағындағы 
25 ресми тілдің бірі; Қазақстан болгарлары этностық тобының экзогенді тілі. 
Болгар  тілі  үндіеуропалық  тілдер  семьясының  славян  тобының  оңтүстік 
славян ішкі тобына жатады. 
Болгарлардың көбі (80%-ы) – христиандар, көбі православиені ұстанады.
2014  жылғы  мəлімет  бойынша  ұлттың  шоғырланып  ықшам  қоныстануы 
Павлодар облысында (911 адам), Ақтөбе облысында (687 адам) байқалады. Қа-
зақстанның барлық ірі қалаларында болгарлардың мəдени орталықтары бар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет