Етуімен қатар, тұлғаның да дамуына әсер етеді



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата14.10.2023
өлшемі353,18 Kb.
#114570
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
500-1-980-1-10-20181020

Материалдар мен әдістер
Зерттеудің әдістемелік негізін тұлғаны 
философиялық, педагогикалық және әлеу-
меттік-психологиялық түсінік ретінде зерт-
теудің жалпы заңдылықтары, қағидалар, 
тәсілдер мен әдістер жүйелері құрайды. Соның 
ішінде, танымның диалектикалық әдісі тұлға 
түсінігін түрлі деңгейде қарастыруға мүмкіндік 
береді.
Құрылымдық-логикалық модельді пайдала
-
ну барысында тұлға түсінігі және оның кейбір 
мәселелерін жүйелі түрде анықтауға болады. Бұл 
әдісте тұлғаны философиялық, педагогикалық 
және әлеуметтік-психологиялық қағидалар 
тұрғысынан қарастырамыз. Әлбетте, берілген 
модель барлық талдау түрлерінің синтезі болып 
табылады. Бұл негізгі нәтижелердің логикасы 
келесі әдістерде көрініс табады: құрылымдау, 
жүйелеу.
Философиялық әдіснама арқылы тұлға 
түсінігін зерттеудің барлық бағыттарындағы 
айқындалған 
тұжырымдамалардың 
мәні, 
диалек тиканың негізгі қағидалары болып табы
-
латын жалпылама байланыс, қалыптасу және 
дамуы, зерттеу пәнінің ғылыми танымның 
эмпирикалық және теориялық түрлерімен 
өзара байланысы айқындалады. Педагогикалық 
және психологиялық әдіснама арқылы білім 
беру процесіндегі тұлғаның гуманистік па
-
радигмасы, тұлға дамуының негізі ретінде 
оқыту және тәрбиелеу мәселелері, азаматтар
-
ды дамушы тұлғаға үйретуге дайындау сынды 
мәселелері дәйектелді. Тұлға философиялық, 
педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық 
түсінік ретіндегі негізгі тұжырымдамалары 
жиынтықталып, қорытындыланды.
әдебиеттерге шолу
Тұлға мәселесін айқындау бойынша ғылымда 
әртүрлі пәнаралық зерттеулер жүргізіліп 
келеді. Мәселен, психология ғылымдарында 
оқытуды зерттеудің нақты саласы болмаса да, 
мұғалімнің оқу процесіндегі маңызды тұлғасын 
айқындайтын көп жылдық түсінік бар. Ғылыми 
жұмыста тұлғаны зерттеу психологияның негізгі 
міндеті екендігі айқындалады (Эванс, 1959) 
[1]. Мұғалімдердің білім берудегі тұлғалық 
сапасының рөлін түсіндірудегі білім беру пси
-
хологиясы тұлғаның даму теориясына сүйенеді. 
Негізінен тұлғаның бес факторлы көрінісі 
мұғалім тұлғасының толықтай психологиялық 
теориясының негізін ашады (Голдберг, 1992) 
[2]. Келесі зерттеу жұмысында 1920 – 1960 
жылдар аралығындағы Бразилия мұғалімдерін 
оқытуға байланысты педагогикалық психоло
-
гия бойынша еңбектердегі тұлға және оның 
да ра лық айырмашылықтары түсіндіріледі. 
Бұл еңбекте біліммен қатар, философиялық, 
биологиялық, психоаналитикалық және діни 
көзқарастардың әр түрлі ахуалдардағы басым-
дылығы айқындалады (Лима және Катани, 2015) 
[3]. Руханият адам тұлғасын қалыптастырады 
және басты адамгершілік белгісі болып та
-
былады. Оқу процесіндегі рух, руханилық, 
дін, мораль түсініктерінің негізгі теориялық 
зерттеулері мен «руханият» пен «адамгершілік» 
түсініктерін 
философиялық 
көзқарастар 
жүйесінде үйлестіруді мақсат еткен еңбектер де 
кездеседі. Сонымен қатар, руханилық түсінігінің 
қалып тасқан ұғымдарын психологиялық са
-
раптау жүргізіледі (Яшина, 2015) [4]. «Тұлға», 
«әлеу меттену» және «тұлғаның әлеуметтенуі» 
түсініктерінің теориялық негіздері сарапталған 
еңбекте авторлар әлеуметтенудің процестері 
мен тетіктерін қысқаша баяндайды. Тұлға-
ның әлеуметтенуінің философиялық, әлеу-
мет танулық, 
психоэкологиялық, 
құқық-
тық 
және 
моральды-этикалық 
қырлары 
қа рас тырылады. Авторлардың пайымдауын
-
ша, қа зіргі шарттардағы әлеуметтену процесі 
бар лық өркениеттердің мәдениет сахнасын
-
да дамып, көптеген ұлттық және этникалық 
мәдениеттер арасындағы өзара қимылдар мен 
кірігудің қосындысы болып табылады (Родер
-
мел және Степанова, 2015) [5]. «International 
Encyclopedia of the Social & Behavioral Science» 
Энциклопедиясының екінші басылымында 
тұлғалық бірегейліктің философиялық қырлары 
екі теория бойынша қарастырылады: теория жан, 
дене және мида шоғырланады; психологиялық 
үздіксіздік пен қисындылық туралы реляциялық 
теориялар. Әлеуметтік зерттеулер бірегейліктің 
субъективті сезімін талдайды. Постмодернистік 
теориялар адам бірлігін мойындамайды. 
Бірегейлікті тұрақтандыру үшін эмпирикалық 
мәліметтер ұсынылған (Наннер-Винклер, 2015) 
[6]. Діни және рухани тұрғыдағы (д/р) күрес – 


ISSN 2520-2634 Journal of Educational Sciences. №2 (55). 2018
7
Паридинова Б.
бұл әлсіз ақыл-ой мен физикалық нәтижелердің 
жалпы тәжірибесі мен сенімді нәтижесі. Діни 
және рухани күрестегі тұлға мен өзін-өзі 
бағалаудың рөлі қарастырылған зерттеуде тұлға 
көріністерінің (өзін-өзі төмен бағалау, жоғары 
нейротизм және т.б.) белгілері салыстырыла
-
ды. Нәтижесінде тұлға мен өзін-өзі бағалау діни 
және рухани тұрғыдағы күресте маңызды рөл 
атқару ықтималдығы талданады (Граббс және 
т.б., 2016) [7]. Жеке, әлеуметтік және когнитивті 
парадигмаларды біріктіре отырып зерттел
-
ген еңбекте тұлғалық сапалық белгілердің 
когнитивті процестермен байланысты айқын-
далады. Нәтижелерде айқындалғандай, тұлға 
ойластырылған 
ұсыныстар 
жиынтығынан 
кейін өзіне-өзі қатыстылығы мәселесі туын
-
дайды (Хоувэлл және Зеленски, 2017) [8]. 2017 
жылы жарық көрген «Individual Differences and 
Personaliry» ғылыми еңбегінің төртінші бөлімі 
(Эштон, 2017) [9] тұлғаның дамуына арнала
-
ды. Автор өз еңбегінде тұлғаның әрбір өмір 
сатыларындағы өзгерістерді қарастырады. Со
-
нымен бірге, балалар тұлғасына байланысты 
өлшемдер талданып, ұзақ мерзім көлемінде 
тұрақтылық сақталатын жас шамаларын 
айқындайды. Психология мен этика арасындағы 
алшақтық тұлғалық бұзылуды оңтайландырған 
зерттеуге әкелді. Біріктірілген көзқарас тұлғалық 
бұзылуды зерттеуді байытуы және кеңейтуі 
мүмкін. Тұлғалық бұзылуды психоэтникалық 
көзқараспен қарастырған мақалада ерік білдіру 
өлшемдерінің моральдық шешімдер арқылы 
психологиялық қабілеттерді әлсірету ахуа
-
лы сарапталып, үдемелі ауытқушылықтарға 
әкелу салдары анықталады (Эльварез-Сегу
-
ра және т.б., 2017) [10]. Тұлға теориясының 
қорытындылары оқу процесіндегі білім беру 
психологиясы шеңберінде мұғалімнің тұлғалық 
рөлін айқындайды. Бұл үшін зерттеу жұмысында 
психология және оның шектес салаларының 
келесі бес тобы сыни тұрғыдан сарапталады: 
мұғалім типологиясын зерттеу, мұғалімдердің 
қажетті және қажетсіз ерекшеліктерін айқындау, 
мұғалімдердің кәсіби мінез-құлқы және оның 
студенттерге ықпалын анықтау, мұғалімдердің 
кәсіби бірегейлігін зерттеу және тұлға теориясы 
төңірегіндегі мұғалім тұлғасын зерделеу (Гонкз, 
2017) [11]. Тұлға қозғалысы психологиясын 
сараптауға арналған ғылыми еңбек заманауи 
тенденцияларға сүйенген нәтижелер береді. ХІХ 
және ХХ ғасырлардың зерттеушілері дәйектеген 
ғылыми мәселелерді шешу арқылы қазіргі ғылым 
тұлға құрылымы мен қозғалысын толық түсіне 
алады. Зерттеу барысында тақырыпқа байла
-
нысты теориялық және әдістемелік мәселелер 
қарастырылған (Кэрвон және Литтл, 2017) [12]. 
Сонымен қатар, мұғалім тұлғасы түсінігін 
зерттеу бойынша әлеуметтік оқыту теориялары 
(Бандура, 1999) [13] мен даму теорияларының 
танымдық белгілерін (Лутз және Хайтт, 2004) 
[14], тұлғалық және педагогикалық өзара 
әрекеттердің 
академиялық 
жетістіктердің 
анықтаушысын (Кардосо және т.б., 2011) [15] 
дәйектеген еңбектер де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет