Этносаяси сөздік қазақстанның қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саясаты және практикасы терминдері мен ұғымдары



Pdf көрінісі
бет11/44
Дата21.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#2401
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44

- Н -
НƏСІЛШІЛДІК  (ор.  расизм,  ағыл.  racism) – физикалық  жəне  психика-
лық жағынан адамзат нəсілдері тең емес, «жоғарғы» нəсілдердің «төменгі» 
нəсілдерге үстемдік етуіне болады немесе солай ету қажет деген түсінік пен 
идеяларға сүйенетін психология, идеология жəне əлеуметтік тəжірибе. Нəсіл-
шілдіктің саяси тəжірибесі халықтардың нəсілдік белгілеріне қарай бөлу, бір 
жағдайларға байланысты əлсіз дамып жəне толық құқықты болмай қалған-
дарды тікелей тұқырту əрі қысым жасау мақсатын ұстанады. Нəсілдік кем-
сіту қарапайым азаматтық құқықтарын шектеу жəне тұлғалардың белгілі бір 
нəсілге жататындығын желеу етіп қысым жасаудан келіп шығады.
Н. бағынышты нəсілдік топтар мен индивидтерге қысым көрсету сияқты 
жекелеген  актілер  түрінде  ашық  əрі  нақты,  сонымен  қатар  əлеуметтік  топ-
тар арасындағы бағыныштылықтың құрылымдық қатынасын тұспалдайтын 
жасырын  институционалды  болуы  мүмкін.  Ашық  индивидтік  нəсілшілдік 
тəжірибесі  əдейі  жасалатын  əрекеттерге  қатысты  болса,  институционалды 
нəсілшілдік алдын ала ниеттенбей-ақ нəсілдік теңсіздіктің өзінен туған сал-
дарларымен байланысты.
Н. нəсілге негізделген əлеуметтік теңсіздікті теориялық түрлі жол арқылы 
түсіндіруге  жəне  ақтауға  тырысады.  Нəсілдік  тұжырымдамалар  алғаш  рет 
XVIII  ғасыр соңында пайда болған. Отаршылдық саясат  жасаған ол  тұжы-
рымдамалар өзге аумақтарды басып алуда, Африка, Азия, Америка, Австра-
лия жəне Океаниядағы миллиондаған адамды бағындыруда, қанау мен тонау-
да  еуропалық  державалардың  идеологиялық  негіздемесіне  айналды.  Ашық 
кертартпа  идеология  ретінде  нəсілшілдік  əсіресе  ХІХ  ғасырда  белең  алды. 
Бұл  идеология  сондай-ақ  АҚШ-тағы  құлдықты  ақтау  үшін  пайдаланылды. 
Нəсілшілдік теориясы Еуропада да пайда болды. Осы орайда француз графы 
Жозеф Гобиноның «Адам нəсілдерінің тең еместігі жөніндегі тəжірибе» де-
ген атаумен 1853 жылы жарық көрген даулы кітабының рөлі ерекше. Автор 
бұл еңбегінде адамзат нəсілдері өзара «сұлулығы» мен дене бітіміндегі түрлі 
белгілерімен ғана емес, сонымен қатар даму жəне басқа бір халықтың мəде-
ниетін меңгеру қабілетінен көрінетін психикалық сапасы жағынан да ажы-
ратылады деп түйеді. Гобино тек ақ нəсілділер ғана өркениетке қабілетті əрі 

89
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
өзгелерден озық деп есептеген. Сол замандағы кейбір ірі биологтар (А.Гек-
кель, Ф.Гальтонидр) тарапынан жанама қолдау тапқан бұл теория еуропалық 
отарлаушылардың  Африка  мен  Азия  елдеріндегі  əрекеттерін  ақтайтын  аса 
ыңғайлы құрал болып шыға келді жəне сонысына қарай еуропалық қанаушы-
лар арасына кең тарады.
Аталған нəсілшілдік идеологиясы ХХ ғасырда да онан əрі жетілдіріліп,
іс жүзінде қолданылатын болды. Гитлерлік Германияда нəсілшілдік фашизм-
нің  ресми  идеологиясы,  саяси  тəжірибесі  болды. «Германиялық  жоғары 
нəсіл теориясымен» қаруланып, Екінші дүниежүзілік соғыс барысында бар 
əлемге  үстемдік  орнатуға  тырысқан  фашизм  «кемшілігі  бар  халықтарды» 
жоюда алдына жан салмады. Гитлерлік нəсілшілдер орыс, украин, белорус, 
поляк, еврей, серб, чех жəне өзге де ұлттардың миллиондаған адамын құр-
тып жіберді.
Бионəсілшілдіктің кей постулатынан сөз жүзінде ғана бас тартқан нəсілшіл 
идеологтер  қазіргі  жағдайда  психонəсілшілдік  тұжырымдамасын  насихат-
тауда, яғни, олардың ұйғарымынша, дамуда артта қалған халықтар өздігінен 
дамуға психологиялық тұрғыдан дайын емес. Осыдан барып аталған тұжы-
рымдаманы нəсілдік кемсіту мен бөлектеуге желеу етіп əлі күнге əдеттегідей 
пайдаланып келеді.
Иммигранттардың африкалық елдерден шыққандардың, Латын Америка-
сынан  шыққандардың  Батыс  Еуропа  мен  АҚШ-қа  ағылуымен  байланысты 
соңғы  жылдары  нəсілшілдік  көрінеу  құбылысқа  айналып  келеді.  Дегенмен 
бұл үдерістің көрінеуліктен гөрі көмескі сипаты басым. 
Əлем қоғамдастығы нəсілшілдік тəжірибесін ресми түрде айыптап отыр. 
1965 жылы Нəсілдік кемсітудің барлық түрін тоқтату жөнінде халықаралық 
конвенция қабылданып, онда нəсілдік артықшылық немесе жек көруге негіз-
делген идеяларды тарату жəне жүзеге асырудың кез келген түрі заңмен жа-
заланатын қылмыс деп жарияланды. Сондай-ақ нəсілдік кемсітуге арандату, 
зорлық-зомбылық əрекеттері немесе кез келген нəсіл не этностық жағынан 
өзге  адамдар  тобына  қарсы  бағытталған  əрекеттерге  арандатудың  барлық 
түрі, нəсілшілдік əрекет жасауға қандай да бір көмек көрсету, оны қаржылай 
қолдау қылмыс деп танылатын болды (қар. Кемсітушілік, Ұлттық антаго-
низм,  Рухани  отарлау,  Сегрегация,  Этностық  стереотиптер,  Радикализм, 
Экстремизм).
 - О -
ОРАЛМАН  (ор.  оралман («возвращенец»),  ағыл.  oralman) – Қазақстан 
егемендік алған кезде елден тысқары жерде тұрақты тірлік еткен, егемендік 
алған  соң  Қазақстанға  тұрақты  мекен  ету  үшін  келген,  қазақ  ұлтының  Қа-
зақстан азаматтығы жоқ немесе шетелдік өкілі (қар. Репатриант, Мигрант, 

90
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Эмигрант, Этностық көші-қон). Қазақтарды таяу я алыс шет елдерден өзінің 
Тарихи отанына оралту Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 
басты  басымдықтарының  бірі  болып  саналады.  О.  қазақстандық  қоғамның 
əлеуметтік  ортасына  тарту  мен  қосу  ұлттық  Бірдейлестікті  сақтауды,  сон-
дай-ақ  тарихи  əділет  орнатып,  оларды  өз  халқымен  қайта  қосуды,  ұлттық 
мəдениет пен тілді сақтауды мақсат етеді. «Оралманды жасайтын» таза эт-
ноұлттық сипаттағы себептердің (уəждердің) қатарының алғашқы бірінші то-
бына «Отанды сарғая сағыну» факторы, кең мағынасында алғанда, этноұлт-
тық ділді сағыну факторы жатады. Екінші тобына институционалдық-саяси 
сипаттағы себептер – бұрынғы О. саяси жəне құқықтық мəртебесі, олардың 
діни сенімі, əскери оқиғалар мен қауіпсіздік т.б., басқаша айтқанда, «азамат-
тық  факторы»  аталатын  фактор  жатады.  Үшінші  тобына  таза  əлеуметтік-
экономикалық  сипаттағы  себептерді – шаруашылық  жүргізу  мен  кəсіпкер-
лік қызметтің шарт-жағдайлары, табыс пен əл-ауқаттың деңгейі, білім алу-
дың, денсаулық сақтаудың жəне əлеуметтік сақтандырудың қол жетімділігін, 
басқаша айтқанда, «əлеуметтік-экономикалық жағдай факторын» жатқызуға 
болады. Ал төртінші тобына өзін Отанында кəдеге жарату уəждемесі, басқа-
ша айтқанда, «патриотизм факторы» себеп болады (қар. Диаспора, Ирриден-
та, Көші-қон).
ОТАН (ор. родина, ағыл. motherland) – 1. Адамның туған жəне өзі азаматы 
болып жүрген елі, ата мекені. 2. Бір нəрсенің туған, шыққан, пайда болған 
жері. 3. Г.В.Осипов бойынша, О. – белгілі бір халыққа мемлекет аумағының 
табиғатымен, халқымен, тарихи, тілдік, мəдени, тұрмыстық жəне əдет-ғұрып 
дамуының  ерекшелігімен  де  тарихи  тəн  болуы.  О.  туралы  түсінікті  жеке 
тұлғаның  жеке  əлеуметтік  мінез-құлқы  анықтайды  жəне  этностық,  гендер-
лік жəне кəсіби қатыстылығына қарамастан оның рухани өмірінің бір белгісі 
болып табылады. Мұндайда О. бейнесінің ділдік құрамдас бөлігі аймақтың 
ерекшелігіне тікелей тəуелді, яғни ол нақты елдің тарихымен, мəдениетімен, 
сондай-ақ əлеуметтік практикасымен өзектес. О. бейнесі қоғамды нығайтуға 
немесе саяси амал жасау үшін қажетті «əлеуметтік тапсырыстың» нəтижесі 
болуы мүмкін (қар. Тарихи отан, Кіші отан, Патриотизм, Жаңа қазақстан-
дық патриотизм).
ОТАНДАСТАР  (ор.  соотечественники,  ағыл. compatriots)  –  бір  мемле-
кетте туған, ұлтына, тіліне, дініне, мəдени мұрасына, салт-дəстүрлеріне қа-
рамастан бір мемлекетте тұратын немесе тұрған азаматтар. Мемлекеттердің 
О. қатысты ішкі жəне сыртқы саясаты, негізінен, олардың азаматтық, саяси, 
əлеуметтік,  экономикалық,  мəдени  жəне  басқа  да  құықтары  мен  еркіндік-
терін  жəне  мекен  ететін  мемлекеттеріндегі  заңды  мүдделерін  халықаралық 
құқықтың жалпы мақұлданған принциптері мен нормаларына сəйкес қамта-
масыз ететін құқықтық, дипломатиялық, əлеуметтік, экономикалық, ұйымдас-

91
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тырушылық,  ақпарат,  білім  беру,  мəдениет  салаларындағы  шаралардың 
жиынтығынан тұрады (қар. Оралман, Репатриант). 
Мемлекеттік  Е.–  мемлекеттің  ішкі  жəне  сыртқы  саясатты  анықтау  мен 
атқарудағы тұтастығы, ұлықтылығы, дербестігі мен тəуелсіздігі.
Е. халықтық егемендіктен, яғни халық қалауымен пайда болады; осыған 
орай мемлекеттік биліктің өзіне тəн құралдары аясындағы барлық тармағы, 
əрбір  мемлекеттік  қызметкер  қатаң  түрде  белгілі  бір  ортақ  мақсатқа  (бар-
шаға ортақ) қол жеткізуге жұмыс істейді; елдің барлық аумағына жəне ха-
лықаралық қатынастарға, барлық азаматқа таралады; оған қандай да бір пар-
тия немесе басқа да қоғамдық бірлестік, əлде шетелдік мемлекет шешімімен 
шектеу  қойылмайды;  ортақ  келісім  бойынша  конституциялық  рəсімдерді 
сақтай отырып, кей мемлекеттік органдардың жекелеген құқықтық өкілет-
тіктері ұлттықтан жоғарғы институттар шешіміне берілуі мүмкін.
Ұлттық  Е. 1) «ұлт»  жəне  «мемлекет»  терминдерін  бірдей  деп  қарауға 
болатын  болғандықтан, «мемлекеттік  егемендік» «ұлттық  мемлекет»  деген 
мағынада  «егеменді  мемлекет»  дегенмен  тең  қолданыла  алады; 2) дербес 
мемлекет құру жолымен немесе ұлттық-территориялық əлде ұлттық-мəдени 
автономия  құру  арқылы  ұлттың  (этностың)  өзін-өзі  саяси  билеуі.  Ұлттық 
мемлекет бір ұлттың өзін-өзі саяси басқаруының тарихи түрі болып табы-
лады. Көпұлтты мемлекет сол мемлекетті құраушы, Мемлекетке өз атауын 
берген ұлттың сол аумақта тұратын жəне өз тағдырын байырғы ұлтпен əрі
Мемлекетпен  (барлық  этностардың  ортақ  қалауымен  құрылған)  байланыс-
тырған  өзге  ұлттардың  (этностық  топтардың)  өзін-өзі  билеуімен  бірлесіп 
өзін-өзі саяси билеудің түрі болып табылады. Осындай тəртіппен құрылған 
Қазақстан Республикасының Мемлекеті мемлекетті құраушы қазақ ұлтының 
мүдделерін  елді  мекендейтін  өзге  этностардың  барлығының  мүдделерімен 
байланыстыруға жəне жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан қазақ ұлтының əлемдік қоғамдастық мойындаған жалғыз мем-
лекеттік кейпі болып табылады жəне сонысына қарай қазақтарды біріктіріп 
нығайтудың, халық тарихын тереңдете жəне түгел қамти зерттеудің, қазақ 
тілін, ұлт тұрмысы мен салт-дəстүрін, көрнекті мəдени мұрасын сақтаудың 
жəне дамытудың тірегі болатын арнайы қызметін атқарып келеді; қазақтар-
дың тарихи Отанына оралуына жəрдемдесу саясатын қалыптастырып жүр-
гізіп келеді; шетелдердегі қазақ диаспораларына қажетті қолдау көрсетеді 
т.б. 
Қандай  ұлтқа  жататындығына  қарамастан  бүкіл  азаматтарының  өзін-
өзі  билеуінің  нəтижесіне  айналған  Қазақстан  Республикасы  сонымен  қа-
тар  ұлттық  немесе  діни  белгілеріне  қарай  кемсітуге  жол  бермей,  барлық 
азаматтарының тең құқықтылығын, ұлттық-мəдени орталықтар мен ҚХА 
арқылы  этностық  топтардың  ерекше  мүдделерінің  орындалуын  қамтама-
сыз етеді.

92
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазақ ұлтының мемлекет құрудағы біріншілік парызы мен орнын сақтай
отырып, Қазақстанда мемлекеттік бірдейлестік пен қазақстандық патриотизм-
нің  маңызды  тарихи  міндеті, «біртұтас  қазақстандық  ұлт»  қалыптастыру, 
бірте-бірте жүзеге асып келе жатыр. Басқа да артықшылықтармен қатар осы 
міндеттен мемлекеттік құрылыс атаулы үшін əмбебап сипат болып табыла-
тын «бір мемлекет – бір ұлт» ыңғайы да орын табады (қар. Мемлекеттілік, 
Титулды этнос, Мемлекеттік тіл).
ОТАРСЫЗДАНДЫРУ  (лат.  colonia  «қоныс»,  ор.  деколонизация  ағыл
decolonization) – 1. Отар елдер мен халықтарға тəуелсіздік пен толық егемен-
дік беру. 2. Отар жəне тəуелді территорияларды еркін жəне тəуелсіз мемле-
кеттерге айналдыру. 
Отарлық империяларды жою саясаты 1941 жылғы Атлант хартиясында жа-
рияланды. 1945 жылдан бастап БҰҰ құрылғаннан бері бұрын халқы отарлық 
басқаруда болған 80-нен астам елдер əлемдік Ұйымының құрамына егеменді 
еркін мемлекеттер ретінде кірді. Сонымен бірге, көптеген басқа да аумақтар 
саяси бірлесудің немесе тəуелсіз мемлекеттермен бірігудің арқасында өзін-
өзі билеуге қол жеткізді. Осы тарихи өзгерістерде БҰҰ тəуелді халықтардың 
армандарын  орындауға  жəне  олардың  тəуелсіздікке  жетуін  жылдамдатқан 
мақсаттар  мен  нормаларды  анықтауға  жəрдемдесіп  шешуші  роль  атқарды. 
Үндістанның тəуелсіздік алуы (1947 жылы) жəне африкалық иеліктердің ба-
сым бөлігінің тəуелсіздік алуы (1960 жылы) отарлық жүйені құлатудағы ше-
шуші оқиғалар болды. Отарлық тəуелділіктен босаған елдер Үшінші дүние 
елдері деген атауға ие болды.
Қазіргі  кезде  О.  жөніндегі  арнайы  комитет  өзін-өзі  басқармайтын 16 ау-
мақтағы ахуалды зерттеуді жалғастырып жатыр, алған нəтижелерінің негізін-
де бұл комитет БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына шара қабылдау үшін ұсыныстар 
даярлауда. БҰҰ-ның О-ға күш салуына оның Жарғысындағы «халықтардың 
тең  құқықтығы  мен  өзін-өзі  билеуі»  ұстанымы,  сонымен  бірге  Жарғыдағы 
тəуелді  халықтардың  мүдделеріне  арналған  нақты  үш  тарау (XI, XII, XIII) 
тірек болып отыр. 1960 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблея қабылдаған «Отар 
елдер мен халықтарға тəуелсіздік беру туралы декларациясын» (Отарсыздан-
дыру туралы декларация) басшылыққа алады. Бұл Декларацияда мүше мем-
лекеттер отарлықтан жылдам құтылу қажеттігін мəлімдеген. 
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2011-2020 жылдарды отаршылдықты жоюдың 
үшінші Халықаралық онжылдығы кезеңі деп жариялады (2011ж.).
- П -
ПАССИОНАРЛЫҚ (фр. passioner – əуестену, құмарлықты ояту, лаулату, 
ор. пассионарность, ағыл. passionarity) – этногенез үдерісін түсіндіру үшін 

93
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Л.Н.Гумилев  қолданған  термин.  Пассионарлық  қасиетке  нақты  бір  этносқа 
тиесілі жекелеген адамдар да, тұтас этностар да ие бола алады. Этногенездің 
пассионарлығы – Лев Гумилевтің тарихи үдерісті дамушы этностардың орна-
ласқан ландшафтымен жəне басқа этностармен əрекеттесу ретінде сипаттай-
тын тарихи-этнологиялық теориясының негізі.
«Евразийская мудрость от А до Я» атты түсіндірме сөздікте пассионарлық 
ұғымы  латынның  «құмарлық»  сөзімен  түсіндіріледі:  адамдардың  өз  мұра-
тын  шындыққа  айналдыруға  деген  ырық  бермейтін  ұмтылысын  сипаттауға 
арналған термин. Пассионарлық, Гумилев бойынша, тарихта ізі қалатын кез 
келген əрекеттің негізінде жатады.
 Пассионарлық – өндіруге, қарекет етуге ішкі ұмтылыс, жеңістік бермейтін 
ұмтылыс.  Ол  өмір  ағынын,  кво-мəртебені,  айналадағы  жағдайды  өзгертуге 
бағытталады. Пассионар адам үшін бұл қарекет өзінің өмірінен гөрі, тайпа-
ластарының бақыты мен өмірінен гөрі маңыздырақ болып саналады. Гумилев 
тұжырымдамасында  пассионарлық – этикаға  жатпайды,  ол  бірдей  шамада 
қылмыс пен ерлік, қирату мен жасампаздық, зұлымдық пен игілік жасайды. 
 Пассионарлықтың базалық жіктемесінде əр түрлі деңгейлер болады. Пас-
сионарлық  тұжырымдамасының  авторы  Лев  Гумилев  пассионарлықты  қа-
былданған  нормадан  жоғары  тұратын  құбылыс  деп  есептейді:  тар  мағына-
сында  алғанда,  пассионарлық  іскерлілік,  жігерлілік,  таңдаған  идеалы  үшін 
құрбандыққа баруға дайындық түрінде əлемді, ландшафтыны өзгертуге ни-
еттілігі  мен  қабілеті  түрінде  көрінеді.  Жоғарғы  пассионарлық – рецессивті 
белгі (қаны араласқандардың бірінші ұрпағында болмайтын белгі); ал нор-
мадағы пассионарлық – жарасымды жай-күйдің үлгісі. Бұл үлгіге сай адам 
қоршаған əлеммен жарастықта жəне тепе-теңдікте болады; белгіленген нор-
мадан төмен пассионарлық – субпассионарлықтың көрінісі, бұл дегеніміз – 
жалқаулық, масылдық, жайбарақаттық, сатқындық деген сөз.
  Лев  Гумилев  өзінің  еңбектерінде  пассионарлық  жеке  тұлға  қабілетімен 
ешқашан түйісе алмайтынына үнемі назар аударып отырады. Пассионарлар-
ды  ол  ерік-жігері  ұзаққа  баратын  адамдар  деп  санаған.  Пассионарлық  сон-
дай-ақ  темпераментті  де  анықтай  алмайды.  Психотиптің  мұндай  маңызды 
түрі  сыртқы  жағдайлардың  ықпалына  байланысты  анықталады,  ал  пассио-
нарлық темперамент үшін реакция нормасын жасай алады (қар. Этногенез 
фазалары, Ұлттың қайта жаңғыруы, Ұлт-азаттық қозғалыс).
ПАТРИОТИЗМ (грек. patriótes – жерлес, отандас, patris – отан, туған 
ел, ор. патриотизм, ағыл. patriotism) – азаматтың (патриоттың) адамгершілік 
жəне  саяси  ұстанымы,  əлеуметтік-саяси  сезімі,  бұл – отанға  сүйіспеншілік 
пен шын берілгендіктен, оның өткені мен бүгінін мақтан ету, өзінің жеке мүд-
десі мен топтық мүддесін елдің ортақ мүддесіне бағындыру, отан алдындағы 
парызын саналы сезінуден, ол парызын өтеуге отанға қызмет ету жəне оны 
қорғау арқылы, елдің дамуына, əлемдегі беделінің артуына сеп болатын істер 

94
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
мен əрекеттер жасау арқылы ұмтылудан көрінеді. Ұлттың құралуы мен қа-
лыптасуы,  ұлттық  мемлекеттердің  құрылуы  кезінде,  ұлттық  жəне  ұлт-азат-
тық қозғалыстардың дамуы кезінде П. қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне 
айналып, саяси мəнге ие болады. Жаңа мыңжылдық табалдырығында интер-
националдандыру,  ғаламдасу,  мемлекетаралық  өңірлік  интеграциямен  бай-
ланысты,  мемлекеттік  жəне  ұлттық  егемендіктің  рөлі  мен  маңызы  артумен 
байланысты П. проблемасы да шиеленісе түседі.
Патриотизм – жалпы адамзаттық, таптық жəне ұлттық аспектілері бар, та-
рихи  сипатқа  ие  құбылыс.  Өз  ғаламшарының  игілігі  үшін  жауапты  да  жа-
сампаз  сезімді  білдіретін  планетарлық  П.  кейде  П.  жоғарғы  формасы  деп 
есептейді.  Шынайы  П.  ұлтшылдықпен,  нəсілшілдікпен  жəне  жікшілдікпен 
ешқандай  қатысы  болмайды.  Бір  жағынан,  жаһандану,  интернационалану, 
екінші  жағынан,  мемлекеттік  жəне  ұлттық  егемендікті  нығайту  кезінде  па-
триотизм проблемасы өткірлене түседі. 
Қазақстан Республикасы Конституциясына (1-баптың 2-тармағы) сəйкес, 
П. Республика қызметінің негізі болатын қағидат болып табылады да, мына-
ларды  қамтиды:  қоғамдық  келісім  мен  саяси  тұрақтылық,  бүкіл  халықтың 
игілігі  үшін  экономиканы  дамыту,  қазақстандық  патриотизм,  мемлекеттік 
өмірдің анағұрлым маңызды мəселелерін демократиялық əдіспен шешу (қар. 
Мемлекет, Ел бірлігі доктринасы).
ПОПУЛЯЦИЯ (лат.populus – жұрт, халықор. популяция, ағыл. population
– белгілі бір аумақты қоныстанған, бір-бірімен туыстық тығыз қатынастағы 
адамдардың тобы; иммигранттардың елеусіз қосылуынсыз-ақ бірнеше ұрпақ 
бойы сақталуға қабілетті топталым; бұл көбінесе биологиялық (генетикалық) 
ұғымда қолданылады, сондықтан да адамдардың əлеуметтік қауымдастығы 
ретіндегі Этностан айырмашылығы бар (қар. Қауымдастық, Этнос, Имми-
грация, Этностық топтар).
- Р -
РАДИКАЛИЗМ  (лат.  radix    түбір,  ор.  радикализм,  ағыл.  radicalism)  – 
1. Шешуші шараға, соңғы шешімге ұмтылыс, бейімділік. 2.  Қандай да бір 
жік пен топтың өмір сүруіне, дəстүрлеріне қатер төнген дүдəмал тарихи өт-
пелі  кезеңдерде  сол  кездегі  институттарды  үзілді-кесілді  өзгертуге  бағыт-
талған əлеуметтік-саяси идеялар мен əрекеттер (қар. Экстремизм, Лаңкестік, 
Сепаратизм). Радикализмнің өзара шарттас екі қыры бар: радикалды идео-
логия  жəне  радикалды  əрекет.  Радикализм  қолданыстағы  саяси,  əлеуметтік 
жəне  экономикалық  құрылысты  қоғамдық-саяси  бағыт  ретінде  түбегейлі 
өзгертуге бағытталады. Радикализмді ұстанушылардың басты мақсаты төң-

95
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
керіс жасауға келіп тіреледі. Сондықтан радикализм деген түсінік қандай да 
бір біртұтас тұжырымдама емес, күрес əдістерімен анықталады. Радикалдар 
дүниенің орналасу қалыбын да, реформалық баяу эволюциялық жолды да қа-
былдамайды. Əдетте, олардың ұстанымы ымырасыздығымен, ал кейде тота-
литарлық ұйым реңкімен де ерекшеленеді. Радикалдар үшін барлық əрекет 
бірыңғай мақсатқа бағынады, ал мақсат тəсілді ақтап шығады. Радикализмге 
күрделі  мəселелерді  шешудің  оңай  тəсілдерін  іздеу,  өзгерісті  шешімді  түр-
де жоспарлап қоюға ұмтылу, рационалды басқару мүмкіндіктерін абсолют-
тендіру, саяси əрекеттің тəсілдері мен мақсаттарының арасының ажырауына 
соқтырып  оқиғаны  жеделдетуге  талпыну  (мақсаттар  игілікті,  жүзеге  асыру 
тəсілдері  абыройсыз  болуы  мүмкін)  тəн;  төтенше  саяси  əрекеттерді  қолда-
нуға табанды түрде ұмтылу, мұның соңы зорлық-зомбылыққа, қандай да бір 
саяси мəселені осылай тиімді шешуге болады деген сенімге əкеледі; құқықты 
елемеу, мұнысын өздері бостандық көрінісі ретінде қарастырады жəне т.с.с. 
(қар. Экстремизм, Лаңкестік).
РЕПАТРИАНТ  (лат.  repatriate – қайтамын,  ор.  репатриант,  ағыл. 
Repatriate) – əр  түрлі  жағдайларға  байланысты  басқа  ел  аумағында  қалып 
қойған тұлғалардың тұрақты мекені немесе шығу тегі, азаматтығы тиесілі өз 
еліне қайтуы. Р. қайтуы халықаралық шарттардың (мысалы, Р.-əскери тұтқын-
дар) негізінде жүзеге асады, алайда кейде шарттан тыс та жағдайлар болуы 
мүмкін, мұндайда оны жүзеге асыру мүмкіндігі бұған мүдделі мемлекеттің 
немесе  мемлекеттердің  заңдары  негізінде  алдын  ала  қарастырылуы  керек. 
Əскери тұтқындарды атамекеніне қайтару міндеттілігі 1949 жылғы Соғыста 
құрбан болғандарды қорғау туралы Женева конвенциясында қарастырылған. 
Р.  құқықтық  жағдайы  халықаралық  шарттармен,  сондай-ақ  мемлекетшілік
актілермен реттеледі. Мəжбүрлі түрде басқа елде болған жылдары «этностық 
жадын» сақтау тəжірибесі болса да, олар Отанына қайтқанда, Отаны да қан-
ша дегенмен бөгде мəдени орта болып табылатындықтан, кейбір қиындықтар 
туады,  осыған  байланысты  олар  толыққанды  əлеуметтік  тіршілік  қарекеті-
не  кірісуге  септесетін  бейімделу  іс-шараларын  жүргізуді  керек  етеді  (қар. 
Босқын, Мигрант, Этностық көші-қон, Оралман). 
РЕСМИ  ТІЛ  (ор.  официальный  язык,  ағыл.  offi cial  language)  – 1. Мем-
лекетте  ерекше  мəртебесі  бар  Тіл. 2. Халықаралық  ұйымдарда,  конферен-
цияларда, саммиттерде т.с.с. жұмыс тілі ретінде қабылданған тіл. Ұғымдық 
көлемі жағынан Р.т. Мемлекеттік тілмен бірдей, алайда, құқықтық жағдайы 
жағынан  кейбір  елдерде  өзгеше  қабылданады.  Соған  орай,  кейде  Р.т.  мен 
Мемлекеттік тілдің мынадай айырмашылығы көрсетіледі: Р.т. – мемлекеттік 
басқару, заң шығару, сот жүргізу т.с.с. тілі, ал Мемлекеттік тіл – саяси, əлеу-
меттік, мəдени салаларда пайдаланылып, символикалық жəне интеграциялық 
функциялар атқаратын тіл (қар. Автохтондық тіл, Мемлекеттік бірегейлік, 

96
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Жергілікті  тіл,  Миноритарлық  тіл,  Ұлтаралық  қатынас  тілі,  Қазақстан 
тілдері, Тілдік саясат).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет