ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТЫ (ор.
Сенат Парламента Республики Казахстан, ағыл. Senate of the Parliament of
the Republic of Kazakhstan) – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі екі па-
латаның бірі («жоғарғы палата» деп те жиі аталады). Сенаттың Парламенттің
өкілдік, заң шығарушы жəне бақылау қызметтерін жүзеге асыратын айрықша
маңызды рөлі бар.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатын əр облыстан, респу-
бликалық маңыздағы қаладан жəне Қазақстан астанасынан екі адамнан
конституциялық заңмен бекітілген депутаттар құрайды. Олар дауыс бе-
рушілер алқасының жиналысында сайланады жəне дауыс берушілерге
тиісті облыстардағы (республикалық маңыздағы қала мен астанадағы)
барлық мəслихаттардың депутаттары жатады. Сенаторлар аймақтар мен
мəслихаттардың өкілі, ал жалпы Сенат территориялық өкілдік палатасы
болып табылады.
ҚР П.С. он бес депутатын Сенатты қоғамның ұлттық-мəдени жəне басқа
да маңызды мүдделерін қорғайтын өкілеттікпен қамтамасыз ету қажеттігін
ескере отырып Республика Президенті тағайындайды. Мұның өзі мемлекет-
тік ұлттық саясатты жүзеге асырудың бір тəсілі ретінде қабылданады.
ҚР Конституциясына сəйкес жасы отызға толған, жоғары білімі жəне кем
дегенде бес жыл еңбек өтілі бар, тиісті облыс, республикалық маңызды қа-
ланың тұрақты тұрғыны немесе астанада кемінде үш жыл тұрған тұлға Қа-
зақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты бола алады. Сенатта
саяси партиялар фракциясы құрылмайды.
Мəжілісті тарату кезеңінде заңдарды қабылдайтынын қоса алғандағы
конституциялық-құқықтық мəртебесі, өкілеттігінің ерекшеліктері, сондай-ақ
депутат-сенаторлардың əлеуметтік жəне кəсіптік құрамы ҚР П.С. Парламент-
тің мəслихаттармен жəне аумақтармен байланысы жөніндегі, Парламенттің
саясиландырылған шешімдерді шұғыл түрде қабылдауын ескерту жөніндегі,
сондай-ақ заң шығару жұмысының сапасын жоғарылату жөніндегі миссияны
тиімді орындауына мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда осы жəне басқа да объективті факторлар ҚР П.С., жал-
пы алғанда қоспалаталы Парламенттің, құрылуының біртұтас көпұлтты жəне
көпконфессиялы Қазақстанның мақсатына сай екендігін көрсетеді.
62
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҚР Президенті Əкімшілігі ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫ (ор. Секретариат
Ассамблея народа Казахстана Администрации Президента РК, ағыл. the
secretariat of the APK ) – Ассамблеяның Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің Əкімшілігі құрамына енетін, қызметі Қазақстан Республикасының
заңнамаларымен реттелетін жұмыс органы. Хатшылық меңгерушісі əрі Ас-
самблея төрағасының орынбасары болып та саналады. 2008 жылдың 20 қа-
зандағы №70-IV Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблея-
сы туралы» заңына сəйкес Ассамблея Аппараты (Хатшылық):
1. Қазақстан Республикасы Президентi Əкiмшiлiгiнiң құрамына кiретiн,
қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетiн Ас-
самблеяның жұмыс органы болып табылады.
Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының
орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушiсi басқарады.
3. Сессияның, Кеңестiң шешiмдерi жəне Ассамблея Төрағасының тапсыр-
малары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшiн мiндеттi болып табы-
лады.
4. Аппараттың (Хатшылықтың) негiзгi функциялары:
1) Ассамблеяның қызметiн ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, оның
iшiнде Ассамблеяның қызметiн сараптамалық-талдамалық жəне ақпараттық
тұрғыдан қолдау;
2) елдегi этносаралық келiсiмге ықпал ететiн халықаралық, республика-
лық жəне облыстық ғылыми-практикалық конференциялар, басқа да iс-шара-
лар мен акциялар өткiзу;
3) мемлекеттiк органдармен жəне ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен
жəне шет елдердiң осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық
ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге жəне Ассам-
блеяға жүктелген мiндеттердi iске асыруға бағытталған өзара iс-қимыл жасау
болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 7 қыркүйегіндегі №149
«Қазақстан халқы Ассамблеясы жөніндегі ереже туралы» Жарлығы Хат-
шылықтың мəртебесі мен өкілеттігін күшейтті.
Ереженің жаңа редакциясы бойынша Хатшылықтың міндеттері:
1) Ассамблеяның, оның Төрағасының жəне Кеңесінің қызметін қамтама-
сыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар сала-
сындағы өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Хатшылықтың Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Ассам-
блеяның этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды
қамтамасыз ету бойынша өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президенті
Əкімшілігінің ішкі актілерімен айқындалады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблея-
лары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Ассамблеяның алдында есеп бередi
жəне жауапты болады.
63
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассам-
блеяларының құрылу тəртібі мен құқықтық мəртебесі «Қазақстан халқы Ас-
самблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблея-
ларының жұмыс органы əкiм аппаратының құрылымына дербес құрылым-
дық бөлімше ретінде кiретiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)
ассамблеясының хатшылығы болып табылады.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хат-
шылығын меңгеруші басқарады. Облыс (республикалық маңызы бар
қала, астана) ассамблеясы хатшылығының меңгерушісін тиiстi əкiм ҚР
Президенті Əкімшілігінің ҚХА Хатшылығының келісімімен қызметке
тағайындайды жəне қызметiнен босатады.
Ассамблеяның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаматамыз ету
мақсатында Хатшылық қажет болған жағдайда комиссия, оның ішінде басқа
мемлекетік органдармен жəне ұйымдармен бірлесе отырып, құруы мүмкін
(қар. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық
моделі, Этносаралық қатынастар саласындағы Қазақстан заңнамалары,
Қазақстандағы этносаясат принциптері, Қазақстан халқы Ассамблеясы,
ҚХА Төрағасы, ҚХА Кеңесі, ҚХА-ның ғылыми-сараптамалық кеңесі).
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ор. Пос-
лание Президента РК народу Казахстана, ағыл. Address of the President of the
Republic of Kazakhstan to the nation of Kazakhstan) – жалпы халық сайлаған
Мемлекет басшысының мемлекеттік биліктің жалғыз бастауы халықпен ті-
келей тілдесуінің ҚР Конституциясында қарастырылған маңызды ұйым-
дық-құқықтық формасы. ҚР Негізгі Заңының 44-бабының 1- тармақшасына
сəйкес, Республика Президенті «Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Рес-
публиканың ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл
сайын жолдау арнайды». Жолдау ауызша я жазбаша пішімделуі мүмкін. Егер
жолдау Парламент сессиясында жария етілсе, ол талқыланбайды, сұрақ та
қойылмайды.
ҚР.П.Қ.Х.Ж. біріктіруші сипат болады, берілген тапсырмаларды орындау,
мақсаттарға жету үшін биліктің қай тармағында екеніне қарамай мемлекеттік
органдардың бəрі, азаматтық қоғам институттары түгелдей күш қосады.
ҚР Конституциясы күшіне енгеннен бері Ел Президенті Қазақстан халқы-
на он сегіз рет жыл сайынғы жолдауын жыл сайын таратты.
Əр жолдаудың ерекше маңызын айтпағанда, елдің дəуірлік өзгерістерінен
айрықша орын алатын екі жолдаудың қағидаттық маңызы бар.
«Қазақстан-2030». Барлық қазақстандықтың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
жəне əл-ауқатының артуы» (1997 ж., қазан) Жолдауында Қазақстанның өзін-
дік жолы сызылып, стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің болашағы ай-
64
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қындалды. Бұл Жолдау халық пен биліктің күш-қайратын қосудың жоғары
саяси жолының жəне осыған ұйымдастыратын бастаулардың маңызды құра-
лы, дүниетанымдық темірқазығы болды. «Қазақстан - 2030» стратегиясын
жүзеге асыру Қазақстан Республикасында үш түрлі заманауи жаңартуға қол
жеткізді: мемлекет құру мен нарықтық экономикаға өту; əлеуметтік мемле-
кеттің негіздерін қалыптастыру жəне қоғамдық санадағы серпін.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» Жолдауы 2012 жылы 14 желтоқсанда жарияланды. Жолдауда «Қа-
зақстан - 2030» стратегиясының орындалған көрсеткіштерін жаңа кезең-
де үйлесімді дамыту жолдары ұсынылып, ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа
саяси бағыттары түйінделді. Мұндай дəуірлік Жолдауды жүзеге асыру 2050
жылға қарай басты мақсатқа жетуді, Қазақстанның əлемнің ең озық 30 елінің
қатарына кіруін қамтамасыз етуге арналады.
Стратегиялардағы шешуші меже – мемлекеттің ұлттық саясатының бағыт-
тарын анықтайтын қағидалар. 2012 жылғы Жолдауда осы тұрғыдағы қағида-
лар «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – тез өзгеретін тарихи жағдайлардағы
жаңа саяси бағыт» деген атпен ІІІ бөлімге енгізілген. Бұл бөлімнің жетінші
тармағы «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне көпконфес-
сиялы қоғамымыздың табысының негізі» деп аталады да, басқа тақырыптар-
мен қоса мынадай тақырыптарды қамтиды: «1. Жаңа қазақстандық патрио-
тизм», «2. Барлық этнос азаматтарының тең құқықтылығы», «3. Қазақ тілі
жəне тілдердің үштұғырлығы», «4. Мəдениет, дəстүр жəне дербестік», «5.
Ұлттық зиялы қауымның рөлі», «6. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін».
ҚР П. Қ.Х.Ж. қағидалары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, соның қата-
рында алдағы жоспарлы кезеңге бюджет қалыптастырудың құжаттарын əзір-
леу мен түзетулер жасауға негіз болады (қар. Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ МЕН
ҚОЛДАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (ор. Государствен-
ная программа развития и функционирования языков в Республике Казахстан,
ағыл. The government program of development and functioning of languages in
the Republic of Kazakhstan) – елімізде тілдердің қолданылуы мен дамуын мақ-
сатқа сай жəне жоспарлы түрде жүзеге асыру үшін мемлекеттің қабылдаған
құжаты. Мысалы, Қазақстан Республикасында осындай үш бағдарлама қа-
былданды: «Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы» (5 қазан 1998 ж.); «2001-2010 жж. Қазақстан Рес-
публикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»
(17 ақпан 2001 ж.); «2011-2020 жж. Қазақстан Республикасында Тілдерді қол-
дану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (29 маусым 2011 ж.);
«2001-2010 жж. Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен да-
мытудың мемлекеттік бағдарламасы» он жылға бағытталған ұзақ мерзімді
65
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
бағдарлама болған, онда тiл құрылысының ұзақ мерзiмдi келешегiнiң стра-
тегиялық мақсаттары мен мiндеттерi айқындалып, сондай-ақ оларды iске
асырудың басты бағыттары мен тетiктерi белгiленген, нақты əрекеттер
қысқа мерзімді екі жылдық іс-шаралар жоспары түрінде əзірленген бола-
тын: а) Мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттi басқару тiлi ретiнде қолданылуын
қамтамасыз ету (нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру; мемлекеттiк
қызметшілердiң мемлекеттiк тiлдi қызметтiк міндеттерін орындауға қа-
жеттi деңгейде меңгеру үшiн шаралар қолдану, барлық мемлекеттiк ұйым-
дарда жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында мемлекеттік тiлдiң
іс жүргiзудегi негiзгi тiл ретiнде қолданылуын қамтамасыз ету; сот ісiн
жүргiзудi, сондай-ақ əкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді
заңнамаларға сəйкес қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiнде, сондай-ақ əскери жəне əскерилендiрiлген құрамдардың бар-
лық түрiнде мемлекеттiк тiлдi қолдану шараларын қамтамасыз ету; іс жүр-
гiзудi мемлекеттiк тiлге көшiрудiң кестесiн (нақты мерзiмдер мен iс-шара-
ларды көрсете отырып) белгiлеу арқылы барлық мемлекеттiк ұйымдар мен
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында іс жүргiзудiң негізгі тiлi ретiнде
мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету; халықаралық қызмет-
те мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету; ə) Қазақстан Респу-
бликасы азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеруi үшін жағдай жасау; б)
ғылыми-лингвистикалық зерттеулер мен олардың нəтижелерiн нақты іске
асыруды жеделдетудi жүзеге асыру жолымен қазiргi қазақ əдеби тiлiнiң
нормаларын бiрыңғайлауды қамтамасыз ету (қазiргi қазақ əдеби тiлiнiң
сөзжасам үдерістерiнiң, оның iшiнде терминжасам принциптерiн ғылы-
ми негізде жүйеге келтiру, қазақ тілінің толыққанды терминологиялық
жүйесiн енгiзу; қазiргi қазақ тiлiнiң тiлге ортақ əдеби нормаларын жүйеге
келтiру; қазақ тiлiнiң фонологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ
əлiпбиi мен орфографиясын жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану; ономас-
тика мəселелерiн ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету); в) мəдениет жəне
бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын
қамтамасыз ету (кино жəне бейнеөнiмдердi, оның iшiнде анимациялық
фильмдердi /аударма жұмыстарын қоса алғанда/ мемлекеттiк тiлде шығару
мен тарату (телеарналардан көрсету) шараларының жүйесiн ұйымдастыру;
мəдениет, ғылым, көркем əдебиет пен өнердiң əртүрлi саласында мемле-
кеттiк тiлде баспа өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз ету; мəдени-көпшiлiк
шараларды мемлекеттiк тiлде ұйымдастыру; мемлекеттiк тiлдi дамытуға
бағытталған жұмысқа ақпараттық-насихаттық қолдау жасау; бұқаралық
ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдiң қолданылуын қамтамасыз ету
жəне т.б.)
Үшінші «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Конституциясының
7-ші жəне 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997
66
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Респу-
бликасының тіл саясатына арналған тұжырымдамасына; мемлекет Елбасының
Қазақстан халқына арналған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу
- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сəйкес əзірленді. Тіл-
дерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы
он жылға есептелген, мемлекеттік тілдің толық іске асырылу жағдайларын
қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің тала-
бына сəйкес əзірленген, сондықтан бағдарламада елімізде жүргізіліп жатқан
тіл құрылысының едəуір ықпалына түскен жəне тұрғындардың этнотілдік
құрылымының елеулі шамада ілгерілеткен, қалыптасқан Тілдік ахуал жағдайы
ескеріледі. Мемлекеттік бағдарлама тілдерді қолдану мен дамыту мəселелерін
шешуді, мемлекеттік тілді еліміздегі саяси, экономикалық жəне мəдени өмірді
шоғырландырушы жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұтастығы
мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды элемент ретінде түсінуге
негізделген қағидаттарды жүзеге асыруға жағдай жасауды ұйымдастыратын
негіз болып табылады.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстанда тұратын барлық
этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды
факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз
ететін үйлесімді тіл саясатын мақсат етеді.
2011-2020 жж. арналған Тілдерді қолдану жəне дамыту бағдарламасының
мақсаты – «Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай оты-
рып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тіл-
дің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты», ол
бағдарламада төрт мақсат түрінде көрініс тапқан:
1. Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы. 2. Мемлекеттік тіл-
ді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу. 3. Дамыған тіл мəдениеті –
зиялы ұлттың əлеуеті. 4. Қазақстандықтардың лингвистикалық дəулетін арт-
тыру.
Тіл саясаты табыстылығының өлшеуішінің мақсаттық индикаторлары
бірінші рет аталды, олар: мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдерін мең-
гергендердің үлесі, БАҚ-та қазақтілді контенттің болуы, терминологиялық
жəне ономастикалық қорлардың ретке келуі. Мемлекеттік бағдарламадағы
белгіленген мақсаттар мен міндеттер əр үш кезеңге арнап мемлекеттік
өкілетті орган əзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен іс-ша-
ралардың нақты Жоспары арқылы жүзеге асады. Тіл саясатының басты мін-
деттеріне сəйкес Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған барлық іс-ша-
ралар азаматтардың этнотілдік жəне мəдени мұқтаждары мен талаптарын
толық қанағаттандыруға, елімізде ұлтаралық азаматтық келісімнің нығаюы-
на ықпал етуге бағытталған. Жаңа мемлекеттік бағдарламаның басты
бағыты – қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қол-
67
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
данылуының тиімділігін арттыру. Бұл бағыт еліміздегі ықпалдастық (ин-
теграциялық) үдерістердің дамуының негіздері ретінде мемлекеттік тілдің
толық қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды стратегия-
лық тұрғыдан əзірлеу мен жоспарлы түрде басқару арқылы жүзеге аса ала-
ды. Осылардың ішінде қазақ тілінің кодификаттануына ерекше басымдық
беріледі, бұл іс жүйе мен узусты (тілдік дағдыны) нормалаумен, салалық
терминдер жүйесін бірегейлендірумен, ономастикалық кеңістікті реттеу
жəне кодификаттаумен, көрнекі ақпарат пен жарнама құралдарының ор-
тологиясымен қамтамасыз етіледі (қар. Қазақстан тілдері, Тілдік саясат,
Тілді жоспарлау).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
– Елбасы (ор. Первый Президент Республики Казахстан – Лидер нации,
ағыл. The First President of the Republic of Kazakhstan- Leader of the Nation)
– Қ.Р.Т.П. - Ұ.К. қазақстандықтар алдында сіңірген тарихи еңбегіне деген
құрметтің белгісі ретінде 2000 жылғы 20 шілдедегі №83-ІІ «Қазақстан Респуб-
ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңмен
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа берілген халықтық құрметті лауазымдық
атақ.
ҚР бұл конституциялық Заңында Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саяса-
тының негізгі бағыттарының, əлеуметтік-экономикалық жəне демократиялық
жаңарулардың сабақтастығын сақтау мақсатында елде жаңа тəуелсіз мем-
лекеттің негізін салушы, ұлттың бірлігін, Конституциялық қорғауды, адам-
ның жəне азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз еткен Елбасы
ретінде ҚР Тұңғыш Президентінің саяси жəне құқықтық мəртебесі белгі-
ленген.
2000 жылы енгізілген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»
2010 жылы «Елбасы» деген айқындауыш сөзбен толықтырылды.
Конституциялық кеңестің 2000 жылы 3 шілдеде Мемлекет басшысының
жүгінісі бойынша қабылданған № №16/2 «Қазақстан Республикасының «Қа-
зақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық
Заңының Конституцияға сəйкестігі туралы» қаулысында бұл Заң ҚР Консти-
туциясының талаптарына сəйкес деп танылды.
Жаңа мемлекеттер құрудың шетелдік тəжірибесімен, сондай-ақ дамыған
демократиялық елдердің тəжірибесімен толық сəйкес келетін бұл шешім құр-
меттің ерекше белгісіне, жас елдер үшін анағұрлым күрделі кезеңдегі мем-
лекет басшысы лауазымындағы тұлғаларға саяси жəне əлеуметтік кепілдік
беруге бағытталған конституцияшылдық үрдістерді нығайта түседі. Мемле-
кеттердің, бірінші болып басшыларының құрметіне мемориал-кесенелер са-
лынған, мемлекеттік мерекелер арналған, елдердің ресми атауларына, валю-
таларға есімдері берілген, есімдері конституцияларға енгізілген тəжірибелер
баршылық.
68
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Құрметті атақтың «Елбасы» деген екінші бөлігінде объективті жайт
нышандалған, бұл ұғым Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқын Біртұтас Ұлтқа
бірте-бірте айналдыру жолында біріктіруге сіңірген нақты да орасан еңбегін
көрсетеді. Бүгінге дейінгі бағыттар мен нақты əрекеттердің көбі Мемлекет
басшысының мəртебесі мен функцияларының көпшілік-құқықтық негізінің,
мемлекеттік хаттаманың шегінен тым тысқары тұр, ал мұндай мүмкіндік
Республиканың Тұңғыш Президентінің ізбасарларына ешқашан осындай
көлемде бұйырмайды.
Осы тұрғыдан қарағанда, Конституциялық кеңестің 2000 жылы 3 шілдеде-
гі аталмыш №16/2 қаулысында алғаш рет қолданылған «Қазақстан халқының
елбасы» деген тіркес көрнекті үлгі болып саналады (қар. Конституция, ҚХА).
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР (ор. мнение общественное, ағыл. public opinion) – 1.
Болмыстағы нақты бір əлеуметтік я əлеуметтік-саяси ахуалдың проблемала-
рына, оқиғалары мен айғақтарына əлеуметтік қоғамдастықтардың, топтар-
дың жəне жеке адамдардың жасырын не ашық, түрде, сөзбен я сөзсіз біл-
діретін қатынасы түйінделетін пікір. 2. Халықтың елеулі бөлігінің қандай да
бір əлеуметтік проблема туралы пікірі. 3. Түрлі əлеуметтік топтардың өзекті
əлеуметтік проблемалар туралы бұқаралық коммуникация құралдары арқылы
білдіретін таласты пікірі.
Қ.п. негізгі ерекшелігі – адамдардың барлық пікірін емес, тек қарасты-
рылатын жағдаймен байланысты пікірлерін ғана қамтуында. Бір жағдайдың
нақты мəселелері бойынша Қ.п. басқа жағдайдағы Қ.п. түбегейлі өзгеше бо-
луы мүмкін. Көпшілікке жарияланған пікір ғана қоғамдық бола алады, ал
олай болмаған жағдайда ол тек жеке адамдардың жеке көзқарасы ғана болып
қалады. Қ.п. анық болуы керек жəне белгілі бір уақыт кезеңінде сақталуы
тиіс. Əлеуметтік бақылаушы ретінде Қ.п. үкімет шешімдерінің жүзеге асуы-
на мүмкіндік жасап немесе оны тежеп, олардың қабылдану мен орындалуын
қадағалап, оған жылдам ықпал ете алады. Сонымен қатар Қ.п. бір маңызды
қызметі – экспрессивті қызметі, нақтылай айтқанда, қоғам өмірінің фактілері
мен құбылыстарына қатысты қоғамның белгілі бір позициясын білдіруі. Өр-
кениетті елдердің тəжірибесінде Қ.п. консультативтік қызметі кеңінен қол-
данылады, бұл жағдайда халық арасында жүргізілген сауалнама нəтижелері
қоғам мақұлдайтын қандай да бір проблемаларды шешудің əдістерін таңдау
барысында пайдаланылады.
ҚОҒАМДЫҚ САНА (ор. общественное сознание, ағыл. social conscience)
Г.В.Осиповтың айтуынша, түрлі əлеуметтік топтар, таптар, ұлттардың, тұтас-
тай қоғамның мүдделерінің, түсініктерінің адамдардың рухани қарекетін-
дегі көрінісі. Кез келген социум өзінің шамасына, тұрақты беріктігіне жəне
ықпалдастық дəрежесіне қарамастан қандай да Қ.с. иесі болады. Тарихи бол-
69
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
мыс адам ақылында көрініс беретіндіктен қоғамда көңіл-күй, идеология, əлеу-
меттік психология, ұлттық мінез т.б. тудырады. Ал бұлар өз кезегінде бол-
мысқа ықпал етеді. Қ.с. мəдени қарекеттің негізі ретінде қызмет етеді де, со-
циумға жататын əр адамның дара психологиясына əсер етеді. Қ.с. жекелеген
адамдардың саналарының негізінен құралады, бірақ Қ.с. жай ғана жиынтық
болмайды. Əрбір дара сана өзінше дербес, əрбір дара адам нақ осы дара са-
наның мазмұнына қарай бір-бірінен түбірлі түрде өзгеше болады. Сондықтан
Қ.с. дара саналардың механикалық қосылысы бола аламайды, əрдайым са-
пасы жаңа құбылыс ретінде көрінеді, өйткені дара саналарды қамти алған
көзқарастар мен сезімдер, идеялардың синтезі болып табылады. Қ.с. ішкі
күрделі құрылымы бар, осы құрылымнан түрлі формалар, яғни болмысты
зердемен жəне рухни игерудің тəсілдері айқындалып шығады, олар – саясат,
құқық, мораль, философия, өнер, ғылым т.б. Адам зерделеп түсінетін əлеу-
меттік үдерістер қандай алуан түрлі болса, Қ.с. формалары да сондай əралуан
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |