Нәтижелер және талқылау
Байқағанымыздай, тұлға түсінігі қоғамдық
және гуманитарлық ғылымдар саласында жан-
жақты түсіндіріледі. Қазіргі шарттарда осы жан-
жақты зерттеулер көмегімен мәселенің мәнін
ашуға мүмкіндіктер мол. Тұлғаның заманауи
шарттарда негізгі нысан екенін дәйектей оты
-
рып, мына пікірге назар аударғымыз келеді:
«Бүгіннен бастап және болашақта да терең ой
-
лайтын, өзгелермен өзара әрекеттер жасайтын,
салдардың көптеген нұсқаларын қарастыратын,
баламалы шешімдер ұсынатын және мәселені
шығармашылық тұрғыдан қарастыратындар
ғана ерекше қажет етіледі» (Фромберг, 2001)
[16].
Негізінен еуропалық тілдерде тұлға түсінігі
латынның
persona
сөзімен тығыз байланысты.
Ұғым көптеген мағыналар береді: театрдағы
әртіс бетпердесі, адамның әлеуметтік рөлі,
адам біртұтас жаратылыс иесі және т.б. Ежелгі
римдік философ Цицерон былай деген екен:
«Мен үш тұлға кейпіндемін: жеке өзімнің, менің
қарсыласымның және соттың» (Питкин, 1967)
[17]. Ал рим философы Боэций болса, өзінің
«Contra Eutychen et Nestorium» (Боэций, 2014)
[18] атты еңбегінде
persona
түсінігі латынның
personare
(қуатты дыбыс шығару) етістігінен
шыққан деп есептейді. Аталмыш еңбегінде
ойшыл тұлға түсінігіне де анықтама береді:
«Қисынды табиғаттың дербес субстанциясы».
Француз философы Р. Декарттың (Ас
-
мус, 2006) [19] екі субстанциясы ілімі
арқылы тұлға түсінігінің философиялық
тұжырымдамалары дами түсті. Рационализм
және оның философиядағы орнын негіздеген
ойшылдың ғылымға берген жетістіктері мы
-
налар деп ойлаймыз: ақыл-ойдың танымдағы
жетекші рөлін дәйектеді; субстанциялар ту
-
ралы ілім, оның белгілері мен модустарын
ұсынды; философиядағы материалистік және
идеалистік бағыттарды бітістіру үшін дуализм
теориясының авторы атанды; танымның ғылыми
Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №2 (55). 2018
8
Тұлға философиялық, педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық түсінік ретінде
әдісі мен «туа біткен идеялар» туралы теория
-
ларды айқындады. Субстанцияларды материал
-
ды (заттар) және рухани (идеялар) деп бөле оты
-
рып, жан мен дене адамның психофизикалық
бірлігінен бас тартатындығын айқындады. Ой
-
шыл еңбектерінде тұлға санамен теңдестірілді.
Ағылшын философы, қоғамдық келісім
теориясының негізін қалаушылардың бірі
Т. Гоббс тұлға түсінігінің дамуын талдайды:
«Тұлға сөзі латынның
persona
сөзінен шыққан.
Гректер мұның орнына
prosopon
ұғымын
қолданады және бет немесе кескін мағынасын
береді. Латынның «persona» түсінігі секілді сах
-
нада ұсынылатын адамның киімі немесе сыртқы
келбеті деп түсіндіріледі. Кейде адамның белгілі
бір дене мүшесін, мәселен бетін жасыратын бет
-
перде айтылады. Театр сахнасынан келген бұл
түсінік кейін сөйлейтін немесе әрекет ететін
мағынаcымен ауысты. Сонымен, тұлға сахнада
да, күнделікті өмірде де әрекет ететін адам, ал
бейнелеу, бұл – өзін немесе өзгені көрсету, өзге
үшін әрекет ету, өзге үшін оның атынан әрекет
ету. Түсінік әр жағдайда әр түрлі айтылады: өкіл,
орынбасар, билеушінің өкілі, сенімді өкіл, депу
-
тат, прокурор және т.с.» (Гоббс, 1985) [20]. Демек,
тұлға түсінігінің негізгі түп-төркіні өнер саласы
-
нан келген және бетперде мағынасына келеді.
Сонымен қатар, түсінік адамның бет-бейнесі мен
сыртқы келбетімен тығыз байланысты.
И. Канттың тұлға және оның «Адам
-
зат формуласындағы» орны туралы идея
-
лары нормативті этика бойынша заманауи
пікірталастарда маңызды рөл атқарады. Ойшыл
тұлға ұғымын моральды императив негізінде
қарастырады. Оның идеялары моральдың фор
-
мальды және материалды қағидалары, оның
рөліне қызығушылық негізіндегі өнегелі өмір
сүру сезімі болып табылады. Кант идеяла
-
ры арасындағы адамдар мен адамгершілік
міндеттеріне сыйластықпен қарау пікіріне
ерекше назар аударылады (ІІ бөлім). Канттың
сыни моральдық философиясы этикамен
сабақтастығы негізінде рационалдылық ықтия-
ры арқылы моральды императивпен бірге
моральдың аналитикалық көрінісін береді.
Канттың аналитикалық қозғалысы адамзат пен
тұлға идеяларын біріктіре отырып, ойшылдың
моральды философия онтологиясын құрады
(ІІІ бөлім). Философтың адамгершілік сезімі
туралы тұжырымдамасы адамдарға сыйластық
түсінігін бере отырып, осы құндылықтар та
-
лаптарын орындаудың ынталандыру күшін
туындатады (ІV бөлім). Сондықтан осы үш
бөлім Канттың адамгершілік бойынша ойларын
жеткізудегі тұлға туралы идеяларын түсінудің
маңыздылығын көрсетеді (Дим, 2009) [21].
Қарап отырғанымыздай, И. Кант тұлға түсінігін
практикалық философия арқылы дәйектейді.
Сол себепті, тұлға өзін-өзі анықтайтын және
жеке ақыл-ой, парасатына сәйкес әрекет жасай
-
тын жаратылыс.
Жалпы әлемдік философияда тұлға түсінігіне
байланысты көптеген ойшылдар өз пікірін
білдірген. Әрине, бір мақала шеңберінде барлық
философиялық тұжырымдамаларды талқылау
мүмкін емес екендігін мойындаймыз. Қазақ ой
-
шылдары арасында Абайдың педагогикалық
көзқарастарына ерекше мән бергенді жөн санап
отырмыз.
Ұлы Абайдың шығармаларында педагоги-
калық теория мен тәжірибенің негізгі жалпыадам-
заттық мәселелері көрініс тапқан. Абай арнайы
философиялық және педагогикалық еңбектер
жазбаса да, оның барлық шығармашылығы
жастар тәрбиесіне негізделе отырып халық-
тың адамгершілік құндылықтары мен дана-
лығына сүйенеді. Еңбектері қазақ ұлттық
интел лигенциясының өкілдері ақындар мен
композиторлар шығармашылығына ықпал жа
-
сап, Шығыс пен Батыс халықтарының қоғамдық
ойлары жетістіктерін насихаттаудан тұрды.
Бүгінде Абайдың адамгершілік қағидалары
мен құндылықтарын қалыптастырудағы ой
-
лары өмір процесіндегі діни мораль туралы
ілімдерін айқындауға септігін тигізуде. Абайдың
пікірінше, адам дайын тұлғалық сапалық
белгілермен дүниеге келмейді. Адамгершілік ту
-
ралы барлық түсініктер, мінез-құлықтың барлық
ережелерін ол өз өмірі мен әрекеті процесінде
иеленеді (Уксикбаева, 2013) [22].
Өткен ғасырдың соңғы жылдарындағы
әдебиеттерде жазылғандай (Личностно – ори
-
ентированное обучение: теории и технологии,
1998) [23]: «Жаңа мыңжылдық алдында тұрған
адамзат үшін алдағы уақытта технократизм
дәуіріне қарағанда, рухани еркіндік пен тұлғаның
тұтастығы ізденісі мен иеленуі жүреді. Бүгінде
қоғам мен мәдениет дағдарысынан шығу жолы
ең алдымен білім беру дағдарысын еңсеру, оның
жаңа құндылықтары мен мақсаттарын жүзеге
асырудың құралдарын айқындаумен байланыс-
ты. Мұндай сын-тегеуріндерге жауап ретінде
пайда болған білімнің тұлғалық-бағдарлы па
-
радигмасы жаңа пайымдауларды туындатып,
гуманистік философия, психология, педагогика
идеяларын жаңа сатыға көтереді.
Бұл парадигманың мәні адам білімділігінің
көрсеткіші саналған оның білімінің көле мін
ISSN 2520-2634 Journal of Educational Sciences. №2 (55). 2018
9
Паридинова Б.
анықтайтын «энциклопедизм» тұжырымдама-
сынан, білімнің басым мақсаты ретінде адамның
табиғатқа билік жүргізуін қамтамасыз ететін
әрекет тәсілдерін игеру, білімді адамның тұр-
мыстық жағына назар аударту, өз болмысы аху
-
алын еркін иелену дағдысын дамыту секілді т.б.
технократизм идеяларынан бас тарту болып та
-
былады.
Білім берудің жаңа парадигмасы әлемдік
мәдениеттегі терең түбірге ие. Ол бұрынырақ
И. Кант тұжырымдаған категориялық импера
-
тив идеясының негізінде дамуда».
Бұл тәсілдің мәнін түсіну және тәжірибеде
қолдану барысында ұстаз жаңа білім беру па
-
радигмасын сипаттаушы тұлғалық-бағдарлы
оқыту идеясын өзі үшін маңызды екенін ұғынуы
керек. Оны игерудің негізінде шет елдік және
отандық психологиядағы тұлға теориясы мен
психологиялық деректерді білу жатады.
Тұлғалық-бағдарлы тәсілдің қайнар көзі
психологияның «үшінші күші» саналған, ХХ
ғасырдың 50-жылдары пайда болған, бехевиоризм
мен психоанализ бағыттарына өздерін қа рама-
қарсы деп есептеген психология ғылым да рының са
-
ласы гуманистік психологияда жа тыр. Гуманистік
бағытталу негізіне сәйкес адам әлеуетін дамы
-
ту, оның сөзсіз құндылығын тану, ағзаның ішкі
тәжірибесін тұлға және оның өзге рістерін зерттеу
үшін қозғалыстар құрылды. Н.Н. Никитинаның
[23] редакциялық бас қаруымен жарыққа шыққан
еңбекті негізге ала отырып, пси хологиядағы атал
-
мыш ағымның негізін қалау шылар А. Маслоу мен
К. Роджерс идеяларын талдасақ.
Абрахам Маслоу тұлға теориясының
гуманистік бағытының танымал өкілі болып
табылады. Оның қалыптастырған теория
-
сы гуманистік психологияға тән негізгі идея
-
лар мен жағдайларды көрсетеді: адам өмірін
оның жоғары ұмтылыстарын назарға алу
арқылы түсінуге болады: өсу, өзін-өзі таныту,
денсаулыққа, өзін-өзі реттеуге, тиімді қызметке
талпыну, бірегейлік пен дербестік ізденісі,
кереметті аңсау «жоғарыға» ұмтылу ретінде,
дамуға үлкен тұлғалық әлеуетінің болуы.
А. Маслоудың пайымдауынша, ең алды
-
мен нақты мезгілде және кеңістікте жеке адам
болмысының бірегейлігін түсіну керек. Әрбір
адам өз өмірін мағынамен толықтыруды міндет
етеді. Бұл тұста әрбір адам өз әрекетіндегі
таңдауына жауапты екендігі айтылады.
Ғалым мәселе бойынша көптеген қоры-
тындылар шығару арқылы тұлғаның өзін-өзі
актуалдандырудың мынадай сипаттамаларын
ұсынады:
– шынайылықты тым тиімді қабылдау;
– өзін, өзгелерді және табиғатты қабылдау;
– өзінділік, қарапайымдылық және жара-
тылыстық;
– мәселеге орталықтана бағытталу;
– тәуелсіздік, жалғыздық қажеттілігі;
– дербестік: мәдениет пен қоршаған ортадан
тәуелсіздігі;
– қабылдаудың балғындығы;
– шыңына жеткен немесе мистикалық
алаңдаушылық;
– қоғамдық мүдде;
– терең тұлғааралық қатынастар;
– демократиялық мінез;
– құралдар мен мақсаттарды жіктеу;
– тұтастай адамның ақымақтығы күлкіге ай
-
налатын әзілді философиялық сезіну;
– креативтілік;
– мәденилендіруге қарсылық.
Гуманистік психологияны жақтаушылар ара
-
сында К. Роджерстің еңбектері ерекше қолдау
тапты. Карл Роджерс адам табиғатына байла
-
нысты өз ойларын айта келе, адамның құнды
мағынасы оның айқындалған мақсаттар үшін
алға жылжу, конструктивтілік, шынайылық пен
сенімділікке бағытталуында жатыр. Ол адамды
белсенді жаратылыс иесі ретінде атап көрсетті
және олар жеке мақсаттарға бағыттала әрекет
етеді және ұмтылыс жасауға қабілетті.
Ғалым өз зерттеулерінде бес негізгі тұлғалық
сипаттамаларды айқындады:
– алаңдаушылықтарға ашықтығы;
– өмірдің экзистенциалдық кейпі;
– ағзалық сенімділік;
– эмпирикалық еркіндік;
– креативтілік.
Роджерстің тұлғалық теориясы терапиялық
тәжірибенің үздіксіз өзара әрекеті көмегімен да
-
мыды. Оның ішінде ең маңыздысы – Роджерстің
жеке тәжірибесі болып табылады: зерттеушінің
ойынша, жеке тәжірибе негізінде құрылған
тәжірибе айыптаулардан аластайды. Негізінен
К. Роджерстің тұлға теориясы жалғасқан
тәжірибелер мен зерттеулер барысында үнемі
өзгеріп отырады. Әрине, теорияның негізгі
бағыттары өзгермейді, дегенмен, теорияның
құрылым мен ұйымдастырылуында өзгерістер
орын алып тұрады (Артлей, 1964) [24].
Ғылыми әдебиеттерде тұлғалық-бағдарлы
педагогиканың келесі қағидалары ұсынылады:
– индивид үнемі ауыспалы әлемнің ортасын
-
да жүргендіктен, әрбір индивид үшін қоршаған
шынайылықтың жеке дүниесі маңызды; бұл ішкі
дүние сырттан аяғына дейін танылмайды;
Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №2 (55). 2018
10
Тұлға философиялық, педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық түсінік ретінде
– адам қоршаған шынайылықты жеке
қабылдау мен түсіну аралық әсерімен қарайды;
– адам өзін-өзі тану және өзін-өзі танытуға
ұмтылады; адам өзін-өзі кемелдендірудің ішкі
қажеттіліктерін иеленген;
– тұлғаның дамуы үшін қажетті өзара
түсінушілік қатынастар нәтижесінде жетеді;
– өзін-өзі жетілдіру, даму орта және өзге
адамдармен өзара қимылдар негізінде жүзеге
асады. Ішкі бағалау адам және оның өзін-өзі
тануы үшін маңызды, тікелей немесе жасырын
байланыстар нәтижесінде жүзеге асады (По
-
дольская, 2010) [25].
Қоғамның қазіргі даму шарттарында
жоғары оқу орындары алдында студенттерді
жан-жақты дамыту міндеті тұр. Сондықтан
оқыту студенттердің рухани дүниетанымы
мен зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз
етуі тиіс. Заманауи кезеңдегі ақпараттық
технологиялардың дамуы оқытушылар қауымы
жұмысына бірқатар мазмұнды мүмкіндіктер
береді. Жоғары оқу орындарындағы оқытудың
жаңа тәсілдері қабілеті әр түрлі студенттерді
оқытумен қатар, дәрістер мен тәжірибелік
сабақтарда білімгердің тұлғалық құндылығын
бекітетін
оқытудың
тұлғалық-бағдарлы
үлгісіне бағытталған шығармашылық ахуал
қалыптастырады. Жоғары оқу орнындағы ру
-
хани тәрбиелеу әрбір тұлғаны сыйлау қағидасы
мен оның рухани әлеуеті мазмұнын арттыру
әлемдік мәдениет жетістіктерін түсіндірумен
өлшенеді деп ойлаймыз.
Оқытудағы тұлғалық-бағдарлы тәсіл –
педагогтың адам жинақылығына назар ау
-
дару, оның тек ақыл-парасат, азаматтық
жауапкершілік сезімін дамытуға қамқорлық
қана емес, рухани тұлғаның эмоционалды,
эстетикалық, шығармашылық ерекшеліктерін
дамыту мүмкіндігі.
Тұлғалық-бағдарлы оқытудың мақсаты –
жеке адамның дамуына толыққанды шарттарды
жасаудың келесі қызметтерін атқаруға себепкер
болу:
– адамның таңдауға қабілеттілігі;
– рефлексиялық икемділік, өз өмірін
бағалау;
– өмір мәні ізденісі, шығармашылық;
– «Мен» бейнесін қалыптастыру;
– жауапкершілік («Мен барлығына жауап
беремін» ұстанымына сәйкес);
– тұлғаның дербестігі (дамуына байланыс-
ты ол өзге факторлардан босайды).
Тұлғалық-бағдарлы білімде оқушы – барлық
білім беру процесінің маңызды әрекет етуші
тұлғасы. Ұстаз «ақпараттың қайнар көзі» және
«бақылаушымен» қатар, оқушының тұлғалық
дамуындағы диагносшы және көмекші болып
табылады. Мұндай оқу процесін ұйымдастыру
басшылықтың М. Монтессоридан алынған «Ма-
ған мұны өзім жасауыма көмектес» тұжы рым-
дамасын алуға болады.
Тұлғалық-бағдарлы білім беру барлық
білімгерлердің жеке ерекшеліктерін ескере оты
-
рып оқыту, тәрбиелеу мен дамытуды көздейді:
– жас ерекшелік, физиологиялық, психо-
логиялық, зияткерлік;
– білім беру қажеттіліктері, білімгерге
қолжетімді бағдарламалық материалдардың
күрделілік деңгейіне бағдарлау;
– топ білімгерлерін білім, қабілетіне байла
-
нысты бөлу;
– білімгерлерді бірыңғай топтар бойынша
бөлу: қабілеті, кәсіби бағыттары;
– әрбір білімгерге бірегей жеке адам ретінде
қатынас [26].
Сәйкесінше, тұлғалық-бағдарлы білім өмір -
лік мәселелерді сәтті шешу, әлеуметтік және
кәсіби өзін-өзі анықтау, рухани, отбасы, қоғам-
дық, өндірістік өмір салаларында жағымды же-
тіс тіктерге жетудің шынайы алғы-шарты бо
-
лып табылатын адамның табиғи ерекшеліктері,
оның әлеуметтік сипаттары, адамгершілік-эсте-
тикалық мәдениетіне бағытталады (Масленни
-
кова, 2007) [27].
Жалпы білім берудің бұл түрінің дәстүрлі
білім беруден ерекшеліктерін төмендегі кесте
-
ден көруімізге болады [26].
Сондықтан рухани-адамгершілік тәрбиелеу
процесіндегі тұлғалық-бағдарлы оқыту өзін-
өзі дамыту, білімді жеке игеру, өз қабілеттері,
бақылауларын тәжірибеде қолдану, жаңа
идеялар мен теорияларды қалыптастыру,
шығармашылық және сыни ойлауды дамытуға
септігін тигізеді. Білімгерлер арасында жеке
жауапкершілік пен ерекше қабілеті көріне
түседі. Ең бастысы тұлғалық қабілеттердің да
-
муына ерекше мүмкіндіктер жасалады.
Ж. Эррикер мұғалімдерге өз саласында көмек
беру мақсатында нақты мәселелер төңірегінде
тәжірибелік мағына иелену үшін мынадай
дағдылар ұсынады:
– жеке эмоциялары туралы ойлану;
– өзін-өзі тану (әрекетті не үшін жасайты
-
нын түсіну);
– нәтижелерін түсіну;
– өзін-өзі сынау (өзіндік жеке қағидаларға
сәйкес);
– өзін-өзі бақылау;
ISSN 2520-2634 Journal of Educational Sciences. №2 (55). 2018
11
Паридинова Б.
– өзгелердің эмоциялары туралы ойлану;
– эмпатия;
– өзгелерді сынау (өзіндік жеке қағидаларға
сәйкес);
– өзгелер
бұл
әрекеттерді
неліктен
жасайтындығын түсіну;
– қатынастарды тану;
– айырмашылықтарды тану;
– әлеуметтік дискурс күрделілігін тану (Эр
-
риккер, 1999) [28]. Міне, осы дағдыларды болашақ
мұғалімдер даярлау барысында қабілеттеріне
сіңдірсек, нәтижелі жұмыс болатындығы анық.
Достарыңызбен бөлісу: |